Экономикалық саясаттың мәні

«Саясат» термині (грекше politika – мемлекеттік және қоғамдық істер, polis – қала-мемлекет) Аристотельдің «Саясат» атты еңбегінде алғаш зерттеліп, қарастырылған. Сол кездің өзінде саясатты зерттеудің екі басты бағыты қалыптасты: функционалды және құндылықты. Функционалды зерттеу бағыты көбіне саясаттағы мақсат пен соған жету және нәтижесіне көңіл бөледі. Ал құндылықты бағыт сол саясаттың негізінен идеялық құрылым мен адамгершілік критерийлерді іздейді.

Саяси ғылым қазіргі кездегі мәнін ХІХ ғ. екінші жартысында иеленеді, ол жеке білім саласы ретінде бөлініп шықты. Лондон университетінде ХІХ ғ аяғында Лондонның экономика және саясат ғылымдарының мектебі ашылды. 1857 жылы Колумбия университетінде Америка тарихында алғаш саяси ғылымдар кафедрасы ашылды. Ал

Батыста саясаттану ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін дами бастады. Бұған көбіне 1948 ж Парижде ЮНЕСКО басшылығымен өткен саяси ғылымның сұрақтары жөніндегі халықаралық коллоквиум себеп болды. Онда саясаттанудың негізгі мәселелерін, мәнін ашатын құжаттар қабылданды. Құжатқа сая саясаттанудың зерттеу және оқыту мәселелері анықталды. Олар:

Саяси теория (оның ішінде саяси идеялар тарихы);

Саяси институттар (орталық және жергілікті өкіметтік органдар, мемлекет билік тармақтары, саяси және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер);

Саяси мәдениет және сана;

Саяси даму және модернизация;

Саясат субъектілері;

Халықаралық қатынастар.

Қазақстандағы саяси ғылымның негізгі пәніне бұдан басқа, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам, геосаясат, ұлттық мүдде және ұлттық қауіпсіздік мәселелері кіреді.

Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық, қоғамдағы қүқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарасгар, жаңаша саяси ойлаудын мәні, казіргі дүниежүзілік дамудың козғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы және қазіргі саяси жүйелерді, адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол, бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды.

Саяси билік пен қоғамның саяси жүйесі – саясаттанудың негізгі зерттеу объектісі мен пәніне жатады. Осылар арқылы қоғамның саяси өмірін анықтауға болады. Сондықтан саясаттану қоғам өмірінің өте қажетті қызмет саласы туралы білімді, түсінікті қалыптастырады..

2. Саясаттанудың әдістері мен категориялары

Ғылымның басқа салаларындағы сияқты саясаттанудың да өзіне тән ұғымдары бар.

Оның категорияларына төмендегі ұғымдар жатады.

Саясат және саяси билік, саяси мүдде саяси қатынас, саяси сана, саяси процесс, саяси мәдениет пен адамдардың саяси қызметі, қоғамның саяси өмірін ұйымдастыру және саяси жүйе туралы білімдердің тұтас, жүйелі жиынтығы.

Саяси ғылым пәнін жан-жақты объективті түрде танып білу, осы ғылымның өзара бір-бірімен байланысты категориялары арқылы жүзеге асады. Бірде бір ғылым оның ішінде саясаттану ғылымы да тек өзіндік жеке категорияларға басқа қоғамдық ғылымдарға қарағанда кең және көлемді болып саяси институттарды саяси процестер мен құбылыстар саласын қарастырады.

Катергориялар-заттардың шын, объективтік адамдарға тәуелді болмайтын құбылыстары мен қатынастарын бейнелейтін идеялар, жалпы ұғымдар.

