Ауыл ша­ру­ашылғын күштеп ұжым­дасты­ру

Жаңа экономикалық саясаттың мерзімінен бүрын аяқталуы Қазақстан ауыл шаруашылығына да ез зардабын тигізіп, кооперативтік қозғалыс енді күштеп үйымдастырумен алмастырылды. Коммунистік партияның 1927 ж. желтоқсанда өткен XV съезі ауыл шаруашылығын үжымдастыруға бағыт берді. Ұжым­дасты­ру ісіне көмек ретінде ауыл­ды жер­лерге 8000 жұмыс­шы жіберілді. 25 мыңдықшы­лар деп аталған 1204 "ұжым­дасты­рушы" Мәскеу, Ле­нинг­рад сиқты ор­та­лықтар­дан жіберілді.Ауыл ша­ру­ашы­лығының ұжым­дасты­рылуы өте қатал жағдай­да жүргізілді. Ұжым­дасты­ру же­дел және жос­парсыз жүргізіле бас­та­ды.1928–1931 жыл­дардағы ұжым­дасты­ру ба­рысы: рес­публи­ка ша­ру­ашы­лығының 1928 жы­лы 2% -ы,1930 жы­лы сәуірде 56,4%-ы,1931 жы­лы қазан­да 69%-ы ұжым­дасты­рыл­ды.Ауыл ша­ру­ашы­лық өнімдерін және мал­дарды күшпен ал­ды. Мы­салы, 1931–1932 жыл­да­ры Шұбар­тау ауда­нын­да мал­дың 80%-ы ет­ке өткізілді. Балқаш ауда­нының халқына 297000 малға са­лық са­лын­ды,. Торғай­дағы 1 млн. мал­дың 98 мыңы ғана қал­ды.Ку­лак­тарды жою ісі қатал жүргізілді. Шо­лақ бел­сенділер ор­та­шалар­мен қатар ке­дей ша­ру­аларға да зор­лық жа­сады.

Жым­дасты­ру са­яса­тына қар­сы ша­ру­алар толқуы

1929–1931 жыл­да­ры Қазақстан жерінде ша­ру­алар­дың ұжым­дасты­ру са­яса­тына қар­сы ұйым­дасты­рылған қару­лы қозғалы­сы бол­ды.

Ірі көлем­де ша­ру­алар қозғалы­сы өткен жер­лер:

1929 жы­лы 29 қыркүйек – Бос­тандық,

1929 жы­лы 1 қара­ша – Бат­паққара (Қос­та­най),

1930 жы­лы 2 ақпан – Со­зақ,

1930 жы­лы 25 ақпан – Ырғыз,

1930 жы­лы 26 на­урыз – Сарқан­да т. б.

Нәтижесі

Күштеп үйымдастыру салдарынан 1931-1932 жж. аштық кеңінен етек алды. Аштық, індет және басқа жоқшылықтар салдарынан толық емес деректер бойынша 1 млн. 750 мың қазақ қазаға үшырады. Бір миллионнан астам қазақтар республикадан тыс жерге көшіп кетті. Қазақтардың бүрынғы саны 40 жылдай уақыт өткен соң, 1969 ж. ғана қалпына келді.

Ұжым­дасты­ру зар­да­бы

1929–1933 жыл­дар ара­лығын­да Қазақстан­дағы біріккен мем­ле­кеттік са­яси басқар­ма (ОГ­ПУ) 3386 адам­ды ату, 13151 адам­ды түрме­ге қамау ту­ралы үкім шығар­ды. Көпте­ген адам­дар өздерінің мал­да­рынан айырыл­ды.

1930–1932 жыл­да­ры Қазақстан­ды әйгілі ұлы жұт аш­тық жай­ла­ды.

65.1920-40 жж. Қазақстандағы индустрияландыру: ерекшеліктері, әлеуметтік-экономикалық және демографиялық нәтижелері.Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған болатын. Өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61% - ға ғана жетті. 1925 жылы желтоқсан айында БК(б) Партиясының XIV съезі өтті. Онда елді социалистік индустрияландыру бағыты жарияланды. Индустрияландыру – 1) халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру, 2) инфраструктураның дамуы, индустрияланған халықтың пайда болуы.

Индустрияландыру ісі Қазақстанда елдің басқа аудандарына қарағанда біршама кешірек басталып, уақыты жағынан КСРО Халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен (1928 – 1932 ж.ж.) тұтас келіп, өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты.

Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған болатын. Өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61% - ға ғана жетті. 1925 жылы желтоқсан айында БК(б) Партиясының XIV съезі өтті. Онда елді социалистік индустрияландыру бағыты жарияланды. Индустрияландыру – 1) халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру, 2) инфраструктураның дамуы, индустрияланған халықтың пайда болуы. Индустрияландыру ісі Қазақстанда елдің басқа аудандарына қарағанда біршама кешірек басталып, уақыты жағынан КСРО Халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен (1928 – 1932 ж.ж.) тұтас келіп, өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты Индустрияландыруды жүзеге асыру.Қазақстанда индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті табиғи байлықтарды зерттеуден басталды. КСРО Ғылым академиясы 20 – жылдардың аяғы 30 – жылдардың басында көптеген көрнекті ғалымдардың қатысуымен ұйымдастырған кешенді экспедициялар іс жүзінде республиканың бүкіл аумағын қамтыды. Академик Н. С. Курнаков Орталық Қазақстанның минерал–шикізат байлықтарын зерттеп, «ҚАҚСР –і Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы» деген тұжырым жасады. Академик И. М. Губкин Орал – Ембі мұнайлы ауданын зерттеп, бұл кен орны -мұнайға аса бай облыстардың бірі деп қорытындылады. Қазақтың жас инженер–геологы Қ.И. Сәтбаев Жезқазған ауданындағы мыс кені орындарын мұқият зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дәлелдеп берді Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер:
1) Машина жасау, металлургия, қорғасын өнеркәсібі кәсіпорындары болмады.
2) Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды.
3) Тау – кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді.
4) Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит тегін әкетілді.

Өлкедегі индустрияландыру бағытын жүзеге асыру жолдары:

Индустрияландырудың барлық ауыртпалығын шаруалар көтерді.
1) Шаруаларға үстеме салықтар салынды.
2) Республикалардың барлық жинақталған қорлары мемлекеттік бюджетке қосылды.
3) Одақтық бюджеттен берілген есебінде, республика қорынан субсидеялар мен дотациялар бөлу (1931 – 1934 жж. - 2 млрд. 137 млн. сом).
4) Өндірісті, өнім өткізуді және жабдықтауды мемлекет қолына шоғырландыру.
5) Жазалау саясатын қолдану сияқты тәсілдер тән болды.

