Тапсырма. Мәтінмен жұмыс
Экономика (грек. oikonomia – шаруашылықты жүргізу өнері) ұғымы алғашында үй шаруашылығын жүргізу туралы заң дегенді білдірген. Қазіргі кезде бұл ұғым одан әлдеқайда кең мағынада: өндіріс, тұтас халық шаруашылығы, жалпы өндірістің әр саласы, қаражат-ақша айналысы, т.б. байланысты айтылады. Біздер экономиканы кең көлемде, қоғамдық өндірістің жүйесі деп түсінеміз. Экономика ұғымы материалдық игіліктер өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды сипаттайды. Экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қатынастарды айқындайды, олардың базисі болып табылады [4,53б].
Экономика ғылымы ең ертедегі ғылымдардың бірі. Алғаш рет экономия термині III ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксинофонд және Аристотель еңбектерінде пайда болды. Көп ғасырлар бойы “экономия” (ойканомия) сөзі үй шаруашылығын ұйымдастыру және жүргізу ережелерін қамтыған. Сонымен қатар жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жүргізу ережелерінің анықталуын қажет етті. Осыған байланысты экономия ұғымы жаңа мәнге ие болып, саяси экономияға айналды.Ол грек тілінде “полис”-мемлекет, “ойкос”- үй шаруашылығы, “номос”- заң дегенді білдірді. Саяси экономия ұғымын алғаш енгізген Антуан де Монкретьен болатын. 1615жылы оның “Саяси экономия трактаты” деген еңбегі жарық көрді. Мұнда мемлекеттік шаруашылықты жүргізу кеңестері мазмұнданған. Саяси экономия ғылым ретінде XVI-XVII ғасырларда пайда болған. Бұл кезеңнің алғашқы ілімі Меркантелизм (итальян сөзі – саудагер, көпес) болды. Осы ілімнің негізгі мазмұны байлық көзі тауар мен ақша айналымы саласында болды деп есептелінді. Меркантелизм екі кезеңнен тұрды: алғашқы кезең – ақша балансы теориясын ұсынды, оған сәйкес олар елден ақшаны сыртқа шығаруға тыйым салу қажеттілігін ұсынды; соңғы кезең – меркантелистер тауар айырбастау сферасын зерттеуге көшті. Алғашқы меркантелистерден айырмашылығы олар ақшаны шетке шығаруға тыйым салмады, өндірістік тауарлардың экспортын көбейтіп, протекционизм саясатын жүзеге асыруды ұсынды. Протекционизм – ұлттық экономиканы қорғау. Меркантелистер өкілдеріне Монкретьен, Стафорд, Мен, Фосашков жатады. Айналыс аясындағы бағыттарды жаулап алып, буржуазия аясына өтеді. Оның мәні байлықтың көзі өндірілген игіліктер тек айырбасталатын сауда сапасы емес, өндіріс болып табылатыны дәлелденген. Шынайы байлық - ақша емес, тауар. Ол идея алғашқы рет физиократтар (физио-табиғат, кратос-билік) еңбектерінде пайда болды. Осы мектептің басты тұлғасы – Франсуа Кене. Ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығы еңбегі деп есептетеді. Кейінен бұл сұрақтар Уильям Петти, Давид Рикардо, Адам Смит еңбектерінде қарастырылады. Олар ұлттық байлық тек ауыл шаруашылығы ғана емес, барлық өндіріс саласындағы еңбектен көрінетінін айғақ етті.
Тапсырма:
I. Мәтінмен жұмыс.
Экономика деген не?
Экономика – “үй шаруашылығын жүргізу өнері” деген грек сөзі.
Жеке адамның, отбасының, бүкіл қоғамның бірлігі экономикадан тұрады.
Экономиканы білмей, үй шаруашылығынан бастап халық шаруашылығына дейін басқару мүмкін емес. Экономиканың мынадай түрлерін ажыратамыз:
1) Отбасы экономикасын жанұяның әр мүшесінің еңбекпен тапқан табысы құрайды. Ол тамағына, рухани мүдделеріне, жол және пәтер ақысына тағыда басқа тіршілікке қажетті мұқтаждарына жұмсалады. Маңдай терімен келген табысты орынды жеріне үнемдеп жұмсаған жөн.
2) Ұлттық экономика төмендегідей салалардан тұрады: өнеркәсіп, өндіріс, ауыл шаруашылығы, көлік, құрылыс және сауда. Экономикалық аумақ санатына мыналар жатады: әкімшілік басқарудың еркін тауар – ақша айналысы жүзеге асырылатын аумағы, әуе кеңістігі, мемлекеттік балық аулауға, шикізат, отын өндіруге айрықша құқығы бар аумақтық су мен континенттік қайран жатады.
3) Нарықтық экономика дегеніміз өзінің ішкі рыногына ие бола отырып, әлемдік рыногқа шығу. Оның заңдары:
а) тауарды сатуда, сатып алуда, өндіруде ұсыныс пен сұранысты ескеру керек;
ә) сапалы тауар өндіру арқылы бәсеке шартына жауап бере алу;
б) баға белгілеу процесін басқара алу;
4) Қалтарыстағы экономика ресми экономикалық процестермен қатар жүреді. Ол қылмыстық экономика (заңға қарсы және ашық түрде тыйым салынған) және бүркемелі экономика (салықтардан жалтаратын және табыстарын жасыратын).
Біздің халқымыздың мақсаты – алдыңғы қатарлы, тәуелсіз өркениетті қоғам құру. Әлемдік рынокта өз елінің тауарларын таныту. Отандық тауарлар шығаратын өндірісті дамытсақ, жұмыссыздық болмайды.
1-тапсырма. Қазақша-орысша сөздікті пайдаланып, мәтін бойынша тақырыптық сөздік құраңыз:
тіршілік, мұқтаж, үнемдеу, құрайды, мүдде, экономикалық санат, рухани, өндіру, бәсеке шарты, тыйым, жалтару, өркениетті, ажырату, дамыту, сұраныс, ұсыныс.
2-тапсырма. Ерекше дыбыстары бар экономикалық терминдерді атап, сол дыбыстарды ажыратыңыз:
3-тапсырма. Сөздердегі төл дыбыстарға назар бөліп, жазылуын есте сақтаңыз: сұраныс, ұсыныс, заңға қарсы, өндіріс, өнеркәсіп, шикізат, қоғам, тәуелсіз, айрықша құқық, тыйым.