Дұшпандықпен және достықпен қосылу. 7 страница

Қазақстанның төлем балансы: жағдайына сипаттама. Инвесторлар үшін мемлекеттің инвестициялық әлеуетін айқындайтын көрсеткіштер қатарына елдің Төлем балансы кіреді. Әр мемлекетке өздерінің сыртқы экономикалық жағдайын білуі үшін де кезеңдік статистикалық мағұлматтар керек. Осы мағұлматтарды тек төлем балансынан көруге болады. Яғни, кең мағнада, Төлем балансы дегенімізде белгілі бір кезеңдерде (3 ай, жарты жыл, 9 ай және бір жыл) нақты бір мемлекеттің басқа мемлекеттермен сыртқы экономикалық іс - әрекеттерінің жүйелі түрде жинақталған статистикалық есебі түсініледі.

Бұл сыртқы экономикалық байланыстар, әдетте резиденттер мен бейрезиденттер арасындағы іс-әрекеттерден тұрады.

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) анықтамасы бойынша төлем балансы дегеніміз – белгілі бір кезеңдік статистикалық есеп беру. Ол келесі құбылыстарды көрсетеді:а) белгілі бір елдің өзінен басқа әлем арасындағы тауарлық, қызметтік, табыстық операциялар;ә) меншіктегі өзгерістер және сол елдің алтын – монетарлық, арақатынастағы арнайы ақша резерві және де басқа елдерге қарағанда, сол елдің қаржылық талаптары және міндеттемелеріндегі өзгерістер;б) біржақты аудармалар және орын толтырушы жазбалар. Олар өзара шешуге келмейтін операциялар мен өзгерістерді бухгалтерлік есеп бойынша теңестіруге қажетті.

Төлем балансында елдердің сауда – экономикалық операцияларының құрылымы мен сипаты, сандық және сапалық масштабтары көрінеді. Әлемдік шаруашылықтағы орны және осы елдің басқа басқа елдерге шығарған барлық төлемдері сомасының және басқа елдерден түскен түсімнің барлық сомасының арақатынасының көрінісі.

ХВҚ талдауы нәтижесінде жақын жылдарда Қазақстан Республикасының төлем балансының нәтижелі болуына әлемдік нарықта мұнай мен табиғи газға деген сұраныстың төмендеуі теріс әсер етуі күтілуде. Сондықтан, Республикамыздың 2013 жыл қортындысы бойынша жалпы ішкі өнім өсу динамикасы сақталып қалғанымен, ол алдыңғы болжам бойынша 5,6 пайыз емес, тек 5,1 пайыз деңгейінде қалуы мүмкін.

Осы жағдайда, Қазақстан Республикасының төлем балансының оң нәтижелілігін сақтап қалу үшін, дайын өңделген өнімдер экспортын ұлғайтып, импорттың кейбір түрлерін отандық өнімдермен алмастыру қажет деп ойлаймыз. Сонымен бірге, инвестициялық бағдарламаларды дер кезінде жүзеге асыру үшін тікелей инвестиция көлемін арттыру, яғни шет ел инвесторларын өндірістің өңдеуші салаларының экспортқа бағытталған түрлерінің дамуына жағдай жасау.

Қазіргі заманғы Қазақстандағы ссудалық пайыздың ерекшеліктері Ссудалық пайыз кредит сияқты – қарызға уақытша пайдалануға берілген құнның бағасын білдіретін объективті экономикалық категория. Ссудалық пайыз бойынша экономикалық қатынастардың өзіндік ерекшеліктері болатындықтан оларды кредиттік қатынастарымен қатар қоюға болмайды. Ссудалық пайыз бойынша қатынас кредиттік қатынаспен шектеліп қалмайды Егер кредит бастапқы қайтарылымдағы құн қозғалысын білдіретін болса, онда пайыз төлемі баламасыз құнды банкке беруде сипаттайды. Қазақстандағы осы замаңғы экономикалық қатынастарда ссудалық пайыз рөлінің күшеюі оны реттеуші қызметінің пайда болуы нәтижесі ретінде тән болып отыр. Экономикада ссудалық пайыздың рөлін тұтастай күшейту, әрі оны экономикалық реттеудің қозғаушы элементіне айналдыру елдегі экономикалық ахуалдың жағдайымен және реформаның барысымен тікелей байланысты. Математикалық пайыз мөлшерлемесі ссуда құнындағы табыстың осы құнның шамасына қатынасы ретінде анықталады. 1995 жылдың 18 мамырында Ұлттық банк бекіткен Қазақстан Республикасы банктерінде пайыздарды есептеудің және оларды шот бойынша бухгалтерлік есепте көрсетудің тәртібі туралы Ережеге сәйкес пайыздарды есептеудің мынадай техникалары пайдаланылады.

