Дұшпандықпен және достықпен қосылу. 6 страница

Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі, оның сипаттамасы Салықтар- занды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде, мерзімде мемлекеттік бюджетке теленетін міндетті төлемдері.Салық жүйесі дегеніміз –бұл қаржылық ресурстардың жалпы мемлекеттік орталықтанған қорын қалыптастыру мақсатында мемлекетпен бекітілген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерден, сондай-ақ қағидаттар жиынынан және салықтарды салудың әдістері мен нысандарынан және салық қызметі органдарынан тұратын күрделі жүйе. 2007 жылдан бастап ҚҚС-ның ставкасын 1 пайызға, ал 2008-2009 жылдарда тағы да 1-2 пайызға төмендетіледі; 2) 2007 жылдан бастап барлық жеке тұлғалар үшін табыс салығының 10 пайыздық бекітілген ставкасы енгізілуде; 3) 2007 жылдың 01.01 шағын бизнес субъектілері үшін салық салудың кемітілген бірыңғай салық ставкасы енгізілуде; 4) 2008 жылдан бастап әлеуметтік салықты орта есеппен 30 пайызға төмендету ж/е басқалар.

Қазақстан Республикасының ақша реформасы, оның қажеттілігі мен жүргізу тәртібі1993 жылы 12 қарашада ҚР ның президенті Н.Ә Назарбаев «ҚР-на ұлттық валютаны енгізу туралы» жарғыға қол қойды. Осы жарғымен 1993ж. 15 қарашада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта теңге енгізілді. Ақша реформасы– валюталардың тұрақтылығын, ақша айналымын күшейту және реттеу мақсатымен мемлекет жүргізетін ақша жүйесінің жаңғартылуын көрсетеді. Жаңа ақша бірлігін енгізумен б/ы ақша реформасы-экономиканы дағдарыстан шығарудың бірден-біршамасы ж/е оның кезекті тұрақтылығын көрсететін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр. Сондықтан, Қаз-да 1993ж жүргізілген ақша реформасы мем-ң экон-қ саясатымен тығыз б/ы. Ол макроэк-қ тұрақтылыққа ж/е кезекті ақша кредит, баға, салық, инвес-қ саясаттың табысына жету мақсатымен жүргізілді.Қаз-да ақша р-сы нуллификация әдісімен жүргізілді, яғни ескі құнсыздалған кеңестік рубльдер айналымнан толық шығарылып, жаңа Қаз-қ ақша белгілері – теңгелер енгізілді. Ауыстыру тек 1 рет қана жасалды. ҚР ҰБ теңгенің валюталық бағамын: 1доллар 4 теңге 70 тиын шамасында белгіледі. Инфляцияның өсуі біршама ірі ақша купондарын қажет етті. 1994 жылдан бастап 200, 500, 1000 және 2000 купюрдағы 1995 жылы ұсақ тиындар біртіндеп айналыстан шығып қалды, олардың орнына мыс никельден жасалған 1, 3, 5, 10, 20 теңгеден монеталар шыға бастады. Сонымен Қазақстан теңгесі соңғы жылдары тұрақты төлем құралы болып қана қоймай, еркін алмастырылатын валюталарға шексіз айырбасталады және біршама тұрақты валюталар қатарына кіреді. Қазақстандағы ұлттық валютаның сәтті енгізілуі, әрі қарай оның сыртқы және ішкі тұрақтылығын қамтамсыз етуді талап етеді. 1922-1924 жж ақша реформасы. 