Тоң басқан» обалардың зерттелуі: тарихи және мәдени аспектілері
Еуразия құрлығында өмір сүрген сақ (скиф) тайпалары археологиялық деректер бойынша б.з.б. VІІІ-І ғғ. Оңтүстік Сібір, Орта Азия, Батыс Түркістаннан бастап Балхаш, Алтай, Памирге дейінгі жерлерді мекендеді. Орта Азия, Сібірден бастап Қара теңіз жағалауына дейін өмір сүрген сақ тайпаларының тарихы бүгінгі күні де өз деңгейінде зерттелген жоқ. Алайда, Ресей ғалымдарының жүргізген археологиялық жұмыстары сақ мәдениетінің б.з.б. VІІІ-І ғғ. өте жоғары болғанын дүние жүзіне дәлелдеді.
Соған сол мәдениеттердің бір бөлігі ретінде Пазырық мәдениетінің обаларын жатқызамыз. Пазырық мәдениеті Таулы Алтайдың барлық дерлік жеріне тараған екен. Ал Шығыс Қазақстанда ерекшеленгені Берел қорымы.
Пазырық мәдениетіне жататын ескерткіштердің саны көп болғанымен (бізге мәлімі зерттелген нысандар саны 120-дан астам), олардың арасында тоң қабаты бар қорғандар 6% ғана.
Сонымен, шамамен 140 жыл бойы зерттеліп келе жатқан Алтай аумағындағы тоң басқан қорғандарды зерттеу барысында жоғарғы өнер санатына жататын ескерткіштерден табылған археологиялық артефактарға талдау жасай отырып, ежелгі көшпелілердің мәдениетінде, салт-санасында, өнерінде қайталанбас орны бар құндылықтарға көз жеткізуге мүмкіндік туып отыр.
Осы күнге дейін Таулы Алтайдағы сақ есткерткіштерінің хронологиясы мен периодизациясы басқа сақ заманының ескерткіштеріне қарағанда анағұрлым жақсы зерттелініп, жасақталған болып саналып келді. Бұндай қортынды жасауға барлық негіз бар еді. 1) Сақ заманының қорғандарының аса көп мөлшерде зерттелінуі. (650 аса қорған); 2) алынған материалдардың тез арада ғылыми айналымға енуі мен 100-ден аса ғылыми мақалалар және 20-дан аса монографиялар; 3) тоң басқан обалардағы органика мен ағаштың өте жақсы сапада сақталуы, дендрохронологиялық және радиокөміртектік анализ жасалып, нақты хронологиялық мағлұмат алынды; 4) Еуразия кеңістігінде сақталуы жағынан бірегей жылқының ат-әбзелдері мен ер-тоқымның көптеп табылуы; 5) Алдыңғы Азия мен Қытайдан әкелінген импорттық заттардың табылуы, аталмыш өркениеттердің әрі көршілес мәдениеттердің ықпалымен жасалынған өнер туындылырының көптеп табылуы; 6) салыстырмалы түрде қару-жарақ түрлеінің мол кездесуі [5, 23б]. Осындай нақты хронология беретін материалдардың көптігі негізінде М.П. Грязнов өзіндік Таулы Алтайдағы сақ заманының периодизациясын жасаған болатын. Көптеген уақыт бойына кеңестік археолог ғалымдар Таулы Алтайдағыерте темір дәүірін М.П. Грязновтың жасаған периодизациясын пайдаланып келді. Ғалым дәуірді 3 кезеңге бөлді:
1) Майемер б.з.д. VIII- V ғғ.
2) Пазырық б.з.д. V-ІІІ ғғ.
3) Шибе б.з.д. ІІ-І ғғ. [4, 35 б].
