Азақстандық ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры: қызмет ету ерекшеліктері
Ипотекалық несиелеу– жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуға жəне салуға (қайта құруға) несиелер беру. Сонымен қатар, көптеген нарық субъектілерінің өзара əрекетін білдіретін маңызды экономикалық жəне əлеуметтік функцияларды орындайтын несиелік қатынастардың нысаны болып табылады. Жылжымайтын мүлікті несиелеудегі ең ірі бағыттар – тұрғын үйді сатып алу жəне салуға, жер учаскелерін игеруге, коммерциялық жəне өнеркəсіптік мақсаттағы құрылысқа берілетін ссудалар. Сонымен қатар, ипотекалық несие берілген жылжымайтын мүлікті сатып алу (салу) мақсатында жылжымайтын мүлік объектісінің кепіліне ақшалай немесе ипотекалық облигациялар нысанында берілетін несие.
"Ипотекалық несиеге кепілдік беру Қоры" АҚ 2003 жылы 27 қазанда Қордың дербес құрылтайшысы Ұлттық банкінің бастамасы бойынша құрылды.
Ипотекалық несиеге кепілдік беру Қорын құру мақсаты ипотекалық несиелер жүйесіне халықтың мүмкіншілігін кеңейтіп, халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуін арттыру, оның функциялау сапасын жақсарту болып табылады.
Қордың негізгі мәселесі ипотекалық несие бойынша сыйақылар мерзімін ұзарту үшін қолайлы жағдайлар құру, олардың пайыздық ставкаларын (мөлшерлемелерін) төмендету, несие мөлшерін көбейту және ипотекалық несие беруде бастапқы жарналар мөлшерін азайту, сонымен қатар ипотекалық несиеге кепілдік беру жүйесін және сақтандыру рыногының тиісті сегментін қалыптастыру болып табылады.
Қор ипотекалық несиелерді кепілдікке беру кезінде өзіне қандай жауапкершіліктерді жүктейді?Кепілге қойылған мүлікті сатудан түскен сома Несие берушінің талаптарын өтеуге жеткіліксіз болуы мүмкін. Олай болса, ипотекалық несие бойынша өз міндеттемесін орындамаған жағдайда, кепілдік міндеттемесінде көрсетілген көлемдегі ипотекалық тұрғын үй қарыздарының әрбір шарты бойынша Қарыз алушының міндеттемелерін орындау үшін Қор Несие берушінің алдында жауап береді.
Ипотекалық несие бойынша өз міндеттемесін орындамаған жағдайда кепілдік сомасының мөлшері қандай?Несиенің барлық мерзімінде банктердің несие тәуекелдерін 30 пайыздан (%) 50 пайызға (%) дейін бөлу болжанып отыр. Қормен берілетін кепілдік мөлшері несие берушімен таңдап алынған модельге байланысты. Мысалы, бірінші модель бойынша – кепілдікке берудің ең үлкен мөлшері ипотекалық несиенің бастапқы сомасынан 30 пайыз (%), екінші модель бойынша – кепілдікке берудің ең үлкен мөлшері несие беруші талабының сомасынан 30 пайыз (%), үшінші модель бойынша – кепілдікке берудің ең үлкен мөлшері несие берушінің таза шығындарының сомасынан 50 пайызды (%) құрайды.
Ипотекалық несиеге кепілдік беру жарналарын кім төлейді?Халықаралық тәжірибеде қабылданғандай, несиеге кепілдік беру бойынша сыйақы Қарыз алушымен төленеді. Қарыз алушымен жүргізілетін сыйақы төлемі – Қормен Несие берушіге берілетін кепілдік төлеміне қарағанда, ипотекалық несиені алу мүмкіндігінің төлемі және несие берудің "жеңіл" жағдайын ұсыну әлдеқайда оңай. Қазіргі уақытта қарыз алушымен Қорға төленетін жыл сайынғы немесе әр кездегі сыйақы (жарна) мөлшері несие сомасы мен мерзіміне және несие сомасы мен енгізілген мүлік бағасының қатынасына байланысты 0,12-ден 3,73-ке дейінгі пайызды (%) құрайды.
Қор қарыз алушымен тікелей жұмыс жасайды ма?Қор қарыз алушымен тікелей жұмыс жасамайды. Қор несие берушілермен берілетін ипотекалық несиеге қойылатын талаптарды, жылжымайтын мүліктің алдын ала біліктілігін, қарыз алушының төлеуге қабілеттілігі бойынша іс-шаралар кешенін бекітеді.
Егер қарыз алушы несие сомасын мерзімнен бұрын қайтарып жатса, оған несиені кепілдендіру бойынша жарналар қайтарыла ма?Қазір жоспарлар бойынша қайтарылмайтын жарналар ғана қарастырылған.
Болашақта Қормен кепілдендірілген ипотекалық несиені мерзімнен бұрын қайтарып жатса, қарыз алушыға жарна белгіленген мөлшерде қайтарылуы мүмкін. Бұнда қайтарылатын жарналардың (мезгілді) мөлшерлемесі қайтарылмайтын жарналардың мөлшерлемесінен жоғары болады.
Қормен кепілдендірілетін несие сомасы шектелген бе?Талаптарға сәйкес, Қор кредиторларға 300 мың теңгеден 23 млн. теңгеге дейін мөлшердегі ипотекалық несиелерді кепілдендіруді ұсына алады, бұл жағдайда ипотекалық несиелердің минималды және максималды мөлшерлері Қор шешімімен рынок жағдаятына байланысты әрбір аймаққа жеке белгіленеді.