Жоғары білімнің даму болашағы болашақ оқытушының көзқарасы
Л-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
МӨЖ
Тақырыбы:Жоғары білімнің даму болашағы болашақ оқытушының көзқарасы
Дайындағын:Махамбет Мөлдір
Геоботаника, 1 курс
Алматы-2017ж.
Жоғары білімнің даму болашағы болашақ оқытушының көзқарасы
Білім берудің маңыздылығы сөз болған уақытта ең алдымен білімнің сапасы жайында қазіргі уақыттың өзінде ұстаздар, студенттер, жалпы оқу ағарту ісіне қатысы бар адамдардың арасында кеңінен пікір-таластар ұйымдастырылып, ғылыми-теориялық болжамдар көптеп айтылуда. «Білім беруді Қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымынан, мәдени құндылықтарынан, ұлттық дәстүр, рухани негізден бөле жара қарауға болмайды. Сонымен қатар онда ғылым мен техниканың, педагогиканың соңғы жаңалықтары да барынша ескерілуі тиіс. Бұл ретте еліміздің блім беру жүйесінің реформаланып, заман талабына сай өзгеруі-заңды құбылыс. Өйткені халыққа білім беру, ешуақытта қоғамдағы жағдайдан, мемлекеттің саясатынан тыс дамыған, қайта жаңа қоғам құрып, мемлекетті дамытуда білім берудің орны ерекшеленіп, оған жақсы мән беріліп отырған. «Білім жүйесіне уақыт талабына сай өзгерістер енгізу-қоғам өміріндегі аса маңызды міндеттердің бірі. Қазіргі кезеңде республикада іске асырылып жатқан білім реформасы оның ұйымдық-экономикалық компонеттерін түбегейлі өзгертуге бағытталған.
ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақта жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін карлар қорын жасақтауға тиіспіз. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда, жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз.
Қазақстан жоғары оқу орындарының міндеті-әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру, ал жетекші оқу орындарының дипломдары күллі әлеме танылуға тиіс. Олар мұны істеуге міндетті.
Біз әрбір Қазақстандықтың жоғары білім алуына нақтылы мүмкіндікке кепілдік беруіміз керек. Білім мен ғылымның түйінді тұстарын жүйелі де оңды шешудің кілті-ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарын ортақ мақсатқа жұмылдырып, кешенді істермен айналысу, іргелі ізденістерді қатар атқару, оны ұлттық мүддеге бағыттау, басымдық сипаттар берудің қажеттілігі айқын аңғарылады. Осының негізінде оқыту ісін, яғни жоғары білім мен біліктілік, тәжірибені іргелі ғылым мен ұштастырып, отандық өндіріске бағыттау, түпкі нәтижеге бет бұру, оның халыққа қызмет етуін қамтамасыз етудің маңызы зор.
Еліміздің білім жүйесін ілгерілету бағытында әр алуан ізденіс, көзқарастардың бары анық. Кейінгі жылдардағы осы бағыттағы реформалардың да түпкі мақсаты білім кеңістігіне қозғау салып, келешек көкжиегіне құштарлық, ұмтылыстардан туған. Бұл бағытта, әрине, көп сатылы оқу жүйесі (бакалавриат, магистратура, докторантура), тест тәсілі, кредиттік саланың да қоғамдық көзқарастың әрқилылығына қарамастан, өмірге батыл енуі-уақыт алға тартқан өмір шындықтарының бірі. Білім беру жүйесіндегі мұндай оң өзгерістер халықаралық стандарттарға, жаңа технологияларды батыл енгізуге мол мүмкіндіктер береді.
Білім жүйесіндегі үш деңгейлі, яғни, бакалаврлық, магистрлік және докторлық оқу бағдарламаларын өзара байланысты, әрі тиімді ұйымдастырғанда ғана жүйелілік сақталып, түпкілікті нәтижеге жетуге болады.
Білім беру ісінде кредиттік жүйе күн тәртібіне батыл қойылып, бұл бағыттағы ізденіс, оқу ісі басталып та кетті. Кредиттік жүйе Еуропа елдерінде қалыптасқан. Бұл жүйе бойынша білімгерге мол мүмкіндіктер беріледі. әсіресе, оның өз бетінше білім алуына, ізденістер жасауына, қабілеттерін айқындауға кең жол ашылады.
Оқу жоспарындағы пәнді таңдауына, оқытушыдан нақтылы бағыт, кеңес алуына да еркіндігі бар. Қысқасы, кредиттік жүйе ұстаз бен студент арасындағы қарым-қатынасты бекіте түседі, уақытты тиімді пайдалануға, іргелі ізденістер жасауға мол мүмкіндіктер береді.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын белгілеген Елбасы Жолдауында осы заманғы білім беруді дамыту жүйесіне зор маңыз берілген. Онда барлық деңгейлерде жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары, білім беру процесінің құрылымы мен мазмұны жетілдіріледі және үйлестіріледі, сондай-ақ, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы нығайтылады.
Өмір мұраты мен уақыт талабына, кезең шындықтарына тура көзбен ден қойсақ, еліміздегі білім-ғылым жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру, өзара бірлік-байланыста интеграциялаудың қажеттілігі күн өткен сайын айқын аңғарылып келеді. Білім саласы бір салада қалмауы керек. Әрқашанда, өмірдің талабына сай өзгеріп отыруы қажет.
Бұдан, әрине, жаһандану үдерісі, дамыған елдердің үздік үлгісі, ықпалы сезілмейді деуге болмайды. Оны да ескеріп, бақылап-зерделеп, содан кейінгі тұстарда ұлттық ерекшеліктерімізге сай ұтымды, тиімді жақтарды өмірге, тәжірибеге батыл енгізуге болады. Мұның біртұтас білім кеңістігін қалыптастыруға, ғылымды нақтылы бағыттар төңірегінде дамытуға септігі тиері сөзсіз.