1921 ж наурызда болған РКГ(б) ның Х съезінде жаңа экономикалық саясат қабылданды. Шаруалар салықтарын мемлекетке төлегеннен кейін артық өнімдерін базарда сатуға мүмкіндік туды. Қала мен ауыл арасында нарықтық қатынас дами бастады. Жеке меншік саудаға және ұсақ кәсіпке араласуына жол берілді. Ақша айналысын қалпына келтірудің басты бір қадамына 1922 ж мем/к ақша белгілерінің шығуы жатты. Мұндағы бір рубль бұрын шығарылған он мың рубльге теңесті. Ақшаларды қайта есептеу олардың төтр нөлін сызып тастау (деноминациялау әдісі) арқылы жүргізілді. Екінші рет деноминациялау барысында 1923 ж үлгідегі 1 рубль 1922 ж 100 рубльге н/се бұрынғы кеңестік ақша белгілерінің бір миллионына теңесті. Ақша реформасы екі кезеңде жүргізілді: 1922 ж 25 шілде және 11 қазанда Кеңхолком декрепимен Мембанкке 1, 2, 3,4, 5, 10, 25 және 50 червонец тұрғысындағы банктік билеттерді шығару туралы құқық берілді. Бір червонец соғысқа дейінгі алтын монетадағы 10 рубльге теңесті. Червонецтерді эмиссиялаудың несиелік сипаты олардың қарызды өтеу барысында банкке қайтарылуына қызмет етті. Сауда саттықтың және банктік несиелердің ұлғаюына қарай червонецтер де айналыста қолданыла бастады. Олар айналыстағы барлық ақша массасының нақты құнының 1.04.1923 -15%, 1.07.1923ж-37%, 1.10.1923ж -74% құрады. Кәс/р арасындағы барлық ақшалай есеп айырысулар мем/ң кірістері мен шығыстары және басқа да төлемдер червонецтермен бейнелене бастады. Шын мәнісінде елде екі валютаның қосарлы айналысының жүйесі қалыптасты: Мембанктің несиелеу барысында шығарған червонец және халықаралық қаржы комитетінің бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығ/н кеңес ақшасының белгілері. Екі валютаның қосарлы айналысы халық пен экономика жағдайына қатты әсер етті. Жалақы червонецтердің түрінде есептелгенмен кенестік ақшалық белгілерінде берілді. Шаруалар өздерінің өнімдерін құнсыз кеңестік ақшаларына сатқылары келмеді. 1.05.24ж айналыстағы ақша массасы астрономиялық санға-762,3 квадриллон рублые жетті. Бұл ақша массасының нақты құны (червонецтегі) 15,2 млн.рубльді құрады. 5.02.24.ж Орталық атқару комитеті және халық Комиссалар кеңесі декіретіне байланысты ақша реформасы тоқтатылды. Айналысқа 1,3 және5 рубльдегі қазынашылық билеттер шығарды мұндағы 10 қазыналық рубльдің құны 1червонецке теңесті. Кеңес ақша белгілерін шығару тоқтатылды. 22.02.24ж бастап 10, 15, 20 және 50 тиындық күміс монеталар және 1, 2, 3 және 5 тиындық монеталар шығарылды. 1888 ж.дүниеге келген Григорий Яковлевич Сокольников (1922-1924ж.ж.) ақша реформасын ұйымдастырушы және теоретші болды. Реформа ақша айналысын реттеуді, Ақша белгілерін эмиссиялауды қатаң орталықтандырып Ұлы Отан Соғысына тұрақты ақша жүйесімен қадам басуға мүмкіндік жасады.

