Пайдаланңан әдебиеттер

ОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ

Кіріспе

Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ол үшiн елде тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру үшiн экономикалық жүйелердiң тиiмдi қызмет етуi болып табылады.

Қосылған құн салығы – жанама салық түрі, қосылған құнның мемлекеттік бюджетке аударылатын бөлігі, бюджеттің маңызды көздерінің бірі. Кәсіпорын, бір жағынан, сатылған өнімдерден қосымша құн салығын алушы болса, екінші жағынан, жабдықтаушылардан өндіріс құралдарын сатып алушы ретінде қосылған құн салығын төлеуші болып табылады. Қосылған құн салығын төлеушілер салық кодексінде белгіленеді. Мемлекеттік бюджетке төленетін Қосылған құн салығының көлемі өндірушінің сатқан тауары үшін есептелген салық пен жабдықтаушыларға шикізат, материалдар, отын мен энергия, т.б. өнімдер үшін төленген Қосылған құн салығының айырмасы негізінде есептеледі, яғни салық төлеушілер Қосылған құн салығын тауарларды өндіруге (жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге) жұмсалған материалдық шығынды шегере отырып есептейді. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиіс Қосылған құн салығының сомасы, салық кодексіне сәйкес, салық салынатын айналым бойынша есептелген Қосылған құн салығының сомасы мен шегерімге жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.

Қосылған құн салығың тиімді пайдалану шет елдердегі тәжірбиелерде анықталып отыр, атап айтқанда осы салық либерализациялық бағамен байланысады, жоғарғы баға болса салық сомасы сонша жоғары болады.

Экономикадағы тұрақсыздық жағдайда дұрыс қолданылмаған қосылған құн салығы сатып алушыларға теріс әсер етеді . Сонымен қатар тауар шығырушыға да теріс әсерін тигізеді. Соңғы кездері Қазақстанның экономикалық даму үдерісін қамтамасыз ету мақсатында Қосылған құн салығының мөлшерін азайту шаралары іске асырылуда. 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеушілер Қосылған құн салығын 12% мөлшерінде төлейтін болды.

1 Қосылған құн салығының экономикадағы мәні және мазмұны

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында жанама салықтардың 2 түрі бар: қосылған құн салығы және акциз. Осылардың ішіндегі ең маңыздысы 1992 жылы енгізілген қосылған құн салығы болып табылады. Бұл салық бюджет кірістерін құрайтын салықтық түсімдердің ішіндегі негізгі салықтардың бірі.

Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексі ( Салық Кодексі ) бойынша қосылған құнға салынатын салық деп тауарларды өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салынатын салық айналымының құнының бір бөлігі бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды айтады.

Бұл салықтың ерекшелігі – оның салық салынатын объектісі сатудан ( өткізуден ) түскен бүкіл түсім – ақша емес, тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импорты қамтитын қосылған құн болып табылатындығында. Қосылған құн салығы дүние жүзінің 40-тан астам елінде соның ішінде Еуропа Экономикалық Одаққа мүше 17 елінде пайдаланылады. Бұл салықтың артықшылығы келесіде:

- төлеушілер үшін салықты есептеу салыстырмалы қарапайым;

- бағалардың өзгеруіне, төлеушінің қаржылық ахуалына қарамастан мемлекет бюджетінің кірістерін қалыптастыруының сенімді және тұрақты базасын қамтамасыз етеді.

Қосылған құн салығы өндірістің әр кезеңінде құрылатын құн өсімінің бір бөлігін бюджетке аударады. Қазіргі уақыттағы қосылған құн салығын есептеу механизмі қосылған құнды анықтауды қажет етпейді. 1997 жылдан бастап егер келесідей шарттар орындалатын болса, қосылған құн салығының төленген сомасы есепке алынады:

- сатып алынған ( импортталатын ) тауарлар кәсіпкерлік қызметте қолданылады;

- сатып алынған тауарлар шот-фактурамен рәсімделіп, онда қосылған құн салығының сомасы жеке бір жолда көрсетілуі тиіс;

- салық төлеушілер қосылған құн салығы бойынша есепте тұруы қажет.

