Бап. Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық қужатты орындамау
1.Заңды күшіне енген сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық қужатты алты айдан астам орындамау, сол сияқты оларды орындауга кедергі жасау -
Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаган дәл сол іс-әрекеттер -белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан
3.Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыс жасау кезінде өндіріп алу сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген он мың айлың есептік көрсеткіштен асатын іс-әрекеттер, сол сияқты олардың орындалуына кедергі жасау -
Ескерту.
Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген қылмысты жасаған және сот үкімі шығарылғанға дейін берешегінің бүкіл сомасын өтеген адамға бас бостандыгынан айыру тағайындалмайды.
Сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау сотты құрметтемеудің бір көрінісі болып табылады, мұндай эрекеттер соттың беделін кетірумен бірге әділсоттылыктың міндеттерін жүзеге асыруға кедергі келтіреді.
Қылмыстык құқық бұзушылыктың тікелей объектісі әділсоттылық мүддесі, ал қосымша тікелей объектісі жеке немесе занды түлғалардың заңды құқықтары мен мүдделері.
Объективтік жағынан қылмыстық құқык бұзушылық занды күшіне енген сот шешімін немесе өзге де сот актісін кэнігі түрде (қасақана) орындамау сол сот актісін кәнігі түрде (қасақана) алты айдан астам орындамау, сол сияқты олардың орындалуына кедергі жасау арқылы жасалады. Сот актісін кэнігі түрде орындамау қылмысы эрекетсіздік арқылы істеледі жэне ол созылмалы қылмысқа жатады. Орындамау кэнігі болуы шарт, яғни ол сот органдарының бірнеше рет заңды күшіне енген сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындау жөніндегі талабын кінэлі адамның қасарысып, ашық бас тартып жүзеге асырмауы болып табылады.
Сот актілерін жүзеге асыруға кедергі келтіру белсенді эрекет күйінде жүзеге асы-рылады. Ол сот актілерін тығып тастау, кінэлі немесе жауапкер адамның мекен-жайын әдейі дұрыс көрсетпеу, сот орындаушысының мекен-жайды босату туралы заңды тала-бына қарсылық көрсету, т.с.с. арқылы көрініс табады. Кедергі жасау күш қолданумен, қорқытумен үласса, онда кінэлінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 409-бабы бойынша саралануға жатады. Хатталған немесе иелік етуге тыйым салынған не тэркілеуге жата-тын мүлікке қатысты сот актілерін орындамаған жағдайда кінэлінің эрекеті Қылмыстық кодекстің 421-бабы бойынша тікелей сараланады.
Субъективтік жағынан Бұл қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық қүдық бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған кез келген адам.
Осы баптың 2-тармағында өкімет өкілі, мемлекеттік қызметші, жергілікті өзін-өзі басқару органының қызметкері, сол сияқты мемлекеттік мекеменің, коммерциялық немесе өзге де ұйымның қызметкері жасаған дэл сол эрекеттер үшін қылмыстык жауаптылық белгіленген. Өйткені заңда көрсетілген осы лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамауы, сол сияқгы олардың орындалуына кедергі жасауының жай адамдарға қарағанда қоғамға қауіптілігі зор. Көрсетілген лауа-зым адамдарының Бұл эрекеті қызмет бабына қиянат жасаудың ерекше нысаны болып табылады. Қылмыстық кодекстің 430-бабының 2-тармағындағы қылмыстың субъек-тілері болып — өкімет өкілі, мемлекеттік қызметшілер, коммерциялық немесе өзге де ү_йым қызметкерлері болады. Олардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 3-бабының тиісті тармағында берілген.
Қылмыстық кодекстің 430-бабының 3-тармағында осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қьшмыс жасау кезінде өндіріп алу сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген он мың айлық есептік көрсеткіштен аса-тын іс-эрекеттер, сол сияқты олардың орындалуына кедергі жасау - үшін тұңғыш рет қылмыстық жауаптылық белгіленген.
Сот актілерін сот органдарының өз кызметкерлерінің орындамауы немесе олардың орындалуына кедергі жасауы лауазымды қылмыстар болып табылады.
Қылмыстық құқық бүзушылықтың субъектісі — 16-ға толған кез келген адам. Осы баптың ескертуіне сэйкес жүбайы (зайыбы) жэне жақын туыстары жасаган қылмысты күні бүрын уэде берместен жасырғаны үшін адам қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды.