Сұрақ 1. Мемлекеттік басқару қағидаларының түсінігі және түрлері
ТАҚЫРЫП 5. Мемлекеттік басқарудың қағидалары мен әдістері
Дәріс жоспары (1 сағат)
1. Мемлекеттік басқару қағидаларының түсінігі және түрлері
2. Мемлекеттік басқару әдістерінің жіктелуі
Дебиеттер: нег: 1-21; қос 22-65
Сұрақ 1. Мемлекеттік басқару қағидаларының түсінігі және түрлері
Кез-келген жүйе сияқты мемлекеттік басқару жүйесі де оның қалыптасу, қызмет ету, басқарушылық ықпал ету процестерінің талаптарын, сонымен қатар қоғамда қалыптасқан жағдайларда мемлекеттік басқару қатысушылары әрекет ететін негізгі ережелер мен әрекет ету нормаларын сипаттайтын белгілі қағидаларға негізделетінін де (лат. principium - негіз, бастапқы) атап өткен жөн. Және мемлекеттік басқару қағидаларын ұстанғанда ғана аталмыш жүйенің тиімді болатынын ескеру қажет. Жоғарыда көрсеткендей, мемлекеттік басқару түсінігіне қатысты біртекті анықтамалардың болмауына байланысты арнайы әдебиеттерде оның қағидаларына да қатысты авторлармен келісілген біртекті жіктемесі жоқ, яғни авторлардың бірі оны тар мағынада жіктесе, ал кейбіреулері оны аса толықтықпен жіктеген. Мұнда, өз кезегінде, мемлекеттік басқару жүйесінің қағидаларын өңдеуде де аталмыш теорияның негізін қалаушы неміс ғалымы М. Вебердің үлесін айтпай кетпеуге болмайды. М.Вебер мемлекеттік басқарудың мынадай қағидаларын атап өтеді: еңбек бөлінісі (білікті кадрлардың пайда болуын қамтамасыз етеді); басқару деңгейлерінің иерархиялылығы; міндеттердің біртектілігін қамтамасыз ететін ережелер мен стандарттардың болуы; субъективті қателіктердің болуын төмендететін ресми тұлға ролінің тұлғасыздығы; жұмысқа біліктілік талаптарына қатаң сәйкестікте қабылдау.
Ал М.Вебермен ұсынылған мемлекеттік басқару жүйесінің қағидаларының тізімін кеңейте отырып, Г.В. Атаманчук оның мынадай түрлерін анықтайды: объективтілік, демократизм, құқықтық реттілік, заңдылық, федерализм, биліктің бөлінуі, бұқаралық.
Н.М.Добрынин болса мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасу және қызмет етуінің үш түрлі қағидаларын бөліп қарастырады:
- жалпы жүйелік (іргелі, базистік) - демократизм, құқықтық негізділік, мақсаттылық, заңдылық, биліктің бөлінуі, бұқаралық, өзара толықтыру, субсидиарлық, вертикалды иерархиялылық, өкілеттіктердің баланстылығы, гомогенділік, федерализм, мемлекеттік басқару теориясы мен тәжірибесінің бірлігі;
- элемент бойынша (құрылымдық) – еңбектің мамандануы және бөлінуі, қызметтерді бөлу және бекіту, бірауыздылық, коллегиялылық, ақпараттық қамтамасыз ету, бақылау көлемі, мемлекеттік биліктің таралу қағидасы;
- жүйеішілік – мемлекеттік қызмет персоналын басқару, эмоционалды нейтралдылық, біліктіліктің сәйкестігі, тиімді де рацоналды басқарушылық іс-әрекетті ынталандыру, лауазымды нұсқамаларда құқықтар мен міндеттердің жіктелуі және т.б.
Мемлекеттік басқару қағидаларын анықтауда қазақстандық зерттеушілер жоғарыда келтірілген қағидалармен қатар мынадай қағидаларды ұсынады:
- ажырамастық (біртұтастық) қағидасы;
- басқарудың мемлекеттік механизмінің болуы;
- өңірлерге көмек көрсетудің іріктеулілік қағидасы;
- әлеуметтік тараптарды теңестіру басымдығы;
- мультипликативтілік қағидасы;
- жүйелік сипаттан туындайтын стратегиялық мүдделерді анықтау қағидасы, яғни мемлекеттік басқарудың бағдарламалы-мақсатты әдістерге бағдарлануын жатқызуға болады.
Ғылыми әдебиеттерде көптеген бірнеше түрлерімен қатар олардың жүйелену мысалдары келтірілген. Мемлекеттік басқару мынадай шағын жүйелерге бөлінеді: саяси (әлеуметтік-саяси) және ұйымдастыру, саяси ұйымдастыру, басқару аппаратының техникалық-ұйымдастыру құрылысы, басқару аппаратының техникалық ұйымдастыру әрекеттері; саяси, экономикалық, құқықтық ұйымдастыру, техникалық жалпы мазмұны, ұйымдастыру-саяси түрлілік, жеке функционалдық және т.б. «Басқарудың жалпы теориясы» лекциялар курсының авторлары ұстанымдардың төмендегідей жүйеленуін береді:
- жалпы, оған жүйелілік, шынайылық, өзін реттеуші, кері байланыс, толықтыру, тиімділік, ақпараттың жеткіліктілігі, эволюционизмдік, мүмкіндік, демографиялылық, жариялылық, сайыстық, жетекші буындық жатады;
- жекеленген, олардың ішінде түрлі шағын жүйелер мен қоғам салаларында (экономикалық, әлеуметтік-саяси, рухани) және әртүрлі қоғам көріністерінде, қолданылатын ұстанымдар, ұйымдарды, институттарды саралауда (сараптауда) қолданылатын ұстанымдар бөлінеді;
- технологиялық-ұйымдастыру, оның құрамындағы жеке басшылық, орталық, аймақтық және жергілікті басқарудың үйлесімділігі, нақтылылық, жұмысты бөлісу ұстанымдары, иерархиялық ұстаным, бөлісудегі тәртіп, басқару арқылы мүмкіндіктерді табыстау.
Жаңа басылымдарда мемлекеттік басқарудың заңдары мен ұстанымдарын шектеп көрсетеді. Соңғыларының ішінде бөлінетіндері: жалпы жүйелілік әдістемелілік, жалпы әдістемелілік; басқарудың әлеуметтік-саяси үрдісін реттеуші ұстанымдар; ұйымдастырушылық, жүйелік-функционалдық ұстанымдар, әр топта олардың ондағаны бар.
Мемлекеттік басқару жүйесі келісімділікті, реттілікті, оның заңдылықтарын, қатынастары мен үрдістерін бейнелейді, олар өз кезегінде нақты қоғам мен мемлекеттің дамуы мен деңгейіне бағынады. Сондықтан, мемлекеттік басқаруды құру оның монархиялық немесе демократиялық, феодалдық немесе капиталистік мемлекет болуына байланысты бөлінеді, тіпті бүгінгі күнде де мемлекетті басқарудың кейбір негізін қалаушы ұстанымдар (еркіндік, әділдік, құқық, демократия т.б.), халықаралық деңгейде танылып отырған кезде мемлекеттік басқаруды нақты құру көбінесе белгілі бір елдің әлеуметтік экономикалық, рухани және саяси дамуына байланысты болады.
Сондықтан, мемлекеттік басқарудың ұстанымдарын жүйелеуде ең негізгісі, сол заңдылықтар, қатынастар мен үрдістерді бөліп алу болып табылады, олар мемлекеттік басқарудың барлық жүйесіне тиесілі, мемлекет пен қоғамның мықты байланысын қамтамасыз етуді, оның соңғы, нақты заңдылықтары, қатынастары мен байланыстарының әртүрлі элементтерін құрайды (шағын жүйелердің). Бұндай әмбебап мемлекеттік басқарудың заңдылықтары, қатынастары мен байланыстары мемлекеттік басқарудың жалпы жүйелік ұстанымдары деген атаумен аталады.
Жүйелеудің екінші негізгі заңдылықтары, қатынастары мен байланыстарының сараптамасымен және оның ғылыми бейнесімен байланысты, олар мемлекеттік басқарудың онтологиялық элементтерін ұйымдастырады, ескертіп кететін жайт, бұл жерде мемлекеттік басқарудың мақсаты, міндеті, қүұрылымы, үрдісі сияқты онтологиялық элементтер туралы сөз болып отыр. Егер мемлекеттік басқару табиғаты қоғам ұстанымдарынан көрінсе, онда олар мемлекеттік басқарудың барлық элементтерінің тобына әсер етеді, яғни, әр элементтер тобында өздерінің ерекшеленген заңдылықтары, қатынастары мен байланыстары әрекет етіп, оларға реттелген құрылым беруі қажет.
Тиісті элементтер тобының қалай құрылғанына байланысты олардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі мүмкіндіктері мен әрекеттер мазмұны туындайды. Мемлекеттік басқарудың сол бір эленттерінен (мақсат, міндет т.б.) қоғам өміріндегі әр түрлі құрылымдарды (элементтер комбинацияларын) түзуге болады. Мысалға, бір басқару әрекетінің элементтері автократиялық, либералдық немесе демократиялық-құқықтық мемлекеттік басқару түрлерін қалыптастырады. Осылай әр элементтер тобында мемлекетті басқару элементтері тобы ұйымдарының заңдылықтары, қатынастары мен байланыстарының ғылыми ашылып және мағынаға ие болғандарын мемлекеттік басқарудың құрылымдық ұстанымдары ретінде қарастыруға болады.
Берілген ұстанымдар әр элементтер тобында өзіне тән қасиеттерге ие болады, өйткені бұл топтардың мемлекеттік басқарудың онтологиялық элементтер жүйесіндегі орны мен рөлі олардың ерекше құрылысын шартты көрсетеді.
Соңында, мемлекеттік басқарудың ұстанымдарын жүйелеудің үшінші негізі мемлекеттік басқарудың түрлі шағын жүйелерінің қызмет етуімен байланысты (аумақтық, салалық, функционалдық т.б.) және арнайы мемлекеттік басқарушылық әрекеттің түрлі аспектілеріне қатысты болады. Мысалы, олар келесі ұстанымдарға бөлінеді: мемлекеттік қызмет, басқару қызметкерлер құрамымен жұмыс, мемлекеттік басқарудың ақпаратпен қамтамасыз етілуі, мемлекеттік басқарудың технологиялануы, әкімшілік үрдістер ұстанымдары және т.б. Бұндай ұстанымдарды зерттеу, ашу және жүйелеу –басқа да басқару түрлеріндегі ұстанымдарды білу сияқты, арнайы (сараланған) ғылыми басқару ілімінің ісі. Сонымен қатар, бақылап қараған жол, арнайы ұстанымдар мемлекеттік басқарудың түрлі көріністерінде жалпыжүйелік және құрылымдық ұстанымдарға қайшы келмей, мемлекеттік басқарудың біртұтастығын нығайтуға себін тигізуі керек.
Осылайша, отандық және шетелдік авторлармен ұсынылған мемлекеттік басқару жүйесінің қағидаларын қарастыра және талдай келе, аталмыш қағидаларды ұстану барысында ғана мемлекеттік басқару тиімділігіне қол жеткізуге болатынын айта кету керек.
Мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасу және әрекет ету қағидаларын анықтау және қалыптастыру оларды мемлекеттік басқару тәжірибесінде қолданудың күрделі процесі сияқты күрделі интеллектуалды міндетті білдіреді. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру процесінде олар арқылы сипатталатын құбылыстар оның элементтерінің сапалы өзгеруіне міндетті түрде ықпал етеді. Біздің ойымызша, мемлекеттік басқару қағидаларын қолданудың тиімділігінің басты критерийі болып мемлекеттік басқарудың жүйелілігіне және осы арқылы жалпы қоғам өмірі мен оның жекелеген салаларының үйлесімділігі мен кешенділігіне қол жеткізу табылады.
Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе, мемлекеттік басқару жүйесінің қағидалары басқару процестері мен құбылыстарының мәнін сипаттап, белгілі заңдар мен заңдылықтарға бағынады деуге болады.