Қосылған құн салығын механизмін жетілдіру үшін салықтың дифференцияланған ставкаларын орнатуымыз қажет. Олар жоғарлатылған және төмендетілген болып бөлінеді. Төмендетілген салық ставкасы бірінші қажеттіліктердегі тауарларға, ал жоғарлатылған салық ставкасы екінші қажеттіліктегі тауарларға орнатылады. Қосылған құн салығын алуды тауарды сату кезінде әрбір сатушы жүзеге асырып отырады. Алынған сома өзі төлеген қосылған құн салығының көлеміне азайтылады да айырмасы мемлекетке төленеді. Қосылған құн салығы тұтынушыларға күшті әсерін тигізетін болғандықтан оның қолданылуы өлшеніп, талданып жасалумен ерекшелінеді. Одан басқа қосылған құн салығы қоғамда тұтыныланатын барлық тауарлар мен қызметтерге қосылады.

Сол себептен қосылған құн салығы тауардың сатылу бағасына қосылатындықтан оның бағасын ұлғайтады. Әсіресе, бұл Тәуелсіз мемлекеттер Достастығына мүше елдерде және Қазақстанда қосылған құн салығын алу механизмінің әлі де жоғарғы деңгейде болмағандықтан осы елдердің тәжірибесінде кездеседі.

Әртүрлі тауарларға қосылған құн салығын енгізудің нәтижесінде мемлекеттің алатын пайдасы әртүрлі болып келеді. Мұнда сұраныстың икемділігіне тәуелділік көп. Сұраныс икемділігі бірінші қажеттіліктегі тауарларға әсер етпейтіндіктен, басқа тауарлардағы қосылған құн бірінші қажеттілік тауарларға қарағанда жоғары болады. Сұранысы икемсіз тауарларға қосылған құн салығының деңгейі төмен болды. Бұлардың ең маңыздысы бірінші қажеттіліктегі тауарлар. қосылған құн салығының тауарлардағы ставкасының төмен болуы бұл тауарлардың халық үшін өмір сүруге қажеттілігімен түсіндіреді.

1.1 Қосылған құн салығының жекелеген шет мемлекеттердегі алыну механизмін талдау

1995 жылдан бастап Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының көптеген елдерінде қосылған құн салығы негізгі салықтардың біріне айналған.Бұл салық 1954 жылы Францияда М.Лоре енгізген болатын. Бұл елдің салық жүйесі негізінен жанама салықтарға басым көңіл бөлді. Қосылған құнға салынатын салық жанама салықтың кеңінен тараған бір түрі болып табылады. Қосылған құнға салынатын салықтар есептеу барысында негізінен төрт әдіс қолданылады:

- тура аддитивтік немесе бухгалтерлік;

- жанама аддитивтік;

- тура шегерім жасау әдісі;

- жанама шегерім жасау әдісі немесе шоттар бойынша есепке жатқызу әдісі.

Егер шартты түрде салық ставкасын Р деп белгілесек, онда төрт әдіс бойынша салықты есептеу формула түрінде мынадай көрініс береді:

1. P (V+m) ҚҚСС

2. PV+Pm ҚҚСС

3. P(B-И) ҚҚСС

4. PB-PИ ҚҚСС

Бірінші және екінші әдістер балансқа негізделген, яғни пайданы анықтау негізінде есептеледі. Үшінші әдіс - өндірілген өнім құнынан жұмсалған шығындарды шегеріп тастағаннан кейін ғана салық сомасы есептеледі. Бұл үш әдісті біртұтас салық ставкасын қолданған жағдайда ғана пайдалануға ғана болады. Тәжірибеде негізінен төртінші әдіс кеңінен тараған. Бұл әдіс арқылы дифференцияланған салық ставкасы мәміле жасалған сәтте бірден қолданылады, сондай-ақ шот-фактураны толтыру арқылы жасалған мәміле туралы компанияның салық міндеттемелері арқылы ақпарат алып отыруға мүмкіндік туады.

