Тақырып. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы
Дәріс мақсаты: өндіріс факторларының нарығына түсіндірме беру.
Жоспары:
1.Өндіріс факторы рыногындағы тепе-теңдік.
2. Еңбек ақы еңбектің бағасы ретінде.
3. Пайыз капитал иесінің факторлық табысы ретінде.
4. Жер рентасы – жер иелерінің факторлық табысы.
5. Пайда кәсіпкердің факторлық табысы ретінде.
Негізгі сөздер:еңбек нарығы, капитал нарығы, жер нарығы, рента, жер кадастры, пайыз, пайда, кәсіпкерлік пайда.
Иллюстрациялық материал: кесте, слайд
1 Өндіріс, оның мәні және факторлары.
Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажет материалдық және рухани игіліктерді құру процесі.
Өндіріс процесі тек кана үш факторлардың – адамның күші, еңбек заты мен еңбек құралдары - өзара іс-әрекеті арқылы жүзеге асуы мүмкін.
Жұмыс күші – бұл адамның дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданады. Адамзат қоғамында, адамдар өмір сүру үшін қажет тамақ, киім, тұрғын үй және басқа материалдық игіліктер болуы керек. Адамдардың өмір сүруіне қажет заттар өндірілуге тиіс, олардың барлығы өндіріс процесінде жасалатынын білесіздер.
Өндіріс дегеніміз-адамдардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған іс-әрекетін айтамыз, немесе, қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі.
Қоғамда қандайда болмасын өндіріс-түбінде, қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қызмет етеді. Мұндағы, қажеттіліктер дегеніміз-бұл жеке адамның, әлеуметтік топтардың немесе тұтас қоғамның іс-әрекеттерін қолдап, оларды жүзеге асыру болып табылады.
Өндірістің, материалдық және материалдық емес түрлері болады.
Материалдық өндіріс дегеніміз- заттай қажеттіліктерді қанағаттандыру, ал, материалдық емес өндіріс дегеніміз-адамдардың рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру. Мысалы, мәдениет орындары, оқу саласы, т.б.
Сонымен, қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін, өндірісті өндіру үшін, табиғат ресурстары қажет. Табиғат ресурстары-ол адамдардың өмір сүруі үшін қажет, өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның маңызды компоненті. Мысалы, пайдалы қазбалар, су ресурстары, күн қуаты және т.б.
Адамның материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндіріс қажет. Өндірістің өзі қоғамда бірнеше элемент пен факторды қамтитын белгілі өндіргіш күштерді қажет етеді. Адамзат дамуының барлық сатысында негізгі факторлары болып жұмыс күші( адам факторы) және өндіріс заттары (заттық немесе материалдық фактор), негізгі өндіргіш күштер болды.
Өндірістің негізгі факторлары болып қазір еңбек, капитал, жерді атауға болады. Ал жиырмасыншы ғасырдың соңында оған кәсіпкерлік қызметті қосты.
Бірақ осы өндіргіш күштер адам дамуымен қатар, өзгеріп отыр. Кәзіргі ғылыми –техникалық революция жағдайында факторлардың күрделенуі байқалып отыр. Негізгі факторлар- еңбек пен өндіріс заттарына жаңа рөлі зор факторлар қосылып отыр.
Ең алғаш қажет фактор бұл еңбек. Еңбек бұл адамның мақсатқа сай қызметі . Еңбектің көмегімен адам өз қажеттерін өтеу үшін табиғатты өзгертеді , өзіне лайықтап икемдейді. Адамның тіршілік етуінің шарттарының бірі де еңбек.
Жұмыс күші дегеніміз адамның еңбекке деген физикалық және ой қабілетін айтамыз. Мысалы айталық кішкентай баланы , егде қартты немесе мүгедекті біз жұмыс күші деп айталмаймыз, өйткені олардың физикалық және ой қабілеті жұмыс істеуге жеткіліксіз.Еңбектің бірнеше көрсеткіші бар, олар:
1) еңбек өнімділігі
2) еңбек қарқындылығы
еңбек қарқындылығы дегеніміз белгілі бір уақыт ішінде жұмсалған еңбектің мөлшерімен еңбек пәрменділігі.
Ал еңбек өнімділігі дегеніміз бұл белгілі бір уақыт мөлшерінде шығарылған өнім санымен және әр өнімге қанша мөлшерде уақыт кететіндігімен өлшенетін көрсеткіш.
Еңбек өнімділігінің жоғарлауынан еңбек ресурстары үнемделеді, қоғам байлығы өседі. Еңбек өнімділігіне мынандай факторлар әсер етеді:
1) жұмысшының білімділігі, квалификациясы, мамандануы.
2) өндірушілердің өз еңбегінің нәтижесіне қызығу деңгейі
3) ғылым және техниканың даму деңгейі
4 ) Өндіріс ресурстарының тиімді қолдану деңгеиі.
5 ) Еңбек қарқындылығы, интенсивтілігі немесе еңбек жылдамдылығы.
6 ) Табиғи жағдай
Адамзат дамуымен қоғамдағы еңбек өнімділігі өсуде. А дамдар өнім бірлігіне кететін еңбек үлесін азайта отырып, шығарылатын өнім көлемін көбейтуде.
ҒТР жағдайында, өндірісті кешенді механизациялау және автаматтандырумен байланысты жұмысшының дене күшін жұмсауы азаяды, есесіне ой – ми энергиясын ж ұмсауы ұлғаяды. Жұмыс күнінің ұзақтылығы қысқартылса, еңбек қарқындылығы артады,керісінше жұмыс күнінің ұзақтығы артатын болса, еңбек қарқындылығы төмендеуі мүмкін.
