Тақырып. Кәсіпкерлік мәдениеті

Мақсат:кәсіпкерлік мәдениеттің мәні мен мағынасын ашу, іскерлік және кәсіби этикасын қарастыру.

Сұрақтар:

1. Кәсіпкерлік мәдениеті мәні мен мағынасы

2. Іскерлік және кәсіби этика

3. Бизнесменнің негізгі ерекшеліктері

Басқару еңбегі өндірістік еңбек болып саналады. Басқару еңбегін өндірістік еңбекпен салыстыруды мынадай белгілер бойынша жүргізеді: еңбек заты, тікелей мақсат пен еңбек нәтижесі, еңбек құралы, еңбек сипаты, оның мазмұны. Басқару еңбегінің өндіріс еңбегінен айырмашылығы еңбек затының өзгешелігінде. Басшы үшін еңбек заты – мәлімет, яғни ақпараттарды жинап, өңдеп, шешім шығару. Осы мәліметтерді алмасу - басқару құралы. Басшының бағыныштыларымен қарым-қатынасы ақпарат алу мен таратудың ерекше түрі. Басқару еңбегінің мақсаты – ұжымның күш-жігерін үйлестіру және ақырғы жоспарланған нәтижеге жетуге арналған іс-әрекетті қамтамасыз ету. Басқару еңбегі творчествалық сипатта болады, яғни логикалық ой әрекетін қамтиды. Басқару еңбегінің мазмұны – өндіріс процесіне тұтастай ұжымды қатыстыру.

Басшының күнделікті жұмысында айқын емес болашақ жағдайында проблемаларды қарастырып, оңтайлы шешім қабылдауы оны күйзеліс жағдайына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан басшы өз энергиясын дұрыс жұмсай білуі шарт.

Болашақ іс-әрекетті жоспарлаудың мәні – іс-әрекетті орындаудың жолдары мен амалдарын ойластырып, құралдарын таңдап, мақсатқа жетуді көздеу. Өзін -өзі дұрыс басқара алатын адам табысқа жететіні сөзсіз. Ол үшін дербес жұмыс күнінің тәртібі, кәсіпорын жұмысының жалпы тәртібі, адамдарды өзара алмастыру графигі, жеке творчесвалық жоспары жасалады. Дербес жұмыс күнінің тәртібі жүйелендірілген, яғни жекелеген қызмет түрлері еңбек операцияларына бөлініп, жұмыс уақытының құрылымы ойластырылады. Жұмыс күні тәртібінің негізгі міндеттері: бір жұмыс күніндегі, аптадағы, ай ішіндегі басшылар мен мамандардың жұмысын ретке келтіру, кәсіпорын жұмысының ырғақтылығына қол жеткізу мақсатында өндірісті басқарудың оперативтілігін арттыру. Қажет болған жағдайда қауырт кезеңдерге арналып жұмыс күнінің тәртібі белгіленеді. Жеке творчествалық жоспарға өндіріс техникалары мен технологияларын жетілідру, оны ұйымдастыру мен басқару, еңбек жағдайын жақсарту, осылайша тиімділікті арттыру жөнінде нақты шараларды жүзеге асыру көзделеді. Ой еңбегінің гигиенасы жөніндегі ұсыныстардың маңыздылары:

-еңбек етуде қатты шаршамау, бірақ үзілісті жиілетпеу;

-демалыс уақытын дұрыс пайдалану, уақыт тапшылығын болдырмау;

-жұмыстың үйреншікті қарқынын қадағалау (тездетпеу,баяулатпау);

-бір іспен тым ұзақ уақыт шұғылданбау;

-зерттеуді тұрақты жүргізу, байланысты үзбеу;

-атқарылатын жұмыстың маңыздылығына көз жеткізгеннен кейін ғана оған кірісу;

-тынығуға, тамақтануға, денсаулыққа мән беру.