Франциядп табысқа ( пайдаға )және меншікке салынатын салықтардың ставкалары төмендетілген. Қосылған құн салығын төлеуді жасалатын келісім шарттар сипатымен анықталады және салық төлеушілердің қаржылық жағдайы ескерілмейді. Экспорттық операцияларды жасаған және қосылған құн салығын төлеген тұлғалар есептелген салық сомасын қайтарып алуға құқылы. Ал, импорттық операцияларға ел ішіндегі заңнамаға сәйкес салынады.

Қазіргі уақытта салық ставкасы 18,6 пайызға тең. Жоғарлатылған ставка – 22 пайыз. Ол кейбір тауарларға қолданылады: автомобильдер, кино және фото тауарлары, темекі өнімдері, парфюмерия, бағалы былғары бұйымдары. Төмендетілген ставка – 5,5 пайызға тең. Ол азық-түлік тауарларына, ауылшаруашылық өнімдеріне, кітаптарға және дәрі-дәрмектерге қолданылады. Бұл ставка, сонымен қатар, қызмет көрсетулердің кейбір түрлеріне: туристік және мейманхана қызметтеріне жүк және адам тасымалдау қызметтеріне, кәсіпорынның жұмысшыларына берілетін түскі астарға қолданылады. Осы салық бойынша кейбір жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы, егер кәсіпорынның алдыңғы қаржылық жылы ішіндегі айналымы 70 мың франктен аспаса, онда қосылған құн салығын төлеуден босатылады.

Мұндай жағдайда есепті жылдан кейінгі жылды басынан бастап қосылған құн салығынан босатылатын режимді пайдаланылады.

Сонымен қатар қосылған құн салығын төлеуден келесідей тұлғалар босатылады:

1. Әкімшілік, әлеуметтік, тәрбие, мәдени және спорт саласында жұмыс жасайтын мемлекеттік мекемелер, ауыл шаруашылық өндірісімен айналысатын тұлғалар.

2. Білім беру және емдеу ісімен айналысатын тұлғалар

3. Жеке білім беру, емдеу, рухани салада қызмет көрсететін тұлғалар.

Кесте1. Францияның мемлекеттік бюджетінің құрылымы.

Салық түрлері пайыздар Франктер, миллион
Барлығы:
Қосылған құн салығы 41,4
Жеке табыс салығы 18,1
Кәсіпорын пайдасына салынатын салық 10,6
Мұнай өнімдерінен алынатын ішкі салық 7,3
Басқада салықтар 15,2
Салықтық емес түсімдер 7,4

1-кестеде көріп отырғанымыздай, қосылған құн салығы салықтардың ішіндегі жетекші орынды алып отыр. Бұл дегеніміз мемлекеттік бюджет табысының көп бөлігін қосылған құн салығы құрайды.

Қосылған құн салығы Испания аумағындағы тауарлар мен қызметтер бойынша мәмілелерге салынады. Қосылған құн салығын салу барысында Канар аралдары, Сеута, Мелилья – Испания аумағы болып есептелінбейді, онда жергілікті сатудан алынатын салық салынады. Қосылған құн салығын

төлеушілер үшін бұл аумақта тауар жеткізу экспорт, ал сатып алу импорт болып есептеледі.

Азық-түлік тауарларына, дәрі-дәрмектерге, газет, кітап, журнал өнімдеріне, мейрамхана және мейманхана көлік тасымалы кәсіпорын қызметіне 4-7 пайыздық төмендетілген ставка қолданылса, сәндік бұйымдар мен автокөліктерге 28 пайыздық жоғарлатылған ставка қолданылады. Бұдан басқалардың барлығына 16 пайызымен қосылған құн салығы салынады. Қосылған құн салығы бойынша есеп жүргізу тәртібі сатылған және сатып алынған тауарлар бойынша қосылған құн салығының шот фактурасын жүргізуді талап етеді. Салық төлеушілер Испанияда өздерінің айналым мөлшеріне сәйкес осы салық бойынша есеп құжатын толтырып, сәйкесінше анықталған салықты бюджетке аударады.