Саясаттануда оқытылатын заңдардың екі тобы бар:

Біріншісі- Саяси жүйелердің кез келген түрлері үшін ортақ заңдар

Екіншісі-Жүйелердің белгілі түрлеріне ғана тән арнайы заңдар.Ортақ заңдардың ішінде саяси билік түрінің әлеуметтік таптық қатынастар сипатына тәуелділері де, саяси және экономикалық билікпен өзара тығыз байланыстылары да бар. Арнайы заңдардан саяси жүйелердегі биліктер бөлігі мен бөлінісі,саяси биліктің заңдылығын тану сияқты елеулі түрдегі қажетті байланыстардың қалыптары көрініс табады.

Саясаттану заңдылықтар жүйесін 3 топқа бөлуге болады:

1топ Қоғамның экономикалық базисі мен саяси билігі арасындағы арақатынасты көрсететін саяси-экономикалық заңдылықтарды қамтиды

2топ Биліктің тұрақтылығын нығайтатын өзінің ішкі қисын, құрылымы баререкше әлеуметтік жүйе ретіндегі биліктің дамуын сипаттайтын саяси-әлеуметтік заңдылықтарды қамтиды

3топқа Саяси психологиялық заңдылықтар жатады. Бұлар жеке тұлғалар мен билік арасындағы өзара қарым-қатынастарды көрсетеді.

3.Саясаттану әдістері:

Салыстырмалы әдіс түолі елдердегі саяси құбылыстарды өзара салыстырып, олардың жалпы ортақ және жеке ерекшеліктерін ажыратуға оны танып білуге мүмкіндік береді. Ол арқылы елдегі саяси тұрақтылық пен саяси ахуалды бағалауға, нақты саяси шешімдер қабылдауға жағдай туады. Ол өзгенің тәжірибесіне сүйену

Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымны бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, өзге құбылыстармен байланысты зерттейді.

Социологиялық әдіс саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және сана деңгейіне т.б. жағдайларына байланысты анықтайды.

Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, өткендегі, қазіргі және болашақтағы байланысымен айқындай отырып қарастырады. Бұл әдіс әр түрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді, олардың болған уақытын мезгілін ескере отырып соның негізінде танып-білуді қажет етеді.

Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын танып-білуге негізделеді. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекетін талдау арқылы түсініп-білуге болады дейді.

Нормативтік әдіс қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді.

4. Саяси ғылым - қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен даму тарихын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістерді, саяси сана мен саяси мәдениетті, әлемдік саяси үрдісті зерттейді. Саяси ғылым сұрақтары бойынша өткен 1948 ж. халықаралық коллоквиум оның зерттеу объектілері ретінде:

1) саяси теория;

2) саяси институттар;

3) саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір;

4) халықаралық қатынастарды анықтады.

Сонымен бірге, саясат қоғамдық-саяси өмірдің маңызды бір саласы жөнінде білім көзі болып, ол туралы жан-жақты ғылыми мағлүмат береді, екіншіден, нағыз адамгершілік саясат қоғамдық даму заңдылықтарына сай пайда болады, оларды ашып, іске асырғанда басшылыққа алына ғылымға негізделеді, саяси жүмыс жемісті болу үшін ғылыми терең зерттеулер жүргізу қажет.

Экономикалық саясат – мемлекеттің экономикалық іс-шараларының жүйесі, яғни мемлекет, үкімет жүргізетін іс-қимылдардың, экономиканы басқару саласындағы шаралар жүйесі, елдің мақсаттарына, міндеттеріне, мүдделеріне сәйкес экономикалық үдерістерге белгілі бір бағыттылық беру.


Экономикалық саясаттың мақсаттары мен құралдары қоғамдық құрылыстың сипатымен, елдің дамуының ішкі және халықаралық жағдайларымен айқындалады. Экономикалық саясат құрылымдық, инвестициялық, қаржы-несие, әлеуметтік, сыртқы экономикалық, ғылыми-техникалық, салық, бюджет саясатын қамтиды.

