Ноғай ордасы (маңғыт үйі) - хіv ғ. соңы - хvғ.
Алтын Орданың ыдырауынан кейін Батыс Қазақстан аумағында ірі мемлекет – Ноғай ордасы пайда болды. Алғашқыда маңғыттар тайпасы бірігіп Еділ мен Жайық аралығындағытжерді мекендеп, Маңғыт жұрты деп аталды. Едіге Әмір қарсаңында Алтын Орда билігі соның қолында болды. 1396-1411 ж Ноғай ордасы бөлініп шықты. Едіге Алтын Орда құрамында Орданың билігін күшейтті. Ең соңында Едігенің ұлы НұрадДин (1426-1440) жылдары ол дербестік алды.
Ноғай ордасының шекаралары басқа көшпелі мемлекеттер сияқты сыртқы саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырды. XV ғасырдың ІІ-ші жартысында ноғайлар Оралдың сол жағалауынан шығып көшпелі өзбектер мемлекетінің көштерін ала бастады да шығыс пен оңтүстікке қарай жылжыды. Солтүстік шығыста ноғай көштері Сібірге дейін (Түмен) жетті, ал оңтүстік шығыста олар Сырдария, Арал теңізіне дейін барды, бұл жерде олар Өзбек ханы Әбілқайырға Сырдария қалаларын алуға көмектесті.
XVI ғасырда Орыс мемлекетімен сауда – экономикалық, саяси байланыстар орнатыла бастады. Сол сияқты Поволжье, Сібір, Орта Азия, Қазақстан хандарымен Қазан және Астрахань хандықтарының Ресейге бірігуінен кейін және Ноғай ордасының билеушілерінің арасындағы өзара тартыстан Ноғай ордасы бірнеше дербес ордаға ыдырады. Оның халқының бір бөлігі Қазақстан аумағындағы Кіші жүз құрамына кірді. Ноғай ордасы XVI-XVIII ғасырларда өзінің ыдырау кезінде Қазақстаннан сырт жерлерде Қырым хандығымен, Ресей үкіметімен қатынаста болды. Солтүстік шығыс бөлігі Сібір иеленушілердің қол астына көшті.
XVI ғасырдың ортасынан ноғайлықтар қазақ хандарымен соғыс жүргізіп отырды, арасында бейбітшілік қатынастарға кіріп отырды.
Ноғай ордасының этникалық құрамы Ақ Ордаға жақын түрік, монғол тайпалары да Орда құрамына кірді.
Маңғыттардан басқа Ноғай ордасына қыпшақ, қаңлы, қоңырат, найман, үйсін, қарлұқ, алшын, тама т.б. кірді. Ноғай ордасы этносаяси бірлестік ретінде туды, оған кірген тайпалар XV ғасырда қалыптасқан ноғай ұлысының негізін құрды. XV ғасырдың ІІ-ші жартысында ұлыстың “Ноғай” деп аталуы пайда болып, олар көрші халықтарға осы атпен белгілі болды.
Ноғай қоғамында XIV-XVI ғасырларда ерте феодалдық қатынастар болды және патриархалдық-рулық жүйе де сақталды. Ең жоғарғы сословиелік сатыда княздар, хандар, мырзалар, сұлтандар, байлар тұрды. Олар орда, ұлыс, ауылдарды басқарды және тайпаластарының барлық әлеуметтік – экономикалық мәселелерін шешетін болды.
Ноғай даласының аристократиясы көші-қон, жайылымдарға өкімдік етті, рулы қауымдастық меншік сақталса да.
Ноғай ордасында биліктің саяси ұйымдастырылуында және басқаруда тұрақты ұлыстық жүйе қалыптасты. Орда да князь мұрагерлікке, әскери, әкімшілік, елшілік билік алатын еді.
Орда бірнеше ұлыстардан тұрды. Олардың әрқайсысы көптеген рулық тайпалық топтарды біріктірді. Ұлыс басында өз иеліетерінде шексіз билік иелері – мырзалар тұрды. Ұлыстың қарапайым көшпенді малшылары өз мырзаларымен бірге көшіп отырды, оларға алым салық төледі, жаугершілік кезінде қолдарына қару алып соғысты. Ноғайлар тарихы көшпелі өзбектер мен қазақтар тарихымен тығыз байланысты. Олармен бейбітшілік және соғыстық қатынастарда болды. Кейіннен ноғайлықтар Батыс Қазақстанда Кіші жүз құрамына кірді. Ноғайлықтардың бір бөлігі Сібір хандығына кірді – олар угор тайпалары.
Ноғай ордасы – саяси мемлекеттік бірлестік, қазақ хандығына дейін өмір сүрген және қазақ хандығының құрылуына, қазақ ұлысының қалыптасуына алғышарт болды.
Сібір хандығы (ХV ғ. соңы - ХVІ ғ.)
ХҮІ ғасырда қазақ хандығы солтүстікте құрылған Сібір хандығымен (орталығы Түмен) шектесті. 1563жылы Шайбани әулеті мен Тайбұғы руы арасындағы ұзақ жылдар бойы жүргізілген күрестен кейін Сібір хандығы Шайбани әулеті Көшім ханның қолына көшті.
Хандықтың халқы түркі тілдес қырық рудан құрылған және угар тайпаларының ала-құла жиынтығынан тұратын еді. Құрамындағы тайпалар: керей, қыпшақ, найман, арғын, жалайыр, ханты, мансы т.б.
Хандықтың негігі халқы Батыс Сібірдің орманды далалық бөлігінде, Есіл, Тобыл, Тура өзендерінің орта ағысын, сондай-ақ, ертіс пен Обь өзендерінің алқаптарында қоныстанған түркі тілдес «Сібір татарлары» деген атпен белгілі.
Территориясы: Батыс Сібір, Орал өңірі, Ертіс, Тобыл өзендерінің алабы.
Орта Азия, Қазақстанмен сауда қатынастарын жасаған. Көшім хан кезінде ислам діні таратылған.
Саяси құрылысы: Жоғары билеуші- хан, Хан кеңесі- диван, Кеңесшілер- аталықтар, Уәзірлер- қараша. 1552 жылы Ресей, Қазан қаласын жаулап алады. 1574-1575 жж. Сібірге барлауға жіберілген И. Грозныйдың әскерін Көшім хан қырып тастайды. 1581жылы Ермак Сібірге жорық бастайды. Көшім 1582 ж. жеңілгенімен, 1584 жылы тамызда Ермак қайтыс болады.
1598 ж. орыс әскерлеріне қарсы ұйымдастырылған шайқаста Көшім жеңіліп, шығыс Қазақстан жеріне қашады. Осылайша Сібір хандығы да Ресей құрамына енеді.
Дәрістің негізгі ұғымдары: ноян, ұлыс, Шыңғысхан, қият-боржігін, Жошы, Шайбани, сойурғал, інжу, тағар, зекет, харадж және бадж, соғым, сыбаға.