Жоспарға сай жұмыстың орындалмауының басты себебі көп жағдайда уақыттың дұрыс бөлінбеуінде, яғни мақсаттың дұрыс қойылмауы, міндеттер туралы нақты түсініктің және оларды шешу жолдарының жоқтығы, өзге жұмыспен тым әуестену, тиянақтылықтың болмауы, мәліметтің толық болмауы, оның кешігіп келуі, ақпарат тасқынынан маңыздысын іріктей алмау сияқты кемшіліктерге жол беру. Сондықтан басшы өз мүмкіндігін барынша пайдаланып, саналы түрде үйлестіріп, әбігершілікке салынбау керек.

Басшы кездесудің көпшілігін қызмет барысында жүзеге асырады. Қабылдау мәнері бойынша басшылар 3 топқа бөлінеді:

1) жалған демократ; бұл басшыға барлығы тобымен келеді, бейберекет кездесу болады.

2) бұл басшыға жолығу да орнынан табу да қиын;

3) бұл басшының қабылдау тәртібі болады, кезектілік пен регламент сақталады.

Қабылдауды екі түрге бөледі: басшылар тарыпнан (шақырып тапсырма беру, жұмысты ауыстыру, жаза сөгіс беру, жаза қолдану үшін) және бағыныштылар (проблемасын айту, мұқтаждарын білдіру үшін) өтініші бойынша.

Келушіні басшы өз кабинетінде түрліше қабылдайды:

- басшы орнынан тұрмастан, келген адамға қарайды;

- орнында отырып амандасады;

- орнынан тұрып амандасады;

- келушіні қарсы алып, орын ұсынады.

Г.П.Мицинг алуан түрлі жағдайда іскерлік әңгімені өткізудің негізгі бес принципін ажыратқан: 1 - әңгімелесушінің көңілін аудару; 2 - әңгімелесушіні сөзге тарту;

3 – мұқият негіздеу (дәлелдеу); 4 - әңгімелесушінің күдігін сейілту.

Осы принциптерді негізге ала отырып, әңгіме өткізуде мына нұсқауларды есте сақтаған жөн: әңгімелесушінің сөзін мұқият соңына дейін тыңдау, мұқият тыңдалмағандықтан әңгіме нәтижесіз болады; әңгімелесушінің шынайы айтқан сөзін теріске шығармау, фактілерді таразылап алып, пікір айту керек; мүмкіндігінше ашық жарқын, кішіпейіл, сыпайы, өнегелі болу, бірақ сыпайылықтың да шегі болуы керек; қажетті жерінде жігерлі болып,қызу айтысқа айналдырмай салқын қандылық көрсету, әңгімелесуші ашуға ерік берсе, шиеленіске бармау; әңгімелесушінің шешім қабылдауын асықтармау, бірлесіп шешім жасау; кездесуге нақты уақыт белгілеу, 10 минут кешіксеңіз кешірім сұраңыз, 30 минут кешіксеңіз басқа уақыт белгілеңіз.

Іскерлік мәжіліс – белгілі бір міндеттерді ойластырудың және көпшілік болып қабылдаудың кең тараған әдісі. Мәжіліс барысында қойылған міндеттерді қарауда жұртшылықтың пікірі ескеріліп, мамандар мен қызметкерлер кеңесі тыңдалып, проблеманы шешуде ең қолайлы жолдар таңдалады. Іскерлік мәжілісте қызметкерлер ұсыныс айтуға, сауатты сөйлеуге, өз ойын айқын жеткізуге, өзінің позициясы мен дәлелін тұжырымдауға дағдыланады. Іскерлік мәжіліс қарастырылатын мәселенің ерекшелігіне, қатысушылардың құрамы мен сапасына, т.б. белгілеріне қарай бөлінеді.

Қарастырылатын мәселелерге орай мәжілістер былайша жіктеледі:

Проблемалық – қолайлы шешімдер іздестіруді талқылау нәтижесінде және дауысқа салу арқылы шешім қабылданады. Жаңа проблема пайда болып, оның күрделілігі мен маңыздылығын талқылау қажет болғанда ұйымдастырылады.