Экономикалық саясаттың пайда болуы алғашқы мемлекеттердің қалыптасуымен байланысты болды. Ежелгі және орта ғасырларда Экономикалық саясат әдетте салықтар алумен, ақша, айналыс және жер қатынастарын реттеумен шектелді. Капиталдың бастапқы қорлануы кезеңінде Экономикалық саясатқа капит. мануфактуралардың құрылуына және сауданың дамуына септігін тигізген меркантилизм мен проекционизм тән болды, ал өнеркәсіптік буржуазияның өсуіне қарай еркін кәсіпкерлік саясат пен фридредерлік барған сайын үлкен рөл атқара бастады. Қазіргі заманғы монополистік капитализмге мемлекеттің экономикалық рөлінің күшеюі сияқты Экономикалық саясат белгілері тән: мемлекет ұдайы өндіріске белсене араласады, халық ш-ндағы секторды дамытады, экономиканы бағдармалайды, дағдарысқа, инфляцияға қарсы шараларды жүзеге асырады, фирмалардың, соның ішінде халықаралық монополистік ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттейді. Экономикалық саясаттың нысандары мен әдістері көбінесе экономиканың жай-күйіне, нарықтық экономиканың ұдайы өндіріс үдерісін мемлекеттік реттеумен ұштастырылуына байланысты. Экономикаға оны жанама түрде реттеудің кейнстік теориясына негізделген мемл. ықпал ету идеялары мемлекет тиісті салық және несие-қаржы саясатын жүргізе отырып, қор жинауға бейім шаруашылық жүргізуші субъектінің психологиясын ықпал ете алады, қоғамның тиімді жиынтық сұранымына ынталандыра алады, сол арқылы нарықты реттеп, бағыттай алады, экономикалық өрлеуді жеделдете алады, халықтың жұмыспен қамтылуы деңгейі мен оның әлеуметтік әл-ауқатын арттыра алады дегенге саяды.

1929 – 33 ж. Ұлы тоқырау кезеңінде АҚШ Президенті Ф. Рузвельт кейнстік идеялар тұрғысынан Экономикалық саясат жүргізді, бұл саясат “жаңа бағыт” деп аталды. Соғыстан кейінгі жылдары көптеген елдер жаңа дағдарысқа қарсы шараларды әзірлеу, соғыс қиратқан шаруашылықты қалпына келтіру және өрге бастыру кезінде де осы кейнстік қағидаларды басшылыққа алды. Алайда 1950 – 60-жылдардан бастап Экономикалық саясатта неолибералдық монетаристік доктриналардың ықпалы белең алды. Мұнда нарықтық шаруашылыққа ерекше орын берілді, мұның өзі экономика мемлекеттің араласуын қажет етпейді деген идеяға алып келді. Кейнсшілдікке қарама-қарсы қағида болып табылатын монетаризм теориясына сәйкес сұранымды ынталандыру жөніндегі Экономикалық саясат шаралары экономиканың жағдайын жақсартпайды, қайта үйлесімсіздік туғызады, жағдаятты нашарлатады, өйткені “теңдестіруші” нарықтық тетіктердің әрекетіне кедергі жасайды. Монетаристер тиімді жиынтық сұраным қағидатын емес, ұсыным қағидатын, кәсіпкерлік қызметті мемл. реттеудің күшін жоюды бірінші орынға қойды. Олар кәсіпкерлерден алынатын салықты азайтуды, бюджет тапшылығын төмендетуді, бағаның құралуын ырықтандыруды, ақша шығарылымын шектеуді, сондай-ақ әлеум. мұқтаждарға жұмсалатын шығынды азайтуды жақтады. Олардың пайымдауынша, мемлекеттің экономикалық саясатның атқарымы ақша шығарылымын және несиелендіруді реттеумен шектелуге тиіс.


