Саяси жүйенің жіктелуі
Саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Олар бұл мәселеге әр жақтан қарайды, әр тұрлі өлшемді (критерийді) пайдаланады. Мысалы, марксизм формациялық көзқарасты басшылыққа алып (өндіріс тәсілінін, және қоғамның таптық кұрылымының өзгешеліктеріне қарай) оны құлдық, феодалдық, капиталистік және коммунистік саяси жүйе деп бөледі.
Ал У. Ростоу және т.б. "экономикалық өсу сатысы" деген тұжырымдаманы алға тартады. Олардың ойынша, адамзаттың даму тарихы мынадай бес сатыдан тұрады: 1) дәстүрлі қоғам; 2) өтпелі қоғам; 3) алға басу (жылжу) қоғамы; 4) индустриялық және 5) индустрияланғаннан кейінгі (постиндустриялдық) қоғам. Бірінші сатыға алғашқы қауымдык, рулық және феодалдық қоғамның бір бөлігін, екінші сатыға өндірістік революцияны, үшіншісіне 70-80 жылдардағы капитализмді, төртіншісіне 2000 жылға дейінгі капитализмді жатқызады. Бұлайша сатыға бөлудің өлшемі ретінде техникалық даму деңгейін алады. Марксизмнің басшылыққа алатын өндірістік қатынастарымен олар санаспайды.
Саяси жүйені оның саяси тәртібіне (режиміне) қарай тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық деп бөледі. Мұнда топтастырудың негізіне билік, тұлға және қоғам арасындағы өзара іс-әрекеттің сипаты мен тәсілі негізге алынады. Тоталитарлық саяси жүйеде жеке адам мен қоғам толығымен билікке бағынады. Мемлекет қоғамдық өмірдің барлық саласын өзінің бақылауына алады. Авторитарлық саяси жүйеде билік басындағы жеке адам немесе адамдар тобы шексіз билікке ие болады. Парламент, оппозициялық партиялар болғанымен олардың ықпалы шамалы келеді. Мемлекеттің сайланбалы органдары, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктері шектеледі. Демократиялық тәртіпте тұлға құқығы биік тұрады, билік жұмысын қоғам бақылауға алады. Онда биліктің өкілдік органдарын жалпыға бірдей сайлау арқылы халык сайлайды, азаматтарға саяси құқықтар мен еркіндіктер беріледі, елде заңдылық билейді.
Француз саясаттанушысы Ж. Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі: 1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады; 2) коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең бөлуге бағдар үсатайды; 3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ар төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді; 4) дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады; 5) авторитарлық-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады.
Саяси жүйені жіктеудің тағы басқа да түрлері бар. Ол мәселенің көпқырлығын керсетеді. Сондықтан саяси жүйені топтастырғанда әр түрлі өлшемдері, белгілері, тәсілдері басшылыққа ала отырып қарастырған жөн.
Саяси жүйелер әр алуандығымен ерекшеленеді. Саяси ғылым осы ор алуандықты талдауға, жекелей алғанда шатаспас үшін және оларды түсінуге қол жеткізу үшін олардың формалары мен типтерін анықтауға әрдайым талаптанып келеді. Саяси ғылымда саяси жүйелердің келесі бір критерийлері бойынша белгілі философ және саясаттанушы А. С. Балғымбаев бірқатар типологиясын көрсетеді :
1) Әлеуметтік-экономикалық формация типі маңызды критерий болып табылады. Осы тип бойынша саяси жүйелердің маркстік типологиясы құрылған. Формациялық принциптерге сай құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялык, және социалистік саяси жуйелерді бөліп көрсетеді. Бірақ саяси жүйені лайықты түсіну үшін формациялық тәсіл антикалық дәуірден бастау алған өркениеттілікпен толықтырылуы қажет. Бүл әсіресе қазіргі саяси жүйелердің типологиясы үшін маңызды, өйткені қазіргі дәуірде формациялық принцип толықтай жоғалып кетпесе де екінші орынға ығыстырылған.
2) Мұндай тәсілдің негізін М.Вебер қалаған. Саяси жүйені типологияландырудың критерийі немесе негізі билікті негіздеудің, оның легитимділігінің әдісі болады. Осы критерийге сай саяси жүйелер дәстүрлі және рациональды болып бөлінеді.
