III. Тарау. Мемлекет теориясы.
6.тақырып. Мемлекеттің мәні.
6.1. Мемлекетгің түсінігі. Мемлекетті әлеуметті белгілеудегі дуализм: мемлекет қоғамды басқару әдісі және жан-жалды шешу құралы ретінде.
6.2. Мемлекеттің жалпы әлеуметтік мәселелері.
6.3. Мемлекеттің түсінігінің әртүрлілігі
6.4. Мемлекеттің белгілері, оның басқа қоғамдардан айырмашылығы.
7.тақырын. Мемлекеттің түрлері.
7.1. Мемлекеттің түрлерінің түсінігі. Мемлекеттің түрлерінің және әлеуметтік белгіленудегі мәнінің арақатынасы.
7.2. Мемлекеттің түрлерін анықтайтын факторлар: географиялық, экономикалық, саяси, тарихтық, ұлттық.
7.3. Басқару формасы. Монархия және оның түрлері: ортағасырдағы абсолюттік және шектеулі монархиялар. Шығыс деспотиясы. Феодализм кезіндегі ерте феодалдық, өкілділік және абсолюггік монархия. Дуалистік парламенттік монархиялар. Республика және оның түрлері. Аристократиялық және демократиялық мемлекеттер. Республика қала. Парламенттік және президенттік республика. Кеңестік және халықтық -демократиялық республикала. Республикалардың аралас түрлері.
7.4. Мемлекеттік-құрылым формасы. Унитарлық мемлекет. Мемлекеттік әкімшілік - аумақтық бөлінуі. Ұлттық мемлекеттік құрылым. Федерация түсінігі және оның түрлері. Аралас федерациялар. Конфедерациялар. Басқа да мемлекеттік аралық ұйымдар: қоғамдастықтар, ынтымақтастық, империялар, ассоциациялар, тәуелсіз мемлекеттер одағы..
7.5. Саяси тәртіп. Демократиялық және антидемократиялық саяси тәртіптер. Реакциялық (керітартпа )тәртігітердің түрлері: зұлымдық, фашисттік, тоталитарлық, автолитарлық, теократиялық, расистік, әскери биліктік. Кеңес мемлекетіндегі тоталитарлық тәртіптің ерекшелігі. Демократиялық тәртіптер: либералды - демократиялық, формальды-
демократиялық, діни- демократиялық.Қазақстан Республикасының мемлекеттікұқсастығы.
8 тақырып. Мемлекет механизмі (аппарат).
Мемлекет механизмі туралы түсінік. Мемлекет аппаратының негізгі орналасу міндеттерімен қызметтері: бөлінуі, интернационализм, демократизм, профессионализм, егеменді мемлекет билігінің халықка тиістілігі, азаматтардың құқық қорғау және жеке бостандықтары.
Мемлекеттік аппарат биліктерінің зорлыққа жібермеуі. Мемлекеттік аппарат кызметіндегі коррупциямен, төрешілдікпен күрес.
Мемлекетгік қызмет. Мемлекеттік қызмет кадрлары мен олардың жіктелінуі. Қазақстан Республикасында мемлекет қызметшілерін сайлап алғандағы және оларға көрсетілетін талаптардағы принциптер (амалдар).
Мемлекет органдары, оның белгілері. Мемлекеттік органдардың мақсаты, қызметі және компетенциясы. Мемлекеттің заң шығаратын, атқарушы және сот органдары. Мемлекеттің орталық және жергілікті органдары. Жалпы және арнайы компетециялар органдары.
Мемлекет механизміндегі биліктің материалды - заттың күш құралдары (әскер, барлау, түрме, және тағы да басқа ықтиярсыз -жазалайтын мекемелер).
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының жалпы мінездеме жүйесі.
9 .тақырып. Мемлекеттің қызметі (функциясы).
9.1.Мемлекет қызметінің мазмұны және түсінігі. Мемлекет қызметінің деректі - тарихи шарттастығы. Мемлекеттің мәні, оның мақсаты және қызметі. Мемлекет қызметінің әр түрлі әдістемелері және саралану негізі. Мемлекеттің ішкі және сыртқы қызметтері. Мемлекеттің тұрақты және уақытша қызметтері. Мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық, саяси, идеологиялық қызметтері.
