Азақстандағы венчурлық бизнестің дамуы. Қазақстандық венчурлық қорлардың жобалары.
Қазақстанда ең алғашқы венчурлық қорлар 2004 жылы пайда болды. Еліміздің венчурлық инфрақұрылымын құруға бастамашы болған мемлекеттің өзі еді. Оны дамытудың көкейкестілігі Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясы мен Ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру және дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасында да жазылған. 2004 жылдан бері осы даму институты қазақстандық инвесторлармен біріге отырып 6 венчурлық қор құрды. Олар: “Әрекет” Жоғары технологиялар қоры, “Сентрас венчурлық қоры”, “Glotur Technology Fund”, “Адвант венчурлық қоры” мен “Almaty Venture Capіtal”, “Logycom Perspectіve Іnnovatіons”. қазақстандық венчурлық қорлардағы ҰИҚ-тың үлесі 49 пайыз.
Осылайша, қорлар инновациялық жобаларды қаржыландыруға жеке капиталды тартып отыр. Қазір қазақстандық венчурлық индустрия, сөзсіз, бастапқы даму кезеңінде тұр. Соңғы екі жылда республикамыздағы жаңа қаржы құралын іске қосуда үлкен ұмтылыс болды деп айтуымызға болады. Қазір әрекет етіп жатқан қорлардың қоржынында венчуршылар тарапынан 2,8 миллиард теңге салынған, 15 жоба жүзеге асу үстінде. Мына нәрсені атап өткім келеді, жеке инвесторлармен жаңа венчурлық қорларды ашуда әріптестікті жалғастыра беру жоспарда бар. Сондықтан қазіргі қолда бар алты қор біткен жұмыстың шегі емес.
Егер венчурлық бизнес дегенді тікелей аударатын болсақ – “тәуекелді кәсіпорын” болып шығады. Ал венчурлық компаниялар тәуекелді жобаларға салынған инвестициялар есебінен ақша табады. Бұл арада тәуекелге салынған істің негізгі салмағы венчурлық қорлардың “иығына” түседі. Сондықтан, қоржындық компаниялардың жеткілікті статистикалық саны, жобаларды әртараптандыру мен рынок пен технологияларға нақты баға беруге қабілетті сарапшылар легі аса маңызды рөл ойнайды. Мысалы, кәдуілгі жағдайда 10 компанияның тек 1-2-уі ғана салынған қаржыны он есе қайтарып ала алады. Осы компаниялар табыссыз шыққан басқа компаниялардың шығынын жабады, олардың ішінде 6-8 компания нөлдік табыспен, 2-3-уі шығынмен жобаны аяқтайды.
Құрылған венчурлық қорларда коммерциялық сипатқа көшіруге келешек әлеуеті бар 251 жоба қарастырылуда. Қ.Келімбетовтың хабарлауынша, отандық венчурлық қорлар жалпы құны 25 млн. АҚШ долларын құрайтын 14 инвестициялық жобаны қаржыландыру жөніндегі шешімді мақұлдады. Бұлар жаңа материалдар жасау, ақпараттық технологиялар, жартылай өткізгіштерді өндіру, биотехнологиялар, тұтыным тауарлары және фармакология салаларындағы жобалар.
Сонымен бірге Қазақстанда мониторлар мен телевизорлар өндіру, сондай-ақ, "Glotur DS Multimedia" АҚ-ның жанында ғылыми-зерттеу зертханасын құру жобалары жүзеге асырылуда.
15) Иновациялық менеджменттің дүниежүзілік тәжірибесі.Иновациялық менеджмент- жаңа идеялардың өндіріске енгізу процесін басқару және ұтымдыландыру әдістерінің жиынтығы.Экономикалық дамудың инновациялық жолы – экономикадағы технологиялардың жылдам жаңаруын, соның ішінде тұтынушының көңілінен шыққан, ғылыми білімді қажет еткен өніммен алмасуын қамтамасыз етуді меңзеп отыр. Жапонияның “Сони” фирмасының президенті Акио Мората ұлттық инновациялық жүйе мен қоғамның ұлттық инновациялық қабілетін, ұлттық инновациялық менталитетін қалыптастырудың маңызына тоқтала келіп былай дейді: “Жапонияның экономикалық қуаттылығының арту себебі, шетелдің маңызды зерттеу нәтижелерін сатып алып отырғанында емес... Оған Жапония үлкен нәтижелерге негізделген өнімді шығару жолын табу арқылы жетіп отыр. Америкада технологияларға деген тапшылық жоқ. Алайда, онда осы технологияларды коммерциялық тұрғыда қолдануға бағытталған шығармашылық белсенділіктің төмендігі байқалады. Менің ойымша, бұл Америкадағы ең ірі проблема. Ал Жапониядағы шығармашылық белсенділік – оның ең мықты жағы”.
Бұл мемлекеттің экономикалық басымдылығы формуласының нәтижесі, негізгі білімнің, патенттер мен технологиялардың коммерциялық өнімге айналуының көрсеткіші. Мұның барлығын адамдардың инновациялық қызметі мен жоғары шығармашылық белсенділігі қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан келгенде, бай мемлекет дегеніміз – дамыған инновациялық жүйенің жоғары сапасын қамтамасыз еткен мемлекет, яғни ұлттық инновациялық қабілет деңгейі жоғары ел, ұлттық инновациялық менталитетті қалыптастырған мемлекет деген сөз