Алайда ХХ ғ. 60-80 жж. археологиялық материалдардың жиналауына байланысты аталмыш хронологиялық құрылым нақты аймақтағы тарихи үдіріске сай келмейтіндігі анықтала бастады. М.П. Грязнов өзінің тұжырымдамасының олқылықтарын түсініп, ерте темір дәуіріннің кезеңделуіне күрті кезеңін ( б.з.д. VIIІ- VII ғғ. ) қосып, Майемер кезеңінің мерзімін б.з.д. VII- VI ғғ. жасарту арқылы өз тұжырымдамасын жаңартқысы келді. Алайда, аталмыш ой және күрті мен майемер кезеңдерін біріктіру ойлары кей ғылымдардың наразылығын тудырды. М.П. Грязновтың тұжырымдамаларын қайта қарап, өзгертуі Еуразия кеңістігінде сақ заманының ассосацияланатын «Ерте көшпелілер» ұғымының дұрыс еместігін бірқатар ғалымдар айта бастады. Д.Г. Савинов осы жағдайда М.П. Грязновтың ұсынған терминің этнография мәліметтерін пайдалана отырып нақтылауға талпыныс жасайды. Д.Г. Савинов «көшпелілер» терминің өзара тығыз байланысты шаруашылық және әлеуметтік аспектіде қарастыруға болатының атап көрсетеді де М.П. Грязновтың қателігі «ерте көшпелілерге» көшпелі өмір салтын ұстанбаған мәдениеттерді (Тагар) жатқызуын да екендігін меңзеп, «ерте көшпелілер» дәуіріне соңғы қоладан бастап, алғашқы мемлекеттердің қалыптасуы (ғұн-сармат кезеңі) уақыты аралаығындағы нақты тарихи кезең ретінде қарастыруды ұсынады [8, 49-52].
Таулы Алтайдағы б.з.д. VI-ІІ ғғ. уақытымен мерзімделетін жүздеген қорғандардың қазылуы, ғылыми айналымға жаңа, тың материалдардың енгізілуі зерттеушілерге дәуірдің тарихи-мәдени жағдайын қайта қарастыруға, приодизациялауға жаңа мүмкіншілік туады. А.С. Суразаков пазырық мәденитімен параллель өмір сүрген қара қоба (б.з.д. VI-ІІ ғғ.) мәдениетін пазырық мәдениетінен бөліп шығады. Қара қоба мәденитінің пазырық мәдениетінен ерекшелігі мәйітті тас жәшікке, жылқысыз, әрі балбалдар мен тас қалаулардың болмауында.
Қара қоба мен пазырық мәдениетерінің төңірегінде А.С. Суразаков барлық белгілі ескерткіштерді 3 хронологиялық топқа бөледі:
1) Б.з.д. VІ ғ. аяғы мен – V ғ.
2) Б.з.д. V- IV ғғ.
3) Б.з.д. ІІІ-ІІ ғғ. [9, 42-52].
Сонымен қоса, аталмыш кезеңдегі Солтүстік-Батыс Монғолияның, Тываның, Шығыс Қазақстан мен Таулы Алтайдың есткерткіштерін Саян-Таулы Алтай мәдени-тарихи қауымға біріктіреді. В.А. Могильников аталмыш мәселеге өзіндік қырмен жақындап, ерекше Пазырық мәдениетінің шеңберінде ерте сақ уақытын екіге бөлуді ұсынады.
1) Күрті б.з.д. VIІІ- VIІ ғғ.
2) Майемер б.з.д. VIІ- VI ғғ. [10, 35-67 б] .
Сонымен қоса автор мәдениеттің екі локальдық таралу нұсқасын көрсетеді: оңтүстік (күрті-қатондық) және солтүстік (усть-куюмдік). Усть-куюм локалдық нұсқасы негізінде б.з.д.V-ІІІ ғғ. қара қоба мәдениеті, ал жергілікті тайпалармен Қазақстанның далалық аймағынан келген тайпалардың өзара әрекеті нәтижесінде пазырық мәдениеті қалыптасады. Зерттеуші ғалым Оңтүстік-Шығыс Алтайда пазырықтық, ал Орталық Алтайда, Катунь мен Урсуль өзенінің орта ағыстарында қара қобалық пен аралас ескерткіштер көптеп кездеседі. Орталық Алтайда қара қобалық типтегі есткерткіштермен қоса пазырықтық үлкен қорғандардың кездесуі (Башадар, Тұяқты, Шибе және т.б) пазырықтықтардың осы территорияға үстемдік жүргізгенін меңзейді. Қос мәдениеттің есткерткіштерін қамтитын аралас қорымдардың болуы, екі мәдениеттің байланысы мен қара қобалықтардың пазырықтықтармен ассимиляцисына дәлел бола алады. [11, 60-107 б].