Қазақстан Республикасының индустриялық- инновациялық дамуын ынталандырудағы инвестициялық салықтық преференциялары Салықтар- занды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде, мерзімде мемлекеттік бюджетке теленетін міндетті төлемдері.Инвестициялық салық преференциялары – корпорациялық табыс салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша беріледі.Инвестициялық салық преференциялары д/з– КТС-н төлеуден босату немесе жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңарту мақсатында инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын салық төлеуші заңды тұлғалардың жылдық жиынтық табысынан қосымша шегерімдер жасауға құқық беру, мұндай салық төлеушілерді жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңарту мақсатында тіркелген активтер бойынша мүлік салығын төлеуден босату, сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын төлеуден босату.Преференциялар салық төлеушілерге преференцияларды қолданудың басталу күнін белгілейтін келісім шартқа сәйкес мынандай мерзімдерді:1.Келісім шарт жасасу кезінде шаруашылық қызметтті жүзеге асыратын салық төлеушілер – тіркелген активтер пайдалануға берілегн жылдан кейінгі жылдың бірінші қаңтарынан бастап;2.Жаңадан құрылған салық төлеушілер тіркелген активтерді пайдалануға берген көзден бастап беріледі.3.Инвестициялық салық преференциялары инвестициялық жобаны іске асыруды жүзеге асыратын салық төлеуші заңды тұлғаларға беріледі.Қызметін жана өнірістерді құру жөніндегі инвестициялық жоба шенберінде ғана жүзеге асыратын жаңадан құрылған салық төлеушілер үшін корпорациялық табыс салығы бойынша преференциялар Салық кодекісінің 125 бабына сәйкес есептелген корп. Табыс салығын жүз пароцентке азайтуға құқығы бар.Преференциялар беру тәртбі мен шарты ҚР-ның инвестиция туралы заңдарында айқындалған.

Қазақстандағы бюдетаралық қатынастарды реттеудің ерекшеліктері. Бюджетаралық қатынастар – бұл тұрақты немесе ұзақ мерзімді негізде елдің бюджеттік жүйесіне түсетін кірістер, қайтымды ақылы және ақысыз негізде уақытша көмек көрсету, сонымен қатар биліктің әртүрлі деңгейлері және бір билік деңгейінің әртүрлі мүддесінде, шығындарды қаржылындыру үшін аумақтарды біріктіру бойынша бюджеттік үдеріс барысында мемлекеттік және муниципалдық билік органдары арасында пайда болатын, экономика-құқықтық қатынастар.

Бюджеттік процестегі жоғары тұрған және төмен түрған бюд-жеттер деңгейлері арасындағы қатынастарды бюджетаралық қа-тынастар деп есептейді Бюджеттік реттеу бюджет ресурстарын Негізінде бюджетаралық қатынастар жүйесі — ол басқару субъектілерінің әрекеттесуін реттейтін бас механизмдерінің бірі, яғни республикалық пен облыстық, облыстық пен аудан-дық билік деңгейлері арасындағы өзара әрекеті. Бұл жүйе өз алды принциптер, әдіс-тәсілдер мен қаржылық құралдар жиын-тығымен көрсетіледі. Олар әр түрлі бюджеттердің кірістері мен шығындарын қалыптастыруда пайдаланады және солар арқылы мемлекет бюджеттік өзара байланыстар мен бюджеттік ағын-дарды тағайындайды және бір ортаға топталған ресурстарды таратады..
Сонымен қатар бұл жүйе келесі негізгі мақсаттарды шешуін қамтамасыз етуге тиісті:
• мемлекет көрсететін қызметтер минимумын елдің барлық аумағындағы барлық азаматтарға кепілдемелі қамтамасыз ету;
• бюджеттердің барлық деңгейінің өзін-өзі қаржы жеткілік-тілігін қамтамасыз ету;
• бюджет деңгейлері арасындағы қаржылық ағындарды ретке келтіру;
• аумақтардың әлеуметті-экономикалық дамуының бірқа-лыпты деңгейін қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне сәйкес бюджетаралық қатынастар бұл – «бюджет үрдісіндегі жоғары тұрған бюджеттердің төменгі бюджеттермен қарым-қатынасы».
Бюджетаралық қатынастарды реттеу әдістері. Төмен түрған бюджеттерге қаржылық жәрдем көрсетудің бірыңғай әдістерін қолдану арқылы елдің әр түрлі аймақ түр-ғындары мемлекеттік қызмет түтынуының стандарттық бірынғай деңгейін қамтамасыз ету көлбеулі (горизонталды) бюджеттік теңестірудің маңызы болады. Сондыңтан көлбеулі бюджеттік теңестіру механизмі аумақтар бойынша мемлекеттік қызмет түтынудың деңгейі мен әрбір билік деңгейі үшін сол қызметтердің құнын теңестіруі тиіс.

