Тақырып 16. Жаңа кезеңдегі және қазіргі кездегі Ұлыбританияның мемлекетi мен құқығы

ХҮІІ ғасырда Батыс Еуропа тарихында ең дағдарысты, күйзелісті кезеңі болды, қоғамдық өмірдің барлық жағынан және көптеген елді-мекендерде мемлекеттік билік тарапынан қысым көрсете түскен. Экономика құлдырауға ұшырады. ХҮІІ ғасырда көптеген Еуропа елдерінде әлеуметтік - саяси қозғалыстар етек жаяды, себебі қоғамдық - саяси жүйенің әрекет етуі саяси тұрақсыздықты тудырып, халықты терең дағдарысқа ұшыратты. Осындай келеңсіз жағдайлардан кейін, ХҮІІ ғасырда ағылшын буржуазиялық революциясы деп тарихта аты қалған жаңа дәуір басталды. Ағылшын буржуазиялық революциясы, жаңа буржуазиялық қоғам қағидасын ұсына отырып, Англияда ғана емес, Еуропада да буржуазиялық қоғамдық саяси тәртібін қалыптастырды. Англияда революцияға дейінгі қоғамның саяси-экономикалық қатынастары бір уақытта екі түрлі шаруашылық-өндірістік сипат өріс алған: жаңасы – капиталистік, ескісі – феодалдық. Басты рөлді жүргізу капиталистік өндіріс тәсілінің еншісіне берілді. Англия басқа Еуропа елдеріне қарағанда капиталистік жолмен жылдам дамыды.

Революцияға дейінгі Ағылшын мемлекеті қоғамы екі әлеуметтік топқа яғни, дворяндық сословияларға бөлінген: антогонистер-ескі және жаңа дворяндар; джентри сословиялық жағдайына қарай, болашақ дворяндар, ал шаруашылық сипатына қарай буржуа тобын құрды. Революцияға дейінгі Ағылшын дәуірінің сауда және өндірістік тарихы жаңа дворяндар өкілдерінің маңызды мәніне айналды. Бұл ерекшелік ХҮІІ ғасырдың 40 жылдарындағы революцияның тарихи қалыптасуына, оның сипаты және соңғы нәтижесіне әкелді. Революция кезінде пуританизм идеясы бірнеше ағымға бөлінді. Пресвитерианттар ірі буржуазияны және аристократтарды біріктіре отырып, конституциялық монархия идеясын уағыздады. Индепенденттер орта және ұсақ буржуазия қатарындағы топтардан қолдау табады. 1628 жылғы Карл І (1600-1649) тұсында парламентте корольге Петиция құқығы қабылданғаннан кейін қол жеткізілді. Осы құжатта Эдуард І және Эдуард ІІІ заңының бұзылғаны көрсетіледі, яғни парламенттің келісімінсіз ешқандай салық жүргізуге болмайды; король шенеуліктері жағынан жерге жеке меншікке қол сұққаны үшін қорғауды жүзеге асырмайды.

Карл І құқық туралы петицияны бекітуге мәжбүр болды. 1629 жылы король мен парламент арасында жаңадан қақтығыс пайда болды. Осыдан кейін Карл І парламентті таратып, жеке дара корольдің басқаруы жүргізілді. ХҮІІ ғасырдың 20 жылдарындағы саяси дағдарыс қауымдар палатасы мүддесі жағында болды. Қысқа парламент.1629-1640 жылдары парламентсіз басқару жылы болды,яғни король билігінің әрекеті толық сипатта болды. Шотландықтардың Англияға қарсы қауіп көрсетуі, Шотландиядағы қарулы көтерілістің пайда болуының нәтижесі болды. Әскери келеңсіз жағдайлар мен құралдардың жетіспеушілігі Карл І –дің парламентті құруға итермеледі. 1640 жылы 13 сәуір - 5 мамыр аралығында жұмыс істеген парламент тарихта Қысқа деген атпен енгізілді. Қауымдар палатасы корольдің шотландықтарға соғыс жүргізу субсидиясы ұсынысын қанағаттандырмады. Осының орнына қауымдар палатасы Карл І- дің жеке дара басқару жылдарындағы саясатты қарауға кірісті. Нәтижесінде мынадай өтініш қабылданды: реформа жүргізгенге дейін қауымдар палатасы корольге субсидия беруге, басымдылық құқығына тыйым салу мүмкіндігінен айырды. Парламент таратылғаннан кейін Карл І ережесі одан әрі сынға айналды. Король парламентсіз әскери және саяси дағдарысты шешу мүмкін еместігін мойындап, 1640 жылы қараша айында жаңа парламент құрды. Ұзақ парламент 1653 жылға дейін әрекет етті. Ұзақ парламент қызметі конституциялық-төңкерістің бірінші кезеңінен басталады.

Жалпы ағылшын буржуазиялық төңкерісін төрт дәуірге бөледі:

5. конституциялық кезен (1640 жылдың 3 қарашасынан бастап 1642 жылдың 22 тамызына дейін);

6. бірінші азаматтық соғыс (1642-1646);

7. төңкерістің демократиялық мазмұнын тереңдету үшін күрес (1646-1649);

8. индепенденттік республика (1649-1653).

Индепенденттік республика.1649 жылы король өлімінен кейін парламент Ағылшын республикасын жариялады.

Кромвель протектораты. Кромвель билігі жеке диктатура сипатын жүзеге асырды.1653 жылдың аяғында Кромвель әскери диктатурасын бекіткен «Басқару құралы» деп аталатын конституцияны енгізді. Жаңа конституцияға сәйкес, жоғарғы заң шығару билігі лорд-проттектор және парламент қолында болды. Парламет бір палаталы болды. Жоғарғы атқару билігі13 –21-ге дейін мүшесі бар лорд-протектор және Мемлекеттік кеңес қолында болды. Кеңес мүшелерін тағайындау лорд-протекторлардың сайлауымен жүргізілді. Конституцияда Кромвель лорд-протекторлардың жеке диктатурасын бекіте отырып, өмір бақилыққа сайлады. Кейінірек Кромвель парламентті шақыруды қойып, өз қалауы бойынша Мемлекеттік кеңесті тағайындады. 1657 жылы Жоғарғы палата қайта құрылды. Жергілікті басқару билігі кромвель армиясының генералы қолында болды. Сонымен «Басқару құралы» монархиялық сипат мазмұнын құрғаны, бұл конституциялық акт буржуазиялық топ мүдделерін сипаттады. «Басқару құралы» жеке дара билік режимін бекіте отырып, монархияға сәйкес өкілеттіктерді бекітті. Осы уақыттан бастап, республикадан монархияға қозғалыс басталды.

Наши рекомендации