Расында, А.С. Суразаков ерекше қара қоба мәдениетіне қарсы болып, П.И. Шульганың қолда бар бүтін материалдарды анализдай отыра, пазырық мәдениетіне әртүрлі жерлеу ғұрыптары тән деген пікірімен келісіп, Таулы Алтайдағы ерте көшпелілердің мәдениетінің қалыптасуына керексур мәденитінің тайпаларымен монгуй-тайгин тайпаларының қатысуымен қалыптасқандығын жазады. Өзінің «Горный Алтай и его северные предгорья в эпоху раннего железа. Проблемы хронологии и культурного разграничения» атты монографиясында 1980-ші жылдардың басында белгілі болған материалдарды жинақтап, қарастырған есткерткіштерді 3 хронологиялық бөлімге бөлген: пазырық, қара қоба, Чумыш-ишиматты топтар. Әрбір аталмыш топ жерлеу ғұрыптық кешендерінің әрқилылығымен ерекшеленеді.
Өткен ғасырдың 80-ші жылдар ортасында жинақталған археологиялық материалдарды А.С. Суразаков қортындылай келе пазырық мәдениетінің аяқталу шегі М.П. Грязнов, В.Д. Кубарев ұсынғандай б.з.д. II-I ғғ. емес, б.з.д III-II ғғ. мерзімделуі жөн деген [12, 98-105 б].
Айта кетерлік жайт өз уақыттарында С.И. Руденко кейіннен С.С. Черников соңғы пазырық есткерткіштерін Шибе кезеңіне жатқызылуына қарсы болған [13, 70]. 1970-шы ж. аяғында Шибеде қатардағы қорғандардың қазылуы жаңа материалдардың жиналуына септігін тигізді де, Таулы Алтайдағы сақ заманының аяқ мерзімін шибемен аяқтаудың дұрыстығы көріне бастады. Нәтижесінде Шибе қорғаның мерзімі б.з.д.ІІІ ғасырдан аспау керек деген тоқтамға келді. Аталмыш жаңа мәліметтерді ескере отырып, Д.Г. Савинов пазырық мәдениетінің аяқталу шегі б.з.д. II-I ғғ. апару қажет деді. Алайда, бұл көзқарас дәстүрлі көзқарасқа альтернатива ретінде қарастырылып, тек 1980 жылдардың ортасынан бастап ғалымдардың көпшілігі пазырық мәдениетінің аяқталу мерзімі б.з.д. II-I ғғ. екендігін қуаттай түсті [14, 137-144 б].
Өзіндік мәдени-хронологиялық тұжырымдама Л.С. Марсадоловтың еңбектерінде кездеседі. Алтайдың есткерткіштерін ол екі кезеңге бөледі. Біріншісі майемер кезеңі б.з.д. VIII-VII ғғ. аралығын қамтиды да, өзіне екі түрлі есткерткіштерді біріктірген («созыла жатқан» және «бүгіліп жатқан»). Екінші пазырық кезіңі шартты түрде б.з.д. VI-IV ғғ. мерзімделді. Ғалым майемер кезіңінің аяқталып пазырық уақытысының басталуы бірқатар тарихи оқиғалармен қатар жүргенін тілге тиек етеді. Мысалға Ассирияны мидиялықтардың талқандауы, скифтердің Кіші Азияға жорығы, Ахеменидтер мемлекетінің күшейуімен сайкес келсе, Пазырық уақтысының аяқталуы А. Македонскийдің Кіші және Орта Азияға жорығы уақытысына сәйкес келді [15, 1-16 б]. Әртүрлі анализдер арқылы алынған мерзімдер ерте көшпеллілердің даму сатыларын нақты тарихи фактілермен байланыстыруға сепігін тигізді.