Негізінде елді экономикалық артта қалушылықтан шығару сияқты игі мақсатпен басталған бұл жұмыс әкімшіл - әміршіл, бұлтартпайтын әдістерімен жүргізілді. Көптеген жаңа құрылыстар жазықсыз қудаланған адамдардың еңбегімен көтеріліп, ондай қудаланған адамдардың саны үнемі толықтырылып отырды.

Индустрияландырудың Қазақстанға тигізген теріс әсері:
1) Халық дәстүрі бұзылды.
2) Қазақ шаруалары кедейленді және аштыққа ұшырады.
3) Лагерьлер жүйесі орнықты.
4) Қазақстан Россияның шикізат көзіне айналды.

Индустрияландыру ерекшеліктері:

1) Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді. Мұнай Ембіде өндіріліп, өндейтін орталық Орскіде салынды.
2) Білікті жұмысшы мамандар, инженер – техник қызметкерлер сырттан, негізінен Россия мен Украинадан әкелінді.
3) Жергілікті мамандар жетіспді.
4) Урбандалу (урбанизация) процесі күшті жүріп, қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді. 1930 жылдың аяғында қала халқы 29,8 %, 1939 жылы қалада тұратын қазақ – 375 мыңға артты. (1926 жылғыдан 5 есе көп).

1940 жылы Қазақстанда өндірісте істейтін жұмысшы табының жалпы саны 350 мыңға жетті. Оның жартысына жуығы қазақ жұмысшылары болды. Республикада көптеген инженер – техник кадрлары даярланып, олардың саны 11 мыңнан асты.

Индусрияландыру барысында бұқаралық социалистік жарыс өрістеді. 1930 жылы республикада 10 мыңнан астам екпінділер болды. Домбастың жаңашыл забойшысы – Алексей Стаханов бастамасы ел көлемінде насихатталды. Қазақстандағы алғашқы Стаханов ізбасары – Қарағанды шахтеры Түсіп Күзембаев. Стахановшылар қозғалысы халық шаруашылығының барлық маңызды салаларын қамтыды.

Индустрияландыру саясатының тарихи маңызы:
1. Аграрлық республика индусриялы – аграрлық аймаққа айналды.
2. Республикада қалалар мен қала тұрғындарының үлес салмағы өсті.
3. Ұлттық жұмысшы табы құрылды.
4. Инженер – техникалық кадрлар қалыптаса бастады.
5. Қысқа мерзімде орасан зор материалдық қазыналар, өнеркәсіп мүмкіншілігі жасалды.
6. Көп ұлтты ұжымдар пайда болды, адамдардың туысқандығы нығайды.
7. Қазақстанның басқа индустриялық аймақтармен экономикалық байланысы орнықты.
8. «Кімді кім» деген мәселе қалада да, деревняда да социализм пайдасына шешілді.
9. Өндірістің негізгі құрал – жабдықтарына капиталистік меншік жойылды.
10. Жұмыссыздық жойылды.
11. Халықтың материалдық әл – ауқаты біраз жақсарды. Қазақстанда жалақының жалпы қоры 1928 жылы 142,11 млн. сом болды, ал 1932 жылы 732,8 млн. сомға жетті.
12. Өнеркәсіп орындарының көпшілігі 7 сағаттық жұмыс күніне көшірілді.

Сөйтіп, индустрияландыру елді экономикалық артта қалушылықтан шығарды.

66.Қазақ АКСР-нің құрылуы. Қазақ АКСР-нің құрамына қазақ жерлерінің бірігуі (1924 ж.).1919 жылы 10 шілдеде РСФСР Халық Комиссарлар кеңесі «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы» декрет қабылдады.Ол өлкедегі ең жоғарғы әскери – азаматтық басқарма болып саналды. Казревком құрамына Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстары, Астрахань губерниясының шығыс бөлігі кірді. Казревком төрағасы С. Пестковский болды. Мүшелері: А. Байтұрсынов, Ә. Жангельдин, Ә. Әйтиев, Б. Қаратаев, С. Сейфуллин, С. Мендешов, М. Сералин, В. А. Радус – Зенькович, А. Авдеев т. б. Казревком міндеттері:1. Контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу. 2. Өлкеде мемлекеттік, шаруашылық, мәдени құрылыс орнату. 3. Өлке Кеңестерінің құрылтай съезін әзірлеу. 1920 жылы 9 наурызда Алашорданы тарату туралы Казревком шешімі қабылданды. Казревком мәдени құрылыста біршама жұмыстар атқарды: - «Ұшқын» газетін шығарды. - Ақтөбе уезінде 300 мектеп ашылды.- Қалаларда мұғалімдер даярлайтын мектептер жұмыс істеді. Сонымен бірге Казревком қазақ жерлерін біріктіру жөнінде жұмыстар атқарды.

1920 жылы 26 тамызда «Қырғыз (қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы» декрет жарияланды . Орынбор қаласы – астана (1920 – 1924 жж.). Территориясы – Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі. Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасының құрамына енгізілген болатын (1918 ж). Халқы – 5 млн.-ға жуық адам.1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің съезі өтті. Мұнда жоғарғы өкімет органдары сайланды: Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Мендешев, ал қазақ АКСР – інің Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В. А. Радус – Зенькович болды. Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды.Декларацияда Қазақ АКСР – нің мемлекеттік басқару органдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды. Қазақ АКСР – нің құрылуының тарихи маңызы: 1) Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі. 2) Отаршылдыққа қарсы күрес нәтижесі. 3) Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам.

67.Қазақстанның соғыс қарсаңындағы қоғамдық-саяси өмірі. Қазақ КСР-нің құрылуы, 1937-1938 жж. жаппай қуғын-сүргін.1939 жыл – пар­ти­яның XVI­II съезінде КСРО-ның ин­дуст­ри­ялық қуатын кеңей­ту, қорғаныс қабілетін нығай­ту бағыты көрсетілді.

Үшінші бес­жылдықта (1938–1942жж.) рес­публи­ка эко­номи­касын­дағы атқары­луға тиісті міндет­тер:

Түсті ме­тал­дар өндіру жөніндегі ірі ба­за;

Көмір, мұнай өндіретін аудан;

Ауыл ша­ру­ашы­лығы да­мыған ай­мақ бо­лу.