9.2. Қазіргі кезеңдегі мемлекет қызметінің дамуы. Азаматтардың әлеуметтік қорғаныс және адам құқықтарын қызметтері. Зандылықты бекіту және құқықтық тәртіп қызметтері. Экологиялык қызмет. Мәдени -тәрбиелік қызмет.
Мемлекеттің сыртқы қызметтері: ата-мекенді қорғау, бейбітшілікті сактау, бақа мемлекеттермен жан-жақты (экономикалық, мәдени және техникалық)қызметтестік.
Мемлекет қызметі және мемлекет механизмі (аппараты). Мемлекет қызметі және мемлекеттік органдардың қызметі.
Мемлекет қызметінің іске асырылуының кұқықтық формасы: құқыктык шығармашылық, құқықтық қолданыс, құқықтық қорғаныс.
Қазақстан Республикасы қызметінің демократиялық жаңару кезеңіндегі, нарықтык экономикаға ауысу кезіндегі, әлемдік өркениетке кіру кезіндегі дамуы.
10.тақырып. Қоғамның саяси жүйесі.
10.1.Қоғамныңсаяси жүйесі туралы түсінік.
10.2.Мемлекет және басқа да қоғамдық-саяси институттары саяси жүйенің құранды бөлігі ретінде.
10.3.Қоғамның саяси жүйесінің нормативті- мәнді негізі.
11тақырын. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам.
11.1.Құқықтық мемлекеттің тұжырымдамасы: теория мен тәжірибе Құқықтық мемлекет, оның негізгі сипаттамалары және оның этатисттік мемлекеттен айырмашылығы.
Құқықтық мемлекеттің мақсаты, міндеттері және қызметі. Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік белгілеулері. Құқықтық мемлекеттін, саяси және енегелі (адамгершілік) негіздері.
Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері. Биліктің заңға тәуелділігі. Биліктің бөлінуі, олардың теңдігі, ұстаным және қарсы салмақтық жүйелерінің қамтамасыздандырылуы. Демократиялық, тәуелсіз, объективті сот. Құқық басылымдылығы мен адамдардың, азаматтардың құқығы, олардың нақтылығы, кепілділігі.Мемлекеттің құқық саласына енгізбесі: жеке бас құқығын конституциялық бекітілуі, кұқықтың жоғары жағы, Конституцияның жоғарылығы.
Азаматтық қоғам туралы түсінік. Қоғамдық қозғалыс, тәуелсіз мөр, қоғамдық көзқарастарды оқу институттары - азаматтық қоғам элементтері.мелекеттердің құрылуының теориясы мен тәжірибесі.
Либеральды - демократиялық және әлеуметтік мемлекеттердің негізгі құндылығы.
11.7.Мемлекет істерінің негізгі бағынатын принциптері; қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, бүкіл игілігіне экономикалық даму,қазақстандық патриотизм, демократиялық мемлекет өмірінің мәселелерін шешу,
"заңмен тыйым салынбағанның бәріне рұқсат" қағидасын азаматгардың қүқықтарымен бостандықтарын жүзеге асыру кезіндегі пайдалану.
IV тарау. Құқық теориясы.
12тақырып. Қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеу.
12.1.Қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеудің түсінігі. Нормативтік реттеушілер: неке-отбасылық, корпоративті-топтық, мифтік-діндік, моральдық, эстетикалық, құқықтық. Нормативтік емес реттеушілер: бағалаушылық, информациялық, директивтік.
12.2. Техникалық және әлеуметтік нормалар және олардың айырмашылықтары.
Әлеуметтік нормалардың түсінігі және түрлері.
Салт. Дәстүр. Іскерлік дағдылар. Әдет-ғұрып.
Мораль және мінез-кұлықлық нормалары.
Қоғамдық ұйымдардың нормалары.
Әлеуметтік нормалардағы жалпы және ерекшесі.
13.тақырып. Құқықтың түсінігі және мәні.
Құқықтьң анықтамасы. Қазіргі замандағы құқық түсінушілікке жалпы мінездеме: құқық түсінігіне жеке көзқарастары, бар мектептердің көпшілігі. Құқықты түсінудің негізгі әдістері: психологиялық, және әлеуметтік нормалар және жиынтығы ретінде, кұқық құқықтық сана ретіде, құкық -құқыктық қатынастар ретінде). Әр құкық түсінушіліктің әрқайсысына бірен-саран мінездеме.
