Ысқа мерзімді кезеңдегі жетілген бәсекелес фирма. Бәсекелес фирманың пайдасын көбейту ережесі

Жетілген бәсекелестік жағдайда қызмет жасайтын фирманы сұраныс пен ұсынысты талдау тұрғысынан қарайық. Жетілген бәсекелестік жағдайда қызмет жасайтын фирма үшін шекті табыс бағаға тең, яғни сатылған тауардың әр бірлігіне фирма шығару көлеміне байланыссыз оның нарықтық бағасына тең сомасын алады. Шекті табыс орташа табысқа тең: P = MR = AR. Графикте фирманың шекті табысының қисық сызығы тура сызыққа айналып, бағаның тура сызығымен дәл келеді (63 сурет).

Ысқа мерзімді кезеңдегі жетілген бәсекелес фирма. Бәсекелес фирманың пайдасын көбейту ережесі - student2.ru P

P' MR

Q

63 сурет.Бәсекелес фирманың шекті табысы

Сонымен, бәсекелес фирмалар өнімдерін өздері қойған бағамен сата алмай, нарықта белгіленген бағамен сатуға мәжбүр болады, яғни олар «айтқан бағаны қабылдайды» (price taker). Бәсекелестік нарықта фирма сондағы бағаларға бейімделеді. Жетілген бәсекелестік жағдайда фирма өніміне сұраныс икемді.

Ол өнімнің біртүрлігімен (стандартталуымен) және өнімнің әр бірлігінің бағасы бірдейлігімен себептеледі (түсіндіріледі). Демек, фирма өніміне деген сұраныстың қисық сызығы абцисс осіне жарыспалы түзу сызық болып келеді. Бірақ бұл тұтастай нарық сұранысына таралмайды.

Ысқа мерзімді кезеңдегі жетілген бәсекелес фирма. Бәсекелес фирманың пайдасын көбейту ережесі - student2.ru P P

S

P' df

D

а) Q б) Q

64 сурет.Нарық сұранысы (а) және жетілген бәсекелестік жағдайдағы фирма өніміне деген сұраныс (б)

Сонымен, жетілген бәсекелестік жағдайда фирма пайдасының көбеюі тек қана өндіріс (ұсыныс) көлемін таңдаумен байланысты. Өндірістің қандай көлемі фирмаға ең жоғары пайданы қамтамасыз етеді? Микроэкономикада пайданы көбейтудің 2 қағидасы белгілі:

1) Валдық (жалпы) табыс пен валдық (жалпы) шығындарды салыстыру қағидасы. Өнімнің қосымша өткізілген бірлігі пайданы өсірмеген жағдайда фирма ең жоғары пайданы түсіреді, алады, яғни:

Δп / ΔQ = 0

П = TR – TC, ΔП/ ΔQ = ΔTR/ ΔQ – ΔTC/ ΔQ, сондықтан

ΔTR/ ΔQ = ΔTC/ ΔQ

мұнда ΔTR/ΔQ – валдық табыс қисық сызығының бұрыштық коэффициенті

ΔTC/ ΔQ – валдық шығындар қисық сызығының бұрыштық коэффициенті

Демек, валдық (жалпы) табыс қисық сызығының еңкіштігі валдық шығындар қисық сызығының еңкіштігіне тең болып тұрған өндіріс көлемінде ғана фирма пайдасы жоғары.

2) Шекті табыс пен шекті шығындарды салыстыру қағидасы. Бұл тәсілде сол мәліметтер алынады, бірақ ΔTR/ ΔQ = ΔTC/ ΔQ ары қарай дамиды: өйткені ΔTR/ ΔQ = MR, ал ΔTC/ ΔQ = МС, онда MR= МС.

Фирма пайдасының көбею шарты: шекті табыс пен шекті шығындардың теңдігі сақталатын өндіріс көлемі. Фирма пайдасын көбейту ережесі кез келген нарықта әрекетте болуы мүмкін, бірақ оның өз ерекшеліктері бар. Кейбір жағдайларда ол залалдарды азайту ережесіне айналады. Фирма тепе-теңдігінің моделін (үлгісін) салайық (сызайық). Сұраныс қисық сызығы көлденен (горизонталь) болғандықтан, фирманың тепе-теңдік моделі (үлгісі) мынадай болады:

 
  Ысқа мерзімді кезеңдегі жетілген бәсекелес фирма. Бәсекелес фирманың пайдасын көбейту ережесі - student2.ru

AC

C,R MC

AVC

А В MR

Q

Q1 Q'

65 сурет.Жетілген бәсекелестік нарығындағы фирма тепе-теңдігі

Сонымен, бәсекелес фирма үшін тепе-теңдік шығаруы P = MR =MC =AC шартында мүмкін. Графикте біз MR мен MC қисық сызықтарының 2 қиылысу нүктесін алдық. Мұнда өнімнің әр қосымша бірлігі шығыннан асып түсетін табыс әкеледі, яғни MR > MC А-дан В-ға дейінгі кесіндіде – өндірістің кез келген көлемі бұл жерде шығынсыз. В нүктесі ғана тепе-теңдік сақтайды, өйткені А нүктесінде, фирма қызметі шығынсыз болса да, өндірісті кеңейту есебінде пайданы көбейту мүмкіндігі бар (Q1 > Q1). Пайда В нүктесінде ең жоғары деңгейіне жетіп, төмендей бастайды, яғни өнімнің қосымша бірлігін өндіруімен байланысты шығындар өнімді өткізуден алынған табыстардан асып кетеді. Бәсекелес фирма, нарықтық конъюнктураға байланысты, 3 мүмкін болатын нұсқадан 1 таңдайды.