Қарапайым акцияларды бағалау. Қарапайым акцияларды бағалаудың 2 қасиеті бар:1.иесіне дивиендт алуға құқық береді. Егер менеджерлер дивидендті төлеу туралы шешім қабылдаса.2.Акциялар нарықта сатып алу құнынан жоғары құнмен сатылуы мүмкін. Инвестор капиталдық пайда табады. Акциялардың құны басқа қаржылық активтер сияқты бағаланады, яғни болжанатын ақша ағымдарының келтірілген мәні ретінде күтілетін ақша ағымы 2 бөліктен тұрады:1)жыл сайын төленетін дивидендтер 2)акцияларды сатуда инвесторлар алғысы келетін баға. Сату бағасы алғашқы инвестицияларды өтеу және күтілетін капиталды табысты қамтуы керек. Дұшпандықпен және достықпен қосылу. 7 страница - student2.ru акция иесі, t жыл аяғындағы алғысы келетін дивидендт; Дұшпандықпен және достықпен қосылу. 7 страница - student2.ru төленген соңғы дивидендт, Дұшпандықпен және достықпен қосылу. 7 страница - student2.ru нарықтық баға (акцияның) қазіргі бағасы Дұшпандықпен және достықпен қосылу. 7 страница - student2.ru жылының аяғында акцияның күтілетін бағасы. Дұшпандықпен және достықпен қосылу. 7 страница - student2.ru теориялық құн; Дұшпандықпен және достықпен қосылу. 7 страница - student2.ru дивидендтердің өсу қарқыны; Дұшпандықпен және достықпен қосылу. 7 страница - student2.ru акция бойынша талап етілетін табыстылық; Дұшпандықпен және достықпен қосылу. 7 страница - student2.ru күтілетін табыстылық (жалпы) Дұшпандықпен және достықпен қосылу. 7 страница - student2.ru нақты табыстылық.Ағымдағы жылдың соңына қарай күтілетін капиталдық пайда Дұшпандықпен және достықпен қосылу. 7 страница - student2.ru Жалпы күтілетін табыстылық Дұшпандықпен және достықпен қосылу. 7 страница - student2.ru Дұшпандықпен және достықпен қосылу. 7 страница - student2.ru

Қаржы жүйесі: құрамы, қағидаттары, ҚР қаржы жүйесін қайта құру. Қаржы жүйесінің ұғымы қаржы ұғымының одан ары дамуы жəне нақтылана түсуі болып табылады жəне тиісті ақшалай қорлар құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.

Қаржы жүйесі терминінің келтірілген анықтамасында қаржының мəндік сипаттамасын,оның қоғамдық-экономикалық үдерістегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы моделі қойылған. Осы критерийге сəйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөліктен тұрады:

1) қаржылық қатынастардың жиынтығы;

2) ақшалай қорлардың жиынтығы;

3) басқарудың қаржылық аппараты.

Ақшалай қорлардың қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, өңірлер жəне жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақшалай қатынастардың жиынтығы қаржылық қатынастарды құрайды.

Қаржылық қатынастардың буындарына тəн болып келетін тиісті орталықтандырылған жəне орталықтандырылмаған ақшалай қорлардың жиынтығы қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды.