Монетаризм идеясы бірқатар елдерде: Ұлыбританияда (тэтчеризм), АҚШ-та (рейгономика), Чилиде, Израильде, Ресейде жүргізілген экономикалық саясатта көрініс тапты. Экономиканы басқарудың әкімшілдік-әміршілдік жүйесі қираған, өтпелі экономикасы бар, қазіргі заманғы нарықтық тетіктері әлі қалыптаса қоймаған бұрынғы соц. елдерде экономикалық саясаттың өздеріне тән ерекшеліктері болды. Қазақстанның Экономикалық саясаты нарықтық қатынастарды батыл енгізе отырып, мемлекеттің рөлін арттыруға, барлық деңгейде экономиканың басқарылуын қалпына келтіруге негізделді. Экономикалық реформаларды жүзеге асыру барысында әлемдік тәжірибе ескерілді, экономиканы нарықтың өзін-өзі реттеуі мен мемлекеттік реттеудің өркениеттік тетіктері оңтайлы түрде ұштастырылды. Нәтижесінде Қазақстанның экономикалық саясат ТМД елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып өтпелі кезеңдегі экономиканың дағдарысын еңсеріп, экономиканың қарқынды өрлеуі жолына түсті, қоғам дамуының толғағы жеткен міндеттерін дәйектілікпен шеше бастады

4. Ақша-кредит саясаты (монетарлық)

КРЕДИТ-АҚША САЯСАТЫ – мемлекет экономикасында ақша мөлшерін реттеу мақсатында қолданылатын шаралар кешені. К.-а.с. жалпы ұлттық өнім, баға деңгейі және ұлттық табыс сияқты аса маңызды макроэкон. көрсеткіштерге айтарлықтай әсерін тигізетіндіктен мемл. экон. саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде қаралады. Бүкіл 20 ғ. бойына мынадай заңдылық орын алды: неғұрлым дамыған мемлекеттер, экон. өсуді ынталандыру, экон. жағдаяттың ауытқуын реттеу үшін нақ осы К.-а. с. құралын қарқынды пайдалануға тырысты, әйтсе де мұндай жанама ынталандыру әрқашан да күткендегідей нәтижелер бермеді. К.-а. с-н жүргізу ісі жауапты мемл. органдарға, әдетте, орт. банкке (Қазақстанда – ұлттық банкке) жүктеледі. Жалпы алғанда ақша массасы – орт. (ұлттық) банктің нақты ақшасының, банкноттары мен теңгелерінің (монета) және экон. агенттердің (кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың) коммерциялық банктерге салған салымдарының сомасы. Салымдарды халықтың салымдары ғана емес, сонымен бірге кәсіпорындардың есеп айырысу шоттары мен өзге де шоттарындағы қалдық ақшалар да құрайды. Ақша массасының ұғымын ақша базасының ұғымынан ажырата білу керек. Ақша базасын нақ сол барлық нақты ақша мен коммерциялық банктердің орт. (ұлттық) банктегі салымдары құрайды. Мәселенің мәні мынада: коммерциялық банктер коммерциялық несиелендіру тетігін пайдалана отырып, ақша массасының көлемін ақша базасының шегінен сан есе көбейтуі мүмкін. Өз клиенттеріне несие бере отырып, банктер іс жүзінде елдің орт. (ұлттық) банкіндегі өз депозиттерінен асып түсетін депозиттер жасайды. Басқаша айтқанда, банктің кредит беру