Мәдениеті. Үй кәсібі мен қолөнеріндегі ерекшеліктер, халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі. 1 страница
Материалдық мәдениеттің маңызды элементтерінің бірі мал шаруашылығымен, егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен және қолөнермен байланысты еңбек құралдары болып табылады. XIX ғасырдың орта шенінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қолданыла бастады. Ең көп таралған қару түрі үш метрлік «сойыл», одан соң «шоқпар» болды. XIX ғасырдың орта шеніне дейін аң аулау кезінде садақ қолданылды.
Көшпелі қазақтардың негізгі тұрғын үйлері көші-қонға ыңғайлы киіз үйлер болатын. Қазақтың киіз үйлері олардың үлкендігімен, яғни тігілген киіз үйде қанат деп аталатын кереге санымен анықталатын. Қанаттар саны 4 қанаттан 12 қанатқа дейін және одан да көп болатын. Сыртқы түрі бойынша күмбез тәрізді және шошақ болып келетін. Қысқы қыстаулар орналасқан өзендердің аңғарлар мен тау шатқалдарына қазақтардың киіз үйлері тұрақты үлгімен салынатын. Бұлар жер бетіне киіз үй сияқты етіп тастан (шошала), қамыстан (доғара) тұрғызылған құрылыс түрінде, тік бұрышты жеркепе және жертөле, жер бетіне тік бұрышты етіп салынған шым үй және саз балшықтан домбаздалған соқпа там болды. Дәстүрлі ағаш жәшіктер – кебежелердің, көрпе-төсек жинауға арналған жүкаяқтардың және ескіден келе жатқан төс-ағаштардың орнына, қазақтардың тұрмысында әйнектелген ыдыс қоятын шағын шкафтар, жақтаулы ағаш кереуеттер, іші құлыпталатын, көлемі әр түрлі сандықтар пайда болды.
Қазақ халқының тіршілік-тұрмысында қолөнер кәсібі үлкен маңызды орын алды. Өйткені мал шаруашылығы немесе егіншіліктің дамуы қолөнер кәсіпшілігімен тікелей байланысты болды. Мал шаруашылығы үшін ер-тұрман, ат әбзелдері, малды ұстайтын, байлайтын жабдықтар, егіншілік үшін жер жыртатын және тырмалайтын, астықты жинайтын және өңдейтін құралдар т. б. қолөнершілердің еңбегімен дайындалды. Бұл кездегі қазақтың қолөнер кәсіпшілігі қарабайыр шаруашылық еді. Үйде істелетін кәсіп бұйымдардың көпшілігі тауарға айналмайтын, өндірушінің өз отбасын ғана қанағаттандыруға пайдаланылатын. Халық өнері, әсіресе, киіз үйдің жабдықтарын, жиһаздарын жасауда ерекше өрістеді.
Бұл кезде оңтүстік Қазақстан қалаларының, Орта Азиямен, Шығыс Түркістанмен, Орыс мемлекетімен сауда-саттық байланысы жанданды. Осының арқасында көшіп-қонушы және отырықшы халық топтарының экономикалық, мәдени-әлеуметтік қарым-қатынасы кеңейе түсті. XVI-XVIII ғасырларда «Ұлы жібек жолы» бойында орналасқан Сығанақ, Сауран, Отырар, Түркістан, Сайрам, Жент т. б. қалалардың тездеп өркендеуі, қазақ халқының біртұтас ел болуына, жеке хандық құрып нығаюына үлкен әсерін тигізді. Түркістан, Отырар, Тараз, Сайрам және тағы басқа қалалардан табылған күміс теңгелер мен мыс ақшалар Қазақ хандығы тұсында сауда-саттық өркендеп, ақша айналымы дамығандығын көрсетеді.
Сығанақ пен Сауранның, Ясы мен Отырардың архитектуралық комплекстері, Жәнібек пен Қасымның Сарайшықтағы, Қазанғаптың Ұлытау жеріндегі кесенелері, Маңғыстаудағы, Сырдария алқаптарындағы және Қаратау қойнауларындағы мазарлар өзіндік сәулет-сипатымен, архитектуралық формаларының жинақылық әрі айқыншылығымен ерекшеленді.
Ұлан байтақ кең далада мал бағып, күндерін табиғат құшағында мал өрісінде, түндерін жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, әлемдегі табиғат құбылыстарын үнемі бақылап отырған. Осы бақылаудың нәтижесінде халықтың көпжылдық тәжірибелері қорытылып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен білімдер жинақталған. Және оның негізінде байырғы қазақ күнтізбесі қалыптасты. Қазақ халқы аспан әлемін бақылау арқылы «құс жолы», «құйрықты жұлдыз», «ақпа жұлдыз» және «кемпірқосақ» жайында ұғымын кеңейтті.