1938–1941 жыл­да­ры іске асы­рыла­тын ша­ралар:

Қар­сақпай мыс балқыту за­уытын қай­та құру мен кеңей­ту;

Жезқазған мыс балқыту за­уытын са­лу;

Ал­тай­да түсті ме­тал­лурги­яны да­мыту;

Ебідегі ге­оло­ги­ялық жұмыс­тар мен бар­лау-бұрғылау ісін же­дел­де­ту.

Осы жыл­да­ры еңбек кітап­ша­лары енгізілді, мем­ле­кеттік сақтан­ды­ру тәжіри­бесі жақсар­тылды, 8 сағат­тық жұмыс күніне, 6 күндік жұмыс ап­та­сына көшірілді.

1940 жыл­дың аяғын­да мем­ле­кеттік еңбек ре­зев­тері жүйесі пай­да бол­ды. Әйел­дер ірі өнеркәсіп жұмыс­шы­лары­ның 26,1% -ын құра­ды (1940 жыл). Жап­пай ер­лер ма­ман­дығын меңге­ру қозғалы­сы бас­талды.

1941 жылғы ма­усым­да – П. Ан­ге­лина­ның (Ба­тыс Қазақстан об­лы­сы, Те­ректі МТС-де істе­ген Ук­ра­ина трак­торшы­сы) «Трак­торды меңгеріңдер» бас­та­масы­мен 26 мыңнан ас­там әйел­дер трак­торшы ма­ман­дығын меңгерді.

Тұрақты ме­хани­затор­лар кадр­ла­ры қалып­та­сып, 116 мың ма­ман да­яр­ланды.

Соғыс қар­саңын­да ха­лық ша­ру­ашы­лығын­да 11 мыңнан ас­там ин­же­нер, тех­никтер еңбек етті. Ста­ханов­шы­лар мен өндіріс жаңашыл­да­рының қозғалы­сы өрістеді.

Рид­дердегі алғашқы ста­ханов­шы-шах­тер Б. Ықыла­сов.

Соғыс ал­дындағы жыл­дарда құры­лыс­тарды са­лу же­дел­деді. 1940 жыл­дың ба­сы – ұзын­дығы 806 шақырым­дық Ақмо­ла – Қар­та­лы жо­лы 9 айға тол­май­тын мерзімде са­лын­ды. Бұл жол құры­лысы­ның маңызы:

Ор­та­лық Қазақстан­ның өнеркәсіпті аудан­да­рын Орал­дың оңтүстігімен бай­ла­ныс­тырды;

Қараған­ды­дан Маг­ни­тогорскіге көмір та­су 500 шақырымға қысқар­ды;

Бұдан басқа Аты­рау-Қан­дыағаш, Қан­дыағаш-Орск, «Шығыс ора­мы» (806 км. Шығыс Қазақстан мен Се­мей об­лы­сы), Ал­ма­ты-Са­рыөзек, Жам­был-Алакөл темір жол­да­ры (2681 км.) са­лын­ды.

1938–1940жж. 1,4 мың шақырым жаңа темір жол төселді.

Үшінші бес­жылдықтың 3,5 жы­лын­дағы өнеркәсіптегі, та­сымал мен бай­ла­ныс­тағы күрделі қар­жы – 3,1 млрд. сом.

Рес­публи­ка өнеркәсібінің жал­пы өнімі – 57,3%-ға арт­ты.

Түсті ме­тал­лургия Қазақстан өнеркәсібінің же­текші са­ласы­на ай­на­лып, түсті ме­тал­лургия бойын­ша Қазақстан екінші орын­да бол­ды. Бұл са­ла кәсіпо­рын­да­ры: Шым­кент қорғасын, Балқаш мыс қоры­ту, Ле­нино­горск, Зы­рянов по­лиме­талл за­уыт­та­ры, мыс балқыту ком­би­наты, Ащы­сай, Қоңырат кеніштері.

Са­лынып жатқан құры­лыс­тар: Ақтөбе фер­роқоры­ту за­уыты, Те­келі по­лиме­тал­лургия, Жезқазған мыс балқыту ком­би­нат­та­ры.

Шым­кент қорғасын за­уыты­ның қорғасы­ны ел­дегі ең таңда­улы деп та­ныл­ды. 1939 жы­лы за­уыт ұжы­мы одақта 1-орын­ды жеңіп алып, Ле­нин ор­денімен ма­рапат­талды. Қазақстан Одақ көлемінде:

Қорғасын өндіру­ден 1-орын, мұнай мен көмір өндіру­ден 6-орынға шықты.

1940 жы­лы 2580 ірі кәсіпо­рын жұмыс істеп, ин­дуст­ри­яның жал­пы өнімі 1940 жы­лы 1913 жыл­мен са­лыс­тырған­да 7,9 есе өсті.

1940 жы­лы Қазақстан одақ бойын­ша:

көмірдің – 4,2%-ын;

мұнай­дың – 2,2%-ын;

қорғасын­ның – 87%-ын;

мыс­тың – 21%-ын өндірді.

Соғыс ал­дындағы жыл­дарда Ор­та­лық Қазақстан­ның өнеркәсіпті шикізат ай­мағы қалып­тасты.

Орал-Қазақстан-Сібір «үшбұры­шы» мы­рыш, қорғасын, мо­либ­ден т. б. өндіру­ден КСРО-да же­текші орын ал­ды. Вол­га-Орал ара­сын­дағы темір жол (ұзын­дығы 581 км.) Одақтың және рес­публи­каның ірі өнеркәсіпті ор­та­лықта­рын жалғас­тырды.

Соғыс ал­дындағы жыл­дарда кол­хоз құры­лысы да­мыды. 1940 жы­лы кол­хоз бен сов­хоздар­да:

41 мыңнан ас­там трак­тор,

11,8 мың ком­байн,

14 мың жүк ав­то­мобилі жұмыс істеді.

Ауыл­ша­ру­ашы­лық тех­ни­касы 330 МТС және 194 сов­хозға шоғыр­ланды­рыл­ды. 116 мың ме­хани­затор, трак­торшы, ком­бай­ншы да­яр­ланды. 1940 жы­лы жоғары және ар­на­улы ор­та білімі бар 4 мың 600 аг­ро­ном, зо­отех­ник, мал дәрігері, ор­маншы болған.

