Дәріс 2. Еңбекті ұйымдастыру негіздері

Тақырып 1. Өндіріріс саласындағы кәсіпорын экономикасы және оның негізгі мақсаты

1. Кәсіпорынды дамыту, құру және оның негізгі мақсаты

2. Кәсіпорынның түрлері мен ұйымдық құрлымы

3. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметтерінің

экономикасының сапасын қалыптастыру факторлары

1.Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын экономикасының барлық негізгі бағыты, өндіріс салаларының тиімділігін арттыру, өндірілетін өнім көлемі, тұтыныушылардың сұранысы, өнімнің саны мен сапасы жағынан жоғарғы көрсеткіш деңгейіне жеткізуге бетбұрыс жасау. Бұл тұрғыда кәсіпорынға ресурстарды үнемді пайдалану жоғарғы еңбек өнімділікке істейтін техника және технологияны меңгеру қажет.

Кәсіпорын бұл өнім өндіріп оны өткізетін, істелген жұмыстар мен көрсетілген қызметтер нәтижесін сата алатын заңды құқы бар дербес шаруашылық.

Кәсіпорын экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Себебі кәсіпорында қоғамға қажетті өнім шығарылады және жұмысшы мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады.

Өндірістік жүйе ретінде кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады. Сыртқы ортаға экономикалық саясат құқықтық жағдай, әлеуметтік, экологиялық, технологиялық жағдай жатады.

Қазақстанда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорынның мынадай ұйымдық – құқықтық формалары бар:

1. Мемлекеттік кәсіпорын;

2. Серікестік: жауапкершілігі шектеулі серіктестік ЖШС, толық жауапкершілікті серіктестік, аралас жауапкершілікті серіктестік.

3. Акционерлік қоғам: Ашық акционерлік қоғам және жабық акционерлік қоғам.

3. Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары

Кәсіпорын - белгілі бір өнім өңдіретін немесе халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға.

Кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің нәти-
желілігі - өнімді өткізу мен көрсетілген қызметтен түскен
пайдадан ғана емес, сонымен қатар өндірістік қорлардың
көлемінен (негізгі және өндірістік айналым қорлары), басқада тұтыну қорларының жиынтығынан (әлеуметтік сала-
дағы), жиналған қаражаттардан және тағы басқалардан
көрінеді.

Кәсіпорын экономикасы - өндірістік жэне өндірістен тыс қатынастардың жиынтығы: айналыс қоры, дайын өнім, кәсіпорынның банктегі есеп-шоттары, ақша қаражаты, бағалы қағаздары, меншіктің материалдық емес қорлары (патенттер, лизенция т.б), өнімді өткізуден және әр түрлі көрсетілген қызметтерден түскен табыстар мен пайда. Олардың құндық бағасы - кэсіпорынның экономикалық даму деңгейі мен көлеміне байланысты болады.

Соңғысының әр түрлі себептері бар, атап айтқанда

-өндірісті қорлар мен қамтамасыз етуде ең оңтайлы үйлесімділікті табу; ;

- өндірілген өнімнің саны мен сапасы;

- өткізу көлемі;

-өткізуден түскен кіріспен пайда.Осы факторлар негізінде қол жеткізілетін тиімділіктің деңгейі мен сипатын кәсіпорынды дамытуға ықпал ететін ішкі жэне сыртқы жағдайлар айқындайды.

Ішкі жағдайлар үш топқа бөлінеді:

1. Өндірісті қорлармен қамтамасыз ету. Оған өндірістік факторлар:

- ғимарат, құрылыс,

- құрал-жабдық, аспаптар,

- жер,

- шикізат-материалдар,

- отын,

- жұмыс күші,

- ақпарат және т.б. жатады.

2.Кәсіпорынның экономикалық және техникалық
дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз ету:

- ғылыми-техникалық прогресс;

- өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру;

- кадрлардың біліктілігін жетілдіру;

- инновация мен инвестиция.

3.Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызмет-
терінің экономикасының сапасын қалыптастыру фак-
торлары: тиімді коммерциялық және жабдықтау қызмет-
тері.

