Саяси элита ұғымы.
Біздің ғасырымызда кең жайылған аристократиялық теория-ның бірі—элитаризм. Элита деген сөз француз тілінде ең жақсы, іріктелген, сұрыпталған, тандаулы деген мағынаны біддіреді. Бұл теория бұрыннан белгілі болатын. Бірақ жаңа жағдайда оны жаң-ғыртып, толықгырып, жетесіне жеткізгендер итальяңдық саясатшылар Г. Моска мен В. Парето болды. Олардың ойынша, халық өзін-өзі басқара алмайды, оған қабілеті, бейімі жетпейді.
г.Моска (1856—1941) "Саяси ілімнің негіздері" деген кітабында саясат қарама-қарсы екі таптың—үстемдік жүргізуші азшылықтыц (элитаның) және оған бағынышты көпшіліктің (халық, еңбекшілер) — күресінің айналасында болатын жағдай деп іүсіндіреді. Ол демократияға қарсы шықты. Демократияны көпіре сойлеушілердің диктатураға жету жолында саясаттан хабары шамалы көпшілікті өз қулықтарына пайдаланатын утопия, сағым депсанады.
В. Парето ( 1848—1923) "Жалпы социология женіндегі трак-тат" деген еңбегіңде элита деген атауды саяси ілімге бірінші боп сі ігізді. Оның ойынша, саяси өмір дегеннің өзі таңдаулылар (элиталар) арасындағы күрес пен олардың орын алмасуы. Қоғамды саясат, экономика және ойшылдық саласында тамаша табысқа жеткен тандаулылар билейді. Бірақ олар билікті алған соң ерте мс, кеш пе қол жеткен табыстарымен шектеліп, тынышталады. Осындай кезде қоғамда билікке ұмтылған күш-қуаты жеткілікті жаңа элита пайда болады. Бірақ билеуші элита оцайлықпен берісе коймайды. Сондықтан таңдаулылардың (элитаның) алмасуы күш, төңкеріс және революция арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Жалпы алғанда, бұл қоғам үшін пайдалы деп Парето айтып кетті. Олар қалай болғаңда да (күшпен не бейбіт жолмен болсын) қоғамның дамуы элиталардың алмасуы арқылы жүзеге ;ісады деп қорытады.
2) сұрақ. Саяси элиталардың қалыптасуы мен жіктелуі
Ғылыми әдебиетте дәстүрлі түрде элитаның: қатарын толықтырудың екі негізгі алатын жүйесі (дүниежүзілік саяси тәжірибеде мейлінше жиі ұшырасатын) - ангрепренерлік және гильдиялар жүйесі қарастырылады.
Антрепренерлік жүйенің сипатты белгілері мыналар:
а) кең әлеуметтік негіз, элита қатарына енуге кез келген әлеуметтік жіктердің өкілдері үшін мүмкіндіктер;
б) ресми талаптар, институциялық іріктеулер санының аз болуы;
в) таңдаушы (селекторат) тобы (бүкіл елдің сайлаушыларына дейін;
г) іріктеудің бәсекелестігі, бақталастығы;
д) элита құрамының өзгергіштігі, көшбасшылар ауысымының серпінділігі;
Аталған сипатты белгілерді талдау мыналарды көрсетті: іріктеудің бұл жүйесі енгізілетін жаңалықтардағы – жас көшбасшыларын тартуда көптеген осы заманғы саяси жүйелердің қажеттілігін, жекелеген саяси институттардың өзгеруін, деэтатистік үрдістердің күшеюін және т.т. бейнелейді. Сонымен қатар, антрепренерлік жүйенің нашар жақтарын да: нәтижелерді нашар көрсетуін, саясаттағы тәуекелдің көп ықтималдығын атап көрсеткен жөн.
Гильдиялар жүйесі үшін мынадай ерекше белгілер тән:
а) элита төменгі жіктерінен шыққан үміткерлердің жабдықтығы, оларды іріктеу, билікке біртіндеп жету жолы;
б) іріктеуді институциялаудың жоғары деңгейі – лауазымды иелену үшін көптеген сүзгілердің (ресми талаптардың), мәселен, жасының, жынысының, ұлттық, білімінің шектеулі және т.т. болуы;
в) таңдаушының біршама жабық тобы (негізінен –бұл жоғары басшылық құрамы немесе бір ғана бірінші басшы);
г) ашық бәсекелестіктің болмауы;
д) элитаттың қазіргі түрін қайта қалпына келтіруге ұстаған үрдіс сабақтастық.
Гильдиялар жүйесі тоталитарлық саяси жүйелерге тән болады және номенклатуралық жүйеден көрініс табады. Мынаны ерекше атап көрсету керек: нарықтық қатынастардың, еркін баламалы сайлаудың орнығуы, тәуелсіз БАҚ, саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың дамуы және т.т. біздің мемлекетімізде бекзаттар қатарын толықтыру проблемасын жаңаша тұрғыда қойып отыр.
3) Саяси жетекшілік
Жетекші басқаларға бірлескен қызметте ықпалдасу мақсатында әсер етуге қабілетті адам деп білеміз, ол қызмет белгілі бір қауымдастықтың мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған.
Саяси ғылымда жетекші сонымен бір мезгілде саяси процестің субъектісі мен объектісі ретінде түсіндіріледі. Субъект ретінде ол саяси оқиғалардың барысын анықтайды, объект ретінде сипатты белгілерді иеленуші ретінде оларға нақты міндеттерді орындау арқылы көрінеді.
Саяси өмірдің бірегей құбылысы ретінде жетекші жөніндегі әдістемелік көзқарас негізінде осы құбылыстың екі маңызын атап көрсетеді:
а)жетекші — бұл айқын аңғарылатын "пайдалы" қасиеттері бар (топішілік мүдделер тұрғысынан) жеке-дара адам, осының арқасында оның қызметі мейілінше өнімді болады;
б)жетекші — бұл топтық мүдде тұрғысынан оның аса мәнді шешімдер қабылдау құқығын белгілі бір қауымдастық мойындайтын адам.
Саяси жетекшіге тән белгілер қатарына дәстүрлі түрде мыналарды: ұйымдастыру қабілеттерін, мықты ерікті, күш-жігерлілікті, тап басатын түйсікті, сұңғылалықты, зеректікті, адамдарды тани білуді жатқызады.
Жаңа белгілер ретінде суретте және теледидарда жақсы шығу қабілетін, жайсандықты, сенімге лайық болуды атап көрсетеді.
Жетекшінің негізгі міндеттері:
а) ықпалдасу міндеті – нақты саяси бағдарламада бүкіл халық мүдделерінің ықпалдасуы. Қоғамның әртүрлі әлеуметтік жіктерінің мүдделерін есепке алу маңызды болады және іс жүзінде мұндай жағдай жиі мәлімделеді, алайда бұған нұсқау беру көшбасшылықтың қажетті шарты болып табылады;
б) үйлестіруші міндет — мемлекеттік билік институттарының (парламент, үкімет, сот) қызметін қоғамда қабылданған құндылық бағдарымен, қоғамдық пікірмен өзара байланыстылығы;
в) прагматикалық (іс жүзіндегі) міндет – бағдарламаларды, идеяларды, саяси шындықты іске асыру.
13-ші тақырыпқа бақылау сұрақтары:
1. Саяси жетекші имиджі әлеуметтік және психологиялық факторлары.
2. Саяси элитаның қоғамдағы ролі мен орны.
3. Саяси жетекшінің саяси мәдениеті.