Бәсекелестерді зерттеу

Азақтан Білім және ғылым министрлігі

Л-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Қазақша ақпараттандыру ұйымы

Орындаған: Бегінбек Баян

Қабылдаған: Жұмағазиева А.Ғ.

Алматы 2016ж.

Бәсекелестерді зерттеу - student2.ru

Бизнес план

Ақпараттық жүйелерді қазақшыландыру ұйымы

2016 ж.

Мазмұны:

1. Нарық және сала сипаттамасы

2. Өнім сипаттамасы

3. Бәсекелестерді зерттеу

4. Маркетингтік жоспар

5. Өндірістік жоспар

6. Заң бөлімі

7. Ұйымдастырушылық жоспар

Құрастырушы: Бегінбек Баян Еламанқызы

Нарық және сала сипаттамасы

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Айтулы ұйым да бұқаралық ақпарат құралдарына жатады. Себебі, ұйымның мақсаты БАҚ-ның анықтамасымен ұштасады.

Ұйым мақсаты: қай жерден адам қандай мәлімет іздесе де соны таба алуы, әрине қазақша.

Ұйымның мақсаты Қазақстан үшін ұлттық кейіпке және патриоттық белгіге енуі ғажап емес, дегенмен ол болашақ үшін аса маңызды. Қазақша мәлімет таба алу, ол мәліметтің анық және сенімді болуы, кез келген сол мәліметті іздеушіге осы тілді қолдануға қолайлылық әкеледі. Міне, ең маңыздысы, осы тілді қолдану ұлттықты экономикалыққа бейімдеу болып табылады. Сыртқы орта өзіне керек емес тілді қолданбайды, тілдің құндылығын көтеруге арналған мұндай ұйым табыстылығы қаражаттан көрінбесе де, санада серпін беретіні сөзсіз.

Қызметті жүзеге асыру үшін керек:

· Ақпаратты өңдеуші топты құру

· Жұмыс режимін және жалпы жұмыс жүйесін қалыптастыру

· Еңбекақы төлеу

· Салық төлеу

Нім сипаттамасы

Қызметті жүзеге асыру үшін керек:

1. Ақпаратты өңдеуші топты құру: Бұл топқа ақпарттың сапалылығына жауап беретін бір топ және ақпараттарды өңдеуші жалпы топты жатқызамыз. Қызметке қамту бүкіл Қазақстан бойынша жүзеге асады. Қызметке адамдарды ғаламтор жүйесі арқылы, маркетингтік қадамдармен, жарнама көмегімен жеткіземіз. Олардың орналасқан орнының маңызы жоқ, егер байланыс ғаламтор және ұялы сымтетіктер арқылы болатын болса. Ақпараттың сапалылығын тексеретін топ екі бөлікке бөлінеді, бірі ,бұл - ақпаратты сапалы деп бағалайтын екі адам, олар сонымен қатар, ақпараттың қаншалықты түзетімді екенін шешеді, екіншісі, бұл - ақпарат сапалы болмаған жағдайда ақпараттың қаншалықты түзетуді қажет ететініне байланысты түзететіндер, егер ақпарат түзетімсіз болса ақпаратты қабылдаудан бас тартылады.

2. Жұмыс жүйесін және жалпы жұмыс режимін қалыптастыру: Адамдардың мотивациясы үшін көзге көрінерлік заттар мен олардың еңбегі бағаланатынын көрсету керек. Сондықтан ұйым тек ғаламторда сүрмес үшін, нақты мекен-жайлы және әдемі ғимаратпен қамтамасыз етіледі. Ғимарат жұмысшыларға қажетті кеңсе заттары мен кітапханамен міндетті түрде қамтамасыз етіледі. Ал мотивациялы болу үшін , Google сынды еркін асхана мен демалыс орындары болады.

Жұмыс режиміне келер болсақ, тапсырма жұмысты сапалы ия әлде жоқ деп бағалаушы адамдармен беріледі және жұмысты тапсыру уақыты белгіленеді, яғни жұмысты жасау режимін жұмысшы өзі біледі. Ұйымда жұмысты бағалаушы екі адам, жұмысты түзетуші 10 адам, және тұрақты жұмыс жасаушы 50 адам болады. Адамдарда, сонымен қатар, жәй ғана пайда табу мүмкіндігі бар, әрине олар тұрақты емес бола алады. Алайда бұл да заңдастырылады. Ақапарат сатып алғанымыз үшін біз оларға еңбегінің бағасын береміз, алайда тұрақтыға жазылған адамдар тұрақты түрде сапалықты тексеруші өкілдерінің тапсырмасын орындайды.

3. Еңбекақы төлеу еңбекке байланысты болады. Дайын жұмыс тексерістен өткесін, сапалы деп бағаланса, жұмыс қабылданады да еңбекақысы төленеді. Еңбекақы жұмыстың қамту көлемі мен күрделілігіне байланысты негізгі сапалылықты тексеретін екі адаммен анықталады. Төмен күрделілік, тек әдеби жанр немесе ауызекі стилінде болған жұмыстар бағасы 5 000 тг. Орташа күрделілік, зерттеуді орташа талап ететін, фактілермен дәлелденген және мысалды қамтушы, сонымен қатар жеңіл жазылған ғылыми зерттемелер және де зерттеуді талап етпеген, тек аудармашылық жұмыстарға 10 000тг. көлемінде. Күрделілігі жоғарылар, нақты мәліметті талап ету негізінде аса зерттеу жүретін күрделілігі көзге басылатын жұмыстар. Бұл жұмыстардың қандац екенін , шындығында, тиісті адамдар орнату керек , алайда бұндай жұмыстардың бағасы 50 000тг.-мен бағаланады.

