Сымдар қималарын таңдау жəне тексеру шарттары қандай?
Электр тоғын тарату əуе желісі дегеніміз ашық ауада орналасқан жəне оқшауламалар мен арматуралар арқылы бағаналарға сымдар аркылы бекітілген, электр энергиясын тарату үшін арналған кұрылғы. Əуе сым желісінің басты элементтері:
а) электр энергиясын тарату үшін қызмет ететін сымдар;
б) əуе сым желілерін атмосфералық кернеу күшінің артуынан сақтайтын бағаналардың жоғары бөлігінде орналасқан қорғағыш тростар;
в) жер немесе су деңгейінен белгілі биіктіктегі сымдар мен тростарды ұстап тұратын бағаналар;
г) бағана мен сымдар арасында орналасқан оқшауламалар;
д) сымдарды оқшауламаларға, ал оқшауламаларды бағаналарға бекітетін арматуралар.
Құрлымы бойынша əуе тоқ желілері 3-топка бөлінеді: а) тұтас бір сымнан тұратын; б) көп сым талшығынан немесе өзара оқшауланған сым талшығынан тұратын; в) екі металдан: болат жəне алюминийден жасалған көп талшыкты сымдардан тұратын. Қатты созылған мыстан жасалған сымдардың меншікті кедергісі аз жəне механикалық беріктігі күшті,олар атмосфералық əсерлерге жəне ауадағы қоспаларға қарсы тұра алады. Мыс сымдарын М эрпімен белгілейді жəне жанына сымның номинал қимасы жазылады. Сонымен, мысалы сымның қимасы 50мм 2 болса, ол М - 50 деп белгіленеді. Алюминий сымдары - мыс сымымен салыстырғанда салмағының жеңілдігі, меншікті кедергісінің үлкендігі жəне механикалық беріктігінің аздығымен ерекшеленеді. Алюминий сымдары көбіне жергілікті желілерде қолданылады. Алюминий сымдарының механикалық беріктігін жоғарылату үшін, оларды көп сымды етіп жəне катты тартылған сымдардан жасайды. Алюминий сымдары атмосфералық əсерге тотеп бере алғанымен, ауаның зиянды қоспаларының əсеріне қарсы тұра алмайды.
Тоқ желісінің құрылысын келтіріңіз
Əуе тоқ желілері құрылымы бойынша бір тізбекті жəне көп тізбекті болып бөлінеді, яғни бір немесе бінеше тізбектердің бірдей баганада орналасуы. Мұндағы тізбек дегеніміз 3-фазалы əуе желісінің З-сымын айтамыз.
Əуе тоқ желілерінің сымдары мен қоргағыш тростары жауапты жерлерде, яғни анкерлік бағаналарға мықтап бекітілуі керек. Анкерлік бағаналардың екі арасына аралық бағаналарды орнатады. Аралык бағаналар белгілі биіктікте сымдар мен қорғағыш тростарды ұстап тұру үшін керек.
Cурет-2.1.Сымды бағаналарға бекіту биіктігі бірдей болған жағдайдағы бір пролеттың басты сипаттамалары
і - екі бағанадағы бекіту нүктелерінің арақашықтығы;
һ- жерден сымға дейінгі ең аз вертикаль биіктік, немесе оның анағұрлым созылуы кезіндегі жерге дейінгі линиялық ара қашықтық;
f- бекітудің бір деңгейінде орналасқан екі нүктені (А,В) қосатын горизантальды түзуді созылуының ең төменгі нүктесмен қосатын вертикаль ара-қашықтық.
Əуе тоқ желілерінде жалаңаш сымдар мен тростар қолданылады. Ашық ауада орналасқандықтан, олар атмосфераның жəне қоршаған ортаның зиянды əсерлеріне ұшырауы мүмкін, сондықтан олардың механикалық беріктігі жеткілікті жəне коррозияға қарсылығы күшті болуы керек.
Бұған дейін əуе тоқ желілері ретінде мыс сымдарын қолданатын, ал қазір алюминий, болатты алюминий жəне болат сымдарын да пайдаланады.