тетігі болмаса, яғни банктер несие бермесе, мультипликативтік ұлғаю процесі ешқашан басталмас еді және ақша массасы мен ақша базасы ешқашан теңелмеген болар еді. Ақша массасының ақша базасына қатынасын ақша мультипликаторы деп атайды. Егер біз ақша базасын латынша Н әрпімен, ал ақша массасын М әрпімен таңбаласақ, онда мынадай формула аламыз: М=kH, мұнда k– ақша мультипликаторы. Сөйтіп, мемлекеттің К.-а. с-ның мәні іс жүзінде ақша массасының көлемі айқындайтын осы екі шамаға (Н – ақша базасы мен k – ақша мультипликаторына) ықпал етуінде. Қазіргі мемлекеттерде орт. банктің ақша базасының шамасын неғұрлым жиі өзгертіп отыратын әдісі – ашық рыноктағы операциялар, яғни өз үкіметінің борышқорлық қағаздарын сатып алу – сату. Ашық рынокта бағалы қағаздарды сатып алудың мысалы ретінде ұлттық банк коммерциялық банктен үкімет облигацияларын 1 млрд. теңгеге, сатып алатын операциясын қарастыралық. Ұлттық банктің мемл. бағалы қағаздар түріндегі меншігі 1 млрд. теңгеге артады, мұның өзі баланс активінің “Мемлекеттік бағалы қағаздар” бабында көрсетіледі. Облигацияларға айырбас ретінде ұлттық банк осы облигацияларды сатқан коммерциялық банктің шотына 1 млрд. теңге аударады. Басқаша айтқанда, баланс пассивінің ұлттық банктегі банк депозиттері бабы 1 млрд. теңгеге артады. Коммерциялық банк өз резервін алғашқы мезетте ұлттық банктегі салымдар ретінде ұсталатын 1 млрд. теңгеге көбейтті. Алайда бұл орайда ұлттық банктің сатушыға өзінің меншікті бухгалтерлік кітаптарында депозиттер жасау жолымен облигация үшін төлей алатынын ескеру қажет. Бұл депозит басқа банктерге төлемдер төлеу үшін пайдаланылуы мүмкін немесе нақты ақшаға айырбасталуы мүмкін. Банктегі депозиттің кәдуілгі иесі де өз шотынан нақты ақшаны ала алады, сондай-ақ, ұлттық банкке депозит салған банк те өз салымын қысқартқаны үшін айырбас ретінде нақты ақша ала алады. Ұлттық банк облигация үшін өз банкіндегі депозитпен төлегенде ол ақша базасын бірден көбейтеді. Ұлттық банк мемл. облигациялар сияқты активтерді жай ғана сатып алып және олар үшін өз міндеттемелерімен төлеп, ақша базасын қалауынша ұлғайта алады. Ұлттық банк ақша базасын бұлайша ұлғайтуға коммерциялық банктер өтемпаз қаражатқа ділгер болатын дағдарыстар кезеңінде барады. Бұл оның өзінің өтем резервтерін көбейтуіне, демек, нақты секторды несиелендіру әлуетін күшейтуіне мүмкіндік береді, мұның өзі экон. өсу қарқынын күшейте алады. Бағалы қағаздарды сата отырып, орт. (ұлттық) банк ақша базасын қысқартатынын оңай аңғаруға болады. Ақша базасының қысқаруы коммерциялық банктердің қорларын азайтады, мұның өзі халыққа, кәсіпорындарға кредит беру көлемін азайтып, несиелендіру шарттарын қатайтады, экон. өсу қарқынын тежейді.

Іс-дағды көрсетіп отырғанындай, ақша мультипликаторының тұрақсыз екені былай тұрсын, сонымен бірге ол тіпті оңай болжап білуге болмайтын шама. Мұның мәнісі орт. (ұлттық) банк тек ақша базасын реттеумен ғана әрбір нақты уақыт кезеңінде ақша массасын дәл анықтай алмайды деген сөз. Тіпті күтпеген титтей ауытқу ақша базасының осы шамасында ақша ұсынысын айтарлықтай өзгертуі мүмкін. Сондықтан орт. (ұлттық) банк ақша мультипликаторының шамасына әсер етудің арнаулы әдістерін пайдаланады. Алайда тіпті барлық осы әдістерді қолдану да орт. (ұлттық) банктің ақша мультипликаторының ауытқуын толық бақылауына бәрібір мүмкіндік бермейді. Ақша мультипликаторының формуласы мынадай: k=(1+c)/(r+c), мұнда c – нақты ақша-депозиттер, ал r – резерв-депозиттер (бұл орайда резерв дегеніміз, көбінесе, коммерциялық банктердің орт. (ұлттық) банктегі салымдары. Формуладан көрініп отырғанындай, ақша мультипликаторы неғұрлым көп болса, резервтердің депозиттерге қатынасы соғұрлым аз болады. Ақша мультипликаторының нақты ақша-депозиттер қатынасына қалай тәуелді екенін анықтау қиынырақ. Бірақ мұнда да кері тәуелділік бар. Мұның мәнісі мынада: с аз болса, нақты ақша ретінде пайдаланылатын ақша базасының үлесі де аз болады, ал резерв ретінде пайдаланылатын үлес жоғары болады. Нақты ақша-депозиттер қатынасы, негізінен, халықтың мінез-құлқымен айқындалады, ол ақшаның қанша бөлігін нақты ақша (теңге-монета мен банкнот) түрінде ұстауға болатынын, ал қанша бөлігін салым (депозит) түрінде ұстауға болатынын шешеді. Халықтың қалауы: а) төлем түрлерін әдетке айналдыруына; ә) ақшаны нақты ақша түрінде сақтаудың трансакциялық шығыны мен шотқа қол жеткізу шығынының қатынасына; б) ағымдағы тұтыну көлемі мен мәміле санына; в) түрлі депозиттер бойынша пайыздардың ағымдағы ставкаларына байланысты. Бұл параметрлердің көбісі орт. (ұлттық) банктің бақылауына көне бермейді. Ал орт. (ұлттық) банктің резерв-депозиттер саласындағы мүмкіндіктері әлдеқайда көп. Ол міндетті резервтік талаптардың мөлшерін, яғни коммерциялық банктердің орт. (ұлттық) банктегі салымдарының ең аз нормасын тағайындай алады. Міндетті резерв жасау нормативі – мемлекеттің К.-а. с-ның екінші аса маңызды құралы. Міндетті резерв жасау нормасын көбейте отырып, орт. (ұлттық) банк коммерциялық банктердің өз клиенттеріне кредит беру және тиісінше ақша массасын мультипликациялау жөніндегі мүмкіндіктерін шектейді. Ал, керісінше, міндетті резерв жасау нормативін қысқарту ақша мультипликаторын көбейтеді, яғни нақ сондай немесе қысқара түсетін ақша базасында ақша массасын өсіреді. Іс жүзінде К.-а. с-ның осы құралдары пайдаланылатын барлық елдерде, соның ішінде Қазақстанда да, резервтік талаптар салымдардың тұрпатына қарай түрленіп отырады: мерзімді салымдар бойынша олар талап етілетін салымдарға қарағанда жоғары. К.-а. с-ның үшінші басты құралы – қайта қаржыландыру ставкасы. Мұның өзі орт. (ұлттық) банктің коммерциялық банктерге беретін кредиттері бойынша пайыз ставкасы. Қайта қаржыландыру ставкасын құбылта отырып, орт. (ұлттық) банк коммерциялық банктің артық резервтерінің шамасына, сондай-ақ, жанама түрде нақты ақша-депозиттер қатынасына да ықпал етеді. Шынында да, егер қайта қаржыландыру ставкасы жоғары болса, онда коммерциялық банктер өзінің артық резервтерінің мөлшерін көбейтуді жөн көреді. Өйткені өтемпаз қаражат жетіспеген жағдайда орт. (ұлттық) банктің кредиттері коммерциялық банкке тым қымбатқа түседі. орт. (ұлттық) банк қайта қаржыландыру ставкасын төмендеткен кезде коммерциялық банктердің айтарлықтай артық резерв жасауға деген құлшынысы кемиді. Олар ақшаны пайыз әкелетін активтерге салуға, ал кассалық алшақтық пайда болған жағдайда орт. (ұлттық) банктен қайта қарыз алуға көбірек мүдделі болады. Дамыған елдерде қайта қаржыландыру ставкасы, әдетте, коммерциялық банктердің кредиттік ставкаларының төм. шегінде ұсынылады; дамушы елдерде бұл принциптен ауытқудың уақытша орын алуы мүмкін.

Наши рекомендации