13.3. Құқық институт ретінде. Құкық бостандықтың шарасы ретінде, қоғамдық ізгілікке қатысты әділеттілік шарасы. Құқықты белгілеу жеке және әлеуметтік кызығушылық пен қажеттіліктерді дамыту үшін мең
мүмкіндіктерді құру ретінде.
Объективтік кұқық және субъективтік құкық.
Құқық қызметінің түсінігі. Құқық қызметінің жүйесі: реттеуші және корғанушылық, тәрбиелік және информативтік.
14.тақырып. Құқық нормалары.
Құқык нормасының түсінігі. Құқық нормасы - үлгі, ереже, шара, жүріс-тұрыс масштабы.
Құқық нормасының белгілері: формалды анықтаушылық, жалпы міндеттілік, жүйелілік, әрекеттің қат-қабаттылығы, адресаттық кейіптеушіліксізі, мемлекетпен қамтамасыз етілуі, ұсынушылық- міндеттілік сипаты.
Құкық нормасының кеңестен, шакырулардан, үндеулерден, ұсынушылықтан директивтен, жеке заң нұсқаулықтарынан (бұйрықтардан) айырмашылығы. Құқық нормасыньң логикалық кұрылысы. Құқық нормасының гипотезасы. Гипотеза түрлері. Диспизициялық нормасының басты компоненті. Кұқық нормасының санкциясы. Санкция түрлері.
Құқык нормасының түрлері. Құқық нормасының саралануының критериилері: реттеу әдісі (рұксат ету, міндеттеу, тыйым салу), зандық күш, реттеу пәні, әрекет ету мерзімі және ортасы, құқықтық реттеу әдісі
Құкық нормасы мен басқа да әлеуметтік нормалар тұрлерімен әрекеттесуі.
15.тақырып. Құқықтың (кайнар көздері) формалары.
Құқықтың (қайнар көздерінің) формаларының түсінігі.
Санкциялы дәстүр. Әдет-ғұрпы құқығы.
Сот және әкімшілік прецеденті.
Нормативтік кұқықтык акт.
Заңдық доктрина кұкыктың қайнар көзі ретінде. Заңдык мәтіндерге түсінідірме.
Нормативтік шарт кұқык формасы ретінде. Нормативтік шарттардың түрлері: типтік және үлгілік, мемлекетаралык және халықаралық.
Құқық формасы мен мәнінін өзара байланысы, Құқықтағы мирасқорлық.
16.тақырып. Нормативтік құкыктық акт.
16.1. Нормативтік құқыктық актілердің түсінігі және жалпы ситапттамасы. Нормативтік кұқықтық актілердің жеке-құқықтық актілерден (қолдану актілері ментүсіндіру)айырмашылығы.
16.2. Құқық нормасы мен нормативтік құқтық актінің бабының арақатынасы. Құқық нормасы және нормативтік бұйрық. Құқық нормасының құрылым сипаттамасының қатыстылығы. Құқық нормасын нормативтік
құқықтық актінің бабына мазмұндау тәсілдері: тура, бланкетті және сілтемелі.
Нормативтік құқықтық актілердің түрлері, заңдық күші, әрекет ету ортасы, оларды шығару субъектілері және әрекет ету мерзімі бойынша саралануының критериилері.
Заңның түсінігі. Құқық және заң. Заңның жоғарылығы. Конституция. Заң және заңдық нормативтік құқықтық актілер. Заңдар тусіиігі.
Президенттің актілері. Үкімеітің актілері. Атқарушы билік органдарының актілері. Сот органдарының актілері. Конституциялық кеңестің актілері.
Қазақстандағы жергілікті органдардың актілері: мәслихаттардың, әкімдердің. Жергілікті нормативтік құқықтық актілер.
Жариялау тәртібі және нормативтік құдықтық актілердің заң күшіне енуі.
Нормативтік құқықтық актілердің мерзімде, кеңістікте, тұлғалар шеңбері бойынша әрекет етуі. Заңнын, кері күші.
17.тақырып. Құқық шығармашылық және нормативтік құқықтық
актілердің жүйелілігі.
17.1.Қағида шығармашылығының, құқықшығармашылықтың, заңшығарушылықтың түсінігі. Құқықшығармашылығының жалпы сипаттамасы құқықтың қалыптасу тәсілдері ретінде.
