Леуметтік статус жəне əлеуметтік рөл ұғымдарының анықтамалары.

Тұлға қоғамдық қатынастардың субъектісі мен объектісі ретінде.

Тұлға тек қана əлеуметтік-қоғамдық қатынастардың жемісі ғана емес, сонымен қатар əлеуметік ісəрекеттердің маңызды субъектісі де болып саналады. Бұл іс-əрекет, қызмет қоғамның барлық салаларында əрдайым көрініп отырады. Мысалы, экономикада, саясатта, рухани өмірде. Көрнекті неміс əлеуметтанушысы Марк Вебер əрбір адам өзінің іс-əрекетіне белгілі бір мəн, мағына береді деп атап көрсеткен. Олар осыларды өмірде қолданады. Одан əрі саналы адамның əлеуметтік ісқимылы, əрекеті, қызметі өзінше жеке дара бағытталып, өмір сүре алмайды, ол əр уақытта басқа адамдарға бағытталады. Вебер осындай іс-əрекеттің біреуге бағытталуын, нысаналануын тосу, күту, үміт ету дейді.

19. Тұлға құрылымы.Тұлға дегеніміз, қоғамда белгілі орыны бар, белгілі қоғамдық қызмет атқаратын саналы индивид. Тұлға индивидке қарағанда жас, себебі, адам индивид болып туады, ал тұлға болып қалыптасады.

Тұлға құрылымы дегеніміз, тұлғаның даралық-психологиялық, дүниетанымдық, əлеуметтік-психологиялық қырларының жиына. Алайда, əрбір персонолог тұлға құрылымын түрліше сипаттайды, ал бұл олардың методологиялық бағытын көрсетеді.

Тұлға құрылымы биологиялық жəне əлеуметтік қатынастар арқылы қарастылырады, сондықтан психологияда тұлғаның эндопсихологиялықжəне экзопсихологиялық құрылымдардан жинақталған деген идея пайда болған. Эндопсихологиялық – тұлғаның ішкі механизмі (ойлау, есте сақтау т.б.); Экзопсихологиялық – адамның қатынастар жүйесі, əлеуметтік фактор.

леуметтік статус жəне əлеуметтік рөл ұғымдарының анықтамалары.

Леуметтік статус жəне əлеуметтік рөл ұғымдарының анықтамалары. - student2.ru Əлеуметтiк статус - қоғамдағы жеке түлғалар мен əлеуметтік топтардың қандай да бір қүқықтар мен міндеттер жиынтығымен байланысты жалпы жағдайы. Əлеуметтiк статус- жеке түлғаның немесе əлеуметтік топтың Р.Мертон "статустық жиынтық" деп атаған қоғамдағы дəрежесінің, кəсібінің, білігінің, лауазымының, материалдық жағдайының, саяси ықпалының, партиялық жəне кəсіподақтық мүшелігінің, іскерлік байланыстарының, үлтының, діншілдігінің, жасының, отбасылық жағдайының, туыстық байланыстарының интегралдыкөрсеткіші.

21. Туа біткен жəне қол жеткізілген статустар. Индивидтің функциялары жəне одан туындайтын міндеттер мен құқықтар жеке адамның əлуметтік статусын белгілейді. Жеке адамның əлеуметтік статусы – бұл индивидтің əлеуметтік топтардағы жəне бүтіндей қоғамдағы позициясы. Ол табиғи (жынысы, жасы) жəне əлеуметтік сипаттамалар (мамандық, кəсіп түрі, табыс, қызмет жағдайы жəне т.б.) арқылы анықталады, сондай-ақ, туа біткен (ұлттық, əлеуметтік тегі, туған жері) жəне қол жеткізілген (білім, мамандық, біліктілік) статустар болады.

22. Əлеуметтену ұғымы. Əлеуметтену агенттері. Əлеуметтену - адамды əлеуметтік өмірге енгізетін, индивидтерге символ, құндылық, норма сияқты мəдени элементтерді игертетін, білім, тəрбиеге қатыстыра отырып, оның əлеуметтік табиғатын құратын күрделі процесс. əлеуметтену дегеніміз – қоғамда қалыптасқан рухани байлықтар мен мінез-құлық

нормаларын белсенді түрде меңгеру жəне жетілдіру жолымен жас ұрпақты сол қоғамның əлеуметтік жəне экономикалық құрылымдарына сəйкес қоғамдық рөлдер системасына қосу болып табылады.

Əлеуметтануда əлеуметтену процесінің 2 деңгейі болады:

1) алғашқы əлеуметтену деңгейі – тұлғааралық, кішігірім топ аралық қатынастар сферасында, индивидтің ең жақын ортасында өтеді;

2) кейінгі əлеуметтену деңгейі – үлкен əлеуметтік топтар мен институттардың деңгейінде өтеді. Бұл деңгейлердің əрқайсысында əлеуметтену процесінің агенттері мен институттары ісəрекет етеді. Əлеуметтену агенттері – мəдени тəжірибені беруге жауапты нақты адамдар, əлеуметтену институттары - əлеуметтену процесіне əсер етіп, оған бағыт-бағдар беретін мекеме.

23. Бірінші ретті жəне екінші ретті əлеуметтену. Əлеуметтенудің мəнісі, ол – екі жақты процесс екендігінде, біріншіден, əлеуметтік ортаға кірудің арқасында индивидтің əлеуметтік тəжірбиені игеруі, екіншіден, индивидтің осы əлеуметтік байланыстар əлеуметтік ортаға белсенді араласуының арқасында, сол əлеуметтік байланыстар жүйесін белсенді түрде қайта жасау процесі. Біріншісі - əлеуметтік тəжірбиені игеру ортаның адамға əсерін сипаттаса, екіншісі, адамның өз ісəрекетінің арқасында ортаға əсер етуін көрсетеді. Əлеуметтену - адамды əлеуметтік өмірге енгізетін, индивидтерге символ, құндылық, норма сияқты мəдени элементтерді игертетін, білім, тəрбиеге қатыстыра отырып, оның əлеуметтік табиғатын құратын күрделі процесс.

24. Десоциализация жəне қайта əлеуметтену. Адамның əлеуметтенуін қарастырмас бұрын адам табиғаты мен адамның даму үрдісіне қажетті шарттарды қарастырып алған орынды. Əлеуметтенудің мазмұнына ұқсас басқа да түсініктер бар. Олар: «тəрбие» мен «адаптация». Тəрбие – стихиялы процесс,əлеметтену одан кеңірек. Адаптация– бейімделу, əлеуметтенудің құрамдас бөлімі, механизмі іспеттес. Десоциализация -жеке тұлғаның қоғаммен байланысының əлсіреуі немесе жоғалуы. Деəлеуметтену (десоциализация) – бұл ескі құндылық, норма, роль мен мінез тəртібінен арылу процесі.

25. Девиация жəне девиантты мінез-құлық. Девиация (лат. deviatio — ауытқу) — бұл: «қалыпты» болып есептелетін немесе қоғамдағы, не əлеуметтік контекстегі қалыптасқан мінезқұлықтан ауытқитын əлеуметтік мінез-құлық. Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті жəне криминалды мінез-құлық.

Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның типтері:1 Агрессивтізорлаушылық мінез-құлық. 2 Ашкөздік мінез-құлық ұрлықтар, қорқытып-үркіту, 3 Нашақорлық сату жəне тарату.

Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.

Девиантты мінез-құлық - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын əлеуметтік іс-əрекет. девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз əлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол əлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мəдени мақсаттары мен оған жетудің əлеуметтік жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді

Наши рекомендации