Біріншіден, бағыну түрткілері болып дағды мен харизма, екіншіден — мүдде қызмет етеді. Биліктің дәстүрлі типі дәстүр көрсеткенді атқаратын принциппен қызмет етсе, рационалды немесе легитимді-құқықтық жүйеде билік принциптер мен құқықтық нормаларға негізделінген.
М.Вебердің тәсілі саяси жүйелердің қазіргі классификациясының ерекшеліктеріне айтарлықтай ықпапын тигізді. Оларда, жекелей алғанда, классификацияның негізіне жүйснің қызмет етуінің формалары мен әдістері секілді критерийлер де қойылған.
Бір сөзбен айтқанда, негізі болып саяси режимнің сипаты қаланған типологияның мәні артуда. Марксизм саяси жүйенің таптық табиғатына басты назар аудара отырып бұл аспектіні жоққа шығарады. Антагонистік қоғам сипаты үшін мұндай тәсіл өзін ақтай алады. Антагонистік формациялардын саяси жүйелері әркилы болуы мүмкін, бірақ марксизм назар аударып отырған олардың таптық табиғаты бүл жағдайда өзгеріссіз қалады.
3) Саяси режимнің сипаттамасына сай саяси жүйелер демократиялық емес (тоталитарлық және авторитарлық) және демократиялық болып бөлінеді. Бұл бөлініс саяси жүйе негізделген құндылықтармен, «құндылықтық пайымдардың» әлеуметтік болмыстың нағыз әмбебап құндылықтарымен сәйкестігімен, сондай-ақ оны ұйымдастырудың іргелі принциптерімен анықталынады. Орыс саяси ойшылы П.И.Новгородцев айтып кеткендей «жоғары билік үшін халық пен тұлғаның тәуелсіздік идеясы императив болыл қала береді».
Саяси жүйелердің демократиялық және демократиялық емес (автократиялық) болып бөлінуі нақтылауды қажет етеді, өйткені әмбебаптық принциптеріне сәйкестік критерийі өте жалпы, ал саяси салада анықталмаған болып табылады.
Типтердің ауқымы неғұрлым кең болған сайын, жүйелердің өлшемі неғұрлым үлкен назарға алынады.
4) Мәселен Аптердің жүйесінде типтер екі белгі есебінен бөлінеді: билікті орталықтандыру деңгейі және осы билік бөлетін құндылықтар жүйесі. Нәтижесінде ол екі типті бөліп көрсетеді: тоталитарлық және либералды-демократиялық. Автордың билікті шоғырландырудың әртүрлі болатындығына есеп беріп отырғандығы анық, сондықтан да авторитарлық деңгейі де әртүрлі болады; тоталитарлық термині автократияны белгілеу үшін қолданылады.
5) Егер қандай да бір мәдениетте үстем болатын құндылықтар жүйесін нақтыласақ және осы негізде мәдениет типін анықтасақ, онда саяси жүйелердің тіптен бөлек, мейлінше орталықтандырылған классификациясы мүмкін болады. Бұл мүмкіндік Алмондтың типологиясында жүзеге асырылған.
Алмонд бойынша, мәдениет типтері еркіндік, мемлекеттің жеке сфераға араласпауы тәрізді құндылықтарға деген қатынаспен анықталынады.
Осыған байланысты саяси жүйенің мәдениеттің төрт типіне негізделген төрт типін айырады. Біріншісі — англо-американдық саяси жүйе. Саяси жүйенің ағылшын-америкалық турі ондағы саяси мәдениеттің бірыңғайлығымен, біртектілігімен сипатталады. Бұл елдерде мемлекеттің алдына қойған саяси мақсат-мұратын және оған жетудің жолдары мен әдіс-тәсілдерін халыктың бәрі қолдайды. Ол мәдениет еркіндік, қауіпсіздік, тиімді есепқорлық, пысықтық, ұқыптылық сияқты либералдық кұндылықтарға негізделеді. Билік тармақталған, ол толығымен жүзеге асады. Мұндай жүйе тұрақты және тиімді қызмет атқарады. Англо-американдық жүйені деэтатистік тенденциялар үстем болатын жүйе деп айтуға болады. Олар дәуірлердің қалыптан тыс этатистік тенденцияларына қарсы құрылған.Оған АҚШ-ты, Англия, Австралия, Канаданы жатқызуға болады.