XVI-XVII ғасырларда қазақтар арасында ислам діні кеңінен тарады. Оны таратуда Сығанақ, Түркістан, Хорезм, Бұхара, Самарқанд сияқты қалалар айрықша рөл атқарды. Ислам діні көшпелі халық арасында терең тамыр жайған жоқ. Оған себеп қақтығыстар, соғыстар және түрлі саяси қарама-қайшылықтар еді. Сондықтан халықтың әсіресе көшпелі бөлігі ислам дінін көпке дейін қабылдамай, тәңірге, күнге, аспанға, жерге, суға табынуға негізделген нанымды ұстады. Қазақтар өмірінде отты қасиеттеу үлкен рөл атқарды.
Бұл кезде қазақ тіліндегі жазба әдебиеттері діни және аңыздық мазмұндағы кітаптар түрінде таралды, сондай-ақ тарихи шығармалар мен рулар тарихы (шежіре) жасалды. Олардың ішінен Захир-ад-дин Бабырдың «Бабырнамасын», Камалад-дин Бинайдың «Шайбани-намесін», Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашидиін», Қожамқұл бек Бахидің «Тарих-и-Қыпшағын», Қадырғали «Жами-ат-таварихын» және басқа да шығармаларды арнайы бөліп көрсетуге болады.
Бұл кезде Қазақ хандығы көршілес мемлекеттермен, Орта және Таяу Шығыс елдерімен үздіксіз араласып отырды. Мұның өзі араб-мұсылман мәдениеті мен ғылымының таралуына әсерін тигізді. Қазақ жерінде мектептер мен медреселер ашылып, оларда оқу араб-парсы және түрік тілдерінде жүргізілді. Қазақтар жазуда араб әліп-биін тұтынды. Мектептер мен медреселерде ғылымның әр түрлі салалары "дін ілімі, математика, логика, философия) бойынша білім беріліп, Шығыстың ұлы ақындарының классикалық туындыларымен таныстырылды. Мұның бәрі қазақ халқының жалпы дамуына, бүкіл қоғамның рухани өмірі мен мәдениетіне игі ықпал жасады.
Сонымен, XVI-XVIII ғасырларда Қазақ қоғамында шаруашылықтың және мәдениеттің дамуында елеулі ілгерілеушілік орын алды. Оның басты себебі, қазақ халқының біртұтас мемлекетке бірігуімен байланысты еді.
32.ХVІ-ХVІІІ ғғ. қазақтардың ауыз әдебиеті, қазақ халқының рухани әлемінің көрінісі (ақын-жыраулар: Марғасқа, Бұхар, Үмбетей, Жиембет, Тәтіқара).Ауыз әдебиетінің асыл қазыналарын жасаған, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырған халық арасынан шыққан дарынды-ақындар, сал, серілер,жыраулареді. Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары – Шалкиіз (XV ғ.), Доспамбет (XVI ғ.), Жиембет (XVII), т.б. жыраулар. Қазақтың батырлар жыры мысалы: Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып келе жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік – тұрмыстық дастандары да (Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Қыз-Жібек т.б.) феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді. Халық арасында ана тіліндегі жазба әдебиет діни және тарихи мазмұндағы кітап түрінде тарады. “Тарихи-и Рашиди” – Орта Азия мен Қазақстанның XIV ғ. II-жартысы- нан XVI ғ. басына дейінгі тарихы баяндалған шығарма. Бұл шығарма 1541-1546 жылдары жазылған. Оның қолжазбасы екі дәптерден құралған. Бірінші дәптерде Шағатай әулетінің тарихы баяндалады, екіншісінде XV-XVI ғ. Шинжаң өлкесінде, Орталық Азияда, Индия мен Ауғанстанда өткен тарихи оқиғалар баяндалады.Онда қазақ тарихына қатысты құнды деректер бар. XV ғасырырдың ортасында батыс Жетісуда қазақ хандығының құрылуы, қазақ-қырғыз, өзбек халықтарының қатынасы. Шығыс Қазақстанның қоғамдық шаруашылық жағдайыберілген. Ол еңбекті жазған Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) тарихшы, әдебиетші. Ол араб, парсы тілдерін жетік білген. Хан сарайында сақталған құжаттарды пайдаланған. “Жамих ат-тауарих” (Жылнамалар жинағы) – ерте кездегі қазақ тілінде жазылған тарихи шығарма. Онда: ерте кезден бері қазақ даласын мекендеген қаңлы, жалайыр, қыпшақ, найман, керей, қоңырат, алшын, т.б. тайпаларының шежіресі беріледі. XI ғ. Орта Азия мен Қазақстан территориясында өмір сүрген қарахандар әулетінің, оғыз-қыпшақ тайпалар одағының дәуірінен бастап 1600 жылға дейінгі тарихы баяндалады. Әсіресе XIII ғ. мен XVI ғ. арасындағы қазақ жерінде болған ірі тарихи оқиғалар баяндалады. Қазақ қоныстанған жерлердің жағдайы, ондағы қалалар, қазақ хандығы мен хандардың өмірбаяны, қазақ хандығының заңды ережелері жайында деректер берілген.
