Конституциялық Кеңестің құзыреті
Конституциялық Кеңес Президенттің, Сенат төрағасының, Мәжіліс төрағасының, Парламент депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бір бөлігінің, Премьер-министрдің өтініші бойынша:
· дау туған жағдайда Президент, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығы және республикалық референдум өткізу туралы мәселені шешеді;
· Парламент қабылдаған заңдардың Конституцияға сәйкестігін Президент қол койғанға дейін карайды;
· республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін (яғни заңдық күшіне енгенге дейін), олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды;
· Конституция нормаларына ресми түсіндірме (яғни мазмұнын, мағынасын белгілеу) береді;
· Парламент Президентті мерзімінен бұрын қызметінен босату немесе қызметінен кетіру жөніндегі мәселе бойынша шешім кабылдау үшін конституциялық рәсімдердің сақталғандығы туралы қорытынды шығарып береді.
Конституциялық Кеңес адамның және азаматтың конституциялық құқыктары мен бостандьгқтарына нұқсан келтіретін заңды немесе езге де нормативтік актілерді конституциялық емес деп тану жөніндегі соттардың өтініштерін карайды. Конституциялық Кеңестің шешімдері қабылданған күннен бастап күшіне енеді, республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті және шағымдануға жатпайды.
Сонымен, сот билігі біртұтас мемлекеттік биліктің өз алдына дербес тармағы болып табылады. Судьялар сот әділдігін жүзеге асыруда тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Қазақстан Республикасында сот әділдігін сот қана жүзеге асырады. Сот билігінің басты міндеті — азаматтардың, олардың бірлестіктері мен ұйымдарының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін корғау, Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстанда сот жүйесін Жоғарғы Сот және жергілікті соттар — облыстық және соларға теңестірілген соттар, аудандық (қалалық) соттар құрайды. Соттардың шешімдері, үкімдері мен өзге де қаулыларының республика аумағында міндетті түрде орындалатын күші бар деп танылады. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің басты мақсаты — еліміздің бүкіл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз ету болып табылады.
3. Тәуелсіздік алған соң ұлттық топонимиканы жаңғырту мақсатында ежелгі тарихи – географиялық атаулардың әкімшілік –аумақтық бірлігі қалпына келтірілді. Сонымен қоса, орыс тіліндегі қазақ топонимкалық атауларын ретке келтіру арқылы көптеген облыстардың, қалалардың, аудандардың және басқа елді мекендердің атаулары өзгертілді. Атаулардың атын өзгерту жергілікті халық депутаттары кеңесінің ұсынысы бойынша және ҚР Министрлер кабинеті жанындағы Мемл. Ономастикалық комиссиясвнвң қорытындысы негізінде жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі Президиумының «Қазақстан Республикасы жеке әкімшілік –аумақтық бірлігінің жеке атауларының өзгертілуі және орыс тіліндегі қазақ топонимикаларын ретке келтіру туралы» 1993 жылғы 4 мамырдағы қаулысына сәйкес бірқатар облыс, қала, аудан, ауыл және басқа да елді мекендердің атаулары қайта өзгертілді. Осы қаулыға сай Джамбул облысы –Жамбыл, Курдай –Қордай, Джувалин –жуалы, Джезказган –Жезқазған, т.б. өзгертілді. Кейбір облыстар мен аудандарға жаңа атау берілді (Володар –айыртау, Нарынқол –райымбек, Ленин – Қазығұрт).
Бірқатар облыстардың аумақтық құрылымы қайта қаралып, біріктірілді және соған сай шекаралары да өзгертілді. Әк.- аумақтық реформа барысында Жезқазған облысы Қарағандымен, Көкшетау – солтүстік қазақстанмен, Семей –Шығыс Қазақстан облысымен, Талдықорған - Алматы облысына қосылды.
Қазақстан Республикасы президентінің 1997 жылғы 23 мамырдағы «Алматы, Шығыс қазақстан, Қарағанды, Солтүстік қазақстан облыстарының әкімшілік –аумақтық құрылымдарының өзгеруі туралы «жарлығы бойынша бұл облыстардың ішкі құрылымында өзгерістер болды. Президенттің жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 23 мамырдағы қаулысының нәтижесінде Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының шекаралары өзгерді.
1997 жылғы әкімшілік реформалардың мақсаты әкімшілік құрылымды оңтайландыру және облыстардың қаржылық санын қысқарту еді. Кейіннен бұрынғы екі облыстың орталығы Көкшетауға 1999 жылы және талдықорғанға 2001 жылы облыс орталығығың мәртебесі, сонымен бірге алматы және Ақмола облыстарына облыс орталығының мәртебесі қайта қайтарылды.
Қайта өзгертілген әкімшілік –аумақтық реформалардың салдары әртүрлі болды. Торғай облысының қысқаруы аймақтың әлеуметтік –экономикалық жағдайына қатты әсер етті. Жезқазған облысы ірі корпорация «Қазақмыстың» болуының арқасында бұл үдерістен жеңіл өтті. Семей облысының Шығыс Қазақстанға қосылуы Шығыс Қазақстан облысын дотациялық өңірге айналдырды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 тамыздағы «. Семей, Шығыс Қазақстан облыстарының 2006-2008 жылдардағы қаланы дамыту бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы қабылданғаннан кейінгі жағдай жақсы жағына қарай өзгере бастады. Бағдарламаны жүзеге асыру өндіріс тауарлары мен қызмет көрсету көлемінің қлғаюына, иныестиция құйылуының артуына, азаматтардың материалдық және пәтер үй –жағдайларының жақсаруына, өндірістік және әлеуметтік инфраструктуралардың материалдық қор нысанының нығаюына септігін тигізді.