Еуропа елдері ішінде Даниядағы қосылған құн салығы 25 пайыздық ставкамен алынады. Бұл әлемдік тәжірибедегі ең жоғарғы ставка болып саналады

Кесте 2. Данияның бюджет түсімдерінің құрылымы.ды.

Табыстар құрылымы Үлесі, пайыз есебінде
Табыстар, барлығы
Жеке табыс салығы
Қосылған құн салығы
Акциздер
Корпорация пайдасына салынатын салық
Мүлік салығы
Әлеуметтік сақтандыруға аударымдар
Кедендік алымдар

Дания елінде қосылған құн салығы бюджет түсімдерінің 19 пайызын құрайды. Бұл салық түсімдері бюджеттегі түсімдер құрылымындағы екінші орынды алады, яғни негізгі салықтардың бірі болып саналады.

2. Қазақстан Республикасындағы қосылған құн салығының қызмет ету механизмін талдау

Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексі ( Салық Кодексі ) бойынша қосылған құнға салынатын салық деп тауарларды өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салынатын салық айналымының құнының бір бөлігі бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды айтады. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы сатылған тауарлар үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар ( жұмыстар, қызмет көрсету ) үшін төленуге тиісті қосылған құн салығы сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады. Соңғыда салық бойынша есепке алу механизмі көрінісін табады. Заңнамаға сәйкес салық салынатын айналым және салық салынатын импорт қосылған құн салығының салық салу объектілері болып есептеледі. Қосылған құн салықты төлеушінің тауарларды ( жұмыстарды, қызмет көрсетуді ) өткізу бойынша жасаған айналымы салық салынатын айналым болып табылады. Салық Кодексіне сәйкес қосылған құн салығынан босатылған және өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын айналым салық салынатын айналымға жатпайды. Салық салынатын айналым мөлшері оған қосылған құн салығын қоспай, мәміле жасаған тараптар қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, өткізілген тауарлар

(жұмыстардың, қызмет көрсетудің ) құны негізінде анықталады. Өткізілген тауарлардың құны қандайда бір өзгеріске ұшыраған жағдайда, салық салынатын айналым мөлшері тиісті түрде түзетіледі. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес мағлұмдамалануға тиісті. Қазақстан аумағында әкелінетін немесе әкелінген тауарлар қосылған құн салығынан босатылғандарын қоспағанда салық салынатын импорт болып табылады. Салық салынатын импорт мөлшеріне кеден заңнамасына сәйкес белгіленетін импортталатын тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы тауарлар импорты кезіндегі салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер сомалары қосылады.

Қосылған құн салығы – көп дүркінді, тауарды өндіру мен өткізудің әрбір сатысында өндіріп алынатын салық, ол өзіне тауар қозғалысының өткен стадияларындағы барлық шығындарды қосып алады, бірақ мемлекетке тауарды өндіру мен өткізу стадиясында алынған қосылған құн салығы тұседі.

Сөйтіп, салықты өндіріп алу механизмі баға құрамындағы салықты дәйекті және тұрақты қорлану есебінен баға өсуінің нәтижесін бермейді: баға салық салудың бір дүркіндігі кезіндегідей өсіп отырады. Сонымен бірге, кәсіпкерлердің салық жүйесі алдындағы теңдігі пайда болады, түпкілікті тұтынушыға түсетін баға қысымы азаяды.

Қосылған құн салығының төлеушілері болып Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған немесе тұруға міндетті тұлғалар болып табылады.

Кез-келген ( 12 айдан аспайтын ) кезеңнің қорытындысы бойынша тауарларды ( жұмыстарды, қызметтерді ) өткізу бойынша айналымның мөлшері белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 12 мың еселенген мөлшерінен асатын болса, тұлға осы кезең аяқталған күннен бастап 15 күн тізбелік күннен кешіктірмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органдарына өтініш беруге міндетті.

Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің бланкісі қатаң есеп беру бланкісі болып табылады және салық төлеушіге ақша төлетпей беріледі.

Куәліктің нысаны мен оны беру тәртібін өкілетті мемлекет органы белгілейді. Куәлік қосылған құн салығын төлеушіде сақталынады. Қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған жағдайда куәлік салық органына қайтарылуы тиіс.