Өткен ғасырдың 80-ші жылдар аяғында бірқатар зерттеушілердің қызығушылығы Қытайдағы ерте темір дәуіріне және сақ уақытындағы Алтай мен Қытай арасындағы байланысқа ауады. Н.В. Полосьмак өзінің бір мақаласында осы мәселеге тоқталып өтіп, Солтүстік-батыс Синьцзянның қорғандарынан алынған материалдардың (аң стилінің элементтері, ыдыс, қару жарақ, киімдері мен татуировка ) және жерлеу ғұрпындағы кейбір ұқсастықтар, мысалға мумиялау белгілі дәрежеде Таулы Алтайлықтар мен Синьцзян халқымен байланыста болғанын меңзейді [16, 342 б]. А.А. Ковалев соңғы сақ уақытында Ордос пен Саян-Алтайда діни-саяси тұтастық орнағанын жазады. Олай деуінің себебі Ордос халқының Саян-Алтай мен Батыс Сібірге жылжуы, болса, келесі себебі Ордос қоғамында Саян-Алтай дәстүрі негізінде айрықша субмәдениеттің қалыптасуы [17, 75-82 б]. Зерттеуші Ордос пен Алтай тайпаларының басшылары арасында этникалық тұтастық болғандығын жазады. Алайда, бұл пікіріне дәлеле келтірмейді. Кей ғалымдар бұл мәселеде тіптен артық кетеді. Мысалға С.А. Яценко пазырық өнерінің кей бейнелерін қарастыра отырып Солтүстік-Батыс Қытай пазырықтықтардың аталары тұрған мекен деген пікір айтады [18, 85-92 б]. Бұл пікірге лезде қарсы пікір білдіргендер өте көп болды. П.И. Шульга пазырық қорғандарыннан табылған қытайлық бұйымдар соңғы сақ заманының қорғандарынан табылады, ал қытайлық деп танылып жүрген көптеген бұйымдар, шын мәнісінде қытайлық емес, Алдыңғы Азиялық болуы мүмкін деген ой айтады [19, 106-123 б]. Ғалымның пікірінше Алтай мен Шығыс Түркістанның қатынасы ерте сақ заманында басталуы, пазырық мәдениетін оңтүстік-шығыс территориялардан шығаруға негіз бермейді, керісінше Алтай малшыларының Алдыңғы Азиямен дәстүрлі қатынасын көрсетеді. Соған қарамастан ордос пен пазырық тайпалары арасында мәдени сабқтастықты айтуға болады, ал қандайда бір этникалық, туыстық сабақтастық туралы сөз қозғау әзірше ерте.
Келесі шешуін табуды талап ететін мәселе пазырықтықтарды жазба деректерде кездесетін нақты этникалық топтарға жатқызу. Өз уақытында С.И. Руденко пазырықтықтарды қытай жазба деректерінде кездесетін юечжилармен атауды ұсынды [20, 148-152 б]. Тарихтан белгілі болғандай б.з.д. ІІІ-ІІ ғғ. хундардың қысымына шыдамай пазырықтықтардың бір бөлігі Орталық Азияға жылжып, бір бөлігі Таулы Алтайда қалып қояды. С.И. Руденконың көзқарасын Д.Г. Савинов,Б.И. Кузнецов және т.б. бірқатар ғалымдар қолдады. Бірақ ақырғы жылдары бірқатар ғалымдар бұндай көзқарасқа қарсы мақалалар жарялап жатыр. А.А. Ковалев юечжилар алғашқы рет қытай жазба деректерінде б.з.д ІІ ғасырларда кездесетіндігін жазады. Алайда Д.Г. Савинов С.Г.Кляшторныймен бірігіп жазған еңбектерінде юечжиларды пазырықтықтармен теңестірудің дұрыстығына салмақты дәлелдер келтіреді [21, 172 б.].
1980-90 жж. ғалымдар пазырық қорғандарында табылған антропологиялық материалдарға қатты көңіл бөле бастады. Алғашқысында ғалымдар 1940-50 жж. айтылған пікірлер негізінде пазырық мәдениетін тасмалдаушылардың нәсілдік құрамы европеоидтық, монғолоиттық және метистік типтер деген идеяны қабыл алған еді.