Ең көп таралған әдіс - ол ресми трансферттер механизімін пайдалану. Олар жалпы сипаттағы трансферттер, мақсатты ағым-дағы трансферттер және дамуға арналған мақсатты трансферттер-ге бөлінеді. Мақсатты трансферттер мен несиелік ресурстар жер-гілікті атқарушы органдармен тек қана олардың мақсатты белгілеулеріне сәйкес пайдаланады. Қаржылық жыл бойы пайдаланбаған немесе мақсатты емес белгілеулерге пайдаланған мақсатты трансферттер мен несиелік ресурстар сомалары міндетті түрде жоғары тұрған бюджетке қайтарылады.
Осы жоғарыңа келтірілген көлбеулі бюджеттік теңестіру әдістері барлық елдерде пайдаланады, бірақ олардың арақатына-сы, қолдану және есептеу әдістері барлық елдерде әр түрлі, себебі олар әр түрлі бюджетаралық қатынастар моделі қалыптасатын нақты экономикалық ахуалға сәйкес болады.

Қазақстандағы бюджеттің қазынашылық атқарылуы . Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі (бұдан әрі – Ереже) республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу және оған кассалық қызмет көрсету тәртібін, мемлекеттік мекемелердің және уәкілетті мемлекеттік органдардың бюджетке түсімдердің түсуін қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бойынша іс-қимыл тәртібін айқындайды.

Бюджеттің атқарылуы үшін қаржыландыру жоспарларының мынадай түрлерін: мемлекеттік мекемелер – мемлекеттік мекеменің міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын (бұдан әрі – міндеттемелер бойынша жеке жоспар) және мемлекеттік мекеменің төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын (бұдан әрі – төлемдер бойынша жеке жоспар);
бюджеттік бағдарламалар әкімшісі – міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарын және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі – бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспары);
бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган – түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын әзірлейді.

Қаржыландырудың жеке жоспарлары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне, кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларына, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың бекітілген паспорттарына, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтініміне, Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына (бұдан әрі - ҚР ББС), Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына (бұдан әрі – Мемлекеттік мекемелердің анықтамалығы) сәйкес және осы Ережеде белгіленген тәртіппен әзірленеді.

Қаржыландырудың жеке жоспарлары бөлшек қалдықтары бар, үтірден кейін бір белгісі бар сандармен мың теңгемен қалыптастырылады, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары, бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бөлшек қалдықсыз бүтін сандармен мың теңгемен қалыптастырылады.