Инновация - жаңа бұйымдар мен озық технологияларды жасауға, өндіруге, дамытуға жэне сапалық жағынан жетілдіруге бағытталған күрделі құбылыс. Ол үш кезеңді қамтиды:

- зерттеуді бастаудан өндірісте алғаш рет игеруге дейін;

- алғашқы игеруден бастап бұйымды тұтынушылардың қажетін қанағаттандыру мақсатында тиісті мөлшерде өндіруге дейін;

- одан соң бұйымды тұтынушы пайдаланады, күтеді, кәдесіне жаратады.[kgl]

Дәріс 2. Еңбекті ұйымдастыру негіздері

1. Еңбек бөлінісінің формалары мен оларды жетілдіру жолдары

2. Еңбек әдістері мен тәсілдері

3. Еңбек жағдайлары мен режимі

4. Еңбекті ғылыми ұйымдастыруды жетілдіру

5. Кәсiпорындарда ғылыми-зерттеу жұмыстарының ерекшелiктерi

1. Еңбек бөлiнiсi - еңбектiң iс-қимылдарының түрлерiн жiктеу.

Еңбек бөлiнiсiнiң 4 түрi бар:

· мiндеттiлiк;

· мамандылық;

· технологиялық;

· бiрiгулiк.

Мiндеттiлiк – кәсiпорындағы негiзгi көмекшi өндiрiстерде жұмыс iстейтiн жұмысшыларға, инженер-техникалық қызметкерлерге, қызметшiлерге, кiшi қызмет етушiлерге бөлу;

Мамандылық бөлiнiс жұмыстардың әртүрлi күрделi және жәй болуына байланысты;

Технологиялық бөлiнiс - өндiрiс процессiнiң кезеңдерге бөлiнуiмен сипатталады. Мысалы, табиғи газ өндiрiсiнде жұмысшылар газды құрғату, қондырғысын күту, газды және сұйық газды бөлудi күтушiлер болып бөлiнедi. Жұмысшылар атқаратың мiндеттерiне байланысты операторға, слесарға, машинисттерге, электриктерге бөлiнедi.

Еңбек бiрiгуi - әрбiр қызметкердiң кез келген өндiрiстiк бөлiмдердiң арасындағы оптималдық арақатынасты орнату және сақтау. Әрбiр жұмыс орнында еңбектi тиiмдi ұйымдастыру.

2. Жұмыс орнында еңбектi ұйымдастыру екi түрде жүргiзiледi:

· бригадалық (ұжымдық);

· жекелiк.

Соңғы кездерi кешендiк, өтпелiк жаңа түрлерi даму алды.

Мұнай өнеркәсiбiнде кешендiк бригадалар пайда болды, олар әртүрлi жұмысшылардан тұрады. Сонымен қатар бiр түрлi мамандардан құрылған бригадалар өзiне қатысты жұмыстарды да атқарады. Кейбiр бригадаларда бригадалық шаруашылық есебi енгiзiлген. Әрбiр бригада жұмыс ақысы мен қатар материалдың, электроэнергияның да есебiн жүргiзедi.

Өндірістік бригада кәсіпорын басшысының бұйрығы немесе ұйғарымы негізінде құрылады. Өндірістік қызметтің қиындығы, құрамына, жұмыстың еңбек сыйымдылығына ЕҒҰ талабына байланысты белгіленеді.

Көпшiлiк бригадалар шарт бойынша бригадалық мердiгерлiк әдiспен жұмыс iстейдi.

3. Кәсiпорындарда ғылыми-зерттеу жұмыстарының келесi ерекшелiктерi бар:

· ғылыми-зерттеу жұмыстары көбiнесе қолданбалық, тәжiрибелiк, си-патты болады;

· ғылыми жұмыс салалық немесе аймақтық ғылыми-зерттеу институттарымен тығыз байланыста жүргiзiледi;

· кәсiпорындарының зертханаларында және цехтарда өндiрiске күн-делiктi қызмет ету, жобалаушыларға, тапқырларға және ұтқырларға көмектесу жұмыстары жүргiзiледi.

Қазiргi мезгiлде жаңа техниканы шығаруда, меңгеруде және өндiрiске енгiзуде тапсырма-нарядтар пайдалану негiзiнде ұйымдастыру және жоспарлау жұмыстарында шаруашылық есеп жүйелерi кеңiнен қолданылады. Осындай шаруашылық шарт күшi бар тапсырмада барлық жұмыстардың көлемi, жұмыстың ақырғы нәтижесi, орындаушылар және кезеңдердiң орындау мерзiмдерi, қаржыландыру көздерi және материалдық көтермелеуi белгiленедi.

Наши рекомендации