Р ҚК 368 бап.Парақорлыққа делдал болу.
Негізгі ұғымдар: пара
1. Мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның, өзi немесе делдал арқылы пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамның пайдасына жасаған iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлiк, мүлiкке құқығы немесе мүлiк сипатындағы өзi немесе басқа адамдар үшiн пайда түрiнде пара алуы, егер, мұндай iс-әрекет (әрекетсiздiк) мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның қызметтiк өкiлеттiгiне кiретiн болса не ол қызметтiк жағдайына байланысты осындай iс-әрекетке (әрекетсiздiкке) мүмкiндiк жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылығы немесе қызметi бойынша жол берсе, - жетi жүзден екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп немесе онсыз нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адамның нақ сол әрекеттердi жасауы, сол сияқты заңсыз iс-әрекет (әрекетсiздiгi) үшiн пара алуы - жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, жауапты мемлекеттiк лауазымды атқарушы адам жасаған әрекеттер -
жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар: а) қорқытып алу жолымен; б) адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ; в) iрi мөлшерде; г) әлденеше рет жасалса - мүлкiн тәркiлеп жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың бiрiншi, екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар аса iрi мөлшерде жасалса, - мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
1. Бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүлiктiң немесе мүлiктiк сипаттағы пайданың құны iрi мөлшердегi пара деп танылады.
2. Егер сыйлықтың құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның бiрiншi рет сыйлық ретiнде мүлiк, мүлiкке немесе өзге мүлiктiк пайдаға құқық алуы бұрын жасалған заңды әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн алдын ала уағдаластық болмаған жағдайда маңызы аз екендiгiне байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкiмшiлiк ретпен қудаланады.
3. Екi мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүлiктiң немесе мүлiктiк сипаттағы пайданың құны аса iрi мөлшердегi пара болып танылады.
4. Осы Кодекстiң осы бабына және 312-бабына қатысты лауазымды
адамдарға осы Кодекстiң 307-бабының ескертулерiнде көрсетiлген
лауазымды адамдар, сондай-ақ шет мемлекеттердiң немесе халықаралық
ұйымдардың лауазымды адамдары жатады.
312-бап. Пара беру. 1. Мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамға не оған теңестiрiлген адамға тiкелей немесе делдал арқылы пара беру, - жетi жүзден екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адамға пара беру, сол сияқты көрiнеу заңсыз iс-әрекет (әрекетсiздiк) жасағаны үшiн пара беру, - бiр мыңнан үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын адамға пара беру, -
мүлкi тәркiленiп, жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды: а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ; б) iрi мөлшерде; в) әлденеше рет жасаса, - мүлкi тәркiленiп жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың бiрiншi, екiншi, үшiншi немесе төртiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар аса iрi мөлшерде жасалса, -мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.Ескертулер.
1. Мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамға не оған теңестiрiлген адамға оның бұрын жасаған заңды iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн сомасы немесе құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сыйлықты алғаш рет беру, егер мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам жасаған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк) алдын ала уағдаластықпен байланысты болмаса, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.
2. Пара берген адам, егер мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның тарапынан оған қатысты қорқытып пара алу орын алған болса немесе ол адам пара бергенi туралы қылмыстық iс қозғауға құқығы бар органға өз еркiмен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
313-бап. Парақорлыққа делдал болу.
1. Парақорлыққа делдал болу, яғни пара алушыға және пара берушiге пара алу мен беру туралы олардың арасындағы келiсiмге қол жеткiзуге немесе iске асыруға жәрдемдесу - жетi жүзден екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Әлденеше рет немесе ұйымдасқан топ, немесе адам өзiнiң қызмет жағдайын пайдалана отырып жасалған дәл сол әрекет -
бiр мыңнан үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не алты жылға дейiн мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ші дәріс.