Қазақстандағы дағдарыстан кейінгі дамудың ерекшеліктері және экономиканы тұрақтандыру қалпына келтіру бойынша қаржылық шаралар Бүгінгі күні Қазақстан дағдарыс кезеңінде мемлекет қандай саясат жүргізуі керектігі жөнінде әлемде алғашқылардың бірі болып жүйелі жауап ұсынды деп сеніммен мәлімдеуге болады. Осы жақында республика Үкіметі қабылдауға бел байлап отырған нақтылы қадамдары жөнінде мәлімдеді. Атап айтқанда, белсенді саясат, яғни стратегиялық салаларды инвестициялау бағытын ұстануды алға тартты. Мысалы, таяу уақыттары экономиканы құрылымдық реформалау күтілуде, оның нәтижесінде бюджет, әкімшілік және салық кодекстері елеулі өзгерістерге ұшырайды. Енгізілген түзетулер 2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап күшіне енеді.Қазақстан экономикасындағы тұрақтандыру жоспарын іске асыру аясында мемлекет 2,2 триллион теңге шамасында немесе ішкі жалпы өнімнің 20 пайызына жуығын инвестициялайтын болады. 480 миллиард теңгеге жуығы қаржы секторын тұрақтандыруға жұмсалады, ол қаржы мекемелерінің өтімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Республикада Стрестік активтер қоры құрылған, оның міндетіне күмәнді активтерді сатып алу және одан әрі оларды басқару есебінен отандық банктердің несиелік қоржындарын жақсарту енеді. Жаңадан құрылған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры – тұрақтандыру жоспарын іске асыруға арналып бөлінген қаржылық қаражаттардың негізгі операторы жұмыс істей бастады.Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 120 миллиард теңге жұмсалады – бұл елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ болашақ, астық, ет және көкөніс экспортына мүмкіндік береді. Осындай көлемде қаржы экономиканың нақты секторына түседі – бұл қаражаттар кәсіпорындарды жаңартуға бағытталады. Дағдарыстық жағдайға қарамастан, Қазақстан өкіметі алға көз жіберіп отыр және инфрақұрылымға біраз ақша салмақ. Үкімет жаңа жолдар мен электр желілерін тартуды жоспарлап отыр, бұл экономиканың дамуын еселей түсіп, дағдарыстан кейінгі кезеңде бәсекеге қабілетті болуына жағдай жасайды.Бүгінгі күрделі жағдайда баға белгілеу мен бірқатар компаниялардың жұмысына араласпаса болмайды. Мемлекет негізгі үш мұнай өңдеу зауытының капитал үлесіне кіріп, елдің ішінде отын бағасын бақылау мүмкіндігіне ие болды. Соның арқасында бензин орташа алғанда 20 пайызға арзандады. Салыстыратын болсақ, Ресейде, президент Дмитрий Медведевтің сынға алғанына қарамастан, жанармай бағасы бар болғаны 4-ақ пайызға төмендеді. Бұдан басқа, үкімет ішкі нарықта өткізілетін шикі мұнайға, шетелде сатылатыннан гөрі 2 есе төмен құн салығы индексі мөлшерлемесін белгіледі. Осыған орай 2009 жылы республикада жанармай бағасы одан әрі төмендейді деп күтілуде.Қазақстан шикізаттық емес секторға бұрын-соңды болмаған салықтық түзетулерді қабылдады. Корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі 30 пайыздан – 2009 жылы 20 пайызға, 2010 жылы – 17,5 пайызға және 2011 жылы – 15 пайызға дейін азаяды. Үкіметтің есептеулері бойынша, тұтастай алғанда, салық жүктемесінің азаюы республика кәсіпорындарына келесі жылы 500 миллиардқа жуық теңгені босатуға және оны өндірісті дамытуға салуға мүмкіндік береді.