Басқарушы субъектқаржыны басқарудың мемлекеттік жəне қоғамдық аппараттарының жүйесі – қаржылық аппарат болып келеді, бұл қаржы жүйесінің үшінші бөлігі болып табылады. Қаржылық қызметті ұйымдастыру мен жоспарлау үдерісіндегі экономикалық жəне бақылау жұмысымен, қаржылық қатынастар буындарының байланысын жетілдірумен айналысатын қаржылық аппаратқаржы жүйесінің басқа бөліктерімен қабысып, етене ұштасып жатады.

Қаржы жүйесінің құрылымы келесідей: Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпат жүйесі болып табылады, оған кіретін элементтердің (қосалқы жүйелердің) тығыз байланысымен жəне оның қосалқы жүйелерінің бірде-бірі өздігінен өмір сүре алмайтындығымен анықталады: қаржы, бір жағынан, өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді жəне сондықтан осы қатынастар жүйесінің элементі болып келеді, басқа жағынан, өзінің функциялық қасиеттері бар өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе болып табылады. Қаржыларда функциялық қосалқы жүйелер ретінде салық, бюджет, сыртқы экономикалық, қаржы жоспарлары (болжамдары), қаржылық бақылаудың заңнамалық қамтамасыз етілуі жəне басқалар сияқты қосалқы жүйелерді атауға болады.

Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:

- Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың қағидаты – фискалдық

- (қазыналық) федерализм қағидаты.

Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына жəне шаруашылық жүргізуші субъектілерге кең құқық пен дербестік берілген.Бұл қағидат жергілікті қаржы органдарының тиісті жергілікті əкімшілікке жəне жоғарғы қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындайды.

Ұлттық жəне өңірлік мүдделерді сақтау. Өңірлерді дамытудың əлеуметтікжағынан қабылдауға болатын деңгейі сияқты бұл қағидаттың талаптары дақаржылық қатынастарда ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады. Қаржыжүйесін құрудағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары құрылымыныңұлттық-мемлекеттік жəне əкімшілік-өңірлік құрылымына сай келуі.

Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттарымен алдын ала айқындалып отырады. Қаржылардың барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық жəне нормативтік актілерге негізделеді.

Қаржы жүйесінің жекелеген құрамды элементтерінің функциялық арналым қағидаты қаржының əр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді. Оған айрықша қаржылық аппарат сəйкес келеді. Мемлекеттік бюджеттің ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүзеге асырады.

Ұлттық шаруашылықты басқарудың сатылас қағидаты жоғарғы органдар (министрліктер, ведомстволар, холдингтер, ассоциациялар, бірлестіктер) деңгейінде де, сондай-ақ төменгі (фирмаларда, компанияларда жəне т.б.) деңгейде де қаржылық аппараттың тиісті құрылымын байланыстырады (қамтамасыз етеді). Бұдан басқа, қаржылық аппаратты ұйымдастыруда акционерлік, бірлескен, аралас, кооперативтік, сондай-ақ қоғамдық кəсіпорындар мен ұйымдарды басқарудың ерекшеліктері бейнелеп көрсетіледі.

Қазіргі кезде қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылуда. Каржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті оның Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандырып, одан ары тездетуге қаржы жүйесінің ықпал етуін күшейту, жиынтық ұлттық табыстың, қаржылық ресурстардың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, қоғамдық өндірістің барлық буындарында шаруашылық коммерциялық есептерді нығайту болып табылады.

Рыноктық қатынастар барысында қаржы жүйесінің рөлі мен маңызы шұғыл артады. Қаржы кредит секторы рыноктық механизмдердің негұрлым тиімді жұмыс істейтін секторларының біріне айналуы тиіс.