“Жамих ат-тауарих” кітабыныің жазушысы Қадырғали Қосынұлы Жалайыр (1530-1605) Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан, сол себептен “Жалайыр” аталған. Ол қазақ хандығының орда-сарайында ханның ақылшысы және ханзада- лардың тәрбиешісі болып қызмет істеген. Бұл еңбек алғаш рет 1854 ж. Қазанда жарық көрген.
33.ХVІІІ ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстандағы ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай
.XVI ғасырда Қазақ хандығы Қасым ханның тұсында (1511-1521) ең жоғарғы қуаттылығына жетті. Ішкі жағдайымыз тынышталып, қазақ рулары Қасым ханға қосыла бастады. Сыртқы жағдайымыз біршама алаңдарлықтай еді. Территориясы: Жайық өзені, Сырдария, Ұлытау, Балқаш көлі, Жетісудың бір бөлігі. Негізгі мақсаты:Сыр бойындағы қалаларды өзіне қарату.Қасым ханның соғыс жорықтары:1510 – М. Шайбани Сығанаққа шабуыл жасап жеңіліс тапты, Самарқанға қашты.1510 – Шайбани Мерв түбінде ирандықтардан қаза тапты.1513 – Қасым хан Сайрамды алды.1513 – Ташкент билеушісі Сүйінішке Қаттабекпен бірігіп соғыс ашты.Ташкент түбінде Қасым хан жараланып, Сайрамға шегінді. 1514 жылы Моғолстан ханы Сұлтан Саид Шығыс Түркістанға кеткен соң, Жетісу Қазақ хандығына өтті.Қазақ саны 1 млн.-ға жетті.Алғаш орыс мемлекетімен (Василий ІІІ. 1505-1513) дип. Қатынас орнатты.«Қасым ханның қасқа жолы» атты заңдар жинағы болды. Заң 5 бөлімнен тұрды (мал-мүлікке б/ты, қылмыс, әскери қызмет, елшілік,дәстүрлерді өткізу туралы) .Қасым ханның билігінің соғында тыныштық заман орнады. Сауран қаласы сауда орталығына айналды. 1521 жыл – Қасым хан Сарайшықта қайтыс болды.Қасым ханның өлімінен кейін Қазақ хандығында тартыстар пайда болып, хандық әлсіреп қалды. Қасымның мұрагері Мамаш тартыс барысында қаза тауып, Тақыр (1523 - 1533) хан болды. Ол қырғыздармен одақтасып, 1524 жылы Моғолстанға қарсы соғысты. Тақырдың дипломатиялық, әскери таланты болмады. Хан Ноғайлардан жеңілді, Сыр қалаларын қайтарып ала алмады. Тақырдан кейін Бұйдаш хан болды (1533 - 1534) Оның тұсында да тартыстар тоқтамады. Нәтижесінде, өзбектер мен Моғолстан бірігіп Жетісуды жаулап алды.Осы тартыстардан елді құтқарып, жағдайды қалып қа келтірген Хақназар хан (1538- 1580) болды. Негізгі мақсаты: Қасым хан тұсындағы иеліктерді қалпына келтіру. Территориясы: Сырдария, Арал маңы, Жетісу, Жайықтың сол жағалауы . Хақназар тұсында ноғайлар Қазақ хандығына кірді. Хақназарды «қазақтар мен қырғыздар ханы» деп атайды.1560 – моғолдар қазақ-қырғыз одағын жеңді. Соның нәтижесінде, ойраттар шабуылы әсерінде Жетісу жері қазақтардан алына берді.Башқұрт деректерінде Хақназарға башқұрттардың да бағынғаны айтылады.Хақназар тұсында Орыстармен саяси және сауда қатынасы дамыды (1569 ж. Семен Мальцев; 1573 ж. Чебуков).1563 жылдан Сібір хандығын билеген Көшім хан Қазақтармен дұшпан болды1573 ж. Орыс елшісі Чебуков Көшімнің бұйрығымен өлтірілді.Жағдайдың ауырлығы Хақназарды одақтас іздеуге итермеледі. ІІ Абдаллах пен Хақназар одақтас болды. Хақназар Баба сұлтан мен Абдаллах арасында бірде бірін, бірде екіншісін қолдап, айла жүргізді. Нәтижесінде:Абдаллах Сыр қалаларын қазақтарға берді.