Сынып. Дүние жүзі тарихы. ? Осман империясының ХІХ-ХХ ғасырлардағы ішкі және сыртқы жағдайына сипаттама беріп

Сабақтың тақырыбы: § 26. Осман империясы

Сабақтың мақсаты:

? Осман империясының ХІХ-ХХ ғасырлардағы ішкі және сыртқы жағдайына сипаттама беріп, оның құлдырау себептерін ашып көрсету.

? Реформалық қозғалыстарға түсінік бергенде оның түркия тарихындағы маңызды кезең болғанын атап өту.

? «Жас түріктер» қозғалысын оқып-үйрену барысында оқушылар, ол түріктердің ұлттық қозғалысы болды деген қорытындыға келуі қажет

Сабақтың түрі:Дәріс

Әдісі:баяндау

Көрнекілігі:карта

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

& Оқу құралын тексеріп түгелдеу

& Әнұран орындау, «Хабар».

& Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

– Үндістандағы ағылшын отаршылдары ХІХ ғасырда қандай қанау әдістерін қолданды?

– Сипайлар деген кімдер? 1857-1858 жылдардағы сипайлар көтерілісінің жеңілу себептерін атаңдар.

– «Свадеши», «свараджа» ұрандарының мәнін қалай түсінесіңдер?

– Үнді Ұлттық Конгресі қашан құрылды, оның мақсаты қандай болды?

– ХІХ ғасырдың екінші жартысында Үндістанда өнеркәсіп төңкерісі болғанының дәлелі қайсы?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

1. ХІХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Осман империясының жағдайы.

2. Танзимат реформалары. Оның бірінші және екінші кезеңдері

3. ХІХ ғасыр соңындағы Осман империясының құлдарауы мен отар елге айналуы

4. «Жас түріктер» қозғалысы.

ІҮ. Сабақтың бекіту:

1. ХІХ-ХХ ғасырлардағы Осман империясының құлдырау себептерін атап көрсетіңдер.

2. Танзимат реформалары деген не? Оның кезеңдерін атап беріңдер.

3. «Жас османдар» идеясын қалай түсінесіңдер?

4. «Шысыс мәселесі» қай кезде қайта шиеленісе бастады?

5. Жас түріктер деген кімдер? Олар нені көздеді?

6. Жас түріктер революциясы қай оқиғадан басталды?

7. Батыс елдері Осман империясының «тұтастығына» қандай себептерге байланысты мүдделі болды?

8. Осман империясы ХХ ғасырдың басында Германияға неліктен арқа сүйеді?

Ү. Бағалау: ҮІ. Үйге тапсырма:§26

Сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 27. Иран

Сабақтың мақсаты:

? ХІХ ғасырдың басында Иранда халықаралық жағдайлардың шиеленісе түскендігін, еуропалықтардың отаршылдық саясаттары орыс иран соғысына әкеліп соқтырғанын әңгімелеу. Екі держава арасындағы шиеленіс нәтижесіндегі Иран шетелдіктердің арзан шикізат көзіне айналғанын айтып беру.

? Бабшылдар көтерілісінің мақсатын айта отырып, Иранның жартылай отар елге айналу себептерін, ХХ ғасырдың басында әр түрлі әлеуметтік топтардың шах билігіне қарсы революциялық бас көртерулер болғанын, оның күшпен басып тасталғаны жайлы түсіндіру.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:карта

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

& Оқу құралын тексеріп түгелдеу

& Әнұран орындау, «Хабар».

& Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. ХІХ-ХХ ғасырлардағы Осман империясының құлдырау себептерін атап көрсетіңдер.

2. Танзимат реформалары деген не? Оның кезеңдерін атап беріңдер.

3. «Жас османдар» идеясын қалай түсінесіңдер?

4. «Шысыс мәселесі» қай кезде қайта шиеленісе бастады?

5. Жас түріктер деген кімдер? Олар нені көздеді?

6. Жас түріктер революциясы қай оқиғадан басталды?

7. Батыс елдері Осман империясының «тұтастығына» қандай себептерге байланысты мүдделі болды?

8. Осман империясы ХХ ғасырдың басында Германияға неліктен арқа сүйеді?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

1. ХІХ ғасырдың басындағы Иранның халықаралық жағдайы.

2. Еуропалықтардың отарлау саясатының мақсаты

3. Орыс-иран соғыстарының себептері

4. Бабшылдар көтерілісі

5. Иранның жартылай отар елге айналуы

6. Ирандағы революциялық бас көтерулер

7. Қорытынды.

ІҮ. Сабақтың бекіту:

1848-1852 жылдардағы Ирандағы бабшылдар көтерілісі

Көтерілістің қозғаушы күштері Көтеріліс жүргізілген аймақ Көтерілісшілердің мақсаты Көтерілістің жеңілу себептері
       

– ХІХ ғасырдың басындағы орыс-иран соғыстарының себептері қандай болды?

– Бабшылдар деген кімдер?

– Иранның жартылай отар елге айналуын қандай мысалдармен көрсетуге болады?

– Иран революциясының мақсаты қандай болды?

– Бірінші мәжіліс қай жылы шығарылды?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§27

Наши рекомендации