Азақстан қаржы жүйесінде «Самрұқ – Қазына» Ұлттық әлеуеттік қорының рөлі
«Самрұқ-Қазына» әл-ауқат Ұлттық қорының қаржы жүйесіндегі рөлі«Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын арттыру және әлемдік рыноктардағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге мүмкін жағымсыз әсерінің факторларын төмендету үшін құрылған ұлттық басқарушы холдинг болып табылады. Қордың тобына тікелей Қор, дауыс беретін акциялардың (қатысу үлестерінің) 50%-дан астамы компанияларға тиесілі олардың еншілес ұйымдары, сондай-ақ дауыс беретін акциялардың (қатысу үлестерінің) 50%-дан астамы компаниялардың көрсетілген еншілес ұйымдарына тиесілі, заңмен өздеріне қатысты арнаулы құқықтық қағида белгіленетін заңи тұлғалар кіреді. Қор меншік құқығында олардың ұзақ мерзімді құндылығын барынша көбейту және әлемдік рыноктарда бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін дамудың ұлттық институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа заңи тұлғалардың оған қарасты акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқарады. Қор қызметінің негізгі мақсаттары: 1) ел экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу; 2) экономиканы жаңғырту мен әртараптандыруға жәрдемдесу; 3) компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады. Қор және компаниялар қызметінің негізгі бағыттары Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларын, 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясын, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшылары» бағдарламасын, компаниялар алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру шеңберінде ұлттық экономиканы жаңғырту және әртараптандыру болып табылады. Осы бағыт шеңберінде Қазақстан экономикасында жүйелі сипаттағы проблемалық мәселелер шешілетін болады, олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: экономиканың шикізаттық бағыттылығы; өңдеу өнеркәсібінің төмен өнімділігі; өндірістік инфрақұрылым (темір жол инфрақұрылымы, электр энергетикасы және электр берісінің желілері, телекоммуникациялар қызметтері және өзге инфрақұрылым) дамуының әлсіз деңгейі; отандық өнімнің бәсекеге нашар қабілеттілігі, өндірістік компаниялардың негізгі капиталдарының жоғары тозымы; ел ішіндегі болмашы экономикалық интеграция, яғни Қазақстан экономикасындағы салааралық және өңіраралық байланыстардың жеткіліксіз дамуы; отандық кәсіпорындардың меншікті ақшалай қаражаттарының жетімсіздігі, соның ішінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін және т.б. Қор экономиканың нақты секторына инвестицияларды тарту бойынша мәселелерді тез және жедел шеше отырып және қолда бар артықшылықтар мен мүмкіндіктерді барынша пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметіне өңірлерде жұмысты жандандыруға, салааралық және өңіраралық байланыстарды нығайтуға барынша көп көмек көрсетуі тиіс. Ұлттық экономиканы тиімді әртараптандыру және жаңғырту белсенді экономикалық қызметті, әсіресе экономиканың мұнай-газ секторы, электр энергетикасы, металлургия, химия мұнай-химия және инфрақұрылым сияқты басым секторларда іске асыру жолымен жүзеге асырылады. Қордың қызметі мынадай қағидаттарға: 1) Қордың жалғыз акционері ретіндегі мемлекеттің мүдделерін сақтауға; 2) Қор мен компаниялар қызметінің ашықтығына, тиімділігіне және икемділігіне; 3) шешімдерді қабылдау мен оларды іске асырудағы жүйелілік пен жеделдікке; 4) жауапкершілік пен есеп берушілікке; 5) заңдылыққа негізделеді;Қалыптасып отырған жағдаятта Қор алдында экономиканың тұрақты дамуы үшін тұрақтандыру және ескерту шараларын іске асыру міндеті тұр. Қаралып отырған міндет шектерінде Қор мынадай функцияларды орындайтын болады: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрақтандыру бағдарламаларын қатысу;2) екінші деңгей банктерінің жарияланған дауыс беретін акцияларын сатып алу;3) әлеуметтік-экономикалық дамуды, соның ішінде құрылыс объектілерін аяқтауды, шағын және орта бизнес пен агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қаржыландыруды қолдау мақсаттарында екінші деңгей банктерінде шарттасылған қаражаттарды орналастыру;4) ипотекалық кредиттеу рыногы мен тұрғын үй құрылысының жинақақшалары жүйесін дамытуға жәрдемдесу;5) қазақстандық өндірушілердің тауарлары мен қызметтерін қор мен компаниялардың сатып алуларында отандық мазмұнды көбейту бойынша, шетелдік жабдықты компаниялардың оны ірі сатып алулары кезінде Қазақстанда өндіруді, құрастыруды, жөндеу мен оған қызмет көрсету бойынша жұмыстарды оқшауландыруды қамтамасыз ету бойынша механизмдерді қарастыратын қор және компаниялардың сатып алуларының тәртібі мониторингін анықтау, бекіту және жүзеге асыру және басқалары
Банктің барлық табысын үш топқа бөлуге болады: 1. пайыздық табыстар; 2. банктік қызмет көрсетуден алатын комиссиялар; 3. басқа да табыстар (бағамдық айырма, яғни баланстың құны мен нарықтың құны арасындағы айырма, алынған айып пұлдар, пенялар және т.с.с.) Пайыздық табыс пен комиссиялармен ұштасуы мүмкін. Мысалға, несиелік және факторингтік операциялардан банк пайыздық төлем мен комиссияға иеленеді. |
Несиелік пайыз – пайыздық табыстың басты көзі ретінде банктің берген ссудалары үшін қарыз алушылардың төлейтін төлемі болып табылады
Несиелік пайызды мынадай белгілерге байланысты жіктеуге болады: · несие формасына қарай: коммерциялық, банктік, тұтыну несиелерінің пайызы және т.с.с; · несиелік мекеменің түріне байланысты: Орталық банктің есепке алу пайызы, банктік, ломбардтық; · несие мерзіміне қарай: қысқа мерзімді ссудалар бойынша пайыз, ұзақ мерзімді ссудалар бойынша пайыз; |
несие түріне байланысты: овердрафт бойынша айналым құралдарына берілген ссудалар, вексельдерді есепке алу, мақсатты ссудалар бойынша пайызы
· операциялар түрлеріне қарай: ссудалар бойынша пайыз, банкаралық несиелер бойынша пайыз, депозиттік пайыз; · есептеу тәсіліне қарай: жай және күрделі. қарапайым және тура және т.б. |
Комиссия банктік операция үшін сыйақы, латын тілінен аударғанда “comissio” сөзі тапсырма дегенді білдіреді. Оның мөлшеріне көрсетілетін қызметтердің өзіндік құны мен қажетті пайда жатады
Табыс көздері екіге бөлінеді: · тұрақты, оған банктік қызметтен алынатын пайыздық және пайызсыз табыстар жатады; |
· тұрақсыз, оған қайталама нарықтағы бағалы кағаздармен жасалатын операциялардан және көзге көрінбейтін операциялардан алатын табыстарды жатқызуға болады
Билет