Этатизмге негізделген екінші мәдениет жаңа мен ескінің элементтері қатар турған индустриалды немесе ішінара индустриалды жүйенің негізінде жатыр. Жүйенің бұл типіне күш көрсетудің жоғары потенциалы тән, себебі жүйенің ішіндегі үлкен топтар саяси жүйе мен оның аспектілерін әртүрлі түсінеді. Мұндай жүйелер өздеріне заң шығару функцияларын алады, заң шығару органдары сот процедураларына да араласады, партиялық шешімдер саяси шешімдерді ауыстырады.Құрылықтық (континенталдық) — еуропалық саяси жүйенің саяси мәдениеті, ұстанатын құндылықтары әр түрлі келеді. Онда ескі мәдениеттің жұрнақтары мен жаңа мәдениет астарласып жатады. Алайда оның бәрінін либералдық құндылықтарға, заңдылыққа сүйенген ортақ негізі бар. Сондықтан олар өзара келісім тауып, жымдасып жатады.
Индустриалды немесе ішінара индустриалды жүйедегі құндылықтар құрлықтық Еуропа елдерінде белгілі орын алады және осы негізде саяси жүйенің континенталды-еуропалык типі құрылады. Ең алдымен бұл типке Франция, Германия мен Италия кіреді. Скандинавия елдері мен Бенилюкс англо-американдық жүйе мен еуропалық-континенталдық жүйенің арасындағы аралық орынды алады. Континенталды-еуропалық жүйеде гомогендік емес, гетерогендік үстем, яғни олар дамудың, өркендеу мен құлдыраудың бір өлшемді еместігі, индустриалды қоғам үшін тән болатын ескі мәдениет элементтерінің реанимациясы тән аралас мәдениетті білдіреді.
Индустрияланбаған немесе жарым-жартылай индустрияланған саяси жүйеге аралас мәдениет тән. Онда батыстың құндылықтары, этникалық салт-дәстүрлер, діни әдет-ғүрыптар шоғырланған. Құрылықтық-еуропалық саяси жүйемен салыстырғанда онда ортақ негіз жоқ. Заң шығарушы, аткарушы, сот биліктері жете тармақталмаған. Олар бірінің ісіне бірі араласа береді. Бұл елдерде авторитарлық тәртіп, күшке сүйену бой алған. Бұған Азия, Африка, Латын Америкасының көптеген елдері жатады.
Тоталитарлық жүйеде саяси мәдениеттің таптық сипаты бар. Сырттай қарағанда ол біртектес сияқты. Оның құндылықтарын қоғамның, барлық мүшелері мойындайды. Бірақ оны еріксіз жасайды. Билеуші партия саяси жүйенің барлық элементтерінін, іс-әрекетіне бақылау жасайды.
Бұл жүйелерде ешқандай ерікті бірлестіктерге жол берілмейді, ал коммуникация мемлекет бақылауында болады. Мәжбүрлеудің барлық механизмін басқарушы партияның бақылауында болатын бюрократиялық аппарат монополиялап алған.
6) Егер де әлемдік саяси процестің объективті тенденциясы демократияға жылжу дегенге назар аударсақ, онда саяси жуйелерді дәстүрлік және модерндік деп бөлу толықтай ақтайды деуге болады. Бұл жағдайда саяси ғылымда көрсетілген жүйелердің екі интерпретациясы байқалады. Дәстүрлі қоғам саясаттануда былай талданады: - экономикалық тұрғыдан жай қарапайым өндіруге негізделген аграрлық басым болады;
- әлеуметтік тұрғыда әлсіз жіктелген, кландық, индивидтің текке, тайпаға, кланға және т.б. бағдарлануы болады;
- саяси түрғыдан саяси рольдері әлсіз жіктелінген, саяси партиялар болмайтын немесе дамымаған, мемлекеттік биліктің қатаң патронажы мен оны негіздеудің дәстүрлі әдістері орын алатын қоғам.