Тауарларды тегін берген кезде салық салынатын айналым мөлшері, қосылған құн салығын енгізбей, өткізу бойынша айналым жасау күні қалыптасқан бағалар деңгейі негізге алына отырып анықталады. Бірақ бұл олардың баланстық құнынан кем болмауы керек.

Салық салынатын айналым мөлшеріне акцизделетін тауарлар мен қызметтер түрлері бойынша акциз сомалары енгізіледі. Оларды сатып алған кезде қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу көзделмеген тауарларды өткізу кезінде салық салынатын айналым мөлшері тауардың өткізілу құны мен белгіленетін баланстық құны арасындағы оң айырма ретінде анықталады.

Қосылған құн салығынан мынадай айналымдар босатылады: пошталық ақы төлеудің мемлекеттік белгілері; акциздік маркалары; уәкілетті органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттік баж алынатын қызметтер; адвокаттық қызмет, нотариалдық іс-әрекеттерді жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтер; Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өткізетін тауарлар мен қызметтер; мемлекеттік меншікті жекешелендіру тәртібімен өткізілетін мүдіктер; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік мекемелердің пайдасына өтеусіз негізде негізгі құралдарды беру, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік кәсіпорындар пйадасына өтеусіз негізде негізгі құралдарды беру; жарғылық капиталға жарналар; жарғылық капиталғы жарна ретінде берілген мүлікті қайтарып алу; жерлеу бюроларының әдет-ғұрыптық қызмет көрсетулерін, зираттар мен крематорийлердің қызмет көрсетулерін; оларды өткізу бойынша қызмет көрсетулерді қоспағанда, лотереялық билеттерді өткізу бойынша айналым; банк карталарымен операциялар бойынша есеп-қисаптарға қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру жөніндегі қызмет көрсетулерді қоса алғанда, есеп-қисаптарға қатысушылар арасында ақпараттық және технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөнінде көрсетілген қызметтер; ұлттық валюта; егер мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің қызметкерлерінің жалпы санының кемінде 51 пайызы мүгедектер болса, сонымен қатар мүгедектерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстар еңбекақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемінде 51 пайызы (есту, көру, сөйлеу қабілетінен айрылған мүгедектер істейтін мамандандырылған ұйымдар үшін - кемінде 35 пайыз) болса, осындай бірлестіктер мен ұйымдардың тауарлары немесе қызметтері бойынша айналымда(акцизделетін тауарлардан басқа), экспортқа шығарылатын түсті және қара метелдар сынығын өткізу бойынша айналымдар; жерге және тұрғын-үй қорындағы ғимараттарға байланысты айналымдар; қаржылық қызмет көрсетулер; қаржы лизингіге берілген мүлік, коммерциялық емес ұйымдар көрсететін қызметтер; геологиялық барлау және геологиялық іздестіру жұмыстары; мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы қызмет көрсетулер; медициналық және мал дәрігерлік қызмет саласындағы тауарлар мен қызмет көрсетулер; кәсіпорындарды сату.

Қосылған құн салығынан мынадай тауарлардың импорты босатылады:

- ұлттық валюта, шетел валютасы (нумизматикалық мақсатта пайдаланатыннан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар импорты;

- жеке тұлғалардыңҚазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша тауарлар импорты,

- акцизделетін тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ізгілік көмек ретінде әкелінген тауарлар импорты;

- акцизделетін тауарларды қоспағанда, мемлекет, мемлекеттірдің үкіметтері, халықаралық ұйымдар желілері бойынша қайырымдылық көмек мақсатында әкелінген тауарлар импорты, оның ішінде техникалық жәрдем көрсету;

- шет елдің дипломатиялық және оларға теңестірілген тұлғалардың ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық

- салық салудан босатуды белгілейтін кеден режимдерінде Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиісті тауарлар импорты;

- дәрі-дәрмектік заттардың, оның ішінде субстанция-дәрілер; протездік-ортапедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық техниканы қоса алғанда, дәрі-дәрмек және диабет заттарын өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушы заттар, медициналық (мал дәрігерлік) мақсаттағы бұйымдар импорты;

- пошта маркаларының импорты;

- қағаз ақша белгілері өндірісі үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі және оның ұйымдары жүзеге асыратын шикізат импорты;

- мемлекеттердің, мемлекет үкіметері мен халықаралық ұйымдардың желісі бойынша берілген гранттар қаражаты есебінің жүзеге асырылатын тауар импорты;

қаржы лизингі шарты бойынша қаржы лизингіге беру мақсатында лизинг беруші әкелген негізгі құралдар импорты.

