Валюта бағамы және оған әсер ететін факторлар

Реферат

Тақырыбы: Теңге бағамының қалыптасу факторлары.

Қабылдаған : Медуханова Л. А.

Орындаған : Шакенова Шолпан.

Әлемдік экономика – 21

Алматы 2014 ж.

Жоспар:

Кіріспе

1. Валюта бағамы және оған әсер ететін факторлар

2. Теңге бағамының қалыптасу факторлары

3. Теңге бағамының қалыптасуындағы ҚР мемлекеттік саясатының рөлі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Жаһандану заманында әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кез-келген мемлекет сыртқы саяси, қаржылық, экономикалық тұрақтылықты қалыптастырып, халықтың әлеуметтік деңгейінің жаңғыруына қол жеткізуде халықаралық валюталық қатынастарды реттеу негізгі мәселе болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің макроэкономикалық саясаты жаңғыртылып, сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттары ретінде ақша-несие саясаты, қаржы нарығы және ұлттық валютаның айырбас бағамының тұрақтылығының орнауы экономикалық серпінді дамудың негізгі бағыттардың бірі ретінде көрсеткен.

Қазақстанның валюта саясаты — ұлттық валютаның әлемдік қаржы нарығындағы тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Оның валюта бағамының салыстырмалы тұрақтылығына инфляциямен сауда және төлем балансы сальдосының деңгейлері арасындағы нақты арақатынастарын реттеу жолымен қол жеткізіледі.

Сондықтан да, валюта-қаржы жүйесінің дамуы және олардың реттелуі, мемлекеттің ұтымды саясат ұстануды зерттеу қазіргі таңда маңызды.

Қазақстандағы нарықтық реформалардың ерекшелігі болып валюталық саясат мәселесі, негізінен валюталық қатынастарға тәуелділік, яғни ұлттық валюта бағамын қалыптастыру және оның әлемдік валюталық нарықта тұрақты қызмет атқаруы басты мәселе.

Валюта бағамы және оған әсер ететін факторлар

Валюта - бұл тауар жэне әрбір тауардың бағасы болады. Валюта тауарының бағасы - валюта бағамы . Валюта бағамы белгілі бір елдің ақша бірлігін қандай да бір басқа елдің ақша бірлігімен шаққандағы бағасы. Валюта бағамының негізгі рөлі:

1. Халықаралық операциялар жүргізген кезде белгілі бір ақша бірліктерін басқаларға айырбасталу кажеттілігімен ;

2. Халықаралык тауар нарығындағы бағалардың салыстыруымен, сонымен қатар әр түрлі елдердің көрсеткіштерімен ;

Фирмалардың, банктердің, үкіметтердің есеп шотының шетелдік валютаға кезеңдік қайта бағалауымен байланысты.

Валюта бағамына келесі факторлар әсер етеді :

- валюта нарығындағы сүраныс және ұсыныс;

- елдің төлеу қабілеттілігі;

- төлем балансының сальдосы ;

- инфляция.

Бұлардың ішіндегі маңыздылары:

- инфляция екпіні;

- пайыздық қойылымның өзгеруі;

- елдің төлем балансы;

- ұлттық табыс;

- жағдаятты факторлар .

Инфляция екпіні және валюта бағамы. Басқа шарттар тең жағдайында инфляция деңгейі ұлттық валютаның бағамының көлеміне кері пропорционалды әсер етеді. Басқаша айтқанда инфляция деңгейінің өсуі ұлттык валюта бағамының төмендеуіне, ал инфляция деңгейінің азаюы керісінше ұлттық валюта бағамының жоғарлауына әкеліп соқтырады.

Пайыздық қойылымның өзгеруі және валюта бағамы. Пайыздық қойылымның өзгеруі валюта бағамына екі түрлі әсер етеді. Бір жағынан олардың номиналды өсуі ел ішіндегі ұлттық валютаға деген сүранымнын азаюына әкеледі. Себебі кәсіпкерлерге несие алу қымбатқа айналады.Ал несие алған жағдайда, кәсіпкер өз өнімінің өзіндік құнын көбейтеді және ол өз кезегінде ел ішіндегі тауарлар бағасының өсуіне әкеледі. Бұл ұлттық валютаны шетелдік валютаға деген қатынасында салыстырмалы түрде құнсыздандырады.

Екінші жағынан, басқа шарттар тең жағдайында, белгілі бір елдегі пайыздық қойылымның өсуі шетелдіктерге осы елде өз капиталын ұстауы өте табысты болады. Екі түрлі пайызды ұтыс тігулердің өзгертуі валюталык бағытқа әсер етеді.

Сондықтан пайыздык қойылымның өзгеруі валюта бағамына тікелей және кері пропорционалды әсер етеді. Елдің төлем балансы және валюта бағамы. Елдің төлем балансы валюта бағамына тікелей әсер етеді. Оң немесе активті төлем баланс ұлттық валюта бағамының өсуіне мүмкіндік жасайды. Себебі шетелдік дебиторлар тарапынан оған деген сұраныс көбейе түседі. Ал теріс немесе пассивті төлем баланс керісінше ұлттық валюта бағамының төмендеуін туындатады. Төлем балансының валюта бағамына әсерінің көлемі елдің экономикасының ашықтылығының дәрежесімен анықталады. Неғұрлым ЖҰӨ-де экспорт үлесі жоғары (неғүрлым экономиканың ашықтылығы жоғары), соғүрлым төлем балансының өзгеруіне байланысты валюта бағамының икемділігі жоғары.

Ұлттық табыс жэне валюта бағамы. ¥лттық табыс өзі-өзінен өзгеретін тәуелсіз құрылым емес. Алайда үлттық табыстың өзгеруіне әсер ететін факторлар, сонымен қатар валюта бағамына да әсер етеді. Демек тауарлар ұсынылымының өсуі валюта бағамын жоғарлатады, ал ішкі сұранымның өсуі валюта бағамын төмендетеді. Ұзақ мерзімді кезеңде ұлттық табыс неғүрлым жоғарғы болса, соғүрлым елдің валютасының құны жоғарғы болады. Қысқа мерзімде бүл үрдіс кері жүреді.

Жағдаятты факторлар және валюта бағамы. Жағдаятты факторлар қысқа мерзім уақыт кезеңінде үлттық валюта бағамының көлемін едәуір өзгерте алады. Демек экономиканың дамуының перспективасы қатынасындағы күтулер, бюджеттік және ішкі саудалық дефициттердің өзгеруі валюта бағамына тікелей әсер етеді.

Наши рекомендации