Қаржы жəне ең алдымен бюджет жүйесі ішкі жалпы өнімнің өсуіне жəне оның басты бөлігі – ұлттық табысқа, макро-жəне микроэкономика кəсіпорындарының, фирмаларының жəне салаларының дамуына жəне халықтың көптеген жігінің хал-ахуалына айтарлықтай ықпал жасайды. Қоғамда істің жайы қаржылық ахуалмен анықталады, сондықтан тұрақтану мен дамудың бағдарламасы бірінші кезекте экономиканың тиімділігін арттыру жөніндегі жалпыэкономикалық шараларды іске асыруды қарастыруы тиіс. Бұл шаралардың қатарында – өндірістік қатынастарды жетілдіру, экономиканы əлеуметтік қайта бағдарлау, ұлттық шаруашылықтың құрылымын жаңғырту, ғылыми-техникалық прогресті тездету, сыртқы экономикалық қызметті жандандыру, ішкі өндіріс есебінен тұтыну рыногын толықтыру проблемасын шешу шаралары жəне тұр. Қаржылық шаралардың ішінде инвестицияларды оңтайландыру, басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындарды азайту, шаруашылық жүргізудің барлық деңгейінде үнем режімін қатаңдандыру қажет; экономиканың төменгі деңгейлерінде залалдықты болдырмау, коммерциялық есепті дамыту, қаржы жүйесінің барлық буындарында қаржылық өзара қарым-қатынастарды индикативтік реттеу қажет.

Қаржы құралдары : мазмұны, түрлеі, сыныпталуы. Қаржы құралы — операциялар нәтижесiнде бiр ұйымның қаржылық активiмен бiр мезгiлде басқа ұйымда қаржылық мiндеттеме немесе үлестiк құрал туындайтын ақша, туынды құнды қағаздарды қоса алғанда, құнды қағаздар, туынды қаржы құралдары мен басқа да қаржы құралдары.
2. Қаржылық актив — ақшасын, басқа ұйымның үлестiк құралын бiлдiретiн кез келген актив, басқа ұйымнан ақшасын немесе өзге де қаржылық активтi алуға немесе өзi үшiн ықтимал тиiмдi жағдайларда басқа ұйыммен қаржылық активтермен немесе қаржылық мiндеттемелермен алмасуға шарттық құқық немесе есеп айырысу ұйымның меншiктi үлестiк құралдарымен жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылуы мүмкiн және бұл ретте, ұйымның меншiктi үлестiк құралдарының ауыспалы санын алатын немесе алуы мiндеттi болатын туынды құрал немесе ақшасының немесе өзге де қаржылық активтiң белгiленген сомасын алмастыру жолынан гөрi есеп айырысу ұйымның меншiктi үлестiк құралдарының белгiленген санына кез келген өзге тәсiлмен жүргiзiлетiн немесе жүргiзiлуi мүмкiн туынды құрал болып табылатын шарт.
3. Қаржылық мiндеттеме — ақшасын немесе өзге де қаржылық активтi басқа ұйымға беру немесе өзi үшiн ықтимал тиiмсiз жағдайларда басқа ұйыммен қаржылық активтермен немесе қаржылық мiндеттемелерiмен алмасудың шартты мiндеттемелерiн бiлдiретiн кез келген мiндеттеме немесе есеп айырысу ұйымның меншiктi үлестiк құралдарымен жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылуы мүмкiн және бұл ретте, ұйымның меншiктi үлестiк құралдарының ауыспалы санын беретiн және беруге мiндеттi болатын туынды емес құрал немесе ақшасының немесе өзге де қаржылық активтiң тiркелген сомасын алмастыру жолынан гөрi есеп айырысу ұйымның меншiктi үлестiк құралдарының тiркелген санына кез келген өзге тәсiлмен жүргiзiлетiн немесе жүргiзiлуi мүмкiн туынды құрал болып табылатын шарт.
4. Үлестiк құрал — ұйымның барлық мiндеттемелерi шегерiлгеннен кейiн қалатын оның активтерiндегi қалдық үлесiне құқығын растайтын кез-келген шарт.

Қаржы менеджерінің қызметі мен міндеттері. Менеджер (ағылшынша manager – басқарушы) – жалдамалы басқарушы, өндірісті ұйымдастырушы маман.