2.1 Қосылған құн салығының бюджет жүйесіндегі алатын орны

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында өзекті мәселердің бірі болып, салық ауыртпалығы саналады. Бұл мәселе, әсіресе, шаруашылық іс-әрекетпен айналысатын әртүрлі агенттерді толғандырады. Олар: мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдар, жалдамалы жұмысшылар.

Сонымен қатар кейбір мамандардың ойынша Қазақстанда салық ауыртпалығының деңгейі жоғары болып табылмайды. Әдетте бұл жалпы ішкі өнімдегі салық ауыртпалығының үлесінің көрсеткішіне негізделеді. Қазақстан Республикасының бюджетінің салықтық түсімдерінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі жалпы алғанда 19-20 пайызды құрайды.

Қосылған құн салығының тез дамуы салық салу аймағында 23 жылда түпкілікті өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік берді және де бұл процесс әлі күнге дейін жалғасуда. 40 жыл бұрын бұл салық теоретикалық дискуссиялар

мен трактаттардың шегінен ары ешкімге белгілі болған жоқ еді. Бүгінгі таңда бұл салық 120-дан астам елдің салық жүйелерінде маңызды компоненттердің

бірі және оның үлесіне әлемдегі салықтық түсімдердің төрттен бір бөлігі келеді.

Қосылған құн салығын енгізгелі бері оған артылған мақсаттардың жүзеге асырылғандығы туралы мемлекеттік бюджеттегі қосылған құн салығының үлесінен көре аламыз.

Қорытынды

Қазақстанның егемендік алғалы бергі жылдарында салық саясатымызды жетілдіру барысында мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.

Сонымен, салықтар дегеніміз мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер.

Еліміздің салық жүйеміздің дамуы нәтижесінде бүгінгі таңда салықтардың тоғыз түрі бекітілген. Атап кетсек, корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы, қосылған құн салығы, жер салығы, акциздер, әлеуметтік салық, көлік құралдарына салынатын салық, мүлік салығы және жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері.

Осылардың ішіндегі мемлекеттік бюджет түсімдерінің қомақты үлесін құрайтын салықтардың бірі – қосылған құн салығы болып келеді. ушылардың салықтары мен арнайы төлемдері.

Қосылған құн салығы дүние жүзінің қырықтан астам елінде соның ішінде Еуропа Экономикалық Одаққа мүше он жеті елінде пайдалынады, сонымен қатар көптеген елдердің бюджетінің үлесінің көп бөлігін осы салық құрайды.

Пайдаланңан әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының « Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы » Қазақстан Республикасының кодексі. Алматы,2005 жыл.( өзгертулер мен толықтуларды ескерте отырып)

2. Қазақстан Республикасының « Бюджет жүйесі туралы » 1999 жылғы Заңы.

3. Налогоплательщик № 11, 99 « Особенности начисления и уплаты НДС по принципу «места происхождения»

4. Ильченко Е.В. «Проблнмные вопросы отнесения сумм налога на добавленную стоимость в зачет», Джомартов А.К. «Типичные ошибки налогоплательшиков при отнесении сумм НДС в зачет» Налоговый консультант № 9 (46) сентябрь 2010г.

5. Рахимжанова М.Т. «К вопросу построения эффективной системы налогообложения» Вестник КазНУ. Серия экономическая №5(39), 2012г.

6.Финансы Республики Казахстан. Статистический ежегодник. Алматы, 2011 год.

7. Salyk.kz интернет-ресурс парақшасы

Наши рекомендации