Бап. Азаматтық қорғаныс бойынша мамандар мен халықты даярлау

1. Азаматтық қорғаныс мәселелерi бойынша даярлық Қазақстан Республикасының барлық азаматтары үшiн мiндеттi болып табылады және тиiстi оқу бағдарламалары бойынша жүргiзiледi. Даярлау үшiн бұқаралық ақпарат құралдары да пайдаланылады.

2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың басшыларын даярлау және қайта даярлау әзiрлiк орталықтарында жүзеге асырылады.

3. Азаматтық қорғаныс үшiн мамандар даярлау Қазақстан Республикасының әскери, азаматтық оқу орындарында, сондай-ақ шет мемлекеттерде және халықаралық орталықтарда жүзеге асырылады.

4. Ел халқын Азаматтық қорғаныс бойынша даярлау мектепке дейiнгi мекемелерден бастап, жұмыс орыны, тұрғылықты және оқитын жерi бойынша жүргiзiледi.

Қорытынды

1 наурыз күні әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының ұйымдастыруымен «Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс» күні атап өтіледі. Бұл мереке әлемдегі сан алуан елдердің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға барлық күшті біріктіру, халықты, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар (АҚ пен ТЖ) қызметтерін болуы мүмкін тосын оқиғаларға дайындауға бағытталған халықаралық акция болып табылады.

Халықаралық Азаматтық қоғаныс ұйымы (ХАҚҰ) 1931 жылы құрылған. Аталмыш ұйым көптеген жылдар бойы төтенше жағдай кезінде медициналық көмек көрсету жүйесін құру, білікті мамандар дайындау мен халықтың азаматтық қорғанысы саласында әлем-дік елдердің күшін біріктіру саясатын жүргізіп келеді. Халықаралық Азаматтық қоғаныс ұйымы өз ресми атауын 1958 жылы алды. 1975 жылы осы ұйымның Жарғысы Біріккен Ұлттар ұйымының хатшылығында тіркелді. Қазіргі таңда ХАҚҰ Еуропа, Азия мен Африканың 70-ке жуық елін біріктіріп отыр. Төтенше жағдай саласында Қазақстан екі бірдей халықаралық ұйымның толыққанды мүшесі. Олар: Халықаралық Азаматтық қоғаныс ұйымы мен Нәубеттердің алдын алу жөніндегі Азия орталығы.

1997 жылдың 31 қазанында Қазақстан Республикасының «Қазақстан республикасының Халықаралық Азаматтық қоғаныс ұйымының Жарғысына кіруі туралы» Заңы қабылданып, күшіне енді. Қазақстанның ХАҚҰ құрамына кіруі халықаралық төтенше жағдайлар құрылымдарында, сондай-ақ, Орталық – Азиялық аймақтағы елдердің қорғаныс жүйесінде өз орнын алуға мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі қол қойылған төтенше жағдайлар саласындағы халықаралық келісім шарттардың негізінде әртүрлі елдермен халықаралық ынтымақтастыққа қол жеткізді. 1996 жылдан бастап ТЖ министрлігінің мамандары түрлі халықаралық конференция, семинарларға қатысып келеді. Қазақстанда жыл сайын «Тастақ қала» палигонында (Алматы близі) «КАЗСПАС» құтқарушы бөлімшелерінде Халықаралық оқу-жаттығу жиналыс-семинар өткізіледі. Оған шетелдердің командалары мен көрермендері де қатысып жүр.

Дүниежүзілік Азаматтық қоғаныс күніне орай ХАҚҰ медалі тағайындалған. Бұл марапат азаматтық қорғаныс саласындағы ерекше жетістік үшін беріледі. 1997-2005 жылдары ХАҚҰ медаліне ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері лайық деп танылды, ооның ішінде құтқарушылар, өртке қарсы, сүңгуір мамандар мен Азаматтық қорғаныс бөлімшелерінің офицерлері бар.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өз кезегінде ТЖМ өзге де аймақтың құрылымдарымен, Астана қаласы Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай қызметтерімен бірге қала халқын, аумағы мен нысандарды түрлі апаттар мен нәубеттерден қорғау, ТЖ саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізудің ықпалын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жасап келеді. Басқару органдарының, апаттық – құтқару күштері мен АҚ пен ТЖ құралдарының шұғыл әзірлігі жылдан-жылға арта түсуде. Өндірістік және өрт қауіпсіздігі, халықты дер кезінде құлақтандыру жүйесінің жұмысы жетілді. Жоғарыда аталған кешенді шаралардың нәтижесінде өткен мерзімде қалалық Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтері айтарлықтай нәтижелер көрсетті. Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары құрылым-дардың материалдық-техникалық базасын күшейту жөнінде тиісті шаралар қабылдап, күштер мен құралдарды белгілі тапсырмаларды орындауға әзірлікте ұстауда.

Қазіргі кезде қоршаған ортада түрлі өзгерістер мен толқулар сыр беріп жүр. Атап айтсақ, климаттың күрт өзгеруінен, табиғи және шикізат ресурстарын шектен тыс пайдаланудың салдарынан болатын түрлі апаттар, жаңадан шыққан түрлі жұқпалы аурулардың таралуы (құс, шошқа тұ-мауы, т.б.) – осының бар-лығының қоршаған ортаға тигізер әсері орасан зор. Адам, табиғи және материалдық ресурстардың қауіпсіздігі мемлекет үшін басым бағыттардың бірі болып қала береді. Сондықтан да сақтандыру жүйесін күшейтуді жедел қолға алып, төтенше жағдайларға ықпал етудің сапасын арттыру қажет. Экологиялық саясат әлемнің барлық елдеріне ортақ проблема болып отыр. ХХ ғасыр – ғылым мен техниканың қарқынмен дамыған ғасыры ретінде тарихта қалғаны рас. Дегенмен, оның қоршаған ортаға тигізген зияны орасан.

Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнінің 2010 жылғы көтеріп отырған мәселесі – «Апаттық медицина». Бұл туралы Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының бас хатшысы Навара Аль-Слейби мәлімдеді. Ол өз жолдауында апаттық медицинаның қазіргі қоғамдағы орнын, оның халық үшін маңызды сала екенін атап көрсетті. Сондай-ақ, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен халыққа медициналық көмек көр-сетіп, өмірлеріне араша түсіп келе жатқан апаттық медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді. Апаттық медицина медицинаның маңызды саласы, яғни бұл шұғыл жағдай кезінде жедел ықпал ету медицинасы, оның уақыты минутпен есептеледі, сонысымен де ерекшеленеді. Апаттық медицина қайғылы оқиға орнындағы зардап шегушілерге медициналық көмек көрсетеді және олар қатерге толы жағдайда жұмыс жасайды. Халықаралық Азаматтық қоғаныс ұйымы азаматтық қорғаныс саласына мамандарды дайындау барысында апаттық медицинаға баса назар аударып келеді.

Наши рекомендации