Ол негізінен кәсіпорындағы немесе фирмадағы барлық жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру, басқару мәселелерімен айналысады, ұйым алдындағы міндеттердің орындалуына тікелей жауап береді.

Менеджер жан-жақты сауатты болып, ішкі және сыртқы рынокты жақсы білуі керек. Ол үшін рынокқа қандай тауар қажет, көпшілік сұранымына сәйкес қандай өнімдер керек, қай жерде қандай тауарлар өтімді, тауарлар мен өнімді сатып алушыклиенттердің мүмкіндігі мен қаржы жағдайы қандай деген мәселелерді анықтап отырады. Менеджер (ағылшынша manager – басқарушы) – жалдамалы басқарушы, өндірісті ұйымдастырушы маман.
Ол негізінен кәсіпорындағы немесе фирмадағы барлық жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру, басқару мәселелерімен айналысады, ұйым алдындағы міндеттердің орындалуына тікелей жауап береді.
Менеджер жан-жақты сауатты болып, ішкі және сыртқы рынокты жақсы білуі керек. Ол үшін рынокқа қандай тауар қажет, көпшілік сұранымына сәйкес қандай өнімдер керек, қай жерде қандай тауарлар өтімді, тауарлар мен өнімді сатып алушы клиенттердің мүмкіндігі мен қаржы жағдайы қандай деген мәселелерді анықтап отырады

Қаржы механизмі: құрамы, динамикасы. Қар­жылық­ ме­ха­низм ­– эко­но­ми­ка­лық­ жә­не­ әлеу­меттiк­ да­му­ үшін­ қо­лай­лы­ жағ­дай­лар­ жа­сау­ мақ­са­тын­да­ қо­ғам­ қол­да­на­тын­ қар­жы­лық­ қа­ты­нас­тар­ды­ұйым­дас­ты­ру­ ны­сан­да­ры­ның,­ қар­жылық­ ре­су­рс­та­рын­ қа­лып­тас­ты­рып­ пай­да­ла­ну­ әдiстерiнiң­ жиын­ты­ғы.­ Ол қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың түрлерiн, нысандарын және әдiстерiн, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын кіріктіреді. Айрықшалықты бөлгiштiк категория ретiнде қаржы әp түрлi мақсатты ақшалай қорларды жасау мен пайдалану арқылы жасалған өнiмдi бөлуге және қайта бөлуге қатысады. Сондықтан бұл үдерiсте қолданылатын ме­ханuзм ­– бұл­ ақ­ша­лай­ та­быс­тар­ мен ­қор­лар­ды­ қа­лып­тас­ты­ру­ мен ­жә­не ­пай­да­ла­ну ­мен ­бай­ла­ныс­ты­ бо­ла­тын­ қар­жы­лық­ қа­ты­нас­тар ­кө­рі­ні­сі­нің­ түр­ле­рі,­ ны­сан­да­ры­ жә­не­ әдiстерi.­Тап осы ұғымдар – қа­ты­нас­тар­ды­ іс­ке ­асы­ру­дың ­түр­ле­рі, ­ны­сан­да­ры ­жә­не ­әдіс­те­рі­– экономикалық өмірде те­тік, тиісті үдерістерді бас­қа­ру­ ме­ха­низ­мі­ ре­тін­де ­болады.

Қаржылық механизм мемлекет белгiлеген қар­жылық­ ша­ра­лар­ды­, атаулы, нaқты нә­ти­же­лер­де­ – барлық деңгейлер де және қоғамдық-экономикалық сфераларда қоғамдық өнiмнiң, материалдық емес игiлiктердiң, қызметтердiң және құндылық- тардың барлық толып жатқан элементтерi құнының құpaмынa кipeтiн қар­жылық­ ре­су­рс­та­рдың­ ұдайы­ жаң­ғыр­ты­лу­ын­да­ iскe асырады. Ұдайы жаңғыртудың әр алуандылығы және ажырағы-сыз бөлiгi қаржылық механизм болып табылатын экономикалық (шаруашылық) механизмнiң нысандары мен әдістерінің тиiстi әp алуандығын тудырады.