1938–1940 жыл­да­ры 1338 ТОЗ ауыл­ша­ру­ашы­лық ар­тель­дерінің жарғысы­на көшіп, 6 мың 900-ға мыңға көбейді.

Ха­лықтық құры­лыс әдісімен 100 мың кол­хозшы ка­нал­дар мен су­лан­ды­ру жүйелерін са­луға қатыс­ты. 1938–1940 жыл­да­ры 145 мың га-дан ас­там жаңа су­ар­ма­лы жер игерілді. Ба­тыс Қазақстан­да Орал-Көшім ка­налы са­лын­ды.

1940 жы­лы әле­уметтік-мәде­ни ша­раларға мем­ле­кет­тен бөлінген қар­жы – 1 млрд. сомға жақын­да­ды (1932 жыл­мен са­лыс­тырған­да 12,5 есе көп).

1938–1940 жыл­да­ры рес­публи­када тұрмыс­тық қыз­мет көрсе­ту орын­да­ры са­лын­ды:

3100-ден ас­там дүкен,

600-ден ас­там ас­ха­на, рес­то­ран,

200 жаңа ем­ха­на,

120 ауру­хана.

Үшінші бес­жылдықтың жар­ты жы­лын­да тұрғын үй құры­лысы­на жұмсалған қар­жы – 876 млн. сом (екінші бес­жылдықта – 351 млн. сом)

1938–1940 жыл­дардағы шешілме­ген проб­ле­малар:

Мал ша­ру­ашы­лығының да­муы арт­та қал­ды;

Кол­хоз өндірісінде ма­тери­ал­дық ын­та­лан­ды­ру төмен бол­ды;

Ауыл­ша­ру­ашы­лық ма­ман­да­ры тұрақта­мады;

Кол­хоз өмірінде де­мок­ра­тия жеткілікті да­мыма­ды;

Тұрғын үй қоры со­ци­алистік құры­лыс қоры­нан кейін қал­ды.

1937–1938жж. жап­пай са­яси қуғын-сүргін. То­тали­тар­лық жүйенің нығаюы.

1937ж. бас­талған са­яси жа­залау бүкіл елді қам­ты­ды. 1936ж. Жел­тоқсан Пле­нумын­да, мұнан кейін 1937ж. Ақпан-на­урыз пле­нумын­да Ор­та­лық Ко­митетінің, И. В. Ста­лин мен оның ай­на­ласын­дағылар­дың «екіжүзділердің, ха­лық жа­ула­рының бәрінің та­мырын ша­уып, жойып жібе­ру» қажеттігі ту­ралы нұсқауы берілді. 1937–1938жж. жа­заланған «ұлтшыл-фа­шис­тер» деп ата­латын­дардың істерінен көрінген­дей, Н. И. Ежов пен оның сы­бай­лас­та­ры мұндай істерді қол­дан жа­сауға көп қина­лып жат­паған. Бұл «істер­ге» — «ұлтшыл-фа­шис­тер» және басқа «ха­лық жа­ула­ры» де­ген­дердің істеріне кең құлаш­ты си­пат бе­ру үшін НКВД ор­ганда­ры олар­ды троц­кишілдер­мен және оңшыл­дармен одақ жа­сады де­ген қисын­ды ой­дан шығар­ды. Жер-жер­де «ашық» сот мәжілістері өткізіліп, олар­да сот­талған­дардан қажетті «мойын­да­улар» зор­лап алын­ды. «Ха­лық жа­ула­рының» негізгі көпшілігінің тағды­ры КСРО Жоғарғы со­ты әске­ри кол­ле­ги­ясы­ның үштігінің мәжілісінде шешілді.

1937–1938жж. Қазақстан­ның көрнекті мем­ле­кет және қоғам қай­рат­керлері Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С. Қожа­нов, Ұ. Құлым­бе­тов, О. Жан­до­сов, Ә. До­сов, А. Асыл­бе­ков, Ж. Сәдуақасов, Л. Мир­зо­ян, А. Са­фар­ба­ев, Ж. Сұлтан­бе­ков, Т. Жүрге­нов, Н. Сырғабе­ков, З. Төреғожин және басқа да көпте­ген адам­дар өтірік жа­ламен жа­залан­ды. Қазақтың ғылым мен мәде­ни­еті ор­ны тол­мас шығынға ұшы­рады. Ә. Бөкей­ха­нов, А. Байтұрсы­нов, М. Ду­латов, М. Жұма­ба­ев, С. Сей­фул­лин, І. Жансүгіров, Б. Май­лин, С. Ас­фенди­яров, Қ. Жұба­нов, Ж. Ша­нин, Т. Шо­нанов, Қ. Ке­меңге­ров және т. б. кінәсіз жа­зала­удың құрба­ны бол­ды.

Сөйтіп, 20ж. соңы мен 30ж. то­тали­тар­лық жүйе қоғам­дық са­яси өмірдің бар­лық са­ласын­да бекіді. Оның көрінісі әсіре­се Қазақстан­да ерек­ше жиіркенішті түр ал­ды. Олар күшпен ұжым­дасты­ру мен 1937–1938жж. са­яси жа­залау дәуірінің қайғылы оқиғала­рымен ұшта­сып жат­ты. Өлке­дегі әле­уметтік-эко­номи­калық өзгерістер, Қазақстанға Одақтас рес­публи­ка дәре­жесін бе­ру, мәде­ни құры­лыс­тағы, ха­лық ағар­ту ісіндегі және ғылым­дағы та­быс­тар то­тали­тар­лық жүйенің қатаң иде­оло­ги­ялық қыс­пағын­да өтті. Міне осы­ның бәрі Қазақстан­ның КСРО құра­мын­да бо­лашақ да­му жо­лын айқын­дап берді.

Қазақ КСР-інің құры­луы

Алғышарт­та­ры:

РКФСР құра­мын­дағы Қазақ АКСР-і да­мыған ин­дуст­ри­ялы-аг­рарлы рес­публи­каға ай­нал­ды;

Жұмыс та­бының көп ұлтты от­ря­ды же­дел қалып­тасты;

Ша­ру­алар­дың әле­уметтік та­биғаты өзгерді;

Ха­лық зи­ялы­лары­ның еле­улі то­бы құрыл­ды;

Қазақ әйел­дері қоғам­дық және ша­ру­ашы­лық өмірге бел­се­не ара­лас­ты.