Нұсқаулық мәжіліс – жарлық беру үшін байланыс орнату, оларды жедел орындау мақсатында ұйымдастырылады. Басшы жиналғандарға қабылданған шешімдерді хабарлайды. Оған тікелей орындаушылар шақырылып, мәселелер мұқият талқыланып, түсіндіріледі.

Жедел мәжіліс – күнделікті істің жайы туралы мәлімет алу, пікір алмасу мақсатында ұйымдастырылады.

Әрбір мәжілісте қаралатын мәселердің тізімін көбейту арқылы оны өткізу санын азайтқан жөн. Мәжіліске шақырғанда оның басталуымен қоса, аяқталуы мүмкін уақытын да ескерткен абзал. Мәжілістің табысты өтуі баяндама сапасына байланысты. Проблеманы жақсы білетін, оның маңыздылығын аша білетін, сөйлеу мәдениеті жетік адамға аяндаманы тапсырған жөн. Қатысушылар күн тәртібімен алдын ала таныстырылып, қарастырылатын мәселеге қатысты өз ойларын айтуларына мүмкіндік берілуі керек. Мүмкіндігінше мәжіліс арнайы бөлмеде (мәжіліс залында) өткізілгені дұрыс. Қатысушылардың түгел келмегеніне қарамастан мәжіліс өз уақытында басталып, регламент сақталуы керек, яғни әрбір баяндамашы нақты уақыт аралығында қатысушыларды мәселемен таныстырып, талқылауға салғаннан соң шешім қабылдау кезеңіне өтеді.

Адамдарға әсер ету құралы ретінде менеджер ауызша қарым-қатынас және іс-хаттарын жазуды қолданады. Ойын жазбаша жеткізудегі мақсат - проблеманы анық түсіндіре білу және жаңа идея туралы логикалық тізбек құру. Көзбе-көз әңгімелесу арқылы түсініскен хат жазғаннан едәуір тиімді екендігіне қарамастан әрбір басшы өз ойын жазбаша білдіре алуы керек. Хат жазудың жағымды және жағымсыз тұстары бар. Жағымды тұстарына: хат мазмұны жоспарланады, оқушыға хаттағы сандық мәліметтерді түсіну аңайға түседі, хатты оқушы түсінбеген жерлерін қайта оқиды. Жағымсыз тұстарына: хат жазушы өз ойын мимика, жест арқылы көрсете алмайды, хатты оқушы оны тез қабылдап, жылдам оқымауы мүмкін, хатты жазушы жіберген мәліметтермен нақты кім танысатындығын білмеуі мүмкін.

Хаттағы сөз, әсіресе фразаның мән-мағынасы бар. Сөздерді тек сұрыптап қана емес, оларды сөйлем ішінде байланыстыруға тырысу керек. Қазіргі таңда құрамында 12-14-тен аспайтын сөзі бар сөйлемдер қолданылады. Ал басқару мәселесі жайлы және экономикалық мәселелер жайлы тексттің өзінде 18-ге дейін сөздер қолданылады. 20 сөзден асқан фразаны оқыған кезде оқушы фразаны қайта оқуына тура келеді. Сондықтан құрмалас сөйлемге қарағанда жай сөйлемдерді қолданған ыңғайлы. Әйтсе де құрмалас сөйлемді тексттен алып тастауға болмайды. Хат жазуда мына талаптарды ескеру керек:

- бір фразада бірнеше мәліметтерді енгізбеу керек;

- тексттегі барлық мәліметтер ортақ негізге біріктірілуі керек;

- фраза жинақы шамамен 18 сөзден аспауы керек;

- «құрғақ» мәліметтердің өзін «жандандыра» білу керек, яғни эмоция байқалуы тиіс;

- жинақталған барлық фактілерге талдау жасап, артық бөліктерін қысқарту керек;

- фактілерді топтастыру керек;

- мазмұндалу реті, жүйелілігі сақталуы керек;

- кестелер, графиктер, суреттер, т.б. қолдану керек;

- текст оқуға қолайлы болуы керек.

Наши рекомендации