Туристік қызмет ьағасын адаптациялау (модификациясы) жолдары.
Көптеген фирмалар ереже ретінде тауарларына тек бір бағаны емес,ал бірдей нарық шарттарына тәуелді баға модификациясының толық бір жүйесін құрайды. Бұл жүйе тауардың модификациясы,ассортименттердің мүмкін болатын түрлілігін және жүзеге асыру шарттары ( мысалы сұраныс пен ұстамалардың географиялық ерекшеліктерін) ,нарықтың әр түрлі сегменттерінде сұраныстың интенсивтілігі, тауарды жүзеге асырудың әр түрлі мерзімінің айырмашылығын ескеру қажет.
Бұл факторлар баға құруда үлкен маңызы бар және фирманың баға стратегиясын құрастыру кезінде арнайы ескеріледі. Бірақ бұл сұрақ әлі толық зерттелмеген және отандық баға тәжірибесінде қолданылмайды.
Баға құрудың әр түрлі формаларын практикалық қолдану кезінде тек терең білімнің жоқтығы ғана кедергі келтірмейді,сонымер қатар экономикалық шарттардың спецификасы, көбінесе нарық бәсекелестігінің дамымауы мен дағдарыс жағдайы.Бірақ бұл жағдайлар уақытша ғана болады,ал сондықтан баға саясатының эффективті тәжірибені меңгеру қажеттілігін күнтізбеден шығармайды.
Баға модификациясының негізгі түрлері:
Географиялық принцип бойынша
Стимуляцияланған сатылымдар үшін жеңілдік жүйесінің модификациясы
Баға дискриминациясы мен ұсынылған тауар ассортиментінің баспалдақтық бағасын төмендету
35.Баға түрлері:айналымның қызмет көрсету сипаты бойынша,мемлекет әсерінен және реттеуіне байланысты нарықтағы конкуренция деңгейі.Баға – тауардың ақшалай құны. Қызмет көрсету айналымына қарай:Көтерме сауда бағасы,Сатылымдық баға, Бөлшектік сауда бағасы.Еркіндіктің дәрежесіне сай:Еркін бағалар (нарықтық бағалар), Реттелген бағалар, Тұрақты бағалар, Жылжымалы баға, Өзгермелі баға, Жарияланушы баға.Нарық түріне байланысты:Аукционды тауар бағасы,Биржалық баға,Комиссиондық тауар бағасы.Нарықтағы баға қалыптастырудың түрлері. Нарық типтеріне байланысты сатушы баға қалыптастырғанда әртүрлі деңгейдегі еркіндікте болады. Экономистер нарықтың төрт түрін бөліп көрсетеді және єрқайсысы баға қалыптастыру бойынша өз шарттарын ұсынады. 1. Таза бәсекелестік нарығы ұқсас тауар өнімінің, мысалға, бидайдың, мыстың, бағалы қағаздардың көптеген сатушыларынан және сатып алушыларынан құралады. Бірде - бір жеке сатып алушы не сатушы нарықтағы күнделікті тауардың баға деңгейіне үлкен ықпалын тигізе алмайды. Сатушы нарық бағасынан жоғары баға да сұрамайды, себебі сатып алушылар қажетті тауар көлемін керегінше осы нарықтан ешқандай кедергісіз нарық бағасымен сатып ала алады. Сатушылар нарық бағасынан төмен баға да сұрамайды, өйткені барлық тауарын нарықтағы бағамен сата алады. Бұл нарықта маркетингтік зерттеу, тауарды дайындау, баға қалыптастыру, жарнама және өткізуді ынталандыру минимальды болады, бірақ та мүлдем нольге жеткізбейді. 2. Монополиялық бәсекелестік нарығы келісімді біркелкі нарықтық бағамен емес кең диапазонды бағалармен жасайтын сатып алушылармен, сатушылардан құралады. Баға диапазонының болуы сатушылардың, сатып алушыларға тауарлардың әр түрлі варианттарын ұсыну мүмкіншілігінде. Реальды бұйымдар бір-бірінен сапа, касиеті, сырт безендіруі бойынша айырмашылықта болады. Айырмашылық тауарға қосымша атқарылатын қызметтерде де болуы мүмкін. Сатып алушылар ұсыныстардың айырмашылығын кµретіндіктен әр түрлі тауарға әр түрлі баға төлеуге дайын. Бағадан басқа кейбір айырмашылықта болу үшін сатушылар әр түрлі тұтынушылар сегменттеріне түрлі ұсыныстар дайындауға тырысады және тауарларға маркалық атау беру тәжірибесін, жарнаманы және жеке сату әдістерін кеңінен пайдаланады. Бәсекелестердің көп болуына байланысты олардың маркетингілік стратегиясы әр фирмаға тигізетін ықпалы олигополистикалық нарық жағдайынан төмен болады. 3. Олигополистикалық нарық баға белгілеу саясатына және бір-бірінің маркетингілік стратегиясына өте сезімтал біршама сатушылардан құралады. Тауарлар бір-біріне ұқсас та (болат, алюминий), ұқсас емес те болуы мүмкін (автомобильдер, компьютерлер). Жаңа талапкерлердің нарыққа енуі өте қиын болғандықтан сатушылардың саны көп болмайтын. Әр сатушы бәсекелестің стратегиясына және қимылына дереу қарсы әрекет көрсетеді. Егер қайсы бір болат қорыту компаниясы өз бағасын 10 % төмендетсе, сатып алушылар дереу осы компанияға ауыса бастайды. Басқа болат өндірушілер бұл жағдайды ескеріп не бағаны төмендетуі, не атқаратын кызмет санын, не көлемін өсіруге тиіс. Олигополистер бағаны төмендету арқылы ұзақ уақытқа созылатын нәтижеге жететініне ылғи сенімде бола алмайды. Екінші жағынан олигополист бағаны жоғарылатса, оның бәсекелестері оған ермеуі мүмкін. Мұндай жағдайда ол бағаны не бұрынғы қалпына келтіруі керек, не өз клиенттерінің бәсекелестер жағына ауысуына дайын болуы керек. 4. Таза монополия жағдайында нарықта тек қана бір сатушы болады. Бұл мемлекеттік мекеме (мысалға, Қазақстанда темір жол компаниясы), жеке жүйеленетін монополия (мысалға, “Қарағанды-Жылу”) не жүйеленбейтін монополия (мысалға, нарыққа нейлонмен шығар кезеңіндегі “Дюпон”). Әр ерекше жағдайда баға белгілеу әр түрлі болып құралады. Мемлекеттік монополия баға саясаты көмегімен әр түрлі мақсатты көздеуі мүмкін. Ол тауар сатып алушылар үшін өте маңызды болып, бірақ олар оны толық бағасына сатып ала алмайтын жағдайда, оның бағасын өзіндік құнынан төмен белгілеуі мүмкін. Баға тек шығындарды қайтару, не жақсы табыс табуды көздеуі мүмкін. Тұтынысты жалпы қысқарту мақсатында өте жоғары баға белгіленуі де мүмкін. Жүйеленген монополия жағдайында үкімет компанияға “Әділ нормалы табыс” келтіретін, соның нәтижесінде мекемеге өндірісті қолдап отыратын, ал қажетті жағдайда оны кеңейтуге мүмкіншілік беретін баға тағайындауға ұлықсат береді. Оған керісінше, жүйеленбейтін монополия жағдайында фирма нарық көтеретін кез келген бағаны белгілей алады. Дегенмен бірқатар себептерге байланысты, фирма мүмкіншілігінше максимальды бағаны тағайындамайды. Бұл әрі мемлекеттік жүйелеуді енгізуден сескену, әрі бәсекелестерді елеңдетпеу, әрі төмен бағаны пайдаланып - нарықты игеруді тереңдете түсу.
Дирек-костинг әдісі
Соңғы жылдары идустриалды дамығн елдердің өнеркәсібінде директ- костинг деп аталатын өндіріске кеткен шығындарды есепке алу жүйесі кең тараған. Есептің бұл жүесінде өндіріс шығындарының есебі тұрақты, айнымалы,өндіріс көлеміне пропорционалды өндіретін шығындар болып бөлінеді. Өнімнің өзіндік құнына тек айнымалы шығындар енгізіледі. Тұрақты шығындар жеке шоттарда жинақталып, қаржылық нәтижелі шоттарымен тікелей жабылады.
Директ- костинг жүесін пайдалану идеясы біз үшін жаңалық емес. 30-жылдардыңбасында көптеген отандық кәсіпорындар өндірілетін бұйымдарға кететің шығындарды тек жұмсалатын материалдар, еңбек ақы төлеу және басқа тікелей шығыстар бойынша есепке алатын ; үстеме шығындар сол бұйымдарды өткізуден түскен табыстардың азаюына есептен шығарылатын.
Шығындарды өндіріске толық жатқызу жүйесі мен директ –котинг жүесі арасындағы негізгі айырмашылық мынау : бұл жүйеде өнімнің өзіндік құны ауыспалы шығыстар бойынша анықталады. Мұндай есептеу жүйесі тұрақты шығындардың осы есептік кезеңде дайын өнім қорымен ара қатынаста болмауына , аяқталмаған өндіріс көлемінде белгіленбеуне әкеліп соғады. шығындарды тарату тәртібі үлгісінде көрсетілгендей, директ – костинг жүйесіндегі кірістік есеп екі көрсеткіштен тұрады:
Өткізуден түскен — Ауыспалы = Жалпы (маржиналдық)
табыс шығындар кіріс
Жалпы - Тұрақты шығындар = Таза кіріс
(маржиналдық)
кіріс
Сонымен, директ-костинг жүйесінің негізі стандарт – кост жүйесінде жасалған , бірақ үстеме шығыстардың ауыспалы және тұрақты болып бөлінуіне байланысты соңғы шығыстар өткізуден түскен табыстан шығарылып тасталады, демек, өнімнің өзіндік құнын қалыптастыруға қатыспайды.
Директ – костинг жүйесін пайдалану белгілі қиындықтар туғызады: үстеме шығыстарды ауыспалы және тұрақты шығысқа дәлме- дәл етіп бөлу қиын; өзіндік баға шығару және баға қалыптастыру үшін өнімнің толық өзіндік құнын ешбір жүйесіз белгілеуге тура келеді. Сөйте тұра, шығындардың тұрақты және ауыспалы болып бөлінуі есеп жүргізудің бақылау және талдау мүмкіншіліктерін күшейтеді, өнімнің барлық түрінен түскен жалпы (маржиналдық) кірісті жылдам анықтап, осы орайда оңтайлы шешім қабылдауға мүмкіндік туғызады.
Стандартты "директ-костинг" — кəсіпорынның түпкілікті
мақсатына таза пайда алуға жету жүйесі деп түсініп, оның ар-
тықшылықтарына тоқталсақ:
— өзіндік кұнды жарым-жартылай калькуляциялаудың қара-
пайымдылығы мен объектілігі, өйткені тұрақты шығынды шарт-
ты түрде бөлудің қажеттілігі болмай қалады;
— өзіндік кұнды əр түрлі кезеңдердің өзгермелі шығындары,
абсолютті жəне салыстырмалы маржа бойынша салыстыру мүм-
кіндігі;
— шығаруды ұлғайту үшін тиімділігі жоғары өнімді анықтау;
— өзгермелі шығыстарды, өткізу бағаларын жəне дайын
өнім кұрылымын өзгерту нəтижесінде пайда өзгерісін бақылау
мүмкіндігі;
— тұрақты шығыстардың шамасын жедел бақылау үшін
жағдайлар жасау, өйткені толық өзіндік құн есебінде қосымша
шығыстардың бөлінбеген сомасының бөлігі бір кезеңнен екін-
шісіне көшеді, сондықтан бақылау нашарлайды;
— есептің талдаушылық мүмкіндіктерін кеңейту, өйткені
есеп пен талдаудың байланысты бірігу процесі жүреді;
— "директ-костинг" жүйесі принциптерін басқару есебінің
басқа жүйелерімен үйлестіре қолдану.