Қазақстанның 2010-2015 жылдарға арналған жеделдетілген Индустриалдық-Инновациялық бағдарламасы және оның Қазақстан экономикасындағы рөлі.Өткен жылы Қазақстанның үдемелі индустриалды-инновациялық даму картасына бойынша 152 нысан пайдалануға берілген болатын. Мемлекеттік бағдарлама аясында 23 мың жұмыс орны ашылды. Атап өтетін жайт, мұндай жоспарды 2014 жылға дейін жүзеге асыру көзделген еді. Алайда, бағдарлама уақытынан бұрын іске асуда. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі биыл да бірталай жобаның тұсауын кесуді жоспарлап отыр. Биыл 70-тен астам жоба іске қосылады деп жоспарланған. Оның 12-сі алдағы уақытта жүйелі түрде жұмыс жасайтын ірі кәсіпорын. Сонымен қатар, бұдан бөлек 13 инвестициялық жобаны «Самұрық-Қазына» қорының еншілес құрылымы жүзеге асырады. Оның 7-еуі 2011 жылы іске қосылады деп жоспарланған. Жуырда Қазақстанның үдемелі индустриалды-инновациялық даму картасына өзгерістер енгізіледі. Қазірдің өзінде 30 кәсіпорын қарқынды түрде жұмыс жасауда. Сондықтан, оларға қаржылай қолдаудың қажеті жоқ. Бұдан былай оларға көрсетілген қолдау өзгелерге бағытталады. Алайда, еліміздегі компаниялардың барлығына қаржылай қолдау көрсетілмейді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, төрт нысан уақытында іске қосылған жоқ. Бұған маусымдық өзгерістер мен жұмыс күшінің жетіспеушілігі негіз болған. Қазірдің өзінде индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне кәсіпкерлерден жаңа өтініштер келіп түсуде. Олардың барлығы үкімет қолдауына үміт артуда. Олардың 206-сы кәсіпорнын биыл іске қосуға дайын екендігін жеткізсе, 70 компания келесі жылы өз жұмысын бастамақ. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы 2010-2014 жылдарға арналған. Осы карта аясында елдің ішкі жалпы өнімі 7 трлн. тенгеге өседі деп күтілуде. Ал, қайта өңдеу саласының ішкі жалпы өнімдегі үлесі 12,5 пайызды құрайды деп жоспарланған. Жаңа кәсіпорындардың ашылуы шикізаттық емес экспорт ауқымының 40 пайызға ұлғаюына серпін беруі қажет. Жалпы алғанда 2014 жылға дейін индустриалды-инновациялық даму картасы бойынша 25 млрд доллар игерілмек. Бағдарламаның мақсаты, басымдықтары, міндеттері мен принциптері Мақсаты - әртараптандыру мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың орнықты және теңгерімделген өсуін қамтамасыз ету. 2015 жылға нысаналы индикаторлар: мыналар: ЖІӨ-ні кемінде 7 трлн. теңгеге, бұл 2008 жылғы ЖІӨ-нің шамамен 50%-ға ұлғайып, нақты мәнде ЖІӨ-нің өсімі 15%-ын құрайды; ЖІӨ құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесі кемінде 12,5 % деңгейіне дейін; экспорттың жалпы көлеміндегі шикізаттық емес экспорт үлесі кемінде 40 % деңгейіне дейін;

