Рекет ету уақыты бойынша — тұрақты және уақытша.

Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.

Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.

Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі — активтердің тиімді құрамы. мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері — кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшік қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.

Аржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі — бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі — яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? -деген

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:

• кәсіпорынның салалық топқа жатуы;

• шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар — сұраныстағы үлесі;

• төленген жарғылық капиталдың мөлшері;

• шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;

• қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;

Кәсіпорындарды басқару тиімділігі.

Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.

Кәсіпорын ішілік қаржылык қарым-қатынастарға кәсіпорынның ішкі бөлімшелері арасындағы қаржылық операциялар кіреді. Бөлімшеаралық қатынастар бекітілген басқару жүйесі мен ішкі коммерциялық есеп жүйесіне негізделеді. Олардың қабылдаған міндеттемелердін орындалуы үшін материалдық жауапкершілік пен ынталандырудың тиімді тетігін құруға арналған.

Қаржы-несиелік жүйемен қарым-қатынас әрқилы болып келеді. Ең алдымен, бұл әр деңгейлі бюджеттермен, сақтандыру жүйесімен, бюджеттен тыс қорлар мен несие беру мекемелерімен болатын қарым-қатынас.

Қазақстанның салық жүйесінің кемшілік тұстары баршылық және ол кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік туғызбайды. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, кәсіпорынның іскерлік және инвестициялық белсенділігін дамыту үшін өндірісті қолдау мен тиімді инвестициялық тетік құру арқылы ғана қол жеткізуге болады. Көптеген елдерде өндірісті дамытуға бағытталған барлық қаржы қаражаттары немесе оның бір бөлігі салықтан босатылады.

Салықтың ауыр қыспағы болған жағдайда кәсіпорынның қаржылык жұмысын ұйымдастырудың басты да маңызды міндеті - бюджетке төленетін салық төлемдерін оңтайландырудың тиімді әдістемесін құру, салық төлемдерін төлеу, күнтізбелік жоспарын жасау, салықтық есеп беруді дайындау жәнс салықтық төлемнің ағымдық қорларын құруды камтитын дербес салық саясатын белгілеу болып табылады.

Қаржылық жүйенің сақтандыру буынымсн арадағы қарым-қатынасы кәсіпорынның мүлкін, валюталық және коммерциялық тәуекелдерін және т.б. сақтапдырғаны үшін тиісті компаниялар есебіне қаржы аударуды үйымдастырудан құр-алады.

Коммерциялық банктермен арадағы қаржылық қарым-қатынас қолма-қол ақшасыз есеп айырысу мен несие алу немесе өтеуге байланысты түзіледі.

Қолма-кол акшасыз есеп айырысу төлеуші мен төлем қабылдаушы әр түрлі банктер кызметін пайдаланған жағдайда жүзеге асырылады. Мұндай есеп айырысу банктердің корреспонденттік қатынастарын ұйымдастыру аркылы іске асады.

Қолма-кол ақшасыз есеп айырысудың тиімділігі кәсіпорынның қаржылық жағдайына тікелей ықпал етеді.

Несие айналмалы капиталды қалыптастырудың, өндірісті дамытудың көзі болып табылады. Дегенмен, қазіргі уақытта несие мөлшерлемелері жоғары болуына байланысты, ол шын мәнінде инвестиция көзі бола алмай отыр. Банктер үшін ұзақ мерзімді инвестициялық несиелендіру тәуекелділігі жоғары болғандықтан, банк қызметінің аталған дәстүрлі түрі іс жүзінде кең дамымай отыр. Банктер мен өзге де несие институттары кәсіпорындарға дәстүрлі емес қызмет түрлерін де ұсынады. Олар:

· лизинг;

· факторинг;

· форфейтинг;

· траст және т.б.

Кәсіпорынның қаржылық іс-әрекетін ұйымдастырудың маңызды міндеті - әр түрлі ақша қорларын калыптастырып, оларды тиімді пайдалану. Олар арқылы кәсіпорынның шаруа-шылык іс-әрекеті қаржы ресурстарымен камтамасыз етіледі, өндірісті өркендетуді қаржыландыру, бюджетпен есеп айырысу және т.б. іске асырылады.

Мұндай қорларға келесілерді жатқызуға болады:

· жарғылық капитал,

· төленген косымша капитал;

· төленбеген қосымша капитал;

· резервтік капитал;

· бөлінбеген табыс;

· басқа қорлар.

Аталғандардан бөлек, кәсіпорып мезгілді оралымды ақша қорларын құрайды. Мысалы, кәсіпорында айына бір немесе екі рет еңбекақы қоры түзіледі. Қатал мезгілді түрде (салыктарды төлеу күнтізбесіне сәйкес) кәсіпорын бюджетке толенетін салық түрлеріне арнап қор ұйымдастырады.

Оралымды қор жасақтаудың басты міндеті - ағымдық (оралымды) келесі мәселелерді шешу, яғни:

· еңбекақы төлеу;

· салық төлеу;

· несиелік паиыздарды өтеу

· ғылыми-техникалық іс-шараларды қаржыландыру.

