Темір жол саласында еңбекті қорғау
Берілген бұл бөлімде әр түрлі функионалданған темір жол көлігі және өндірістің салаларында еңбек ететін теміржолшылардың жұмыс жағдайлары еңбекті қорғаудың жалпы кәсіби формасын көрсетеді. Өндірістік мәселелер, өрт және экологиялық қауіпсіздік, төтенше жағдай кезіндегі тәртіп егжейтегжейлі қаралған. Өндіріс факторларында қауіпті және зиянды бастаулар, олардың жұмысшыларға әсері, түрлі зиянды әрекеттерден қорғау мәліметтері көрсетілген.
Бұл бөлімде темір жол торабында жұмыс істейтін жұмысшылардың еңбекті қорғау заңында көрсетілген құқықтық жағдайлары, құқықтық, әлеуметтік- экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-гигиеналық және емдеу-проффилактикалық қорғау, сала аралық және салалық нормативтік регламенттік құжаттардағы мәліметтерде көрсетіледі. Сонымен бірге темір жол саласында қызмет көрсететін жұмысшылардың жұмысқа алу кезіндегі кәсіби деңгейі жоғары бағаланады.
Шудың темір жол саласына тигізетін әсері,Темір жол саласы – қарқынды түрде даму үстінде , сондықтан жүк және жолаушылар тасымалында темір жол саласының өзіндік орны бар болып саналады. Жылдан жылға қарқынды дамып келе жатқан темір жол, жүк шамасын арттыра отырып бәсекеге лайық темір жол торабын қамтаммасыз етуде. Осыған байланысты пойыздардың жылдамдығы да артуда, ал бұл өз кезегінде сәйкесінше шудың көбеюіне алып келеді. Шудың көбеюі – одан қоршаған ортаны және адамдарды қорғау үшін біршама мәселелерге әкеліп соқтырады.
Темір жол бойындағы шуды азайту үшін көптеген тәсілдер ойлап табылғанымен, іске асыру кезінде нәтижесіз болғандықтан, әзірше өзекті мәселелердің бірі болып табылады. темір жол торабының көп бөлігі елді мекен тұрақтанбаған жерлерден өткенімен, басым көпшілігі елді-мекен көп тұрақтанған жерлерден өтіп, бұл тұрғылықты тұрғындарға біраз өз әсерін тигізеді және қоршаған ортаға өзіндік зиянын келтіреді. Ең үлкен шу жүк тасымалдайтын пойыздар келтіреді, шуды азайту мақсатында оларды қайта жөндеу техникалық қиындықтар туғызбағанымен, іске асыру біраз шығындарды талап етеді. Дегенмен, темір жол бойындағы шуды азайту үшін, біршама жағдайлар жасалуда, яғни: дөңгелек сыртының тозуы мен ақауларын жөндеу, жолдағы рельстерді тегістеу, пойыздардың жылдамдығын шектеу – ең тиімді тәсіл болып саналады. Пойыздың жылдамдығын шектеу кезінде, шудың деңгейін төмендетуге болады, яғни әрбір пойыздың жылдамдығы екі есе азайған кезде уағдаласқан грунттың дірілі 4-9дБ ге дейін төмендейді.
Шудан қорғану
Шудан қорғану әдістер мен шаралар.12.1.003-83 МЕСТ технологиялық әдістерді әзірлеген, машиналарды, ғимараттар мен құрылыстарды жобалаған және пайдаланған, және де жұмыс орнын ұйымдастырған кезде адамға әсер ететін шуды рұқсат етілген мөлшерлерге дейін төмендетуді талап етеді. Шуды төмендету келесі шаралармен жүзеге асырылады: техникалық құралдармен машиналар шуын пайда болу көзінде төмендету; құрылыс-акустикалық шаралармен; шулы машиналарды қашықтан басқаруды қолданумен (блоктық қалқандар, басқарудың орталық қалқаны бөлек ғимаратқа шығарылған); ұйымдастырушылық шаралармен, жұмыс істеу мен демалудың тиімді тәртібін таңдау, шулы жағдайларда болу уақытты азайту, емдеупрофилактикалық шаралар; жеке қорғану құралдарын қолданумен, шлемдер, құлаққалқандары.
Шудың деңгейі 85 дБА-ден асатын аймақтар қауіпсіздік белгілерімен белгілену керек. Бұл аймақтарда жұмыс істейтін жұмыскерлер жеке қорғану құралдарымен жабдықталу керек. Шудың деңгейі 135 дБА-ден асатын аймақтарда тіпті қысқа мерзім болуға тыйым салынады.
Әр түрлі мамандар үшін жұмыс орындарындағы шудың деңгейін шектеу әртүрлі әдістермен орындалады. Мысалы, электростанцияның кезекші инженерлері жұмыс істейтін бөлмелердің қазан-турбиналық цехтердің бөлмелерімен ортақ фундаменті немесе қабырғалары болмау керек. Шудың сыртқы көздерін, трансформаторлар, бу және газ құбырлары, олардан алшақтап орналастыру керек. Қазан-турбиналық цехінің ауысым бастықтарының және аға машинистерінің жұмыс орындарын бөлек шудан оқшауланған +0 м белгісінде орналастыру керек. Турбиналардың машинистер-тексерушілері үшін шудан оқшауланған кабиналарды орналастыру жөн болады және де жеке қорғану құралдарын қолдану ұсынылады.
ЖЭО-ның кейбір учаскелерінде шудың екінші көздері кездеседі, оларда шу дірілдің басқа көздерінен берілетін дыбыстардан және дыбыс толқынының шағылуынан пайда болады,
Энергетикалық кәсіпорындардың жұмыс учаскелерінде дірілдің деңгейі рұқсат етілген шамадан аспайды. Тек шектелген аймақтарда ғана дірілдің деңгейі шамадан асып кетеді, атап айтқанда: тубиналар орналасқан аймақтар, көмір беру галереяларының, генераторлардың, көмір үгітетін диірмендер электрқозғалтқыштарының, қазан-турбиналық цехінің жоғары кернеу құрылғыларының аймақтарында.