Келесі уақыттарда антрпрологиялық материалдардың жиналуы, осы салада ғылыми ізденістердің дамуыныа ықпал етті. Нәтижесінде пазырықтықтардағы негізгі европеоиттық компонент Парфия, Маргиан, Солтүстік Бактрия территоиясындағы көшпелі және жартылай көшпелі халықтардікімен бірдей екендігі анықталды. Бұл текқана пазырықтықтардың Алдыңғы Азиямен байланысын көрсетіп қоймай, сондай-ақ қола дәуірінде батыстан Алтайға көшіп келген халықтармен арада болған ассимиляцияның белгісі. Дәл осы пазрықтықтарда Алдыңғы Азия халықтарының антропологиялық белгілері жақсы сақталған. Ал пазырықтықтардағы күшті автохонды монголоиоттық компонет окунев мәдениеті шеңберіндегі халықтардың мықты генетикалық пластысымен байланысты, осы жайт нәсілдің қалыптасуында пазрықтықтарға байкалдық тип ықпал етті деген сөз бекерге кетеді. Сондай-ақ Т.А. Чикишева пазырықтықтар және Улангомның популяциясы карасук пен окунев мәдениеттерінің ықпалымен қалыптасқандығын жазады [22, 635-637 б].
Аталмыш антропологиялық мәліметтер таулы Алтай, ШығысТүркістан, Солтүстік-Батыс Монғолия, Шығыс Қазақстан тайпаларының бір мәдени-тарихи қауымдастықта болды деген ғалымдардың ойларын дәлеледей түсті.
С.С.Тур Катун өзенінің ортаңғы және төменгі ағыстарындағы орналасқан қорымдардағы адам бас сүйектерін анализдай келе, автохонды шығу тегі бір оралоиттық компоненттің бар екендігін атап өтеді. С.С. Турдың ойынша бұл пазырықтықтармен түрік-самадий және кет топтарындағы адамдардың бас сүйектерімен ұқсастығы бір ортақ гендік байланысқа негіделетіндігін жазады [1, 203-205 б]. С.С. Тур еңбектерінің нәтижесі пазырық мәденитін тасмалдаушылардың этникалық құрамы біртекті болмағандығын дәлелдейді. Біздің оймызша осы бағыттағы ғылыми ізденістер, басқа да материалдарды пайдалану пазырық мәдениетінің шығу тегімен локалды нұсқаларын анықтауға септігін тигізеді.
Айта кетерлік бір жайт Таулы Алтай территориясындағы сақ заманының мәдени-хронологиялық жағдайы негізінен жерлеу материалдары негізінде жасалынған, бірақ ақырығы уақыттарда, синхронды қоныстардың материалдары да, айналымға енуде. Бұл өз алдына тағы бірқатар мәселелерді туғызды. Мысалға қоныстардың мерзімімен олардың қай мәдениетке жататындығы. П.И. Шульга қоныстарды шартты түрде «малшылардікі», «жер өңдеушілердікі» деп бөлуді ұсынды. Біріншісі ғалымның пікірі бойынша таза пазырықтықтар мен қара-қобалықтарға тән болса, екіншісі пазырықтықтардың келуіне дейін мекен еткен тайпалардікі деп жазады [19, 106-123 б].
Бірқатар ғалымдар бұндай шешімге келіспей жер өндеушілердің ескерткіштерін қайта мерзімдеу қажет деген ойға келеді. М.Т. Абдугалиевтің пікірі бойынша қоныстарды сақ уақыты емес, ғұн-сармат уақытымен мерзімдеу қажет. Таулы Алтайдағы сақтардың этномәдени даму тарихын зерттеу барысында бүгінгі сақтануда қалыптасқан екі тенденцияны айта кету қажет [23, 161-173 б]. Бір жағынан ғалымдар сақ дәуірінің есткерткіштерін дәстүрлі археологиялық әдістерге қосымша, дендрохронология мен радиокарбондық әдістерді қолданып «қартайтуға» тырысса, енді бірі заттай деректер мен жазба деректері негізінде Еуразия кеңістігіндегі сақ есткерткіштерін, соның ішінде пазырықты да «жасартуға» тырысады.