1. Фирма пайдасын көбейтеді. Бұл іске асырылады, егер нарықта қалыптасқан баға фирманың орташа шығындарынан асып кетсе:

Р > АСmin, яғни фирма кәдімгі қарапайым пайдасын алады. Оны (пайданы) көбейту үшін өндіруші шекті табыс шекті шығындармен теңескенше өндіріс көлемін көбейтеді.

Ысқа мерзімді кезеңдегі жетілген бәсекелес фирма. Бәсекелес фирманың пайдасын көбейту ережесі - student2.ru C,R MC

A B P=MR

AC

D C

Q

66 сурет.Бәсекелес фирманың пайдасын көбейтуі

2. Фирма шығындарды (залалдарды) азайтады.Бұл мүмкін болады, егер баға мына деңгейде тұрса: AVCmin<P<ACmin Осы жағдайда фирма дұрыс пайда алмайды, яғни залал шегеді. Бірақ өндірістің тоқталуы фирма үшін оның жалғасуынан да залалды. Шынында да, егер фирма өндірісін жалғастырса, ол пайдасын алмаса да ауыспалы шығындарды толық және тұрақты шығындарды жартылай жабады; егер өндірісін тоқтатса, тұрақты шығындар көлемінде залал шегеді. Сондықтан, фирма өндірісті таңдап, осылай залалдарды азайтады 67 сурет залалдарды азайту ахуалын көрсетіп тұр. Ондағы сызылған көлем (ABCD) залалдардың шамасына сәйкес. Ендігі назарды ABEF тікбұрышқа аударайық – бұл фирма жабылған жағдайда оның болатын залалдары.

Ысқа мерзімді кезеңдегі жетілген бәсекелес фирма. Бәсекелес фирманың пайдасын көбейту ережесі - student2.ru C, R

MC

AC

Ысқа мерзімді кезеңдегі жетілген бәсекелес фирма. Бәсекелес фирманың пайдасын көбейту ережесі - student2.ru A B

       
    Ысқа мерзімді кезеңдегі жетілген бәсекелес фирма. Бәсекелес фирманың пайдасын көбейту ережесі - student2.ru
 
  Ысқа мерзімді кезеңдегі жетілген бәсекелес фирма. Бәсекелес фирманың пайдасын көбейту ережесі - student2.ru

C D P=MR

AVC

E F

67 сурет.Бәсекелес фирманың залалдарын азайту

4. Фирма өндірісін жабады.Егер фирма өніміне нарық бағасы орташа ауыспалы шығындардан төмен түссе (P< AVCmin), фирмаға өндірісін жалғастыруға қажеті жоқ, өйткені ол өндірістің кез келген көлемінде тіпті ағымдағы шығындарды да жаба алмайды. Бұл 68 суретте көрсетілген.

Ысқа мерзімді кезеңдегі жетілген бәсекелес фирма. Бәсекелес фирманың пайдасын көбейту ережесі - student2.ru C,R MC

AC

AVC

P=MR

Q

68 сурет.Фирма жабылған жәйт

Сонымен, фирма әрекеттері нарық бағасы мен орташа шығындар араларындағы қатынастарға байланысты. Пайданы көбейту қағидасы ретінде бағаның шекті шығындарға теңдігі болып келеді (МС = Р). Өндірістің оңтайлы көлемінің барлық нүктелері шекті шығындар қисық сызығында, орташа шекті ауыспалы шығындардың ең аз мағынасынан жоғары жатыр. Орташа ауыспалы шығындардың ең аз мағыналарынан жоғары жатқан шекті шығындар қисық сызығының көлемі фирма ұсынысының қисық сызығын қалыптастырады (69 сурет).

Ысқа мерзімді кезеңдегі жетілген бәсекелес фирма. Бәсекелес фирманың пайдасын көбейту ережесі - student2.ru С MC AVC

Q

69 сурет.Қысқа мерзімдегі фирма ұсынысының қисық сызығы

Бәсекелес фирма ұсынысы қисық сызығының ұлғаймалы еңкіштігі бар. Себебі, Q өсуімен бірге МС өседі және де келесі факторардан тәуелді: саладағы фирмалардың саны, олардың көлемі, ауыспалы ресурстардың бағалары, технологиясы.

Наши рекомендации