Қаржылық механизмнiң экономика мен әлеуметтiк сфераға ic- әpeкeті былайша жүзеге асырылады:

1) қаржылық механизмнiң құрылымы мен оның әp түрлi бөлiктерiнiң нақтылы мiндеттердi шешуге және нақты нәтижеге жетуге нысаналығы арқылы;

2) мемлекетте және шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде қалыптасатын және қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталатын қаржылық ресурстардың мөлшерi арқылы.

Жалпы шаруашылық механизмi сияқты қаржылық меха- низмнiң әp түрлi тұрғыдан қарастыруға болатын oғaн тән iшкi құ­ры­лы­мы­ бар.

Қоғамдық шаруашылықтың жеке бөлiмдерiнiң ерекшелiктерiне қарай және қаржылық қатынастардың сфеpалары мен буындары бөлiнуiнiң негiзiнде қаржылық механизм мем­ле­кет­ қар­жы­сы­ның­ ме­ха­низ­мі, ­ша­ру­ашы­лық­ жүргiзушi­ суб­ъектiлердiң­ қар­жылық­ ме­ха­низмi,­ сақ­тық­ ме­ханuзмі­ болып бөлінеді. Өз кезегiнде, бұл сфералардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды қамтиды. Мысалы, мемлекет қаржысының механизмi бюд­жет­тік­ ме­ханизм,­ бюд­жет­тен­ тыс­ қор­лар­ ме­ха­низ­мі,­ мем­ле­кет­тік­ кре­дит­ ме­ха­низ­мі­ болып бөлiнедi. Бюджеттiк механизм республикалық бюджеттің механизмі мен жергiлiктi бюджеттердiң механизмінен тұрады. Қаржылық механизмнің, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржылық механизмiнiң құрылымына: қаржы әдiстерi, қаржылық тұтқалар, құқықтық, нормативтiк және ақпараттық қамтамасыз ету кiредi. Аумақтық бөлiнicке сәйкес республиканың, билiктiң жергiлiктi органдарының қаржылық механизмi деп бөлуге болады.

Қаржылық механизмнiң құрылымында мынадай функциялық буындарды бөледi:

1) қаржылық ресурстарды жұмылдыру;

2) қаржыландыру;

3) реттеу;

4) ынталандыру.

Қаржы резервтері: қалыптастыру көздерімен белгілері. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың қаржы резевтері республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу кезінде жоспарланбаған шығындарды, олардың тосындығына және ағымдағы қаржы жылында шұғыл қаржыландыруды талап ететіндігіне байланысты қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамында құрылады. Бұл қаржылық резервтер: төтенше резервті, шұғыл шығындарға, соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға, облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резервтерді кіріктіреді. Үкімет қаржы резервінің жалпы көлемі республикалық бюджет туралы заңмен белгіленеді. Жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы көлемі тиісті жергілікті бюджет түсімдері көлемінің екі пайызынан аспауға тиіс. Төтенше резерв Қазақстан аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында пайдаланылады. ҚР Үкіметінің төтенше резерві Қаз-ң басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетілуіне де пайдаланылуы мүмкін. Шұғыл шығындарға арналған резерв ҚР-ң немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайларды жою мақсатында пайдаланылады. ҚР Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві, сондай-ақ оның шешімдерімен айқындалатын өзге де күтілмеген шығындарға пайдаланылуы мүмкін. Соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерв соттардың шешімдері бойынша ҚР Үкіметінің, орталық мемелекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындауға пайдаланылады. Қаржы резерв құрамында көзделген ақша толық көлемінде пайдаланылған жағдайда Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган қажет болған кезде Парламентке немесе тиісті мәслихатқа тиісті республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган резервтерінің мөлшерін ұлғайту туралы ұсыныстар енгізеді. Үкіметтің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін ағымдағы қаржы жылының соңына дейін тиісті бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді. Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың қаржы резервтерін пайдалану тәртібін ҚР-ң Үкіметі белгілейді.

Наши рекомендации