Кәсіпкерлік мәдениеті мәні мен мағынасы

Кіріспе

Кәсіпкерлік мәдениеті – кәсіпкерлік сферада әлеуметтік нормалар мен құндылықтар жүйесін сақтай отырып, іргелі қағидалары мен тәртіп үлгілері жиынтығын пайдалану арқылы экономикалық белсенділік формаларын сақтап жұмыс атқару.

Кәсіпкерлік мәдениет кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ажырамас бөлігі. Ол мәдениеттің жалпы түсініктеріне негізделеді және онымен тығыз байланысты.

Мәдениет – адамдардың өнідірістік, қоғамдық және рухани қажеттіліктерінің жиынтығы.

Мәдениет – бір заттың не құбылыстың жоғарғы деңгейі, жоғарғы қарқында дамуы, дағдысы.

Кәсіпкерлік қызмет – тұлғалардың экономикалық бостандығының қызметі. Бірақ та экономикалық бостандық сол кәсіпкерлік қызметке қатысты ержелер мен қағидаларды орындамауын білдірмейді, керісінше мемлекетте бекітілген нормаларға, заңдылықтарға сай қызмет атқаруы қажет.

Кәсіпкерлік мәдениеттің негізгі элементтеріне төмендегілер жатады.

- кәсіпкердің өзіне жүктелген міндеттемелер мен жауапкершілікті атқаруы;

- кәсіпкерлік оның субъектісінің қызмет етуімен тығыз байланысты. Яғни, өзінің қызмет етуінде адалдық таныту. Адамдарға, тұтынушыларға, әріптестерге, мемлекетке шынайы, адал қарым-қатынас көрсету – кәсіпкерлік мәдениеттің түп тұлғасы.

Кәсіпкерлердің жалпы этикалық нормалармен, фирманың этикалық кодексін, бизнесті жүргізудің жалпыға бірдей ережелерін, кәсіби этиканы енгізетін жиынтық элементтерді сақтауы маңызды. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің жалпы мәдениеттілік, тәрбиелік деңгейі, олардың қоғамдағы дәстүрлер мен дағдыларды сақтауы, заңды бизнес жүргізуге қажетті білім деңгейін меңгеруі де маңызды.

Кәсіпкерлік мәдениет құқықтық және этикалық нормалар критерилері ретінде келесілерді енгізеді: мемлекетпен, қоғаммен, жұмыскерлермен, тұтынушылармен, әріптестермен, бәсекелестермен және басқа да шаруашылық субъектілермен, сонымен қатар, кәсіпкерлікке жанама не тікелей әсер ететін қызмет етуші құқықтық актілер, ережелер, нормалар, стандарттарды сақтауы.

Кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуы келесідей факторлармен айқындалады:

- өркенниетті сыртқы кәсіпкерлік орта;

- қоғамдық және мемлекеттік менталитет;

- қоршаған ортаға байланысты құқықтық нормалар, ережелер, міндеттемелер;

- кәсіпкерлердің жауапкершіліктері;

- кәсіпкердің өзі және корпоративтік мәдениет.

Кәсіпкерлік мәдениеті мәні мен мағынасы

Басқару еңбегі өндірістік еңбек болып саналады. Басқару еңбегін өндірістік еңбекпен салыстыруды мынадай белгілер бойынша жүргізеді: еңбек заты, тікелей мақсат пен еңбек нәтижесі, еңбек құралы, еңбек сипаты, оның мазмұны. Басқару еңбегінің өндіріс еңбегінен айырмашылығы еңбек затының өзгешелігінде. Басшы үшін еңбек заты – мәлімет, яғни ақпараттарды жинап, өңдеп, шешім шығару. Осы мәліметтерді алмасу - басқару құралы. Басшының бағыныштыларымен қарым-қатынасы ақпарат алу мен таратудың ерекше түрі. Басқару еңбегінің мақсаты – ұжымның күш-жігерін үйлестіру және ақырғы жоспарланған нәтижеге жетуге арналған іс-әрекетті қамтамасыз ету. Басқару еңбегі творчествалық сипатта болады, яғни логикалық ой әрекетін қамтиды. Басқару еңбегінің мазмұны – өндіріс процесіне тұтастай ұжымды қатыстыру.

Басшының күнделікті жұмысында айқын емес болашақ жағдайында проблемаларды қарастырып, оңтайлы шешім қабылдауы оны күйзеліс жағдайына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан басшы өз энергиясын дұрыс жұмсай білуі шарт.

Болашақ іс-әрекетті жоспарлаудың мәні – іс-әрекетті орындаудың жолдары мен амалдарын ойластырып, құралдарын таңдап, мақсатқа жетуді көздеу. Өзін -өзі дұрыс басқара алатын адам табысқа жететіні сөзсіз. Ол үшін дербес жұмыс күнінің тәртібі, кәсіпорын жұмысының жалпы тәртібі, адамдарды өзара алмастыру графигі, жеке творчесвалық жоспары жасалады. Дербес жұмыс күнінің тәртібі жүйелендірілген, яғни жекелеген қызмет түрлері еңбек операцияларына бөлініп, жұмыс уақытының құрылымы ойластырылады. Жұмыс күні тәртібінің негізгі міндеттері: бір жұмыс күніндегі, аптадағы, ай ішіндегі басшылар мен мамандардың жұмысын ретке келтіру, кәсіпорын жұмысының ырғақтылығына қол жеткізу мақсатында өндірісті басқарудың оперативтілігін арттыру. Қажет болған жағдайда қауырт кезеңдерге арналып жұмыс күнінің тәртібі белгіленеді. Жеке творчествалық жоспарға өндіріс техникалары мен технологияларын жетілідру, оны ұйымдастыру мен басқару, еңбек жағдайын жақсарту, осылайша тиімділікті арттыру жөнінде нақты шараларды жүзеге асыру көзделеді. Ой еңбегінің гигиенасы жөніндегі ұсыныстардың маңыздылары:

- еңбек етуде қатты шаршамау, бірақ үзілісті жиілетпеу;

- демалыс уақытын дұрыс пайдалану, уақыт тапшылығын болдырмау;

- жұмыстың үйреншікті қарқынын қадағалау (тездетпеу,баяулатпау);

- бір іспен тым ұзақ уақыт шұғылданбау;

- зерттеуді тұрақты жүргізу, байланысты үзбеу;

- жұмыстың маңыздылығына көз жеткізгеннен кейін ғана оған кірісу;

- тынығуға, тамақтануға, денсаулыққа мән беру.

Жоспарға сай жұмыстың орындалмауының басты себебі көп жағдайда уақыттың дұрыс бөлінбеуінде, яғни мақсаттың дұрыс қойылмауы, міндеттер туралы нақты түсініктің және оларды шешу жолдарының жоқтығы, өзге жұмыспен тым әуестену, тиянақтылықтың болмауы, мәліметтің толық болмауы, оның кешігіп келуі, ақпарат тасқынынан маңыздысын іріктей алмау сияқты кемшіліктерге жол беру. Сондықтан басшы өз мүмкіндігін барынша пайдаланып, саналы түрде үйлестіріп, әбігершілікке салынбау керек.

Наши рекомендации