17.2.Құқықшығармашылық әр-түрлі құқықтық жүйелерде. Құқықшығармашылық қызметінің қағидалары: демократизм, ғылыми сипат, заңдылық және кәсіпқорлық.
17.3. Халықтың бірден-бір құқықшығармашылығы. Референдум түсінігі.
17.4. Заң шығару процессінің сатысы және түсінігі.
17.6. Нормативтік құқықтық актілердің (заңдық) жүйелілігінің түсінігі.
17.7. Жүйелілік түрлері. Инкорпорация және оның түрлері: хронологиялық, жүйелілік және пәндік. Консолидация. Заңдылық кодификациясы және оның айыпмашылық ерекшеліктері. Кодификация түрлері: кодекстер, негіздер, заңдар жинағы, ережелер, жарғылар. Заңдылық пандификация.
17.8. Заңдық (заң шығарушылық) техника және оның құқықшығармашылық және жүйелілік заң шығарушылықтағы маңызы.
17.9. Заңның тілі. Заңдылык есеп және осы мақсатта электронды-есептік техниканы пайдалану.
18 тақырып. Құқық жүйесі және заңдар жүйесі.
18.1. Құқық жүйесінің түсінігі. Құқықтың құрылымы.
18.2.Құқық жүйесініңқұрылуының қағидаттары. «құқық жүйесі» және «заңдар жүйесі» түсініктерінің арақатынасы. Құқық жүйесі және құқықтық жүйелер.
І8.3. Құқықтың салаларға бөлінуінің негіздері: пәні, әдісі және қоғамдық
қатынастардыкұқықтық реттеу қағидаттары.
18.4. Құқык салалары. Негізгі құкық салаларына жалпы сипаттама. Заңдардың кешенді салалары. Құқық салалары.
18.5.Құқықтык институттар және олардың түрлері. Субинституттар.
18.6. Бұкаралық және жеке кұқық.
18.7. Материалдық және процессуалдык кұқық.
18.8. Халыкаралық және ұлттық кұқықтың арақатынасы. Халықаралық құкыктың ұлттық құдықка деген үстемділігі.
19.тақырып. Құқықтық қатынастар.
19.1. Құқықтық қатынастардың түсінігі.
19.2. Құкықтық катынастардың саралануының (түрлері) критериилері. Реттеуші лоне корғаншылық құкықтық қатынастар. Абсолютті және катыстылық құқықтык катынастар. Құқык салалары бойынша кұкықтық қатынастардың саралануы.
19.3. Құкықтық қатынастардың құрамы. Құқықтық қатынастардың мазмұны.
19.4. Субъективтік құқықтың мәні және түсінігі. Заңдылықтың түрлері: кұкықтык талап ету.
19.5. Құқықтык міндеттеменің мәні және түрлері, түсінігі.
19.6. Құқықтық қатынастардың субъектілері. Құкық субъектілерінің құкыктық қабілеттілігі, әрекет қабілеттілігі, деликтік қабілеттілігі. Құқық субъектілік. Құқтқтық мәртебе. Компетенция. Құқық
субъектілеріне мінездеме. Адам және азамат. Мемлекеттік орган. Лауазымды тұлға. Қоғамдық ұйым. Мемлекет. Жеке мәселе заңды тұлға.Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар. Саяси партиялыр. Кәсіподақтар.
19.7. Құқықтық қатынастардың объектілері (заттар).
19.8. 3аңдық фактілер құқықтық қатышастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері ретінде. Құқықтык салдардан және еріктік белгілер бойынша туындайтын заңдық фактілердің саралануы. Іс жүзіндегі (заңдық) құрамы.
20.тақырып. Құқықты жүзеге асыру және оның түрлері.
20.1.Құкықтыт жүзеге асырудың түсінігі, оның түрлері мен әдістері.
20.2. Құқықты жүзеге асырудың тікелей (жай) түрлері. Құқықты орындау, сақтау және пайдалану. Құкықпен тыйым салынған әрекеттерден тартыну. Құкық субъектілерімен заңдық міндеттемелердің орындалуы және субъективтік құқықтың жүзеге асырылуы. Құкықтық емес әрекеттерді тыю.
20.3. Құқықты жүзеге асыру кезінде. Қоғамдық қатынастар қатысушыларының іс жүзіндегі әрекеттерімен заң формаларының
қатынасы. Норманың әрекетінің көп реттілігі оны жүзеге асыру ретінде.