Оның қазіргі қоғамның дәстүрлі қоғамнан айырмашылығы келесі белгілермен:
- экономикалық тұрғыда индустриалдығымен;
- әлеуметтік тұрғыда азаматтардың индивидуальды және топтық бағдарларымен көптеген топтар мен жіктерге жіктелінгендігімен;
- саяси қатынастарда саяси институттардың арасында биліктің және билік ресурстарының диффузиясымен байланысты саяси рольдердің диверсификациясымен, тәуелсіздікпен және сонымен бірге мемлекеттің шектеулігімен, азаматтық қоғамның оны бақылауымен және билікті негіздеудің рациональды-құқықтық типімен сипатталынады.
Қазіргі саяси жүйе келесі белгілермен:
- биліктің тек қана оны тармақтары арасында ғана емес, оның бір колға шоғырлануына кедергі келтіретін әртүрлі орталықтарға бөлінуімен;
- мемлекеттік билік институттарының қалыптасуына, басқаруға және саяси-биліктік шешімдер қабылдауға тікелей қатысатын партиялар мен мүдде топтарының болуымен;
- мемлекеттік және саяси функциялардың іске асуының консенсустық технологиясының болуымен;
- саяси мәдениет пен осы мәдениетті тасымалдаушы тұлға типінің жоғары деңгейімен сипатталынады.
Қазіргі коғамның саяси жүйесінс демократиялық құндылықтарға деген мақсаттар мен бағдарлар, сондай-ақ жүріс-тұрыстың демократиялық үлгілері тән.
Бұл талдауды саяси дамудың әлемдік процесін дәстүрлі жүйеден модернделгенге өту деп айтуға болады.
Қарастырылған классификациялар (типологиялар) тарихи процестің барлық кезеңіндегі саяси жүйелердің сипаттамасы үшін қажет және осы мағынада бірін-бірі толықтырып отырады, бірақ белгілі бір кезеңдер үшін олардың біреуі мейлінше адекватты болып табылады.
7) Осындай классификацияның қажеттілігі айқын, осының шеңберінде қалған барлығы мейлінше кең тұтастың моменттері болып табылады.
Ең бірінші осындай әрекетті француз саясаттанушысы Ж.Блондель жасады.Ол классификация үшін негіз ретінде саяси жүйенің келесі өлшемдері қабылдану керек деп есептейді:
Бірінші — билік құрушы элитаның әртүрлі фракцияларының арасында лидерлік үшін күрестің сипаты. Бұл күрес жеңімпаздар мен жеңілгендерді анықтауға мүмкіндік беретін арнайы процедуралардың болуы салдарынан ашық және занды сипатта болуы мүмкін. Мұндай тектегі процедуралар сайлау болып табылады, бірақ оның басқа да нұсқалары болуы мүмкін (жеребе). Былай да болады, оппозициялық қызметке тыйым салынады, ал басшылықтың ауысуы мұрагерлік, кооптация және тіпті күш көрсету формасында өтеді. Лидерлік үшін күрестің көрсетілген екі тәсілі ашық және жабық саяси режимдерге сәйкес келеді.
Екінші өлшем — бұл элитаның ішкі жіктелудің бар болу немесе болмау белгілері бойынша сипаты. Кейбір қоғамдарда экономикалық элита билік құрушы элитамен сәйкес келеді, ал соңғысының ішінде әкімшілік және меншікті саяси функцияларының бөлінуі болмайды. Меншік субъектісі мен билік субъектісінің сәйкестігі дәстүрлі немесе индустриялыққа дейін қоғам үшін тән және жартылай немесе ішінара индустриялы қоғамдарда үстемдік етеді. Мұндай элитаны біз монолитті, ал оған қарама-қарсысын — жіктелген деп атаймыз. Элитаның монолиттік сипатының бірқатар маңызды салдары бар. Олардың біреуі — билік құрушы элита топтарының арасында билік үшін күрестің болмауы. Бұл монолитті элитасы бар коғамда билік үшін күрес белгісіз дегенді білдірмейді. Бірақ ол әрқилы саяси субъектілердің арасында емес, біртекті тұтасты индивидуальды құраушылардың (монолитті билік құрушы элитаның) арасында жүреді. Сондықтан монолитті элиталы режимдердің ашық болуы мүмкін емес. Ал жабық режимдердің арасынан осы белгі бойынша екі түр — монолитті және жіктелген элиталы режимдер бөліп көрсетіледі.