Таулы Алтайдағы сақ есткерткіштерін мерзімдеу мәселесі көптеген ғылыми басылымдарда жарияланған. Н.И. Членова өз еңбектерінде Аржан қорғаның жасарту арқылы пазырық қорғандарының жасын қайта қарауға әкеп соғып отыр [24, 98 б]. Алайда, автордың заттай комплекстерді тек аналогия мен ғана топтастырып, жаратылыстану ғылымдарының әдістерін ескермеушілігі, ол кісінің нәтижелерінің дұрыстығына күмән тудырады.
Ендігі мәселе Алтайдың Қазақстан территориясындағы аймақтың зерттелуін қарастыратын болсақ Берел қорымынан бастаймыз.
Үлкен Берел қорғанын 1865 жылы Барнаул аймақтық училищесінің оқытушысы, кейіннен академик атағын алған, В.В. Радлов алғаш рет қазба жұмыстарын жүргізген. 1866 жылы В.В. Радловтың есептерінен ешбір сызба- суретсіз, қорғанның орналасуы, құрылысы, табылған заттар сипаттамасы қысқаша бірнеше мақала түрініде жарық көреді. Үлкен Берел қорғанынан табылған заттар Археологиялық комиссияның сараптамасынан өтіп, кейіннен Мәскеудегі публистикалық мұражайға қойылды. Қазір Мәскеу Мемлекеттік Тарихи мұражайда сақтаулы (54660 және 54746 дана). 1884 жылы Лейпцигте В.В. Радловтың, жетінші тарауы 1865-1869 жылдардағы экспедициялық зерттеулерге арналған, «Aus Sibirien» атты еңбегі жарық көреді [25, 65-68 б]. Кейіннен, А. Бобринскийдің жетінші бөлімнің орыс тіліндегі аудармасы шығады.
1911 жылы А.В. Адрианов Шығыс Қазақстан облысы Майемер жазығында, Нарын өзені бойындағы көне көшпенділер дәуірінің бірнеше қорғандарын қазды. Сонымен қатар Бұқтырма өзенінің жоғарғы ағысындағы Черновая ауылы маңында да қазба жұмыстарын жүргізді [26, 8-45 б].
Кеңес үкіметі кезінде ғылым алдында археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін үлкен мүмкіндіктер ашылып, Алтай жеріндегі ерте көшпелілер дәуірінің қорғандары жүйелі түрде зерттеле басталды. Экспедиция ұйымдастырушысы және жетекшісі С.И. Руденко бастаған Мемлекеттік этнография мұражайының Алтай экспедициясы атқарған жұмыстар орасан зор болды.
1925 жылы С.И. Руденко Катон өзенінің Қотандыға құяр тұсындағы тас қорымдарда жұмыс істеді [27, 95-102 б].
1936 жылы Қатон өзеніндегі Усть-Куюмда Г.П. Сосновский;
1935-37 жылдары А.П. Марков, А.Т. Кузнецов т.б. Майемер, Пазырық, Шибе кезеңдерінің көшпенділері мен отырықшы тұрғындарының мола-қорғандары мен қоныстарында ауқымды қазбалар жүргізді [28, 11 б].
1935 жылы С.С. Черников басшылық еткен КСРО ҒА ЛАИИМК-ның Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы мен Қазақ КСР-ның ҒА ТАЭИ экспедицияларыҚалба және Нарын тау жоталарында археологиялық барлау жұмыстары мен көне қалайы, алтын, мыс кен орындарында зерттеу жұмыстарын жүргізді.
1949 жылы Шілікті даласында археологиялық барлау жұмыстарымен қоса ерте көшпенділер дәуіріне жататын үлкен қорғандардың жетіншісінде қазба жұмыстары жүрді [29, 147 б].