21.тақырып. Құкық нормаларын қолдану.
21.1. Құқықты қолдану - құқықты жүзеге асырудың ерекше формасы (әдісі). Құқықты қолдану қажеттілігі туындайтын жағдайлар.
21.2. Құқықты қолдану субъектілері: мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, құқық қорғау органдары.
21.3 Құқықты қолдану сатылары. Іс жүзіндегі жағдайларды анықтау. Істің заңдық негізін анықтау. Таңдау, зерттеу (талқылау) және құқықтық норманы тексеру. Заңдық сараптама. Шешім шығару және оны безендіру.
21.4. Құқық қолданбалы актілердің түрлері және түсінігі. Мүдделі адамдарға шешімді жария ету.
21.5. Құқықты қолдану процесіне қойылатын талаптар. Құқықты қолданудың тиімділігі. Өзін өзі соттауға жол бермеу.
22.тақырып. Нормативтік құқықтық актілерді талқылау.
22.1. Нормативтік құқықтық актілерді талқылаудың түсінігі. Құқық нормаларының мазмұнын түсіндіру және анықтау.
22.2.Талқылау субъектілері. Субъект бойынша талқылау түрлері: ресми және ресми емес, нормативтік және қазуалды, аутентикалық, доктриналық (ғылыми), кәдімгі..
22.3. Құқықты талқылаудың тәсілдері (әдістері): филологиялық, тарихи, логикалық, жүйелік, геологиялық.
22.4.Талқылау көлемі (қорытындысы): дәлме-дәл, шектеулі және ұлғаймалы.
23 тақырып. Құқықтық сана.
23.1.Құқықтық сана - қоғамдық сананың түрі. Құқықтық сананың басқа да қоғамдық санамен арақатынасы: сасяси, енегелік, діндік.
23.2.Құқық пен қүқықтық сананың әрекеп-есуінің формалары. Құқық бұзушылықты алдьш алу, құқықтық әрекет пен қылықты таңдау кезіндегі құқық шығармашылық, құқық қолданушы және құқық қорғау органдарының қызметіндегі құқықтық сананың рөлі. Құқықтық сананың дамуы мен қалыптасуына құқық пен мемелекеттің әсері.
23.3. Құқықтық сананың құрылысы. Құқықтық идеология және саяси- құқықтық психология: олардың байланысы, өзара әсері, таратылу және қарамақайшылық мүмкіндіктері. Қоғамдық, класстық, топтық және жеке құқықтың сана. Теоретикалық және кәдімгі құқықтық сана.
23.4. 3аңгердің кәсіпкерлік құқықтық санасы. Тұлғаның саяси-құқықтық анықталуы.
23.5. Құқыққа қайшы және заңды мінез құлық психологиясы
24.тақырып. Құқықтық мәдеииет және құқықтық нигизизм.
24.1. Құқық мәдениеттің құбылысы ретінде.
24.2.Құқықтық мәдениеттің түсінігі: элементтері және деңгейлері.
24.3.Құқықтық лоне саяси мәдениеттің арақатынасы.
24.4.Қоғамның, әлеуметтің, жеке тұлғаның құқықтық мәдениеті.
24.5.3аңгердің құқықтық мәдениеті. Қоғамның құқықтық мәдениетін жоғарылату кезіндегі мамандандырылған заңгерлер қауымдастығының
24.6.Құқықтық мәдениеттің функциялары: тамындылық, бағалылық және реттеуші.
24.7. Құқықтық мемлекетгің принциптерін бекіту үшін құқықтык мәдениеттің маңызы.
24.8.Құкыктық нигилизм және оның себептері. Құқықтык нигилизмнің формалары: кұқық пен заңды сыйламаушылық, заңдылық мақсаттылығына айырбас, жеке тұлғалар мен әр-түрлі әлеуметтік топтард,
24.9. Заң мен кұқыктық тәртіпті, сотты сыйламаушылык, соттат тыс репрессиялар,адвокатура рөлінің деформациясына және т.б. бір-біріне деген мүдделерін қарама-қарсы кою.
24.9. Қү.қықтық нигилизм мен қүқықтық демагогияны жеңу жолдары..
24.10. Азаматтарды құқықтық тәрбиелеудің мақсаты жэне мәні. Қазіргі заманда кұкықтык жалпы оқудың маңызы.