Баба сұлтан сойырғал ретінде Йассы мен Сауранды берді.Хақназар хан Баба сұлтанның тыңшысының қолынан 1580 жылы қаза тапты. Хақназар ханның саясатының маңызы:Хандық аумағы кеңейді.Дербес мемлекет ретінде танымал болды.Хан билігі күшейдіІшкі саяси және шаруашылық өмірдің тұрақты болуы.Хақназардан кейін оның немере інісі Шығай (1580 - 1582) хан болды. Шығайдан кейін оның баласы Тәуекел (1582-1598) елді биледі. Бұл кезде Сыр бойындағы Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам қалалары ІІ Абдаллахтың иелігінде болды. 1586 – Тәуекел Түркістанды алып, Ташкентке қауіп төндірді.1586-1594 – Тәуекел хандық үшін Хақназар ұрпақтарымен күресті.1594 – Мәскеуге Құл-Мұхаммед бастаған елшілік жіберді. 1595 – Мәскеуден Степанов бастаған елшілік келеді.XVI ғ. Ойраттар қазақ әскерінен жеңіліп, тәуелділікке түседі. Тәуекел хан өзін қазақ пен қалмақтың ханы деп санады.1598 жыл – Абдаллах өлімінен кейін Орта Азияға жаңа соғыс бастады. Тәуекел хан Бұқар түбіндегі шайқаста ауыр жараланып, Ташкентте қайтыс болды. XVI ғасырда Қазақ хандығы өзінің сыртқы саясатында біршама жетістіктерге жетіп, белгілі бола бастады. Ішкі жағдайы да біршама тұрақты болатын.
2) Қазақтардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болды. Мал өнімдері оларды тамақ, киім кешек, тұрғын үй матералдары, сонымен бірге көлік қызметімен қамтамасыз етіп отырды. Мал және мал өнімдері көрші халыөтармен айырбас жасайтын өаражат көзі де болды. Қазақ жерінің табиғи жағрапиялық ерекшеліктеріне байланысты қазақтар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылыөпен айналысты. Көшіп қону бағыттары жыл маусымына байланысты өзгеріп отырды. Қазақстар егіншілікпен де айналысты. Қазақ хандығының түрлі аумақтарында егіншіліктің дамуы әркелкі болды. Негізінен отырықшы егіншілікпен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан халықтары айналысты. Қазақтар көбіне тары дақылын екті. XVI ғ.ң соңына қарай Ресей мемлекеті Қазақ хандығы және Орта Азия мемлекеттерімен сауда байланысын жандандырды. Сырдария, Түркістан қалаларында дәстүрлі сауда дамыды. XVI XVII ғ.да бұл қалалар саяси орталықтарға айналып, онда қазақ хандары мен сұлтандары қоныстанды. Сыр бойындағы қалаларда дүкендер, базарлар, ақша сарайлары жұмыс істеді. Қазақ хандығы тұсында қазақ қоғамы негізгі екі әлеуметтік топқа бөлінді: ақсүйектер мен қарасүйектер. Ақсүйектерге: Шыңғыс ханның тұқымдары сұлтандар, төрелер және Мұхаммед пайғамбардың ұрпақтары қожалар жатты. Шыңғыс ханның ұрпақтарының әрқайсысы ханндық билікке үміткер саналды. Қарасүйек тобынан ерекше құқықтар иеленген тек билер ғана болды. Яғни, ру биінің қолына соттық, әкімшілік билік шоғырланды. Билер құрылтайға қатысты. Батыр деген құрмет тек танытқан ерлігі мен соғыс қимылыдағы шеберлік үшін ғана берілеген. Қазақ әлекметтік қоғамында ешбір құқығы жоқ құлдар болды. Бұл топ өкілдерін негізінен соғыс тұтқындары құрады. Қоғам мүшелері мүлкінінің мөлшеріне сай бай кедей болып бөлінді. Осы кезеңде қазақ қоғамы әлеуметтіе топтардың иерархиялық ұйымдасқан құрылымынан тұрды.
34.Кіші жүз жерінің Ресей империясына қосылуының негізгі алғы шарттары.
Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Әбілхайыр (1693-1748ж.) Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды.Әбілхайыр ханнын мақсаттары.1.Қалмақтармен башқұрттардың Қазақ жерін шабуылдауын тоқтату. 2. Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңу. 3. Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор өзендері бойындағы қазақтардың мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтау. 4. Қазақ жері арқылы өтетін керуен жолдарының қауіпсіздігін қалпына келтіру. Ханның ен басты мақсаты - жонғарларға қарсы күресте Ресеймен байланыс орнату. Әбілхайыр осыған дейін, 1726 жылы Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдіріп, елшілерін жіберген болатын. Бірақ елшілікке күмәнданған патша үкіметі хан ұсынысын жауапсыз калдырған болатын.1730 жыл - Кіші жүз билері Әбілхайырға Жонғарияға қарсы күресу үшін Ресеймен әскери одақ құруды тапсырды. Алайда, хан 1730 жылғы қыркүйекте Петербургкке аттандырылған елшілеріне әскери одақ күру емес, Ресейдің құрамына кіру туралы құжат тапсырды. 1731 жылғы 19 ақпан - елшілер Сейітқұл Құндағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлының Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысын императрица Анна Иоанновна кабылдады. Кіші жүз ақсүйектері мен Әбілхайырдан ант кабылдау үшін Ресейден сыртқы істер коллегиясының тілмәші, дипломат А.И.Тевкелев бастаған елшілік жіберілді. Барақ сұлтан, Бөгенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шараларды аяқсыз салдыруға тырысқанмен, бұл карсылық сәтсіз аяқталды. 1731 жылғы 10 қазан - Кіші жүздің 27 старшинасы Ресейдін қол астына кіруге ант берді. Кіші жүздің Хиуа хандығымен аудандары Ресей империясына косылмады. Қазақ тарихындағы осы маңызды процесті тарихшылар әртүрлі бағалайды: - М.Макшеев, И.Завалишин т .б. Әбілхайырдың іс - әрекеттерін тұтасынан ақтайды. - А.И.Левшин бұл бодандықты Әбілхайырдың жеке бас мүддесін ойлағаннан туыңдаған іс - әрекет деп түйіндейді. Кіші жүз Ресей кұрамына кіргеннен кейін де жағдай күрделі күйінде қалды: жоңғарлардың басқыншылық әрекеттері тоқтамады. Орыс үкіметі Қазақ өлкесі жөнінде отаршылдық саясат ұстанып, Патша үкіметінін мақсаты - қазақ - жоңғар соғысын пайдаланып, бекіністер салу арқылы Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу.
35.Әскери линиялар мен бекіністердің салынуы – патша үкіметінің Қазақстандағы әскери отарлау әрекетінің басталуы.қазақ-жоңғар соғысы қызу жүріп жатқан кезде, патша үкіметі Ертіс өзенінің бойындағы аймақта әскери бекіністер шебін салуды одан әрі жалғастыру ісін қолға алды. Бұл міндетті орындау үшін И.Д. Бухгольцтің экспедициясынан басқа бірқатар ғылыми- барлау және әскери экспедициялар жіберілді. Оларды А.Д. Бекович-Черкасский 1715—1716 жылдары Хиуа хандығына, И.М. Лихарев 1719—1720 жылдары Ертіс өзенінің жоғары ағысына карай бастап барды.
1716 жылы Ертістің оң жағалауында Жәмішев және Омбы, 1717 жылы Железинка, Колбасинская, 1718 жылы —Семей, 1720 жылы — Өскемен, Черноярская және Коряковская бекіністері салынды. Ке- йінірек олардың ара-арасында шағын бекініс-қамалдар мен редуттар (ұсақ-түйек далалық бекіністері) пайда болды. Мұндай бекіністердің салыну себебін Сібірдегі орыс өкімет орындары Жоңғар қалмақтарына қазақтардың шапқыншылығынан қорғану үшін, ал қазақтарға жауынгер жоңғарлардың шапқыншылығынан қорғану үшін салынып жатыр деп түсіндірумен болды. Ал істің шын мәніне келгенде ол бекіністер патша үкіметінің Ертіс өзені бойындағы жағдайын күшейту үшін өте қолайлы плацдарм еді. Ондағы негізгі мақсат алдағы кезде қазақ хандығының аумағын да, жоңгар қонтайшыларының қол астындағы жерлерді де басып алып, өзіне карату болатын. Бұл жөнінде белгілі орыс ғалымы Н. Коншин былай деп жазды: «Ертіс бойындагы бекіністер шебі осылай құрылды. Оның міндеті оң жагалаудагы жерлерді жоңғарлардан, ал одан соң көп ұзамай-ақ қыргыздардан (қазақтардан) қорғау еді».