Жұмысшылар өз еңбектері үшін жалақы түріндегі табысты алады.Жалақыны төлеуді өлшеу бойынша ол екіге бөлінеді; 1) мерзімді жалақы өндірістегі еңбек шығынының ұзақтылығымен анықталады, сондықтан ол күндік, апталық және айлықақы болып бөлінеді.бұл жердегі өлшем бірлігі- сағаттық ставка қолданылады- яғни жұмыс сағатының бағасы.
2) кесімді жалақыда жұмысшының еңбекақысы шығарған өнім санына тәуелді. Кесімді жалақының ерекшелігі , еңбектің саны мен сапасы өндіргіш өнім арқылы бақыланып, өлшенеді. Оны өлшеу мынандай элементтердің қолдануын қажет етеді:
1) шығарым нормасыбелгілі период ішінде жұмысшының шығаруы қажет өнім көлемі ( мысалы сағатына 5 детал)
2) уақыт нормасышығарым нормасына керісінше көрсеткіш. Ол 1 бірлік өнім шығаруға кететін уақытты айқындайтын көрсеткіш ( мысалы 1 деталға 12 минут)
3) сандық бағалау1 бірлік өнімді шығаруы үшін төлемақыны көрсетеді
Көрсетілген жалқыны төлеу формалары әртүрлі нысандарға ие, оларды жалақы жүйелері деп атайды:
1) мерзімді жалақы
ü Жәй мерзімді
ü Мерзімді –сыйақылық
2) кесімді жалақы
ü Тікелей кесімді
ü Кесімді – сыйақылық
ü Кесімді- прогрессивтік
ü Аккордтық
Табиғат ресурстары (жерді) рента түріндегі табыс әкеледі. Рента дегеніміз бұл кәсіпкердің (арендатордың) жер, қазба, орман және басқа табиғат ресурстарын қолданғаны үшін уақтылы төлем ақы. Негізгі табиғат ресурсы бұл жер. Оның ерекшелігі – оның көлемі өзгермейді.сондықтан жер рентасының көлемі жерге деген сұранысқа тікелей байланысты. Сонымен қатар рента табиғат жағдайына (климат, топырақ сапасы және т.б.) және жердің орналасуына (жақындығы мен алыстығына) байланысты болады
Жер рентасы 2 негізгі формада болады:дифференциалды және абсолюттік. Дифференциалды рентаның өзі де екіге бөлінеді.
- Дифферециалды рента 1 жер учаскілерінің өнімділігі мен тиімділігіне байланысты алынады.
- Дифферециалды рента 2 капиталдық салымдарға байланысты бір жердегі әртүрлі өнімділікке байланысты.
Абсолюттік рента жер учаскілерінің өнімділігі мен орналасуына байланыссыз алынатын рента.
Материалдық өндіріс үшін аса маңызды фактор бұл –капитал. Капиталға көбіне өндіріс заттарын (құралдарын) жатқызамыз. Олар екі топқа бөлінетін материалдық ресурстар. Олар еңбек құралдары мен еңбек заттарына бөлінеді.
Қаржы саласында капитал өз иесіне процент түрінде табыс алып келеді. Бұл процент немесе ссудалық процент. Ссудалық процент ставкасы ақшаны қолданғаны үшін баға болып табылады. Нақтырақ айтатын болсақ ставка бұл белгілі бір уақыт (ай, жыл) ішінде бір теңгені қолданғаны үшін төленетін ақы көлемі.
Ақша экономикалық ресурс болып табылмайды , өйткені олар өнімсіз. Бірақ кәсіпкерлер ақшаны қолдану мүмкіндігін сатып ала отырып, өндіріс заттарын сатып оны айналыста қолданады.
Еңбекке деген қабілеттілігін адам екі бағыт бойынша жүзеге асыра алады: өз бизнесін ұйымдастырушы кәсіпкер ретінде, немесе кәсіпкерге жалданушы ретінде. Өндірістегі ерекше ресурс бұл кәсіпкерлік қабілет болып табылады, яғни адамның өз бизнесін немесе жаңа істі ұйымдастыруға қабілеттілік пен сонымен байланысты шығындарды, тәуекел мен жауапкершілікті алып жүру қабілеті.
Пайда дегеніміз бұл- кәсіпкерге оның кәсіпкерлік қабілеті үшін төлем.өйткені ол:
ü Еңбектік, капиталдық, және табиғи фактордарды бірге жинақтап, төлегені үшін
ü Шаруашылық қызмет етуін ұйымдастырғаны үшін
ü Олардың тиімді қолануына жауапкершілік пен тәуекелге барғаны үшін
Экономикалық пайда дегеніміз бұл- фирманың жалпы түсімімен барлық шығындары арасындағы айырма.
2 Ресурстардың шектеулігі және оларды талдау мәселелері.
Экономика екі іргелі экономикалық аксиомаға негізделеді: шексіз мұқтаждықтар мен шектеулі ресурстар. Мұқтаждықтар – бұл адамдардың белгілі бір пайдалылығы бар игіліктерді иелену мен пайдалануға деген ынталылығы. Мұқтаждықтарды қанағаттандыратын құралдар игіліктер болып табылады. Бір игіліктер шектеусіз мөлшерде болады (мысалы, ауа), ал екіншісі – шектеулі (мұнай, көмір т.б.). Соңғылары экономикалық игіліктер деп аталады.