Тақырыбы: Кәсіпкерлікте бизнес процесін талдау арқылы қаржылық тәуекелін басқару

Сұрақтар:

Аржылық активтердің табыстылығын бағалау моделі

Аржылық активтерді талдау мен бағалау әдістері

3 Арбитражды баға құру теориясы (АРТ)

Слайд 1

Қаржылық активтердің табыстылығын бағалау моделі

Бұл тарауда негізгі сұрақ тәуекелдің анықталған көлемінің орнын толтыру үшін қандай табыстылық қажет? Одан кейін қаржылық активтердің қажетті табыстылығын бағалау моделі (Capital Asset Pricing Model, CAPM) қарастырылады. Осыған байланысты табыстылық пен тәуекелді байланыстыратын басқа да модельдермен қатар САРМ моделінің басты бәсекелесі – арбитражды баға құру теориясы туралы сөз болады.

Табыстылықтың орташа квадраттық ауытқуымен өлшенетін портфельдің тәуекелділігі көбінесе портфельге кіретін жекелеген активтер тәуекелдерінің орташа көлемінен аз болады. Бұл бағалы қағаздардың талап етілетін табыстылығын анықтау барысында маңызды орын алады. САРМ моделі жақсы диверсификацияланатын портфельді көрсететін тәуекел мен активтердің талап етілетін табыстылығы арасында байланысты бекітеді.

Модельдің негізгі алғышарттары мыналар:

1. әр инвестордың негізгі мақсаты табыстылықтың күтілген мағынаны және баламалы инвестициялық портфельдердің орташа квадраттық ауытқуларын бағалау арқылы жоспарланған кезеңнің соңында өз капиталының өсімін максимизациялау;

2. барлық инвесторлар тәуекелсіз пайыздық мөлшерлеме бойынша шектелмеген көлемдегі несиені беруі және алуы мүмкін; әр активтің «қысқа сатулар» үшін шектеулер жоқ

3. инвесторлардың барлығы жалпы активтердің табыстылығының коварияциясын, дисперсиясын және күтілген мағынаның көлемін бірдей бағалайды; яғни бұл инвесторлар көрсеткіштерді болжамдау бойынша бірдей жағдайларда тұратындығын білдіреді;

4. барлық активтер абсолютті түрде бөлінеді және олардың өтімділігі жоғары (яғни өз баға бойынша нарықта әр – уақытта сатылуы мүмкін;

5. трансакциялық шығындар жоқ;

6. салықтар ескерілмейді;

7. барлық инвесторлар бағаны экзогендік берілген мөлшер ретінде қарастырады (яғни барлық инвесторлар олардың бағалы қағаздарды сату және сатып алуы бойынша бағалы қағаздар бағасының деңгейіне әсер етпейді деп ойлайды. )

8. барлық қаржылық активтердің саны алдын ала анықталған және бекітілген.

Берілген моделдің негіздемесі тек эмпирикалық зерттеулер көмегімен анықталуы мүмкін. Бұл жерде САРМ-ның эмпирикалық дәйектемесі туралы сұрақтар қамтылады.

Капитал нарығының сызығы.1-ші суретте активтердің көп саны жағдайына сәйкес сызба көрсетілді, сонымен қатар табыстылығы мен тәуекелсіз актив қосылған. Тәуекелсіз актив анықтама бойынша нөльдік тәуекелді иемдейді, және = 0% болғандықтан, ол тік сызықта нүкте арқылы көрсетіледі.

1 –ші сурет тәуекелді активтердің мүмкін болатын саналуандығын (сызылған аудан) және жекелеген инвесторлар үшін күтілген табыс пен тәуекел арасында таңдауды көрсететін шығынсыздық ( ) сызықтардың жиынтығын көрсетеді. Мұнда, шығынсыздық қисығы тиімді саналуанға жанасқан болып табылатын N нүктесі мүмкін портфельдің таңдауын сипаттайды. инвестор берілген тәуекел мөлшерінде мүмкін ең үлкен болатын табыстылығын иемдейтін және берілген табыстылық бойынша ең төменгі тәуекел мөлшері бар нүкте, яғни тәуекелдік портфельдің саналуанды тиімді шекарадағы нақты нүктесі болып табылады.

1-сурет. Тәуекелсіз активті нарықтық портфельмен сәйкестендіру

Сондай-ақ, инвестор N портфельге қарағанда жақсырақ таңдау жасауы мүмкін, сөйтіп ол одан да жоғары шығынсыздық сызыққа жетуі мүмкін. Тәуекелділік портфельдің мүмкін болатын саналуан түрлеріне кепілдендірілген табыстылықты қамтамасыз ететін тәуекелсіз активті қосуға болады. Тәуекелсіз активке инвестициялау мүмкіндігін иемдене отырып, инвесторлар ескі портфельге тәуекелсіз активті қосу арқылы жаңа портфельді құра алады. Бұл акция портфелінің тиімді алуан түрінің шекарасы мен тік сызығының жанасу нүктесі болып табылатын М нүктесі мен нүктесін қосатын тік сызықта тәуекелділік пен табыстылықтың әр жиынтығына жетуге мүмкіндік береді.

Слайд 2

Наши рекомендации