Тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, төмендегі сұрақтармен бекітіңіз
1. Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстан Республикасы қандай ірі империяның құрамында еді?
2. КСРО-ның құрамында неше ел болды?
3. Қазақстан мемлекеті өз тәуелсіздігін қашан алды?
4. Тәуелсіздік алғаннан кейін, Қазақстан мемлекеті қандай байланыстарға қол жеткізді?
Тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша, мына сүхбатты жалғастырыңыз.
- Достым, Қазақстан мемлекеті бұған дейін қандай империяның құрамында болды?
- .........................................................
- Мемлекетіміз өз егемендігін алғаннан кейін. елтаңбасы, туы және әнұранында өзгерістер болды ма?
- .........................................................
- Елтаңбада және мемлекет туында не бейнеленген?
- .........................................................
- Ал әнұранымызды айтып бере аласың ба?
- .........................................................
- Сонымен, Қазақстан Республикасы деп қашаннан бастап аталды?
- .........................................................
- Тәуелсіздік күні деп қай күн белгіленген?
- .........................................................
Тапсырма. Жаттығудан дұрыс қолданылмаған тәуелдік жалғауын тауып, қатесін түзетіңіз.
Біздің елім тәуелсіздікке қол жеткізді. Мемлекетте адамдардың өмірің қадағаланып отырады. Біздің елтаңбаңыз бекітілді. Тудың түсің көк түсті. Әр ұлттың өкілі Қазақтан мемлекетімнің дамуына үлес қосады. Сіздің үлесіңде бар. Менің осындай арманың бар. Сенің ойыңызмаған түсінікті болды. Сенің мақсатыңызбізге ұнайды.
Тапсырма. Өлеңді жаттап, тәуелдік жалғауы бар сөздерге талдау жасаңыз.
Ақ тілеу тілеп жатамын,
Ақ пейілі осы – атаның.
Қайталап сөзін батаның,
Арнаймын саған, Отаным
(Ә.Тәжібаев).
Тапсырма. «Менің Қазақстаным» тақырыбына шағын мәтін жазыңыз.
6 – сабақ
Мінез және келбет
Сын есім
Тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.
1. Адамның мінезіне қатысты қандай сөздерді білесіздер?
2. Қызғаншақ жақсы мінез бе?
3. Қайсар, өжет, батыл адам деп кімдерді айтар едіңіз.
4. Сіздің ойыңызша идеал деген кім? Ол қандай адам болуы керек?
5. Сіз құрбыңызды топпен таныстырыңыз.
Тапсырма. Сөйлемді аяқтаңыз.
1.Оның міңезі ..., ... . 2. Менің досым ..., ... . 3. Ол әріптестері арасында ..., ... . 4. Самат ..., ..., ... маман. 5. Біздің старостамыз ... .
Тапсырма. Сәйкестігін табыңыз.
қарапайым милосердный
қайырымды приятный
сүйкімді скромный
келбетті уравновешенный
сезімтал ревнивый
қызба статный
байсалды горячий
Тапсырма. Мына сөздермен танысып, қайталаңыз.
адам мінезі - характер человека
әр түрлі - разное
сабырлы - спокойный
шыдамсыз - нетерпеливый
қызғаншақ - ревнивый
қоғам - общество
ұжым - коллектив
байсалды - спокойный
көпшіл - общительный
ақкөңіл - чистосердечный
кешірімді – простительный
жомарт - щедрый
жағымсыз – неприятный, противный
сабырсыз – нетерпеливый
кекшіл - злопамятный
көңілсіз – без настроения
қылық – выходка
сырлас – близкий
5 - тапсырма. Мәтінді тыңдап, өзіңізге таныс сөздерді теріп жазы - ңыз.
Мінез және келбет
Адам мінезі әр түрлі болады. Біреуі – сабырлы, біреуі – шыдамсыз, енді біреуі – қызғаншақ. Кез-келген адам қоғамда, ұжымда өмір сүреді. Сондықтан, мінезіне қарай басқа адаммен тіл табысып, мінезі арқылы ұжымға танылады. Егер адам мінезі байсалды, сабырлы, көпшіл, ақ көңіл болса, басқа адамдар да онымен дос болып, сырласуға, ақыл-кеңес сұрауға жақын тұрады. Кешірімді болу, адам бойындағы жомарттық, кішіпейілдік те мерейіңді өсіріп, алғысқа бөлентеді.
Кейбір адамдардың сыртқы келбеті әдемі болғанымен, жағымсыз мінездерімен ортасын жалықтырып, өзгемен тіл табысуын қиындатады. Шыдамсыз, сабырсыз, қызғаншақ, кекшіл болсаң, сен достарыңнан алыстап кетесің. Үнемі жалғызсырап, көңілсіз өмір кешесің. Сондықтан жаман қылықтан аулақ болып, неғұрлым мейірімді, сабырлы мінез көрсетсең, саған өкпесі бар адамдардың өзі сырлас досыңдай болып кетеді. Жұмсақ мінез, ұстамдылық, сыпайылық - өзіңді де, отбасыңды, досыңды да бақытқа бастар жолдың тетігі. Халқымызда «Жақсы адам – қазына» деген нақыл сөз бар. Оның астарында адам мінезі жайлы ой айтылған.
Тапсырма. Берілген мәтінді оқып, аударма жасаңыз. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Адам мінезі қандай болады?
2. Адам мінезі арқылы басқа адамдармен тіл табысып, ұжымға танылуға бола ма?
3. Байсалды, сабырлы, көпшіл, ақ көңіл адаммен сырласуды жақсы көресіз бе?
4. Адамның қандай мінезі тіл табысуды қиындатады?
5. Өзіңді, отбасыңды, досыңды бақытқа бастар жолдың тетігі неде?
6. «Жақсы адам – қазына» нақыл сөзін қалай түсінесің?