Лттық қауіпсіздік туралы жаңа заң қабылданды

Заң Елбасы Н. Назарбаевтің тікелей тапсырмасымен әзірленіп еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді құқықтық тетігін жасауға бағытталады. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 15 наурызындағы Қауіпсіздің Кеңесінің отырысында Президент Үкіметке осындай тапсырманы жүктеген болатын. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы орынбасары Ғұсман Әміринның айтуынша, құжаттың негізгі мақсаты ұлттық қауіпсіздік жүйесін нығайту және қазіргі күннің қауіп-қатерлеріне жүйелі түрде қарсы әрекет ету мәселелерін жаңа деңгейге шығару болып табылады. Осыған байланысты, заңда қауіпсіздікке төнетін жаңа қатерлер еске алынып, ұлттық мүдделер нақтыланды. «Біріншіден ақпараттық қауіпсіздік саласында қауіптер анықталды. Таяу Шығыстағы орын алып отырған оқиғалардың өзі қазіргі күні ақпараттық қауіпсіздіктің өзекті екендігін көрсетеді. Бұдан соң, экономикалық қауіпсіздік мәселелері есепке алынып, негізгі қауіптер ретінде қаржы жүйесінің тұрақсыздығы белгіленді. Осымен бірге ақпараттық-экологиялық және сыртқы салалардағы ұлттық мүдделер де қосымша енгізіліп отыр. Мәселен, әлеуметтік саладағы ұлттық мүдделер кеңейтілді, атап айтқанда денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету жүйелірін жетілдірудің маңыздылығы атап көрсетілді. Себебі қазіргі таңда әлеуметтік салалардағы проблемалардың шешілмеуі әртгүрлі наразылық акцияларға, азаматтардың экстремистік әрекеттерге қатысуына ықпал етіп отырғаны мәлім», - деді Ғ. Әмірин.

Оның айтуынша, заңның басты жаңалықтарының бірі - мемлекеттік органдарының құзыретін және олардың ұлттық қауіпсіздік саласындағы орнын нақты белгілеу. Бұл ретте заңның 17 бабына сәйкес, мемлекеттік органдар келісімді қызмет ету үшін олардың құзыреті нақты белгіленуі тиіс. «Алайда, қолданыстағы заңда мемлекеттік органдардың құзыреті анықталмаған. Осыған байланысты заңда 30 мемелкеттік органның ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы құзыреті және өзара іс-қимыл жасау тәртібі белгіленді», -дейді Ғ. Әмірин.

Бұдан бөлек, құжатта ұлттық қауіпсіздік түрлері де қайта қаралған. Сонымен қатар, заңда саяси қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің жеке түрі ретінде белгіленген. «Саяси қауіпсіздік саласындағы қорғалатын нысандар нақтыланды, оларға конституциялық құрылым, мемлекеттік органдар жүйесі, мемлекеттік басқару тәртібі жатқызылды», - деді Ғ. Әмірин.

Тапсырмалар:

1) Мәтінді түсініп оқы.

2) Мәтінді қысқаша мазмұнда.

3) Заң Елбасы Н. Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен әзірленіп еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді құқықтық тетігін жасауға бағытталадысөйлемін сұрау мәнді сөйлемге айналдырыңыз.

4) Мәтіннен 2 cөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.

2-жаттығу

Қоғамды қайта құрудағы маңызды және неғұрлым өткір мәселелердің бірі — Қарулы Күштердің тағдыры болып саналады. Бұлай болуы заңды да, өйткені армия мемлекеттің тағдырын, ішкі тұрақтылығын, қазіргі әлемдегі орны мен маңызын айқыңдайтын құралдардың бірі.