25 тақырып. Құкықтағы кемтік және оларды толтыру әдістері.
25.1.Құқықтағы кемтіктің түсінігі. Құқыктағы кемтікті толтырудың әдістері.
25.2.Құқықтағы кемйікті құқык шығармашылық қызмет жолдарымен толтыру.
25.3.Құқыктағы аналогия институты. Заңның аналогиясы және құқықтың аналогиясы. Аналогияны қолдану негіздері және шарттары. Қылмыстық құқықта аналогияның пайдаланылуына жол бермеу.
25.4. Құқык нормаларын субсидиарлы қолдану.
26 тақырып. Заңды міқұлық
26.1.3аңды мінез құлык заң нормаларының нұсқауларына сәйкес мінез құлык ретінде.
26.2. 3аңды мінез кұлықтың түрлері. Активті, пассивті және калыпты мінез кұлык.
26.3. 3аңды мінез құлытқтың мотивациясы: заңды мінез құлық нұскаулығының түсінігі, қылмыстық жауаптылыққа деген қорқыныш, заңға бағынушылық тұлғаның мінезқүлқы мен санасының компоненті ретінде.
26.4. Құкықтық катынастар түрлеріне етуі және осындай түрін қабылдамайтын, құқықтык мінез құлық.
26.5. Ададмның конформизм және маргиналдылығы заңды және құқыққа кайшы мінез құлықты таңдауға әсер ететін факторлар ретінде.
27 тақырып. Құқық бұзушылық және занды жауапкершілік..
27.1.Әлеуметтік мінезкұлыктан ауытқу мүмкіндігі. Құқық бұзушылықтың түсінігі.
27.2. Құқық бұзушылықтың негізгі белгілері
27.3. Құқық бұзушылықтың түрлері. Қылмыстылықтық себептері және баска да құқық бұзушылықтардың әлеуметгік табиғаты.
27.4. Құқық бұзушылыктың заңдық құрамы. Құқыкбұзушылыктың субъектілері. Құқықбұзушылықтың субъективтік жағы. Кінә түрлері. Құқықбұзушылықтың объектісі (пәні). Құқықбұзушылыктың обьективтік жағы. Құқықбұзушылықтағы себепті байланыс және зиян.
27.5.Заңды жауапкершілік және оның түрлері.
27.6.Заңды жауапкершіліктің негіздері.
27.7.3аңды жауапкершіліктің моральдық және саяси жауапкершіліктен айырмашылығы.
27.8.3аңды жауапкершіліктің түрлері. ГІозитивтік және ретроспективті жауапкершілік. Заңды жауапкершілік және құқықтық санкциялар.
27.9.3аңды жауапкершіліктен босату негіздері. Кінәсіздік презімпциясы және оның мәні.
28 тақырып. Заңдылық, құқықтық тәртіп, тәртіп.
28.1.3аңдылықтың түсінігі. Заңдылықты қамтамасыз етудегі Конституцияның орны мен рөлі. Конституциялық заңдылық – заңдылық пен құқықтық тәртіптің негізі.
28.2.3аңдық деформация: себептері, түрлері, жеңу жолдары. Заңдылық және өктемдік. Тоталитарлық мемлекеттерде заңдылықты бұзудың түрлері.
28.3.Құқықтық тәртіптің түсінігі. Құықтық тәртіп және қоғамдық тәртіп.
28.4.Кепілдік және заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету әдістері.
28.5.Тәртіп түсінігі. Заңдылық және тәртіп. Тәртіптің түрлері. Атқарушылық тәртіп және оның аппарат жұмысындағы рөлі. Технологиялық тәртіп. Кәсіпкерлік қызметегі тәртіп.
29 тақырып. Құқық, жеке тұлға, қоғам.
29.1.Мемлекет және құқық теориясының көзқарасы бойынша жеке тұлға, адам, азамат ұғымы.
29.2.Азаматтық, Азамат және мемелекет.
29.3. Адам және азаматты құқықтары мен бостандықтарының түсінігі, олардың жүйесі. Адамның құқықтары мен бостандықтарыньщ саралануы. Қазақстан Республикасының Конституция бойынша адамның құқықтары
мен бостандықтарының жалпы сипаттамасы.
29.4. Қоғам мен мемлекет алдындағы заңдың міндеттеме жэне жауапкершілік. Азамат пен мемлекеттің өзара жауапкершілігі.
