Цунами жаршысы алдын алу шаралары.

Цунами деген сөз жапон сөзінен шыққан, тура аударғанда үлкен толқын деген сөзді білдіреді. Ол су асты жанар тауларының атқылауынан пайда болатын үлкен ұзындықтағы гравитациялық толқындар. Су көші жылдамдығының және жер асты бағаналарының өзгерісі әсерінен су бетінде көтерілулер және төмен түсулер байқалады. Пайда болған көтерілулер судың тербелісті қозғалуына ауысып, теңіз түбінен 50-100км/сағ жылдамдықпен тарайды.Көршілес толқындар арақашықтығы 50 км-ден 1500 км-ге дейін. Толқындардың биіктігі-0,1-5м ,жағалауда 10 м дейін жетеді, жазықтықтарда 50м дейін жетіп , жолында орналасқан жағалаудағы елді мекенді қиратып өте үлкен шығындар тудырады. Құрлық тереңдігінде цунами 3 км дейін жетеді, оны цунами толқындары деп атайды.Цунамидің 1000-ға жуық оқиғасы тіркеліп, оның 100-ге жуығы апаттық шығынға әкелген.Цунамидің 80% Тынық , Атлант , Үнді мұхиттары , Жерорта теңізі аймағында орын алады.Апат ошағындағы көмек.Осы аймақтардағы құтқару және емдеу –эвакуациялау шараларын жүргізгенде адамдардың суық суда болу уақыты тым шектелетінін есепке алу аса маңызды. Суық судағы адамнығ қаза болуы сыртқы орта температурасына байланысты, егер температура +2-3градус болғанда 10-15 минут , ал -2 градуста 5-8минут аралығында адам қаза болуы мүмкін. Сондықтан құтқару және емдеу –эвакуациялау шаралары кезінде міндетті түрде ұшақтар мен тез жүретін кемелерді пайдалану қажет. Су басқан аймақтардағы адамдар су басып үлгермеген ғимааттар төбесінде , жоғары орналақан жерлерде бірнеше сағатқа дейін шыдауға мүмкіндіктері болады.Су апатынан зардап шеккендерді жағаға жеткізгеннен кейін көрсеткіштері бойынша оларға шоққа қарсы кешенді ем және реанимациялық шаралар жүргізіледі. Осындай зардап шеккендердің көпшілігіндегі жарақаттар терапиялық профильдегі болып келеді, себебі жылдың суық мерзімінде суда болған адамдарда пневмония жиі дамиды.

14.Су тасқыны, жіктелуі және себептері , алдын алу шаралары.Су тасқыны д/з-қардың тез еруі, нөсер , күшті желмен су ағысының жылдамдауы салдарынан өзен, көл н/е теңіз деңгейінің көтеріліп , құрғақ жердің едәуір бөлігін судың уақытша басуы.пайда болған себептерге байланысты су тасқынын шартты түрде 3 топқа бөлуге болады :

1.Күшті жауын шашынна н/е қардың еруінен 2.Қуалай соққан желдің әсерінен және өзеннің теңізге құятын сағаларында 3.Су астында жер сілкінудің салдарынан пайда болады.