Еңбек­ке жа­рам­ды 3,3 млн. адам­ның 1 млн. -ға жуығы жұмыс­шы­лар мен қыз­метшілер бол­ды. Олар­дың 20%-ы – түсті ме­тал­лурги­яда, 120 мыңы – та­сымал жұмы­сын­да, 46 мыңы – құры­лыс­тарда еңбек етті.

Осы­лай­ша, Қазақстан 15 жыл ішінде кеңестік мем­ле­кетті қалып­тасты­ру жо­лымен жүріп өтті.

l 1936 жылғы 5 жел­тоқсан – КСРО Кеңес­терінің төтен­ше VI­II съезінде КСРО Конс­ти­туци­ясы қабыл­данды.

Қазақ АКСР-ы Одақтас рес­публи­ка бо­лып қай­та құры­лып, Қазақ КСР-і атан­ды (бар­лығы 11 одақтас рес­публи­ка)

l 1937 жылғы на­урыз – Қазақстан Кеңес­терінің төтен­ше X съезінде Қазақ КСР-і Конс­ти­туци­ясы қабыл­данды. Он­да:

Рес­публи­каның са­яси негізі – еңбекшілер де­путат­та­рының Кеңес­тері;

Рес­публи­каның эко­номи­калық негізі – со­ци­алистік ша­ру­ашы­лық жүйесі және өндіріс құрал­да­ры мен құрал-жаб­дықта­рына со­ци­алистік меншік деп атап өтілді.

1937 жылғы жел­тоқсан — КСРО Жоғарғы Кеңесінің сай­ла­уы өткізілді. Жоғарғы Кеңес­ке рес­публи­кадан 44 де­путат сай­лан­ды.

1938 жылғы ма­усым – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сай­ла­уы өткізілді. Оған бар­лығы 300 де­путат сай­лан­ды:

112-сі – жұмыс­шы;

116-сы – кол­хозшы;

152-сі – қазақ;

60-сы әйел, оның 27-сі қазақ әйелі.

1938 жылғы 15 шілде – Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің бірінші сес­си­ясы бо­лып, оны Ж. Жа­ба­ев аш­ты.

1939 жылғы жел­тоқсан – жергілікті Кеңес­тер сай­ла­уы өткізіліп, оған 48762 де­путат сай­лан­ды.

20–30 жыл­дар ке­зеңінің қоры­тын­ды­сы:

Тиімді жағы:

Қазақ халқының са­яси теңдікке, тер­ри­тор­тя­лық ав­то­номия құқығына қолы жетті.

Ин­дуст­ри­ясы же­дел да­мыды.

Мәде­ни­ет, білім бе­ру са­ласын­да та­быс­тарға қол жетті.

Тиімсіз жағы:

Эко­номи­ка мен мәде­ни­ет са­ласын­да қол жеткізген та­быс­тар тым қым­батқа түсті;

То­тали­тар­лық, ка­зар­ма­лық жүйе ор­нықты;

Қоғам­дағы та­быс­тар ста­линдік қатал иде­оло­ги­ялық қыс­пақ қор­ша­уын­да қал­ды.

68.Ұлы Отан соғысының (1941-1945 жж.) басталуы. Республика экономикасы мен өмірінің соғыс қажетіне көшірілуі.Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Оотан соғысы осылай басталды.Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды. 1940 жылдың орта кезеңінде – ақ (18 желтоқсан) Гитлер командованиесі СССР – ге басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрғақтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты (идеясы) қысқа мерзім ішінде (3–4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді. «Барбаросса» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО – ны «сансыз» көп ұлттың жасанды және «тұрақсыз бірлестігі», өзінше бір «ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат» деп қарастырды. «Россияның кең – байтақ жерін мекендеген халықтар жөніндегі біздің саясатымыз, - деді Гитлер өз сыбайластарына, - алауыздық пен жікке бөлінудің кез келген түріне қолдау көрсету болуға тиіс. Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық – түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.

Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасап «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ – Орал, Түркістан сияқты рейх комиссарияттарын құруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан кіргізілді. Фашистер Кеңес адамдарын қырып – жою жолына осылай түсті. Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», - деп әскери комитетке өтініш берді. Республикада 2 млн. – нан астам адам әскери даярлықтан өтті. Қазақстанда еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР – нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941 – 1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. Соғыс жылдарында Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлектерінің бірі И. Н. Кожедуб үш мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алды

69. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы майдандарындағы өшпес ерліктері – Кеңес халқы патриотизмінің жарқын көрінісі.

-Кеңес халқы патриотизмнің жарқын көрінісі: Соғыс жылдарында Кеңес Армиясының қатарына 1 млн 200 мыңнан аса қазақстан-дықтар шақырылды.Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В. Фурсов, К. Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е. А. Качань т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. 1941 жылы 24 маусымда 219 атқыштар полкі Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті. Жүздеген мың қазақстандықтар ерлігі үшін ордендермен және медальдармен марапатталып, қазақстандық 500-ден астам жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын алды, оның ішінде екі қыз – Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова болды. Төрт қазақстандық Т. Бигельдинов, С. Луганский, И. Павлов, Л. Беда екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Рейхстагта Р. Қошқарбаев жеңіс туын тікті. Соғыстан кейін Батыр жұлдызы көрнекті әскер басшысы Б. Момышұлына берілді. Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста шықты. Республикада жасақталған 316 – атқыштар дивизиясына Маскваға апаратын негізгі өзекті жолдың бірі – Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075 ұлан атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. 28 танк жоюшылар («28 панфиловшы») тобы Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді. Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков «Россия кең – байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» ұранын көтерді. Оның бұл сөзі бүкіл майданға тарады. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай – ақ Москва қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Габдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Амангелдиев мәңгі өшпес із қалдырды.316 – дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған 8-ші гвардиялық дивизия атағы беріліп, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Төлеген Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді.1942 жылы 3 мамырда 238 атқыштар дивизиясы ұйымшылдығы және ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды, ал 1942 жылы бұл дивизия 30 – гвардиялық дивизия болып қайта құрылды. Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. 316-атқыштар дивизиясы (1941 ж. 9 қыркүйек) және 314-дивизия Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, «өмір жолын» салуға қатысты.Балтық флотындағы «Киров» Қызыл Тұлы крейсерінде 156 қазақстандық шайқасып, ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды.Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар:1. Партия ұйымдастырушысы Султан Баймағанбетов А. Матросовтың ерлігін қайталап жау дзотын кеудесімен жауып, Батыр атанды.2. 372-атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар полкі 5-атқыштар ротосының бөлімше командирі Қойбағаров ұрыста неміс траншеяларына бірінші болып кіріп, ержүректілік көрсетті.3.