Үшінші өлшем — бұл бұкараның саясатқа қатысу деңгейі. Жауапты шешімдердің қабылдануы әрқашанда азшылықтың, элитаның ісі. Бірақ мынадай режимдер де өмір сүреді, оларда каңдай формада болмасын бұқараның саяси белсенділігіне жол беріліп қана қоймай, оларды өмір сүріп отырған кұрылыстың түрақтылығының қажетті алғышарты ретінде қарастырады. Мұндай режимдер ашық та, жабык та болуы мүмкін; бұқараның саяси қатысуының формасы және оның функциялары шешімдер қабылдау процесінде елеулі түрде өзгешеленуі мүмкін. Бұдан тәуелсіз халықты саяси өмірге қатыстыру механизмдерін қамтамасыз ететін барлық саяси режимдерді қатыстырушы деп атаймыз. Керісінше, бұқараны саясаттан тыс қалдыратын режимдерді қатыстырмаушы ретінде анықтаймыз.
Осы критерийлерді пайдалана отырып, саяси жүйелер ажыратылатын саяси режимдердің негізгі алты типін бөліп көрсетуге болады.
Бұл типтер идеалды-типтік конструкция, олар таза классикалық түрінде өте аз болады. Қандай да бір типке жататын әртүрлі елдердің басқару формалары көп жағдайда бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін, ал кейбір шынайы саяси режимдер бірден бірнеше типтердің сипаттамаларын қамти отырып аралық жағдайда болуы мүмкін.
Режимдер | Монолитті элиталы жабық | Жіктелген элиталы жабық | Ашық |
Катыстырмаушы | Дәстүрлі | Авторитарлық-бюрократиялық | Жарыспалы олигархия |
қатыстырушы (коммунистік) | Эгалитарлы-авторитарлық (фашизм) | Авторитарлы-бейэгалитарлық | Либерал-демократиялық |
Мұндай тектегі классификация салыстырмалы зерттеулер аспабы ретінде өте пайдалы. Басқару формаларының әртүрлілігі, режимдердің аралық типінің болуы және оларға сәйкес саяси жүйелердің болуы жағдайыңда — авторитарлық жэне демократиялык тәрізді режимдердің екі түрін бөліп көрсетугс болады.
Авторитарлық деп негізгі сипаттамалары «жабық» немесе «қатыстырмаушы» болатын кез-келген саяси режимді атаймыз. Олай болса жоғарыда келтірілген алты типтің бесеуінің авторитарлық екендігін байқау қиын емес. Шындығында да, авторитаризм демократияға карағанда қазіргі тарихта кең тараған құбылыс. Бүгінгі күндері «демократиялық толқын» көтерілуін бастан өткеріп отырсақ та, авторитаризм проблемасы қазіргі кезде жер бетіндегі халықтың жартысы авторитарлық режим жағдайында өмір сүріп отырғандықтан практикалық та, теориялық та өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Көрініп түрғанындай, Ж.Блондельдің классификациясы қазіргі күннің ғана емес, саяси тарихта өмір сүрген саяси жүйелерді де қамтқды.
8) Біздің қөзқарасымыз бойынша, осы бағыттағы барынша табысты әрекетті, яғни жүйелерді классификациялауды тек Францияда ғана емес, барлық әлемге белгілі Крозье, Турен және басқа да мектептердің идеяларына сүйене отырып ресейлік саясаттанушылар жасады. Олар біріншіден, дәстүрлі және қазіргі жүйелерді айыруды ұсынады. Қазіргі саяси жүйелерге келер болсақ, онда екіншіден, басқа типологизациялардан ерекшелігі, оларды бір маңызды критерий — мемлекет пен азаматтық қоғам қарым-қатынасының сипаты бойынша бөлуді ұсынады. Осы критерийге сәйкес саяси жүйелер өкілдік, модернистік және постмодернистік болып бөлінеді.
Мұндай бөлу саясат пен саяси жүйе функциясының белгілі бір түсінігіне негізделінген. Жоғарыда атап өткеніміздей, қазіргі саяси жүйелер ұзақ уақыттар бойы өздеріне қойылған талаптарға сай келмеді. Өкілдік және модернистік жүйелер, яғни классикалық капитализм мен автократиялық (әкімшілік, мемлекеттік, әкімшілік-бюрократтық және т.б.) социализм жүйелері бірдей біржақты, және посттоталитарлық қоғамның орталық мәселелерінің бірі жаңа саяси жүйені қалыптастыру болып табылады.