Тақырып. Қоғамдық өндіріс негіздері. Меншік және экономикалық жүйе
Жоспар
1 Қоғамдық өндіріс негіздері
2 Меншік
3 Экономикалық жүйе
1 Қазіргі қоғамдық өндіріс құрылымын материалдық және материалдық емес өндіріс деп бөлуге болады. Адам қоғамының даму негізі - материалдық өндіріс болып табылады. Материалдық өндіріс саласы өмір сүру, жұмыс істеу үшін қажетті игіліктерді өндіреді. Материалдық емес өндіріске ерекше материалдық емес (рухани құндылықтар) игіліктер өндіру, қызмет көрсету саласы жатады.
Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз өзгермеген күйде қалады. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануын және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз. Ұлғаймалы өндірістің түрлері: 1. Экстенсивті өндіріс - факторлардың сан жағынан молаюы арқылы дамиды. 2. Интенсивті өндіріс – техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды. 3. Аралас - өндіріс факторлардың сан жағынан молаюы және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды. |
Тиімділік проблемасы экономикалық теорияның негізгі проблемасы. Ол қоғамның шексіз қажеттіліктерін максималды қанағаттандыру үшін шектелген ресурстарды мейілінше дұрыс пайдалануы жолдарын зерттейді. Экономикалық тиімділік өндіріс процесінде пайдаланылатын шектелген ресурстар көлемі мен өндіріс нәтижесінде алынған өнім көлемі арасындағы байланысты сипаттайды. Жұмсалған шығындардан өнім көлемінің көп болуы тиімділіктін жоғары екенін көрсетеді және керісінше.
Экономикалық теорияда әрбір шаруашылық субъектісі өз мүддесін көздейді:
- тұтынушы - қажеттілігін максималды қанағаттандыруды;
- фирмалар - пайданы максималдауды;
- мемлекет - халықтың әл-ауқатын максималдауды жақсартуы көздейді.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру экономикалық субъектілердің тиімді іс-әрекетін сипаттайды.
Өндіріс қоғамның қажеттілігін толық қанағаттандыру үшін тауарлар мен қызметтерді барынша мол өндіру үшін ұйымдастырылады. Бірақ та ресурстардың шектеулігінен тауар мен қызметтерді таңдау проблемасы туады, яғни қандай тауарларды өндіру керек, қандайдан бас тарту қажет. Таңдау проблемасын графикте өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы арқылы көруге болады.
Нақты өмірде адамдар алтернативті шығындармен кездеседі. Ресурстарды пайдалану - бұл кейбір мүмкіндіктердін жоғалту, яғни қорларды бір мақсатта пайдалансақ, оларды басқа мақсатта пайдалану мүмкін емес. Бұл жоғалған мүмкіндіктерді өлшеп бағалануға болады. Баламалы шығындарды өндірістік мүмкіндіктер сызбасы арқылы бейнелеуге болады.
Альтернативті шығындар - пайдаланылмаған мүмкіндіктер. Бұдан туындайтын қорытынды экономикада альтернативті (баламалы) шығындары төмен тауар өндіру қажеттігі. Өндірістегі барлық шығындар баламалы шығындар болып табылмайды. Баламалы емес - шығындар бұл өндірушінің бас тарта алмайтын шығыны. Ол шығындарды өндіруші міндетті түрде жұмсайды |
2Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал-жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар. Меншік қатынастарын дұрыс түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет. Иемдену – затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Иемдену осы берілген меншіктің және оның нақты түрлерінің негізі, тамырлы белгісін құрайды. «Меншік» және «иемдену» деген түсініктерді ажыратып, әрқайсы жеке танып білу қажет: бұлардың жеке ұғымдар және экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады. Иемдену – шаруашылық өмірдің жүйесімен сәйкестікте болады және сонымен бірге дамиды. Алғашқы заманда адамдар көбінесе табиғат сыйларын жинап, аң мен балық аулап иемденген. Бара-бара екі типті шаруашылық қалыптасады – иемденуші (табиғаттың дайын сыйларымен айналысатын) және өндіруші шаруашылықтар.
Жалпы меншіктің субъектері бір-бірімен иемденушілер болып қатынасқа түседі. Бұл жағдайда жеке иемденудің негізгі формасы бөлуге көшеді. Бірақ осы процеске меншіктің формасы өзгешелік енгізеді. Егер бұл жеке меншік болса, онда айналым арқылы иемделініп қойған қосымша өнім бөлініске түседі. Бөлудің өлшемінің қызметін капитал атқарады: субъектінің жалп табыстағы үлесі, оның индивидуалдық капиталының салымының мөлшері мен белгіленеді. Қоғамдық меншіктің субъектерінің осы меншікке құқықтары тең болады. Осы жағдай табысты бөлу принціпін белгілейді . Бұнда бөлудің өлщемі қызметін еңбек атқарады. Бөлудің мына принципі жүзеге асырылады: еңбек адамдар өмірінің негізі, сондықтан бөлу еңбекке сәйкес жүргізілу керек.
Бұнда айналым арқылы жүзеге асырылатын иемдену, иемденудің екінші дәрежелі, туынды формасы болып табылады. Меншік ол зат емес, меншік – заттарға байланысты адамдар арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы. |
Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:
1. Иемдену – затты өз игілігіне пайдалану.
2. Жатсындыру – меншік объектісін иеліктен шығару
3. Жекелендіру - әр бір тауар өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді.
4. Қоғамдастыру – еңбектің қоғамдық сипатының дамуы.
5. Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі.
6. Табысты бөлу әдістері.
3Меншік қатынастарымен ұйымдастырылу түрлеріне сәйкес болатын барлық экономикалық іс-әрекеттердін жиынтығы сол қоғамның экономикалық жүйесін құрайды. Экономикалық жүйенің элементтеріне меншік негізінде қалыптасқан әлеуметтік – экономикалық қатынастар шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару әдісі. Экономиканы реттеуші механизм және кәсіпорындар мен басқада шаруашылық субъектісі арасындағы нақты экономикалық байланыстар жатады. Қоғамның саяси жүйесінің негізін экономикалық жүйе құрайды. Ал «нарықты экономика», «аралас экономика» деген сөздер экономикалық жүйеге жатады.
Барлық жүйелер қоғамдық өндірістің негізін құрайтын 5 мәселені шешу әдістеріне қарай анықталады.
1. Не өндіру керек? Қандай қызмет көрсету қажет.
2. Қанша өндіру керек? Қанша қызмет көрсету керек?
3. Қалай өндіру керек? (қандай технология керек?)
4. Кім үшін өндіру керек?
5. Өзгерген жағдайларға бейімделе алама? (яғни кәсіпкерлердің еркіндігі).
Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.
1. Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.
2. Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.
Меншік қатынастарының формалары бойынша:
1. Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр-салт бойынша қатынастар қалыптасады.
2. Әкімшілік-әміршілік экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.
3. Нарықтық экономика - меншікке, бәсекеге негізделеді.
4. Аралас экономика – мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.
Өнеркәсіп революциясы мен ҒТП даму деңгейі бойынша:
1. Индустриалды даму дәуіріне дейінгі жүйе – жүйеде ауыл шаруашылығы натуралдық шаруашылық және қол еңбегі басым орын алады.
2. Индустриалдық жүйе – жүйе ірі машиналық өндіріске дамыған тауар-ақша қатынастарына негізделеді.
3. Постиндустриалдық жүйе – жүйеде негізгі ресурс ретінде ақпарат саналады, экономиканың бастаушы саласы – материалдық емес