1950 жылы Шығыс Қазақстан экпедициясы Ертіс өзенінің оң жақ жағасында Самара ауданы Қызылту ауылы маңындағы ерте көшпенділер қорғандарында қазба жұмыстарын жүргізді [29, 147 б].
1953-54 жылдары Пчела, Түсқайың, Славянка, Юпитер ауылдары маңында, 1956 жылы Ә.М. Оразбаев басқарған Шығыс Қазақстан экспедициясының жеке отряды Құлажорға мен Усть-Бөкен ауылдарының маңында қазба жұмыстарын жүргізді [30, 96 б].
Зерттеушілер Берел қорғандарында қазба жұмыстарын жүргізуге араға ғасыр салып қайта оралады. 1959 жылы С.С. Сорокиннің басшылығымен Мемлекеттік Эрмитаждың Оңтүстік Алтай археологиялық экспедициясы құрылады. Нәтижесінде, көптеген жылдардың археологиялық есебі ретінде С.С. Сорокиннің «Большой Берельский курган (Полное издание материалов раскопок 1865 и 1959 гг.)» атты мақаласы жарық көреді [31].
Бұл экспедицияның ең басты мақсаты көшпелі дәуір өнерінің гүлденуі мен құлдырауын көрсететін материалдар жинау болды. Алғашқы құрылған жылдары экспедиция үлкен Берел қорғанындағы жұмыстарды жалғастыру, сонымен қатар Берел жазығында бірнеше нысандарда қазба жұмыстарын жүргізуді мақсат етті. 1959 жылы С.С. Сорокин жетекшілік еткен археологиялық экспедиция Үлкен Берел қорғанын соңына дейін зерттеді. 1865 және 1959 жылдары экспедициялар жұмысының нәтижесінде үлкен Берел қорғаны Пазырық обалар тобына кіретін мәдениет екені анықталды [32, 207 б].
1960 жылы С.С. Черников басшылық еткен Шығыс Қазақстан экспедициясы мен Шілікті даласындағы V-ші сақтардың патша қорғаны қазылды [29, 103 б]. Қорған дөңгелек формада және оның диаметрі 66 метр, биіктігі 6 метр, ұсақ жұмыр тасты топырақ аралас үйіндіден тұрады. Бір таң қаларлығы қабір адам жерленгеннен кейін шамамен 50 жыл өткен соң тоналған. Мүрде орнында тек 8 жебенің қола ұштары және 4 алтын бұғының фигурасы қалған. Моланың оңтүстік батыс бөлігінде бас киімнің әшекей алтын бұйымдары мен екі адамның сүйек қалдықтары табылды. Бұлар тонаушылардың қорғанға түскен бағытына тұспа-тұс келгендіктен көп қираған жоқ. Шұңқырдың төменгі қабатындағы материалдар ешқандай бұзылмастан сақталған. Қазба барысында көптеген заттар табылды. Олардың қатарында: жебенің қола ұшы, қорамсақтың көптеген қалдықтары бар, сондай-ақ жалпы ұзындықтары 4,5-5 см, көлемі 1,2-1,4 см ассимтериялық-ромбылық формадағы жебе ұштары кездеседі.
1985-88 жылдары Ә.М. Оразбаев басшылық еткен ҚазМҰУ-нің Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы барлау және зерттеу жұмыстарын Катон-Қарағай ауданындағы Черновая қорымында жалғастырды [33, 70 б].
1990-91 жылдары Алтайдың оңтүстігіне орналасқан Укок жазығында Н.В. Полосьмак басқарған археологиялық экспедиция үлкен олжалар мен табысқа жетті [34, 125 б].
Тоң басқан қорғандардың Алтайға көршілес аймақтарда да зерттелгенін атап айтқан жөн. 1960-1962 жылдары Тывадағы Саглы-Бажи қорымын зерттеген А.Д. Грач бұл ескертткішті б.д.б. 5-4 ғғ. пазырық мәдениетіне жатқызды [35, 41 б].
1920-шы жылдары В.В. Радловтың материалдарына сараптама жасай отырып, А. Захаров Берел қорымын зерттеу қажеттігін айтады.