Туроператор әр адам басына 7000 тг. - ден экскурсия ұйымдастырды. Әр қызмет түрі 2500 тг. айлық шығын 12500 тг. Қандай өндіріс көлемінде шығынға ұшырамайды.
шешімі:егер экскурсияда минимум екі қызмет бар десек 2500*2=5000 тг. ( бұл осы экскурсиядағы шығын)
7000-5000= 2000( бұл әр экскурсиядан түсетін табыс)
12500/2000=6,25 сонымен шамалап алсақ туроператор 7 немесе 8 экскурсия ұйымдастырса шығынға ұшырамайды.
Деп тұратын тур үш этаппен бағаланды және де әр бағалауда бірдей санға өзгерді. Соңғы бағалаудан кейін тур өзіндік құнымен 35,6 деп сатылды. Бірінші, екінші бағалауда қандай бағалар орнатылды.
шешімі:120-35,6= 84,4
84,4/2= 42,2( бұл әр этап та турдың өзгерген бағасы)
сонымен тур 1-этапта - 120 2-этапта - 77,8 3этапта - 35,6
39. Қонақүйдің іскерлік орталығында бизнесмен есеп дайындау үшін 6 компьютер және ұш маман көмегімен жұмыс жасайды. Жалға алынған мамандардың межелі өнімділігі МРL= 9 бет/сағ. Жалға алынған компьютерлердің межелік өнімділігі МРК = 90 бет/сағ. Жалға алынған мамандардың жалақысы w= 150 теңге/ сағ. Компьютерлерді жалға алған төлем r = 6000теңге/сағ. Шығындар минимизациясының принципін ескере отырып бизнесмен жұмысының режимі дұрыс па анықтаңыз?
шешімі:егер барлығы 900 беттік есептеп алсақ,
осы 900 бетті
мамандар : 900/9= 100 сағатта аударады. Ал компьютерлер 900/90= 10 сағатта аударады.
Осыдан есептесек, мамандарға: 100сағ*150=15000 теңге төлейді. Ал компьютерлерге 10*6000=60000теңге төлейді. Ал екеуі біріккенде 900/99= 9 сағатта бітіреді. сондықтан мамандарға 9*150= 1350теңге, компьютерлерге 9*6000=54000теңге төлейді. Осыған қарап бизнесменнің жұмыс режимінің дұрыс екенін айтуға болады. Себебі егер ол жеке мамандарды ғана жалдаса 100сағат күтіп уақытын жоғалтады, ал компьютерлерді ғана жалдаса қымбатқа түседі.
Онақүй кәсіпорнының шаруашылығы келесідей сипатталады: Жалпы шығыны: 3000000 теңге, сатылған түнеу орны саны - 600. сатылған өнімнің бірлігіне орта шығынды анықтаңыз.
шешімі: 3000000/600= 5000
А,В,С аудандарының бірінде мейрамхана ашылуы қарастырылуда.Бұл аудандардағы күнделікті шығын ( 1жылға) 450 000,230 000,900 000 теңгені құрайды. Ал өзгеріс шығындары өнім бірлігіне -75,35,30 теңгені құрайды.