Сонымен, кәсіпорынның қаржысын ұйымдастырудын мәні - өндірістің соңғы нәтижесіне барынша тиімді түрде ықпал ету мақсатымен ақша қорын қалыптастыру және ақша ағындарынын қозғалысымен байланыстырылған қаржылық қарым-қатынас ұйымдастыруды камтитын қаржы тетігін кұру және онын қызмет етуін камтамасыз ету, яғни кәсіпорынның қаржылық тетігі ұзақ мерзімді, орта мерзімдегі және ағымдағы кәсіпорынның қаржылық даму мақсатына жету үшін қаржылық қарым-қатынас пен ақша қорынын оңтайлы әрекеттесуін ұйымдастыратын кәсіпорын басқарудағы ішкі жүйесі болып табылады.

Кәсіпорынның қаржы тетігінің жетекші түрде болуы материалдық өндіріс саласында каржының жетекші рөл атқаруымен түсіндіріледі. Кәсіпорынның каржы тетігі қаржының өз қызметін толықканды әрі барынша тиімді түрде іске асыруына жағдай жасауы тиіс. Кәсіпорынды кажетті қаржы ресурсымен қамтамасыз етуге де дәл осы каржы тетігі көмегімен кол жеткізеді.

Кәсіпорынның каржылық іс-әрекеті дербес құрылымдық бөлімшесі қаржы бөлімімен жүзеге асырылады. Қаржы белімінің бастығы тікелей кәсіпорын басшысына бағынады. Қаржы бөлімінің жұмысында пайданы бөлу, өнімнің өзіндік құнын төмендету мәселелері маңызды орын алады. Осыған байланысты, қаржы бөлімінің міндетіне мыналар кіреді:

· Өндірістік және әлеуметтік дамуға қажетті қаржы ресурстарын құру, пайданы үлғайту, табыстылықты арттыру.

· Қаржылық жоспарында көрсетілген бюджет, материал мен жабдықтаушылар, акционерлер алдындағ, сондай-ак басқа да қаржылық міндеттемелерді орындау және есеп айырысуды ұйымдастыру.

· Өндірістік корлар мен инвестицияларды неғүрлым тиімді жолмен пайдалануға көмек көрсету.

· Қаржылык, иесиелік және кассалық (қазынагерлік) жоспар әзірлеу.

· Қорларды тиімді пайдалану, мсншікті айналмалы капитал мөлшерін экомикалық түрқыдан негізделген нормативтерге жеткізу жоніндегңі іс-шаралар кешенін жобалау, айналмалы капиталдың айналымдылығын жеделдетуді қамтамасыз ету, қаржы ресурстарының дүрыс пайдаланылуын қадағалау.

· Дайын өнім үшін есеп айырысуды тиімді түрде ұйымдастыру және өнім сату жоспарынын орындалуын, түсетін пайданы үздіксіз қадагалап отыру және басқа да міндсттер.

Қазіргі таңда көптеген кәсіпорындардың қаржылық жағдайында қиын күйде қалып отыр (өндіріске қажетті капиталдың тапшылығы, несиелік мөлшерлемелердің тым жоқары болуы, төлемдердін дер кезінде өтелмеуі жэне т.б.), сол себепті дәл қазір кісіпорынның қаржылық күйін нығайту басты міндет болып табылады.

Кәсіпорынның қаржысын тұрақтандырудың негізгі жолдары пайдаланымдағы ақша қаражаттарын оңтайландырумен және олардың тапшылығын жоюмен байланысты каржылык жұмыстарды жетілдірудің басты бағыттары келесі болып саналады:

· Кәсіпорынның іс-әрекетін ұдайы әрі жүйелі түрде талдау.

· Кәсіпорынның стратегиялык қаржы саясатын эзірлеу
жэне оны іске асыру.

· Кәсіпорында қаржылык жоспарлаудың тиімді жүйесін ұйымдастыру.

· Кәсіпорыннын мүліктік құрылымын және олардың құралу көздерін оңтайландыру арқылы нәтижесі томен теңдестік құрылымының орын алуына жол бермеу.

· Пайданы пайдалануды оңтайландыру және неғүрлым тиімді дивиденд саясатын таңдау.

· Бухгалтерлік есеп жүйесін қаржыны басқару міндеттеріне қарай беймідеу

· Қаржы ресурстары көздерін ынтайландыру мақсатыида
несие бсруіпілер мен инвесторларман қарым-қатынасты дамыту

· Кәсіпорын шығындарын оңтайландыру.

Кәсіпорынның іс-әрекетін кешенді түрде жан-жақты талдап. Кәсіпорынның мақсатын орындауға бағдарланған бірыңғай, кешенді даму стратегиясына сәйкес кәсіпорын жұмысын ұйымдастырған жағдайда ғана жоғарыда айтылған түйткіл мәселелерді шешу мүмкін болады.

Наши рекомендации