Тақырып 3 Корпорацияның негізгі капиталы

Негізгі құралдар - өндірісте ұзақ уақыт бойы /бір жылдан астам уақыт/ пайдаланылатын өзінің бастапқы заттай нысанын /пішінін, түрін/ сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтер.

Жұмыс істейтін негізгі құралдар- өндіріс процесіндегі, яғни қолданыстағы негізгі құралдар.

Жұмыс істемейтін негізгі құралдар-тоқтатылған, белгілі себептермен басқа да жаққа әзірге беріле қоймаған басы артық жабдықтар.

Сақтауда тұрған негізгі құралдар-келешекте, яғни алдағы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар.

Инвестиция– капитал салымын оны ұлғайту мақсатында салым салу болып табылады. Инвестициялық қызмет – кез-келген корпорациядағы қорлардың жеке айналымдылығының негізі.

Амортизация (латынның «өтеу» деген сөзінен) - тозудың құндық көрінісін білдіреді.

Негізгі құралдардың бастапқы құны – ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына тікелей байланысты кез-келген шығындардың жиынтығынан тұрады.

Негізгі құралдардың ағымдағы құны – бұл корпорацияның белгілі бір уақыттағы яғни бүгінгі күнгі негізгі құралдың нарықтық бағасы болып табылады.

Негізгі құралдардың баланстық құны– бұл корпорацияның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы қалған құны болып табылады.

Негізгі құралдардың қалдық құны – бұл негізгі құралдардың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі шығындарды алып тастау арқылы анықталады.

Негізгі құралдардың келісілген құны – бұл кез-келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.

Тақырып 4 Корпорацияның айналым капиталы

Корпорацияның айналым капиталы– бұл корпорацияның ағымдағы активтерге, яғни айналым құралдарына (қаражаттарына) салған капиталының үлесі.

Дебиторлық қарыздар– белгілі бір қарым-қатынасқа байланысты заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық субъектісінің алдындағы сатып алған тауарлары субъектінің оларға көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ, жұмысшылар мен қызметкерлердің субъектіден аванс ретінде алған немесе несиеге, қарызға алған тауарлары мен материалдары үшін қайтаруға тиісті борыштарын айтады.

Дебиторлық қарыз– бұл иелік ету құқын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған болашақтағы экономикалық тиімділік болып табылады

Өндірістік запастар– бұл өндіріс кезеңіне енгізілуге дайындалғвн еңбек құралдары және олар шикізат, жанар май, жартылай фабрикаттар, тара, және т.б.-дан тұрады.

Қысқа мерзімді бағалы қағаздар- айналым мерзімі қысқа болып келетін, тез ақша қаражатына айнала алатын, сол немесе басқа кәсіпорынның бағалы қағаздары жатқызылады.

Тақырып 5 Корпорация өнім өндіру мен өткізуге жұмсалған шығындары және басқа да шығыстары

Шығындар – бұл активтердің азаюы (материалдардың, ақшалай қаражаттардың) немесе міндеттемелердің өсуі (көп жағдайда кредиторлық қарыздар).

Тұрақты шығындар - өндіріс көлеміне байланысты болмайды. Оған құралдардың құны, корпорацияның міндеттемелері, амортизациялық аударымдар, күзетшілер еңбек ақылары, жал төлемі, басқару персоналының еңбек ақысы және т.б. жатады.

Тұрақсыз шығындар - өндірілетін өнімнің көлеміне байланысты болады, яғни шикізат, материалдар, жұмыскерлердің еңбек ақысы және тағы басқалар.

Абзоршен-костинг - өткізілген өнім мен қоймадағы өнім қалдығы арасындағы барлық шығындарды бөлумен байланысты өнімнің өзіндік құнын есептеу әдісі;

Директ-костинг – барлық шығындарды тұрақты және тұрақсыз деп бөлу арқылы өнімнің өзіндік құнын есептеу әдісі.

Наши рекомендации