48-атқыштар дивизиясының атақты мергені Дүйсенбай Шыныбеков шайқасты. Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде шайқасты. 314-дивизияның мергендер қозғалысын Солтүстік Қазақстан облысындағы Степан Разин атындағы ауылшаруашылық артелінің бұрынғы колхошысы, қатардағы жауынгер Г.П. Зубков бастады.4. Ленин қаласы үшін болған шайқастарда артеллериялық бақылау аэростаттарының дивизион командирі С. Жылқышев та ерекше көзге түсті.Ленинград қоршауының аса қиын кездерінде оны қорғаушылар бүкіл Кеңес мемлекеті халықтары тарапынан қолдау жасалғанын үнемі сезеніп отырды.1941 жылғы қыркүйектің ауыр күндерінда қазақтың халық ақыны Жамбыл ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім» деген жырын арнап, онда көп үлттық еліміздің бүкіл енбекшілірінің ойпікірін, сезімі мен аландатушылығын білдірді. Ақын жыры достықтың шынайы ән ұранына айналды. Қоршау жылдарында 850 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тапты. 1943 жылы қаңтарда 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды, ал 1944 жылы Ленинград басқыншылардан толық азат етілді. Жамбылдың ұлы Алғадай Сталинград түбінде ерлікпен қаза тапты. Г.Сафиулин, М.Баскаков сияқты азаматтардың басқарған әскери бөлімдері жауды талқандау барысында көп үлес қосты. М.А.Баскаков басқарған батареяның 43 зенитшісі трактор заводын қорғап, жаудың 11 танкісін жойып жеберді. 36 зенитші қаза тапты, бірақ бір адам да шагінбеді. 1942 жылы 19 желтоқсанда қарағандылық ұшқыш Нуркен Әбдіров Боховская-Пономаревка ауданындағы әуе шайқасында ұшағын жау танкілері шоғырына қүлатып, ерлікпен қаза тапты. 29 және 38-атқыштар дивизиясының жауынгерлері жауды Сталинградтың Киров ауданына енгізбей, танкі мен зеңбіректер жөндейтін заводттың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етті. 1943 жылы бұл дивизиялар 72 және 73-гвардиялық дивизияларға айналып, «Сталинград дивизиясы» құрметті атағына ие болды. Оңтүстік Қазақстандық жауынгері Толыбай Мырзаев «Павлов үшін» қорғауға ерлік көрсетті. Сталинград түбінде қазақстандықтар К.Сатпаев пен А.А.Бельгин өздерінің ерлігі нәтижесінде Кеңестер Одағынын батыры атағына ие болды. 116-атқыштар дивизиясы, 565-атқыштар полкінің 7-ротасының жаунгерлері Сталинград көшелерінде ерлікпен шайқасты. Олардың ерлігі құрметіне Сталинградта «Қазақ» көшесі ашылды. 11 жауынгер 300 фашистке қарсы шайқасып, түгел қаза тапты (араларында Лениногорскілік комсомол Кәміл Хузин болды). Ержүрек жауынгерлер қорғаған төбе «Шығыстың 11 батырының төбесі» деп аталады. Қазақстандық Т.С.Позолотин басқарған 17-гвардиялық танк полкі Еділ жағасындағы ірі операцияларда шешуші роль атқарды.

70.Қазақстан тұрғындарының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбектегі ерлігі.Қазақстан­ның кол­хозшы ша­ру­ала­ры соғыс­тың жеңіспен аяқта­лу­ына қомақты үлес қос­ты. Рес­публи­каның кол­хоз-сов­хозда­рына жыл сайын 300 мыңға жуық қала халқы еңбек етті. Жау ба­сып алған аудан­дардан көшіп кел­ген ша­ру­алар еңбек­те ерліктің үлгісін көрсетті.

Қазақстан еңбекшілері та­ры өсірудің ше­бері – Шығанақ Бер­си­евті, атақты күрішшілер – Ыбы­рай Жақаев пен Ким Ман Сам сияқты үздік шыққан жаңашыл­дар мен ас­тықтан мол өнім алу­дың май­тал­манда­ры Мұни­ра Са­тыбал­ди­наны, Ан­на Дац­ко­ваны, Нүрке Ал­пысба­ева­лар­ды және т. б. орын­ды мақтан етті. Ақтөбе об­лы­сы Ойыл ауда­нының озат та­ры өсірушісі Ш. Бер­си­ев та­рының қуаңшы­лыққа төзімді, жоғары өнімді, жергілікті ауа райына икемді сор­тын өсіріп шығар­ды. Ол 1942 жы­лы әр гек­тардан – 175ц, ал 1943 жы­лы – 202ц. өнім жи­нады. Қызы­лор­да­лық күріш өндіруші Ы. Жақаев 1943 жы­лы әр гек­тардың өнімін 192ц. жеткізді.

Мал ша­ру­ашылғы өнімдерін өндіру мен қоғам­дық мал ба­сының өсу жос­парла­ры ой­дағыдай орын­да­лып отыр­ды. Мал­шы­лар ара­сынан көпте­ген рес­публи­каға та­нымал еңбек озат­та­ры шықты. Мы­салы, Жезқазған ауда­ны Аман­келді атын­дағы кол­хоздың шо­паны Ж. Мұқашев жыл сайын жүз қой­дан 180ге дейін қозы алып, аман өсірді. Аты­рау об­лы­сы «Жаңа та­лап» кол­хо­зының жылқышы­сы Ш. Шұғаипо­ва бір мыңнан ас­там жылқыны ешқан­дай шығын­сыз бақты. Қоғам­дық мал ба­сы Рес­публи­када соғыс жыл­да­рын­да 3млн. басқа жуық өсті. 1944 жы­лы Бүкіло­дақтық еңбек жа­рысын­да мал ша­ру­ашылғын өркен­де­тудегі ора­сан зор та­быс­та­ры үшін Ба­тыс Қазақстан об­лы­сының Жаңақала, Гурьев об­лы­сының Қызылқоға аудан­да­ры КСРО Қорғаныс ко­митетінің ауыс­па­лы Қызыл Ту­ын жеңіп ал­ды. Жал­пы соғыс кезінде Қазақстан­ның ауыл-се­ло еңбек­керлері өздерінің пат­ри­от­тық және еңбек па­рыз­да­рын ай­тар­лықтай өтеді. 1941–1945жж. олар май­дан мен ел­ге 5 829мың тон­на ас­тық, 734мың тон­на ет және басқа да азық-түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді.

Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдовияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Европа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне ат салысты.

1-Украин майданы учаскелерінің бірінде біздің жауынгерлік қатарымызға фашистік танкілер лап қойды. Жаудың біраз танкісі қиратылды, бірақ фашистік танкілер ілгері ұмтылуын тоқтатпады. «Жолбарыс» танкісінің қарсы алдынан сапер Абдолла Усенов қарсы жүріп, кеудесіне танкіге қолданылатын минаны қысып, қаймықпай шынжыр табан астына құлады, сұмдық жарылыс жер сілкіндірді. Әрқайсысы 200-ден астам жауынгерлік ұшу сапарын жасап, бірнеше жүз фашистерді жоқ қылған шабуылшы ұшқыштар: Талғат Бигельдиновке, Леонид Бедаға және Павловқа, соңдай-ақ 37 ұшақты және топтасып жүргізілген ұрыстарда жаудың тағы 6 ұшағын (самолет) атып түсірген Сергей Луганскийге екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар-қазақ қыздары: пулеметші Мәншук Маметова мен 54-атқыштар бригадасының Мергені (снайпер) Әлия Молдағұлова болды. 1945 жылдың қысқы операцияларда кеңес әскерлері жаудың «Солтүстік», «Орталық», «Висла», «Оңтүстік» армиларының ірі топтарын талқандады. Қызыл Армия Польшаны азат етуді аяқтап, Венгрияны және Чехословакияның едәуір бөлігін азат етті, Венаны алып, Шығыс Пруссияға кірді, Одер және Нейсе өзендеріне шығып, Померанияға, Брандербург пен Силезияға тереңдеп енді.

Қазақстандықтар партизандық қозғылысқа белсене қатысты. Толық емес мәліметтерге қарағанда Украинаның партизандық құрамалары мен отрядтарында 1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ жігіттері соғысқан. Белоруссияның әр түрлі аудандарында әрекет еткен 65 партизандық бригадалар мен шоғырларда 1500-ден аса қазақстандықтар болған. Партизан қозғалысына қатысқан даңқты қазақ жігіттері: Ғ.Ахмедьяров, Ғ.Омаров, В.Шарудов, Қ.Қайсенов, Ә.Шәріпов, Ә.Жангелдин, Ж.Саин, Н.Көшекпаев т.б. есімдері бүгінде зор қүрметке ие болды.

71. Қазақстандықтардың майданға және неміс-фашист басқыншыларынан азат етілген аудандарға көмегі.. Ха­лықтың пат­ри­от­тық үлес­терінен жи­налған қорғаныс қоры 1943 жы­лы қазанға дейін ақша­лай 185,5 млн. сомға және тап­сы­рылған об­ли­гаци­ялар­дың құны 193,6 млн. сомға жетті. 1941 жы­лы күзден бас­тап пат­ри­от­тардың қар­жы­сына танк­тер, ұшақтар, сүңгуір қайықта­рын са­тып алу науқаны бас­талды. Олар нақты жа­уын­герге ар­налды. Сон­дай-ақ бүтіндей ко­лон­на, эс­кадрилья са­тып алын­ды. Қазақстан­ның қару-жа­рақ жа­сауға өткізілген бар­лық соғыс за­ем­да­рының және ақша­лай-зат­тай ло­тере­ялар­дың құнын есеп­те­ген­де рес­публи­ка халқының май­дан қажетіне ерікті үлесі 4700 млн. сом бол­ды, бұл соғыс­тың екі жетілік тіке­лей әске­ри шығынын өте­уге же­тетін еді.

Әсіре­се соғыс­тың бірінші қысын­да жы­лы киім көмегі едәуір бол­ды. Рес­публи­када ха­лықтың 2,5 млн. жы­лы киім, оның ішінде 11,5мың шо­лақ тон, 312мың пар киіз бай­пақ түсті. Мұның үстіне май­дан­дағы сол­даттарға 1600 ва­гон же­ке және ұжым­дық сәлем-сауқат­тар жіберілді, кей­де олар­ды об­лыстың не­месе рес­публи­каның ар­на­улы өкілдері алып бар­ды. Отан қорғаушы­лар­дың олар­мен кез­де­суі, сол сияқты Қазақстан ар­тистерінің май­дан шебіндегі ор­мандар­да, жер ас­тындағы клуб­тарда не­месе ал­дыңғы шеп­тегі блин­даждар­да көрсет­кен 1216 кон­церт­тері май­дан мен тыл­дың бірлігінің айқын көрінісі бол­ды.

1943 жы­лы Қазақстан өз ре­сурс­та­рынан Ре­сейдің Крас­но­дар және Став­ро­поль өлке­леріне, Ук­ра­ина­ның шығыс об­лыста­рына 2700 трак­тор, 123 ком­байн, 880 се­ял­ка, 2500 соқа және көп мал, азық-түлік, киім жіберді. Осы­ның бәрін жеткізіп апарған­дардың ішінен 295 ком­бай­ншы, 636 трак­тор бри­гада­сының бри­гадирі, 115 ме­хани­затор, 115 аг­ро­ном, 65 МТС ди­рек­то­ры сон­да қалып, ша­ру­ашы­лықты қал­пы­на келтіру­ге көмек­тесті.

72.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан ғылымы, әдебиеті және өнері.Соғыс жыл­да­рын­да эко­номи­каны соғысқа бейімдеу мақса­ты мен КСРО Ғылым ака­деми­ясы жа­нынан «Орал, Ба­тыс Сібір, Қазақстан ре­сурс­та­рын қорғаныс қажетіне жұмыл­ды­ру жөніндегі ко­мис­сия» құрыл­ды. Ко­мис­сия құра­мын­да А. А. Бай­ков, В. Л. Ко­маров, В. К. Об­ру­чев сияқты ғалым­дар бол­ды. Со­нымен қатар Қазақстан жерінде Л. С. Берг, С. Н. Берн­штейн, Н. Д. Зе­линс­кий, Л. И. Мен­дель­штам, А. Н. Бах т. б. ака­демик­тер жұмыс істеді.