шешімі:А аудан күнделікті шығын 450000,өзгеріс шығын 75, ал енді 450000/75=6000тг
В күнделікті шығын 230000,өзгеріс шығын 35,230000/35=6571тг. С күнделікті шығын 900000,өзгеріс шығын 30,900000/30=30000тг.
42. Қонақүйдің іскерлік орталығында бизнесмен есеп дайындау үшін 6 компьютер және 3 маман көмегімен жұмыс жасайды. Жалға алынған мамандардың межелі өнімділігі МРL= 8 бет/сағ. Жалға алынған компьютерлердің межелік өнімділігі МРК = 85 бет/сағ. Жалға алынған мамандардың жалақысы w= 150 теңге/ сағ. Компьютерлерді жалға алған төлем r = 5000теңге/сағ. Шығындар минимизациясының принципін ескере отырып бизнесмен жұмысының режимі дұрыс па анықтаңыз?
шешімі:егер барлығы 850 беттік есептеп алсақ,
осы 850 бетті
мамандар : 850/8= 106 сағатта аударады. Ал компьютерлер 850/85= 10 сағатта аударады.
Осыдан есептесек, мамандарға: 106сағ*150=15900 теңге төлейді. Ал компьютерлерге 10*5000=50000теңге төлейді. Ал екеуі біріккенде 850/93= 9 сағатта бітіреді. сондықтан мамандарға 9*150= 1350теңге, компьютерлерге 9*5000=45000теңге төлейді. Осыған қарап бизнесменнің жұмыс режимінің дұрыс екенін айтуға болады. Себебі егер ол жеке мамандарды ғана жалдаса 106сағат күтіп уақытын жоғалтады, ал компьютерлерді ғана жалдаса қымбатқа түседі.
Шығыс мәліметтері: Мейрамхана өндірісін кеңейту үшін 3 млн теңге өз қаражатынан 600 мың теңгені несиеге алып инвестиция жасай алады. Несие пайызы -25 % құрайды. Экономикалық рентабельдік-45%. Табыс салығы-24%. Анықтаңыз: қаржы тұтқасының арқауы; қаржы тұтқасының дифференциалы; табас көрсеткіштері бойынша қаржы тұтқасының эффекті; қарызсыз таза табыс; рентабельдік көрсеткіші бойынша қаржы тұтқасының эффекті.
шешімі:300 000-600 000=2 400 000
600000*25/100=150000(несиеге төленген ақша), 3000000*45/100=1350000(табатын табысы), 1350000-150000=1200000, 1200000*24/100=2880000(салыққа төлейтін ақша)
1200000-288000=912000(таза пайда).
44. Шығыс мәліметтері: Жылдық есеп бойынша қонақ үй кәсіпккерлігі өз счетіндегі қаржыға тоқтаусыз шаруашылық жүргізген( млн тг)
Көрсеткіш | Жоспарланған жыл |
Өзіндік капитал | 7 564 000 |
Айналымдағыдан тыс активтер | 9 850 300 |
Экономикалық рентабельдік | 25% |
Несие пайызы | 15,0 |
Жылдық есеп анализі және де тіркелген келісім шарттар бойынша алдағы жылға, айналымға қаражат қажеттігі белгілі. Осы жағдайға байланысты кәсіпорынға несие алған тиімді ме, және ол қажет пе?
шешімі: 7 564 000+9 850 000=17 414 000.
17 414 000*25/100=4 353 500
4 353 500*15/100=653 025.
4 353 500-653 025=3 700 475
Кәсіпорын үстел бұрғылау станогын дайындап оның әр қайсысын 7000 тг шығарып жатыр, сонымен қатар бір бірлікке үлесті шығын 2500 тг, айлық шығын 112500 тг. Қандай көлем өнім өндірісінде кәсіпорын шығынға ұшырамайды.
шешімі:7000-2500=4500 бұл бір өнімнен түскен пайда, 112500: 4500=25 станок. Егер кәсіпорын 25 станок шығарса шығынға ұшырамайды.