29.5.Жеке тұлғаның әлеуметтік және заңдық қорғаншылығы.
29.6.Адам құқығының халықаралық қорғалуы. Адам құқығының Жалпы декларациясы.
30 тақырып. Құқық саласы.
30.1. Құқық саласының түсінігі. Құқық саласының негізгі компоненттері Құқықтық сана, құқықтық тәртіп, құқықтық норма, құқық қолданушылық, құқықшығармашылық, құқықтық ғылым, құқықтық білім, олардың жалпы
сипаттамасы.
30.2. Қоғамның құқықтық жүйесі. Қоғамның құқықтық жүйесінің
Элементтері- заңдық ғылым, құқықтық түсініктер, заңдық техника, заңдық тәжирбие, олардың жалпы сипаттамасы.
30.3. Құқық саласы, құқықтық жүйе, құқық жүйесі түсініктерінің арақатынастары.
Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 ж. (7 қазан 1998 ж. өзгерістермен толықтырулармен)
2 ҚазССР мемлекеттік егемендігі туралы Декларация 25 қазан 1990ж.
3 Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. – Алматы, 2007.
4 Алексеев С.С. Проблемы теории государства и права.- М., 2002.
5 Ғ. Сапарғалиев Мемлекет және құқық теориясы.- Астана: Фолиант, 2007
6 Қ. Жоламанов «Мемлекет және құқық теориясы». - Алматы, 2004
7 Е. Баянов «Мемлекет және құқық негіздері», Алматы, 2009
8 С.Д. Баққұлов «Құқық негіздері» Алматы, 2004
9 Қ.И. Оспанов «Құқық негіздері» Алматы, 2009
10 Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Алматы. 2003.
11 Жоламан К.Д., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К. Мемлекет және құқық теориясы.Оқулық.Алматы. «ҚАЗМЗУ» баспасы, 1999
12 Бұлгакова Д.А. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы. «Білім».2003
13 Ғ. Сапарғалиев , А. Ибраева. «Мемлекет және құқық теориясы».- Астана: Фолиант, 2007.- 336бет.-
14 .Сәбікенов С.Н. Салыстырмалы конституциялық құқық. Өркениет. 2000.
15 Табанов С, А, Салыстырмалы құқықтану негіздері. Алматы. “Жеті жарғы”. 2003.
16 Өзбекұлы Сәкен. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық / С. Өзбекұлы, Ө. Қопабаев.- Алматы: Жетi жарғы, 2006.- 264бет.
17 Теория государства и права: Учебник / Под ред. проф. Лазарева В.В.- М.: Право и закон, 2002.- 576с.
Қосымша әдебиеттер:
1. Заң терминдерінің сөздігі. 25000-ға жуық термин= 5-ші басылуы, өңделіп, толықт.- Алматы: Жетi жарғы, 2007.- 832б.
2. Сансызбаев А.М. Конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асыру нысандарының түсінігі. // Правовая инициатива. №7, 2002.
3. Аязбекова Г.А. Құқықтық және мемлекеттің тарихы. // Право и государство. №2 2001.
4. Арғынбаев Д. Құқықтық мемлекет: қалыптасуы мен дамуы. // Саясат. №2, 2005.
5. Әуелғазина Т. Қазақстан қоғамын демократияландыру жағдайындағы саяси әлеуметтендіруді жүзеге асыру мәселелері. // Саясат. №10. 2005.
6. Кендербеков А. Мемлекет, үкіметтік емес ұйымдар және бизнестің өзара ынтымақтастық мәселелері. // Заң. №2 2006.
7. Сартаев С.С. Заманын заңмен зерлеген. // Заң. №8 2005.
8. Рогов И. Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жолдау. /Заң. 2005.
9. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы.
10. ҚР-ның «Нормативтік құқықтық актілер» туралы Заңы. 24.03.98.
11. Баянов Е. Мемлекеттік қызмет: Оқу құралы Алматы, 2010.- 40б.
12. Баянов Е. . Әкімшілік құқық: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық / Алматы, 2007.- 408 б.
13 Лазарев В. В. Теория государства и права. М., 1992.
14 Лазарев В. В., Липень С. В. Теория государства и права. М., 1998.
15Лившиц Р. 3. Теория права. М., 1994.
16 Малько А. В. Теория государства и права в вопросах и ответах. М., 1997.
17 Малько А. В. