Оңтүстік Қазақстан облысында өсірілетін күріштің биологиялық сипаттамасы
Күріш
Oryza | ||||||||||||||||
Oryza sativa | ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Species | ||||||||||||||||
See text. |
Күріш(Oryza) – астық тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық өсімдік.
Мазмұны
· 1 Таралуы
· 2 Тарихы
· 3 Ботаникалық сипаттамасы
o 3.1 Оңтүстік Қазақстан облысында өсірілетін күріштің биологиялық сипаттамасы
· 4 Күріш сорттары
· 5 Қоректенуі және тынайтқыштар
· 6 Қолданылуы
· 7 Сыртқы сілтемелер
· 8 Дереккөздер
Таралуы
Дүние жүзінде Күріштің 20-дан астам түрі негізінен Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка, Америка, Австралияның тропиктік және субтропиктік аймақтарында өсіріледі.
Тарихы
Күріш қолдан б.з.б. 2000 – 3000 жылдары егіле бастаған. Ал Орта Азияда ертеде Күріш өсірілгендігі жөнінде алғашқы жазба деректер Страбон, Геродот еңбектерінде бар.
Б.з.б. 1 ғасырда қалыптасқан Қытайдан басталатын атақты «Жібек жолы» Қазақстандағы Сырдарияның жағасындағы ірі мәдениет және сауда орталығы – Отырар қаласына келіп тірелетін. Ол кезде Отырар қаласы маңындағы халық егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқаны белгілі.
Бұл деректер Күріштің Сыр бойына өте ертеде келгеніне дәлел бола алады. Қазақстанда аса маңызды азық-түліктік дақыл – екпе Күріш (satіva) – Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарындағы Сырдария, Іле және Қаратал өзендерінің аңғарында егіледі.
Ботаникалық сипаттамасы
Оның биіктігі 60 – 150 см, бір жылдық өсімдік. Шашақты тамыры болады (70 – 80 см тереңдікке дейін кетеді). Осы тамырларында ауа жинап өткізуші ұлпалар – аэренхима дамиды. Сабақтың жоғарғы буын аралығының іші қуыс, төменгі буын аралығының ішінде паренхималық ұлпалар бар.
Жапырақ саны сабақ буындары санына сәйкес келеді, бұл Күріштің сорттық қасиетін көрсетеді.
Гүлшоғыры – сыпыртқы тәрізді, масағы бір гүлді. Гүлдері екі қабат – жоғарғы жағында аналық, төменгі жағында аталық гүл орналасады. Күріш өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сортына байланысты вегетация кезеңі 90 – 130 күн, жылуды, суды көп қажет етеді. Күрішті егуден 5 – 6 күн бұрын тұқымын күнге қыздырып, 2 тәулік жылы суда жібітеді, тұқымды себу алдында кептіреді.
Оңтүстік Қазақстан облысында өсірілетін күріштің биологиялық сипаттамасы
Оңтүстік Қазақстан облысында аса маңызды азық-түліктік дақыл – екпе күріш (лат. Oryza satіva) егіледі. Оның биіктігі 60 – 150 см, бір жылдық өсімдік. Шашақты тамыры болады (70 – 80 см тереңд. дейін кетеді). Осы тамырларында ауа жинап өткізуші ұлпалар – аэренхима дамиды.
Сабақтың жоғары буын аралығының іші қуыс, төменгі буын аралығының ішінде паренхималық ұлпалар бар. Жапырақ саны сабақ буындары санына сәйкес келеді, бұл күріштің сорттық қасиетін көрсетеді.
Гүлшоғыры – сыпыртқы тәрізді, масағы бір гүлді. Гүлдері екі қабат – жоғары жағында аналық, төменгі жағында аталық гүл орналасады. Күріш өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сортына байланысты вегетациялық кезеңі 90 – 130 күн, жылуды, суды көп қажет етеді. Күрішті егуден 5 – 6 күн бұрын тұқымын күнге қыздырып, 2 тәулік жылы суда жібітеді, тұқымды себу алдында кептіреді.
Күріш сорттары
Күрішті кейбір Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде (Қытай, Жапония, Вьетнам) көшеттен өсіреді. Күріштің бірнеше сорттары бар.
Қазақстанда көбірек таралғаны – Алакөл және Үштөбе сорттары. Оларды Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары шығарған, негізінен,Қаратал өзені бойында өсіріледі. Маржан сорты – Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты (қазіргі Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты) шығарған. Қызылорда облысының күріш егісінің 65 – 70%-ын осы сорт алады. Алтынай сорты – Қазақстан Ғылым Академиясының Өсімдіктер физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы институтында шығарылған. Бұл сорт Алматы облысында аудандастырылған, негізінен, Іле өзені бойындағы Ақдала аймағында өсіріледі. Күріш – негізгі азықтық дақылдардың бірі. Күріш дәнінен спирт, крахмал алынады, сыра дайындалады, сабанынан қағаз жасалады. Кебегі – мал азығы, одан жоғары сапалы май алуға болады.