Әкімшілік –аумақтық реформалардың ішкі ғана емес, геосаяси да маңызы болды. Өйткені, сол облыстардыңалғашқы кезекте мемлекеттік шекарасымен бірге сыртқы шекарасы да бір мезгілде жаңаша құрылды. Шекарамен шекиес аймақтарды ірілендіру ірілендіру болашақта олардың жағдайларын тұрақтандырды. Тәуелсіз қазақстанның біртұтас геосаяси кеңістікте ішкі бірігуіне жағдай жасады.ү Ірілендірілген шеткі облыстардың маңыздылығы шекеараға шектес қаланың атымен емес, Солтүстік Қазақстан, Батыс Базақстан, Шығыс Шазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары сияқты Қазақстанның маңызды аймақтарымен аталды.
Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының жүйесi мынандай:
Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының жүйесiне мынадай әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер кiредi: ауыл (село), поселке, ауылдық (селолық) округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс.
Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң категориялары төмендегідей:
Қазақстан Республикасы аумағының республикалық және жергiлiктi мүдделерiн қолайлы ұштастыру негiзiнде мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыру негiзгi екi категорияға - аймақтарға және елдi мекендерге бөлiнедi.
Аймақ - республиканың бiрнеше елдi мекендерi енгiзiлетiн, оның мүддесi үшiн құрылатын және басқарылатын республика аумағының бiр бөлiгi.
Республикалық әкiмшiлiк-аумақтық құрылыстың негiзгi буындары ретiнде облыс, аудан және ауылдық (селолық) округ аймақтар болып табылады.
Елдi мекен - республика аумағының халық жинақы орналасқан, кемiнде 50 адамы бар, азаматтардың шаруашылық және басқа қоғамдық қызметi нәтижесiнде қалыптасқан, заңда белгiленген тәртiпте есепке алынған және тiркелген, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басқаратын бiр бөлiгi.
Қазақстан Республикасы аумағындағы елдi мекендер қалалық және селолық елдi мекендерге бөлiнедi.
Қалалық елдi мекендерге республикалық, облыстық және аудандық маңыздағы қалалар, сондай-ақ олардың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы поселкелер; селоларға - олардың әкiмшiлiк бағыныстылығына қарамастан қалған барлық елдi мекендер жатады.
Халқының саны 400 мың адамнан асатын облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан қаладағы аудан болып табылады.
Қалалар мен басқа елдi мекендердiң категориялары төмендегідей
Қалалар және басқа елдi мекендер:
1) республикалық маңыздағы қалаларға бөлiнедi, бұларға ерекше мемлекеттiк маңызы бар және, әдетте, бiр миллион адамнан астам халқы бар елдi мекендер жатқызылуы мүмкiн;
2) облыстық маңызы бар қалаларға бөлiнедi, бұларға саны 50 мың адамнан асатын, дамыған өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымы бар, iрi экономикалық және мәдени орталықтар болып табылатын елдi мекендер жатқызылуы мүмкiн;
3) аудандық маңызы бар қалаларға бөлiнедi, бұларға аумағында өнеркәсiп орындары, коммуналдық шаруашылығы, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, оқу және мәдени-ағарту, емдеу мен сауда объектiлерiнiң дамыған жүйесi, кемiнде 10 мың адам халқы бар, оның халқының жалпы санының үштен екiсiнен астамы жұмысшылар, қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерi болып табылатын елдi мекендер жатқызылуы мүмкiн;
4) поселкелерге бөлiнедi, бұларға өнеркәсiп орындарының, құрылыстардың, темiр жол стансаларының және басқа экономикалық маңызды объектiлердiң жанындағы, кемiнде 3 мың адамы бар, оның кемiнде үштен екiсi жұмысшылар, қызметшiлер және олардың отбасы мүшелерi болып табылатын елдi мекендер жатқызылуы мүмкiн;
кемiнде екi мың адам халқы бар, оның жыл сайын емделу мен тынығу үшiн келетiндер саны кемiнде тең жартысын құрайтын, емдiк маңызы бар жерлерде орналасқан елдi мекендер де поселкелерге теңестiрiледi; оларға қалалықтардың жазғы демалыс орындары болып табылатын, ересек халқының кемiнде 25 процентi ауыл шаруашылығымен ұдайы айналысатын саяжай поселкелерi де жатқызылуы мүмкiн;
5) ауыл (село) - саны кемінде 50 адам болатын, халқының кемінде жартысын ауыл, орман және аңшылық шаруашылығында, бал ара шаруашылығында, балық аулау мен балық өсіру шаруашылығында жұмыс істейтін қызметкерлер, олардың отбасы мүшелері және денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары құрайтын елді мекен;
6) халқының саны кемiнде 50 адам шаруа және басқа да қоныстар ең жуық елдi мекеннiң құрамына енгiзiледi.
Мажоритарлық жүйе (фр. majorite --... -- көпшілігі дауысын берген кандидат сайланған болып саналатын сайлау жүйесі. Ол көптеген (АҚШ, т.б.) депутаттарын сайлауда қолданылады.
Пропорционалды сайлау жүйесі
Пропорционалды сайлау жүйесі дегеніміз -- сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте иеленетін сайлау жүйесі. Қазақстан Республикасында мажоритарлық және пропорциоиалды сайлау жүйелері қолданылады.