1930-шы жылдары Берел қорымының материалдарын М.П. Грязнов Бірінші Пазырық қорғанының материалдарымен салыстырып, қорымның мерзімделуі мен жерлеу мазмұнына мән бергендей болады [36].
Тәуелсіздік алғаннан кейін Алтай тау тізбегінің оңтүстік-батыс бөлігінде жатқан, жан-жағынан тау жоталары қоршаған ерте темір және түрік дәуірінің жетпістен астам обалары шоғырланған Берел аңғары да осы мәдениеттің бір тармағына жататындығы нақтыланды. Мұндағы З.С. Самашев бастаған Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясының кешенді зерттеу жұмыстары 1998 жылдан бері үзілмей жүргізіліп келеді. Осы уақыт аралығында ежелгі көшпелілердің №11, 18, 31, 32, 34, 36, 71, 23, 10, 9, 4, 72, 73 және т.б. осы сынды оншақты обалары қазылды. Әлемге әйгілі №11 обадан әйел мен еркек мүрделері, қосып жерленген 13 жылқы мүрдесін, сонымен қатар, түрлі аңдық мәнерде жасалған бұйымдар т.б. табылды [37].
Осы зерттеулер кешенді түрде жалғасып, жыл сайын далалық экспедиция ұйымдастырылады. Қорым 4 обалар тобынан, СБ-ОШ бойы сызығымен, тас үйіндісімен және әр түрлі көлемде сипатталатын 70-тен астам қорғандардан тұрады. «Үлкен Берел обасының» қатарындағы ірілі-ұсақты қорғандар бір топты құрайды. Қазіргі таңда 70-тей обаның 30-ға жуығы қазылып, зерттелу үстінде.
Көптеген зерттеу жылдарының нәтижесінде ҚР БжҒМ, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми қызметкерлерінің: Самашев З.С., Төлеубаев Ә.Т., Омаров Ғ.Қ., Базарбаева Ғ.А., Жумабекова Г.С., Исин А.И., Франкфорт А.П., Гий Э., Оңғар А., Сұңғатай С., Жетібаев Ж. М., Шотбаев А. Е., Төлегенов Е.Т., Қиясбек Ғ. және т. б. зерттеушілердің монографиялары, ғылыми есептері мен жекелеген мақалалары жарық көрді.
Осылайша Алтайдағы негізігі мәдени-хронологиялық тұжырымдамаларды анализдау арқылы біз бұл мәселеге әлі нүкте қоюдың ертелігін айта аламыз. Көптеген ғалымдар пазырық уақытын б.з.д. VI-II (I) ғғ. шектейді. Бұл мәдениеттің қалыптасуына негіз болған батыс өңірлерден келген сақ тайпалары деп айтылады, бірақ дәл қандай тайпа екендігі белгісіз. Пазырық мәдениетінің құлауына хундардың экспансиясы әсер етіп, нәтижесінде бір шама пазырықтықтар Орта Азияға жылжып, қалған бөлігі жаңа бұлан-қоба мәдениетін қалыптастыруға ат салысады. Әлі күнге шейін пазырықтың ішіндегі периодизация бір жолға қойылмаған. Қалыптасқан жағдайдан шығудың жолы біздің ойымызша:
1) Кең ауқымда дереккөздерін пайдаланып, сақ көне мұрасын зерттеуде комплексты әдісті қолдану қажет.
2) Мерзімдеуде жаратылыстану ғылымдарыныңжетістіктерінпайдалану.
3) Археологиялық тұрғыдан әлсіз зерттелінген таулы Алтай аймақтарында қазба жұмыстарын жүргізу.
4) Шығыс Түркістан мен Солтүстік Монғолияның материалдарына баса назар аудару қажет.
5) Зерттеу барысында саяси көзқарастардан ада болу қажет.
Аталмыш негізде жұмыс жасалатын болса, Таулы Алтайдағы және іргелес аймақтардат сақ заманында болған тарихи-мәдени үдірістерді қалпына келтіруге болады деп ойлаймыз.