Соғыстан сақтану — адамзаттың ең бірінші мақсаты. Қазіргі кездегі қасіретті болмыстардан — соғыс, қақтығыс, әскери қауіптен және әскери қатер көздерінен арылу армияға арқа сүйемей өтуі мүмкін емес.
Бүкіл әлемнің тыныш өмір сүру дәуіріне жету уақыты әлі алыс. Кіші, шағын және аймақтық қақтығыстардың тұтану ықтималдылығы біршама өсті. Қазіргі заманда әскери кауіп деңгейінің артуы мен оның белгілі бір жағдайда тікелей бағытталған әскери қауіпке ұласпауына кепілдік беру мүмкін емес. Сондықтан да соғыстың алдын алу жалпы мемлекеттік саяси мақсат болып табылады.
Қазіргі жағдайда басымдылық саяси құралдарға берілуі тиіс екендігі сөзсіз. Бірақ саясат мемлекеттің әскери қуаты мен жеткілікті экономикасына сүйенсе ғана тиімді болмак. Демек, басқа мемлекеттік институттармен бірге бұл маңызды мәселені шешуде Қарулы Күштер де белсене ат салысуы тиіс. Қарулы Күштер мемлекеттің аумақтық тұтастығын сыртқы қауіп-қатерден қорғауды қамтамасыз етуде күш көрсету әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, агрессияға қарсы тұруға міндетті.
Аймақта қалыптасқан әскери-саяси жағдайға байланысты және ТМД аумағында орын алып отырған саяси және экономикалық процестерді талдай келе, Қазақстан Республикасы өз Қарулы Күштерін құруды колға алды.
Кез келген мемлекетте Қарулы Күштердің құрылуы, ең алдымен, ұлттық мүддеге негізделеді. Бұрынғы Одақтың әскери бірлігінің ыдырауында Қазақстан бастамашы болған жоқ, керісінше, ол соңгы кезеңге дейін біртұтас болу идеясын, ал кейіннен Достастықтың Бірлескен Қарулы Күштері болуын жақтады. Бұрын КСРО құрамына, сонан соң ТМД-ға кірген мемлекеттер өз қарулы күштерін құрғаннан кейін ғана, Қазақстан да өз Қарулы Күштерін құру туралы шешім қабылдады. Оның жылнамасы 1992 жылдың 7 мамырынан басталады.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы" Жарлырына сәйкес, Қарулы Күштерін тиімді басқаруды шешу үшін Республиканың Қорғаныс министрлігі құрылды. Оның юрисдикциясына Қазақстан аумағында орналасқан барлық әскерлер кірді. Олар құрлық әскерлері, әскери-әуе күштері, әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері, әскери-теңіз күштері, сондай-ақ ұрыстық, арнайы, тылмен қамтамасыз ету және АҚ-тың әскери құрамаларының негізін құрады.
Республиканың Қарулы Күштері мынадай қағидаларды үйлестіре құрылады: жалпы әскери міндеттілік пен демократиялық басқару, орталықтандыру мен келісім-шарт жүйесі, дарабасшылық, мемлекеттік билік органдарының есеп беруі мен бақылауға алынуы. Бұл қағидалар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен әскери мәселелер бойынша: "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері және қорғанысы жайында", "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы", "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебелері және оларды әлеуметтік қорғау туралы" заңдарында және т.б. заңнамалық актілерде қарастырылған.
Қазақстан Республикасының Конституциясында Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғауға негізделетін Қарулы Күштер міндеттері белгіленген. Осы басты міндеттерден негізгі тапсырмалар анықталады: жоғары жауынгерлік әзірлік жағдайында тұру арқылы соғыстың алдын алу; мемлекет шекарасына қол сұғылмаушылықты сақтау; мемлекеттік мекемелер мен әскери нысандарды корғау және күзету; қарсыластың басын кіруші топтарын құрту және агрессияға тойтарыс беру; агрессия зардаптарын жою және шекарадағы жағдайды қалпына келтіру.
Кеңестер Одағы тарағаннан кейін қысқа мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды.

Тапсырмалар:

1) Мәтінге тақырып қойыңыз.

2) Қарулы күштер сөзіне фонетикалық талдау жаса.

3) Қазақстан Республикасының қарулы күштері қай жылы құрылды?

Жаттығу

Құқық қорғау органдары.
Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың,мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес.
Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгіңлейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптаорын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады.
Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға жол бермеу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде, шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі белгіленген тәртіпті сақтау – бақылау және қадағалау қызметі деп аталады.
Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады: а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен; ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен; б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен.
Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады.
Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған: Оған мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т.б., сот органдары,адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т.б.
Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді.
Полиция органдарының қызметі. Полиция – Ішкі істер министрлігінің құқықтық қорғау органдары жүйесінде басшылық орын алады, оған құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және болдырмау жөніндегі жұмыстардың анағұрлым көп көлемі жүктелген. Сондықтан ПМ жүйесінде толып жатқан полициялық органдар құрылған. Олар: 1) қылмысты істер полициясы, ол қылмыстарды болдырмау және ашумен айналысады; 2) патруль полициясы – көшелер мен елді мекендерде, басқа да қоғамдық орындарды қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыруды; 3) жол полициясы – жол қозғалысы ережелерін сақтауды және оның қауіпсіздігін қадағалайды; 4) әкімшілік полициясы, оның міндеті - әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу; 5) полицияның арнайы отрядтары – күзетілген маңызды объектілерде құқықтық тәртіпті қаитамасыз етуге бағытталған және т.б.
Заң бойынша – полиция қылмыстар, әкімшілік бұзулар туралы өтініштерді, хабарлауларды қабылдауға және тіркеуге, қылмыстардан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге, қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге; қару сатып алуға, алып жүруге және сақтауға рұқсат беруге; кәмелетке толмағандардың панасыздығы мен құқық бұзуларын анықтауға; шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағында болуы кезінде ережелерді сақтауға бақылауды жүзеге асыруға және т.б. міндетті.
Қазақстанның полициясы басқа еларалық келісімдер негізінде басқа елдердің полициясымен өзара әрекеттестікте жұмыс істейді. Қазақстан өз аумағында қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге, ұстауға және ҚР-на беруге көмектесетін халықаралық полиция ұйымының – Интерполдың мүшесі болып табылады.

Тапсырмалар:

1. Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді сөйлеміне синтаксистік талдау жаса.

2. Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған?

Наши рекомендации