Теңіз жағалаулары мен аралдарда су тасқыны жер сілкінісіжанар таулардың атқылауы салдарынан пайда болған толқынның әсерінен туындайды. Теңізден пайда болған тасқындарды Жапония жағалауларында , тынық мұхит аралдары аймағында жиі байқалады, олардан ауыл шаруашылығы мен өндіріске орасан зор экономикалық шығын келеді. СУ ТАСҚЫНЫ - бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу. Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады. Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4 м/с астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады. Қираудың негізгі себептері ғимараттар мен құрылымдарға су массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп жүрген мұздардың, әртүрлі сынықтар мен жүзіп жүрген заттардың, т.б гидравликалық соққысы болуы мүмкін. Су тасқыны кенеттен пайда болып және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін. Су тасқынына қалай дайындалу керек
Егер де Сіздің аумағыңыз су тасқынынан жиі зардап шексе, су басу мүмкін жерлердің шекарасын, сондай-ақ тұрғылықты жеріңізге жақын тұрған дөңестеу сирек су басатын жерлерді, оған баратын ең қысқа жолды зерделеп, еске сақтаңыз.
Отбасы мүшелерін ұйымдасқан және жекелей көшіру кезінде әрекет ету, сонымен қатар кенеттен және буырқанып келе жатқан су тасқыны кезіндегі ережелерімен таныстырыңыз. Қайықтар, салдарды және оларды жасау үшін құрылыс матеиалдарын сақтау орындарын еске сақтаңыз. Көшіру кезінде алып шығатын құжаттар, мүлік және дәрі-дәрмектердің тізімін алдын-ала жасап қойыңыз. Арнайы чемодан немесе рюкзакқа құндылықтарды, қажетті жылы затарды, азық-түлік қорын, су және дәрі-дәрмекті салыңыз.
Су тасқыны кезінде қалай әрекет ету керек
Су тасқыны қаупі және көшіру туралы дабылды алғаннан кейін күттірместен, белгіленген тәртіп бойынша өзімен бірге қажетті заттар мен бұзылмайтын азық-түліктің екі күндік қорын алып апаттық су басуы ықтимал қауіпті аумақтан белгіленген қауіпсіз аумаққа немесе дөңестеу жерлерге барыңыз (шығыңыз). Көшіру пунктіне жеткеннен кейін тіркеліңіз. Үйден кетер алдында электр қуаты мен газды сөндіріңіз, отын жағу пештеріндегі отты өшіріңіз, ғимараттың сыртындағы барлық қалқитын заттарды бекітіп қойыңыз немесе қосымша жайларға орналастырыңыз. Егер де уақытыңыз болса үйдегі құнды заттарды шатырға немесе жоғарғы қабаттарға орналастырыңыз. Есңктер мен терезелерді жауып, қажет болса және уақыт жеткілікті болса бірінші қабаттың терезелері мен есіктерін сыртынан тақтайлармен жабыңыз. Оған қоса, үнемі апат туралы дабылды беріңіз: күндіз – жақсы көрінетін шүберекті ағашқа байлап іліп немесе бұлғау, ал түнде жарықтық дабылмен және дауыс беру қажет. Құтқарушылар келген кезде дүрбелең тудырмай, сақтық шараларын сақтай отырып, жүзу құралдарына көшіңіз. Құтқарушылардың талаптарын мүлтіксіз сақтап, жүзу құралдарының шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу керек. Қозғалу кезінде белгіленген орындардан кетпей, бортқа отырмаңыз, экипаждың талаптарын мүлтіксіз орындаңыз. Су басқан ауданнан тек қана зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болғанда жағдайлар, су деңгейінің көтерілуінің жалғасуы, жоғарғы қабаттарды (шатырларды) су басу қаупі болу сияқты себептер болған кезде ғана өздігінен кетуге кеңес береді. Бұл кезде сенімді жүзу құралы болып және қозғалыс бағытын білу керек. Өздігінен шығу кезінде апат дабылын беруді тоқтатпау керек. Суда малтып жүрген және батып жатқан адамдарға көмек көрсетіңіз.
Егер адам батса
Батып жатқан адамға жүзетін зат лақтырып, оны сергітіңіз, көмек шақырыңыз. Зардап шегушіге бару кезінде өзен ағысын ескеріңіз. Егер батушы адам өзінің іс-әрекеттерін бақыламаса, оның артынан жүзіп барып, шашынан ұстап алып, жағалауға сүйреңіз.
Су тасқынынан кейін қалай әрекет ету керек .Ғимаратқа кірер алдында қандай-да болмаса бір заттың құлау немесе қопарылу қаупі бар ма жоқ па тексеріңіз. Жайды желдетіңіз (жиналып қалған газдан тазарту үшін). Жайларды толық желдетпейінше және газбен қамту жүйесінің жарамдығын тексермейінше электрді қоспаңыз, ашық отты пайдаланбаңыз және сіріңкені жақпаңыз. Электр өткізгіштердің, газбен қамту, су және канализация құбырларының жұмысқа жарамдылығын тексеріңіз. Олардың мамандардың көмегімен тексеріп жарамдылығына көз жеткізгенбейінше қолданбаңыз. Жайларды кептіру үшін есіктер мен терезелерді ашыңыз, едендегі және қабырғалардағы кірді жуып, подвалдардағы суды шығарыңыз. Сумен тікелей жанасқан тамақ өнімдерін пайдаланбаңыз. Құдықтарды тазартуды ұйымдастырып ондағы лас суды шығарыңыз.

Алдын алу жұмыстарының тұтас жүйесі бар: судың басуы болатын аумақтың тасқын судың арнасын бұру; су қоймасы, ьөгет, тосқауыл тұрғызу; жағаны биіктету және түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу; ғимараттар мен үй-жайларды судан оқшаландыру қондырғысын қою; қысқа бұталы ағаштар отырғызу; жүзу және құтқару құралдарын жасау және даярлау; толқын соққыларына төзетін күрделі құрылысты тұрғызу; отбасының барлық мүшелерін жүзуге үйрету; қайықтың болуы; жақын орналасқан биік жерді білу; жақындаған зілзала туарлы хабарды алуға дайын болу; тұрғын үйдің жанына топырақ салынған тосқауылдар қою, топырақ төгу.
Тұрғындарды уақытша көшірудің басталуы мен тәртібі туралы жергілікті радио мен теледидар, ал жұмыс істейтіндерге кәсіпорын, мекеме және оқу орындары арқылы, ал өндіріс пен қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін халыққа тұрғын үй басқармасы органдары арқылы хабарланады.
Халыққа жиналатын орынды, жиналу мерзімін, көшу кезінде жаяу баратын бағыт, сондай-ақ апаттың күтілген көлеміне орай туындаған жағдайларды, оны ауыздықтау жолдарын және барысын және басқа да мәліметтер хабарланып отырады.
Уақыт жеткілікті болған жағдайда қауіпті аймақтағы халық дүние-мүлкімен бірге су басу аймағынан тыс орналасқан жақын елді-мекендерге көшіріледі.
Кәсіпорын мен мекемелер су қауіпі төнген жағдайда жұмыс тәртібін өзгертеді, ал кей жағдайда жұмыс мүлдем тоқтайды. Су басу ықтимал аймақта мектептер мен ба мекемелері уақытша жұмысын тоқтатып, балалар қауіпсіз жерге орналасқан ментеп пен балалар мекемесіне ауыстырылады. Егер төменгі қабатта тұратын және кешенді адамдар судың көтерілуін байқаса, жоғарғы қабаттарға көтерілуге, егер үй бір қабатты болса, шатырға шығу тиіс. Жұмыста әкімшілік нұсқауымен белгіленген тәртіпті сақтап, биік орналасқан орындарға көтерілу керек. Далада кенеттен су басқан кезде дөңеске немесе ағашқа шығып, әр тұрлі жүзу құралдарын пайдаланған жөн.
Үйден (пәтерден) шыққан кезде өзіңізбен бірге құжаттарыңызды, құнды заттарды, аса қажетті заттарды, екі-үш тәулікке жеткілікті азық-түлік қорын алу ұсынылады.
Судың басуынан сақтауды қажет ететін және алу мүмкін емес мүлікті жоғарғы қабатқа, шатырға шығару керек. Үйден (пәтерден) шығардың алдында электр мен газды ажырату, пешті өшіру, есікті, терезені, ғимараттағы желдеткішті және басқа да саңлауларды нығыздап жабу керек.
Су басқан аумақтағы ададмдарды іздеу шұғыл ұйымдастырылып осы жұмысқа АҚ және ТЖ құрамалары, әскери бөлімдері, жүзу құралдарының экипажы мен басқа барлық қолда бар күш пен құралдар тартылады. Құтқару жұмыстары кезінде ұстамдылық танытып, құтқарушылар талабын бұлжытпай орындау керек. Жүзу құралдарына (қатар, қайық, желкен және т.б.) шектен тыс салмақ алуға болмайды, өйткені бұл адамдардың өміріне қауіпті. Көмектің бірінші кезекте балаларға, ауру адамдар мен қарттарға көрсетілетінін есте ұстаған жөн.

Наши рекомендации