Жалпы мағлұматтар. Құжатталған процедуралар (өндіріс орындарының стандарттары)-бизнес процестердің орындалу тәртібін бейнелейтін
Құжатталған процедуралар (өндіріс орындарының стандарттары)-бизнес процестердің орындалу тәртібін бейнелейтін құжаттар.бұндай құжатта функциональды міндеттердің бөлінуі бойынша құрылымдық сызба қамтылуы мүмкін. бұндай процедураларды енгізу өте пайдалы,яғни олар құрылымдық бөліктерге барлық функциональдық байланыстарды көруге мүмкіндік береді.
Ұйымның СМЖ құжаттарын құрудағы негізгі мақсаты:
· ұйым мүшелеріне СМЖ функцияларының реттілігін жеткізе білу;
· білім мен тәжірибені сақтау мақсатымен ұйымды стандарттау;
· СМЖ аудиты және оның тұрақты қабылдануы үшін негізін қамтамасыз етуі.
СМЖ құжаттарының мынадай қасиеттері бар болу керек:
· жүйелілік (құжаттар өзара байланысты болу керек)
· адекваттылық (СТ РК ИСО 9001 талаптарына сай болу)
· қол рұқсаттылық (құжаттама жұмыс орындарында рұқсат ету керек)
· актуалдылық (құжаттамада ұйымдағы жұмыстардың күйі және барлық өзгертулер енгізілуі керек)
· мекен-жайлылық (құжаттама нақты орындаушыларға арналу керек)
СМЖ құжаттамасы қағаз және электронды түрде болу керек
СМЖ құжаттамасының электронды версиясының артықшылықтары:
· сәйкес ұйым мүшесі ақпаратқа тұрақты түрде қол жеткізіп тұрады
· ақпараттық таралуы тез таралып, оңай бақыланады
· жойылған жерден құжатты қайта алу
· өзгеріс енгізу мен ескірген құжаттарды жоюдың қарапайым және эффективті жүйесі
· құжат көшірмелерін тираждау мен оларға өзгеріс енгізумен байланысты шығындарды азайту
Электронды құжаттың версиясының кемшілігі ұйым мүшелерінің алдын ала жасап шығарылған және актуалданылған құжаттарды пайдаланады.
Бақылау сұрақтары:
1. Құжатталған процедуралар дегеніміз не?
2. Ұйымның СМЖ құжаттарын құрудағы негізгі мақсаты қандай?
3. СМЖ құжаттарының қандай қасиеттері болу керек?
4. СМЖ құжаттамасының электронды версиясының артықшылықтарын ата.
Дәріс №10
Сапа бойынша басшылық
Дәріс мақсаты:Сапа бойынша басшылық құжатын талқылап, оның негізгі міндеті мен қасиеттерін студенттерге үйрету
Жалпы мағлұматтар
СББ-ты ҚР СТ ИСО 10013 стандарттарына сәйкес жасайды.сапа бойынша басшылық СМЖ-ң негізгі құжаты.
Стандарт бойынша басшылығының құрылымы
Сапа бойынша басшылық бөлімі | Бөлім мазмұны | ҚР СТ ИСО9001 стандарт пунктері |
Кіріспе | Ұйым басшысының СМЖ-н қолдану туралы сапа саласндағы саясат, жалпы ұйым туралы және шығарылатын өнім туралы мәліметтер | |
1 бөлім қолдану аясы және тағайындалуы | Сапа менеджмент жүйесінің әрекет саласы және ерекшеліктерді көрсете келе | 4,2,2 |
2 бөлім нормативті сілтемелер | Нормативтік құқықтық актілердің, техникалық реттемелер стандарттарын т.б құжаттардың белгіленуі мен тізімі | |
3 бөлім терминдер анықтамалар және қысқартулар | Құжат мәтінінде пайдаланылған терминдер, анықтамалар, қысқартулар. | |
4 бөлім СМЖ-сі | ҚР СТ ИСО 9001 талаптарының СМЖ-не және СМЖ құжаттамаларына сапа бойынша басшылықты қосқанда орындалуы. | 4.1,4.2 |
5 бөлім басшылық жауапкершілігі | ҚР СТ ИСО 9001 стандартарының басшылық міндеті бойынша тұтынушыларға қарай бейімделуі бойынша сапа саласындағы саясатты бекіту және орындау бойынша қызметкердің жауапкершілігі мен міндеттерін бөлу бойынша, басшылық тарапынан талдау бойынша талаптарының орындалуы. | 5.1,5.6 |
6 бөлім ресурстар менеджменті | Тұтынушылардың талаптарын орындлау және СМЖ-н ары қарай дамыту үшін бөлінетін ресурстарды негіздеу және қамтамасыз ету. | 6.1-6.4 |
7 бөлім өнімнің өмірлік циклінің процестері | Ұйымда жалпы жоспарлау ӨӨЦ жоспарлау жүйелері тұтынушылармен байланысты процестер өнімге қатысты талаптарды анықтау және талдау(тұтынушылармен байланыс ароқылы) өнімді және процестерді дайындау, сатып алу және жобалау, қызметтің валидациясы сәйкестігін рәсімдеу, реттеу және қадағалау. Мониторинг және өлшеу құралдарын басқару | |
8 бөлім өлшеу, талдау, жақсарту | Мониторинг және өлшеу процестермен өнімдердің мониторингі сәйкеспейтін өнімдерді басқаруү әрдайым жақсарту, түзетуші әрекеттер, ескертуші әрекеттер. |
Бақылау сұрақтары:
1. Сапа бойынша басшылық дегеніміз не?
2. Сапа бойынша басшылықтың стандарты қандай?
3. Сапа бойынша басшылықта не қарастырылған?
Дәріс №11
Тақырыбы:Процесстерге, процесстік тәсілдемеге қойылатын талаптар
Дәріс мақсаты:Процесс, процесстік тәсілдемеге қойылатын талаптарды талқылау, негізгі білімді студенттерге үйрету