Ака­демик А. С. Ор­лов соғыс жыл­да­рын­да орыс­ша-қазақша сөздік құрас­ты­рып, «Ба­тыр­лар жы­ры» ат­ты еңбек жаз­ды. Ал­ма­тыға май­дан өңірінен 20-ға жуық ғылы­ми-зерт­теу ме­кемесі көшіріліп жұмыс істеді. КСРО Ғылым ака­деми­ясы­ның қазақ фи­ли­алы да соғыс мұқта­жына жұмыс істеді. Май­дан қажетіне бай­ла­ныс­ты си­рек ме­тал­ды зерт­теу ісінде Қ. И. Сәтба­ев көп еңбек сіңірді. 1942 жы­лы Қ. И. Сәтба­евқа Жезқазған мыс кен орын­да­рын зерт­теу еңбегіне бай­ла­ныс­ты Мем­ле­кеттік сый­лық берілді. Қазақстан­да ор­на­ласқан Моск­ва ави­ация, ал­тын және түсті ме­тал­дар инс­ти­тут­та­ры, Ки­ев уни­вер­си­теті ерек­ше екпінді еңбек етті. Соғыс жыл­да­рын­да қазақстан­да ашылған жоғары оқу орын­да­ры: Ал­ма­ты шет тілдер инс­ти­туты, Шым­кент тех­но­логия инс­ти­туты, Де­не шы­нықты­ру инс­ти­туты т. б.

90-ға жуық ақын, жа­зушы май­дан­дағы жа­уын­герлер қата­рын­да бол­ды.

Соғыс жыл­да­рын­да Ж. Жа­ба­ев «Ле­нинг­рад­тық өренімді», Ж. Са­ин өлеңдер жи­нағын, Қ. Аман­жо­лов «Ақын өлімі ту­ралы аңыз­дар», С. Мұқанов «Өмір мек­тебін», М. Әуезов «Абай» ро­ман эпо­пе­ясы­ның 1 кіта­бын жаз­ды. А. Толс­той «Қазақстан жерінде болған­да», «Иван Гроз­ный» кіта­бын жаз­ды.

Май­дан өңірінен Қазақстанға 23 көркемөнер ұйымы көшірілді.

1941 жы­лы Қазақстанға «Мос­фильм», «Лен­фильм» ки­нос­ту­ди­яла­ры көшіріліп әкелінді. Бұл ки­нос­ту­ди­ялар Ал­ма­ты ки­нос­ту­ди­ясы­мен бірігіп, екі жыл ішінде 23 ки­нокар­ти­на түсірді. Олар­дың ішінде «Пар­ти­зан­дар», «Екі жа­уын­гер», «Ге­ор­гий Са­кад­зе» сияқты та­нымал ки­нокар­ти­налар бар.

Соғыс жыл­да­рын­да Ал­ма­тыда ак­терлерді да­яр­лай­тын бүкіло­дақтық мем­ле­кеттік ки­нема­тог­ра­фия инс­ти­туты жұмыс істеді. Ки­нос­ту­ди­ялар М. Әуезов, Ғ. Мүсіре­пов т. б. жа­зушы­лар­дың көмегімен «Абай әндері», «Жа­уын­гер ұлы», «Саған май­дан», «8-гвар­ди­ялық» сияқты кар­ти­налар­ды түсірді. Қазақстан­да құрылған 11 кон­церт бри­гада­сы май­дан­да өнер көрсетті. Соғыс жыл­да­рын­да ғылым мен мәде­ни­ет май­дан қажетіне осы­лай аян­бай қыз­мет етті.

73.Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезеңдегі Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай. Партияның ХХ съезі. Сталиннің жеке басына табынуды айыптау Соғыс­тан кейін де әміршіл-әкімшіл жүйе қоғам­да үстем бол­ды. КСРО-да, со­ның ішінде Қазақстан­да Ста­линнің же­ке ба­сына та­быну күшейді. Же­ке адам құқығы барған сайын аяққа тап­талды. Қара­пайым адам­дар басқару­дан шет­тетілді.

Ком­му­нистік пар­ти­яның билігі шексіз бол­ды. Қоғам­да то­тали­тар­лық, ав­то­ритар­лық жүйе үстем бол­ды. Осы­ның бәрі же­ке адам­ның ба­сына та­бынған­дықтан пай­да болған. Жоғары билік ба­сын­дағылар тез ара­да ком­му­низм­ге көшу ту­ралы жос­парлар­ды құрас­ты­ра бас­та­ды. Ком­му­низмнің те­ориялық негізі жа­сал­ды. Мұның бәрі И. В. Ста­линнің көре­гендігі ретінде бағалан­ды. Рес­публи­када осы­лай қияли уто­пи­ялық көзқарас пай­да бол­ды. Ком­му­нистік пар­тия қияли ком­му­нистік иде­оло­ги­яның мүддесін ха­лықтың өмірі мен тіршілігінен жоғары қой­ды. Адам мүддесімен ешкім са­нас­па­ды.

Ауыл ша­ру­ашы­лығы

Соғыс­тан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл ша­ру­ашы­лығын қал­пы­на келтіру жо­лын­да көпте­ген ке­дергілер кез­десті. Мы­салы, ауыл ша­ру­ашы­лық тех­ни­каның жетіспеуі, жұмыс күшінің аз­дығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпа­лы т. б.

Пар­ти­яның 1946 жылғы қаулы­сына сәй­кес сов­хоздар мен кол­хоздар­дың бұрынғы зар­дапта­рын жою бас­талды. Ауыл ша­ру­ашылғын жаңа тех­ни­камен қам­та­масыз ету үшін мем­ле­кет ар­найы қара­жат бөлді. 1950 жы­лы еліміздегі кол­хоздар­да (76%) МТС-тер (ма­шина-трак­тор стан­ци­яла­ры) жұмыс істеді. Үкімет өзін қам­та­масыз ете ал­май­тын ұсақ кол­хоздар­ды біріктіре бас­та­ды. 1952 жы­лы рес­публи­када 2047 кол­хоз жұмыс істеді.

Рес­публи­ка ауыл ша­ру­ашы­лығы бірша­ма жақсы да­мыды. Де­ген­мен бар­лық ха­лықты бірдей азық-түлікпен қам­та­масыз ете ал­май, өнеркәсіптің шикізатқа де­ген сұра­нысын қанағат­танды­ра ал­ма­ды. Ауыл ша­ру­ашы­лығы жос­парлы түрде жоғары­дан басқарыл­ды.

Наши рекомендации