Мотивациялау мақсатында, ұйымда тек ақпаратты аударумен қамту ғана емес сонымен қатар ғылымилық та бар екенін ескеріп , ең үздіктер номинациясы сынды номинациялар белгілеп, премия ұсынамыз. Премия ай сайын жүзеге асады. Ол үшін жылына 3 млн.тг. кемінде бөлінеді.

Бухгалтерлік жүйесін жүргізу менің де шамамнан келер, маған айлық керек емес.

4. Ұйым, пайда табуға көзделмегендіктен, коммерциялық емес ұйым ретінде келесідей салықтарды төлейді: ЖТС,әлеуметтік салық 11% ИПН, МЗЖ 10%, ОПВ 10%, әдеуметтік аударымдар,мүлік бар болса мүлік салығы, жер иемденсе жерге салық, көлік болса көлік салығын,коммерциялық істер жүзеге асырмасаңыз КТС босатыласыз, ал егер тапсаңыз ол да бар, ол бізде болып қалуы мүмкін.

Бәсекелестерді зерттеу

Бұл салада бәсекелестер деп айтарлық ешкім жоқ. Себебі тек тілді дамы

Маркетингтік жоспар

Қызметімізді тұтынушылар жалпы қазақ тілінің қолданушылары және осы тілді белгілі бір мақсатта қажет етуші адамдар.

Айтулы қызметтен қалай пайда көруге болады?

Біз ақпараттарды арнайы сайт ашып, Google-ға тіркейік, әрине ақпарат керек қылған адамдар , қазіргі таңда, бірден ғаламтордан іздейтіні анық, содан олар біздің сайтта ақпараттарды қолданумен қатар сол тематикаға сәйкес келетін жарнамаларға жолығуы мүмкін және оған кіріп жатырса , онда ақша түседі. Бірақ мен оның көлемін елестете алмай тұрмын. Бұл өзгермелі көрсеткіш болып табылады. Қазақша ақпараттың кеңістігін ұлғайту арқылы оны қолданушыларға да түрлі жағдайлар жасау керек. Мысалы маркетингтік қажеттіліктер осы жерде пайда болады. Біздің жасайтын маркетингтік әстер:

1. Осы сайттың бар екенін көрсету, яғни өзімізді жарнамалау, ол әрине тұтынушы бізді ғаламтор жүйесінен бірінші болып кездестірмесе деген оймен, арнайы біздің сайтты теріп қарауына болатындай мүмкіндік жасау. Нақты бұл сарафанды радио болады. Сайт аты akparat.kz мүмкін. Айтуға оңай, ағылшынша нақты жазылатын.

2. Сайттың тартымдылығын арттыру мақсатында сайт қонақтар санын сақтап отыру, көпшілік көпшілікті қолдайды.

3. Сайтты ең қолайлылық деңгейінде ұстап тұру.

Ндірістік жоспар

Қызметтің өндірісі үшін керек:

50 адам ақпараттандырушылар

10 адам түзетушілер

2 адам сараптаушы-қабылдаушылар

1 адам сайт түзетуші

Ғимарат жылдық жалдауы 2 млн. аспайтын

Премия 3млн. бір жылға

Жалақы жалпы қызметкежылына 2 млн.аспайтын салық

Маркетингтік жығындар жылына 500 мыңнан аспайтын.

Заң бөлімі

Тіркелу орны Алматы қаласы болуы мүмкін.

Кiрiс түсiру негiзгi мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кiрiстi қатысушылар арасында бөлмейтiн заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады. Анайы коммерциялық емес болып табылатын ұйым қызметіне арнаулы заң бойынша қызмет атқарады. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң бойынша:

Коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтiк, мәдени, ғылыми, бiлiм беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткiзу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғау; даулар мен жанжалдарды шешу; азаматтардың рухани және өзге қажеттiлiктерiн қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту заң көмегiн көрсету үшiн, сондай-ақ қоғамдық игiлiктердi және өз мүшелерiнiң (қатысушылардың) игiлiктерiн қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкiн.
Коммерциялық емес ұйымдар қызметiнiң мақсаттары құрылтай құжаттармен айқындалады.

5-бап. Коммерциялық емес ұйымдардың құқықтары мен
мiндеттерi

1. Жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру үшiн коммерциялық емес ұйымдардың:
1) заңдарда белгiленген тәртiппен банктерде шоттар ашуға;
2) мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ұйымның толық атауы бар мөрi, мөртабаны және бланкiлерi, сондай-ақ белгiленген тәртiппен тiркелген эмблемасы (нышаны) болуына;
3) меншiгiнде немесе оралымды басқаруында оқшауланған мүлкi, сондай-ақ дербес балансы немесе сметасы болуға;
4) мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарды иемденiп алуға және жүзеге асыруға;
5) егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, басқа заңды тұлғалар құруға;
6) филиалдар мен өкiлдiктер ашуға;
7) қауымдастықтар мен одақтарға кiруге, сондай-ақ олардың қызметiне қатысуға;
8) жарғыда көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды пайдалануға;
9) сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Коммерциялық емес ұйымдар:
1) Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға;
2) белгiленген тәртiппен салық және бюджетке төленетiн басқа
да мiндеттi төлемдердi төлеуге;
3) өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен (мекемелердi қоспағанда) жауап беруге;
4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапкершiлiкте болуға мiндеттi.

Наши рекомендации