өңдеуші өнеркәсіптің жиынтық өндірісі көлемінен шикізаттық емес экспорт көлемінің үлесі кемінде 43 % деңгейіне дейін; өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі кемінде 1,5 есеге; агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігін ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін бір адамға шаққанда 3000 АҚШ долларынан бастап кемінде 2 есеге; мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтер мен компаниялардың тауарларды сатып алуда қазақстандық қамту үлесі - 60 %-ға дейін, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу 90 %-ға дейін; жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санынан инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі 10 %-ға дейін ұлғаяды. Мыналар: шикізаттық емес сектордың өзіндік құн құрылымындағы көлік шығындарының үлесі кемінде 8% деңгейіне дейін; ЖІӨ қуат сыйымдылығы 2008 жылдың деңгейінен кемінде 10 %-ға төмендейді. Басымдықтар: ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі өсуінің маңызды шарты ретінде өндіріс факторларының өнімділігін арттыру; экспортқа ағытталған жаңа жоғарғы технологиялық өндірістерді жасауға басым тікелей шетел инвестицияларын тартуға екпін беру; ұлттық инновациялық жүйені дамыту мен нығайту; экономиканың шоғырландырылу деңгейін төмендету және индустрияландыру процесінде шағын және орта бизнестің рөлін күшейту; экономикалық әлеуеттің ұтымды кеңістігін ұйымдастыру. Міндеттер: Әртараптандыру мен бәсекеге қабілеттілік өсуін қамтамасыз ететін экономиканың басым секторларын дамыту; Экономиканың басым секторларын дамытудың әлеуметтік тиімділігін күшейту және инвестициялық жобаларды іске асыру; индустрияландыру үшін қолайлы ортаны құру; экономикалық әлеуетті ұтымды аумақтық ұйымдастыру негізінде экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру; экономиканың басым секторларын дамыту процесінде мемлекет пен бизнестің өзара тиімді әрекетін қамтамасыз ету. Бағдарлама мынадай принциптерге негізделеді: бизнес-бастамаларға бағдарлану; шикізаттық емес секторда «серпінді» жобаларды және кластерлік бастамаларды қолдау; мемлекет пен жеке меншік сектор арасындағы тәуекелдерді оңтайлы бөлу және индустрияландыру процесінде олардың рөлдерін нақты айқындау; жаңа бизнес-мүмкіндіктерді мультипликациялау; итеративтік, Бағдарламаны іске асыру барысында қатысушылар құрамынан жобаларды пысықтау деңгейі бойынша перманентті нақтылаумен байланысты; транспаренттік - Бағдарламаға қатысушылардың, мастер-жоспарлардың мазмұнының, өтініш берушілердің сұрауларының, мемлекеттік қолдау шараларының, Бағдарламаны іске асыру мониторингінің нәтижелерінің ашықтық принципі; тең қолжетімділік - Бағдарлама қатысушысы отандық, сонымен қатар шетелдік компания да, ірі және орта, шағын кәсіпорындар да болуы мүмкін; бәсекелестік - тиімді жобаларды ілгерілету және экономикалық емес әдістерді пайдаланудың алдын алу негізі ретінде; трансферттік (қолданылу әсері) - нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық базаны жетілдіруге қатысты (бизнес-ортаны жақсарту) мемлекеттік қолдау шаралары, экономикалық қызметтің барлық субъектілеріне қолданылады; сабақтастық - іске асырылып жатқан бағдарламалық құжаттарда көзделген мемлекеттік саясаттың аса тиімді шаралары осы Бағдарламаны іске асыру кезінде қолданылатын болады. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары 1. Экономиканы әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттігінің өсуін қамтамасыз ететін басым секторларын дамыту. Алдағы кезеңде индустрияландыру саясаты индустриялық-инновациялық процестердің жеделдетушісі болатын «дәстүрлі мамандандыру» салаларын дамыту арқылы басым шикізаттық емес секторды озыңқы дамытуға бағытталған болады. Мемлекеттің күш-жігері экономиканың мынадай басым секторларын дамытуға топтастырылады: дәстүрлі: мұнай-газ секторы, тау-кен металлургия кешені, шикізат өндірістерін кейіннен аса жоғары қайта бөлулерге ауыстыратын атом және химия өнеркәсібі; жер қойнауын пайдаланушылар, ұлттық компаниялар және мемлекет сұранысына негізделген: машина жасау, құрылыс индустриясы, фармацевтика; шикізаттық сектормен байланыстырылмаған және экспортқа басым бағдарланған өндірістер: агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, туризм; келесі 15-20 жылда әлемдік экономикада үстем рөлге ие болатын «болашақ экономикасының» секторлары: ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар, баламалы энергетика, ғарыш қызметі. Көрсетілген секторлардың тізбесі толық емес әрі Бағдарламаның іске асырылу барысында толықтырылып отырады.Экономиканы сәтті әртараптандыру республиканың тұрақты дамуымен, соның ішінде тұрақты дамуды басқару жүйесін оңтайландыру және көмірсутегі төмен экономиканың, сондай-ақ инвестициялар тарту, экологиялық проблемаларды шешу, табиғи экожүйелерге антропогендік жүктемелердің кері әсерін азайту, табиғатты пайдаланушылардың қоршаған ортаға эмиссиясын азайту, қалдықтарды кешенді қайта өңдеу мәселелерінде «жасыл» саясатты енгізу жолымен республиканың тұрақты дамуымен үздіксіз байланысты.Экономиканы әртараптандыруды жеделдету процесінде мемлекет тиімсіз жобалардың іске асырылуына қарсы тұратын болады, сондықтан жобаларды қолдаудың негізгі өлшемдерін таңдауға ең алдымен Кеден одағының әлеуетін іске асыру мүмкіндігімен байланысты өнімділік, энергия тиімділігі және экспортқа бағдарлану жатады.

Наши рекомендации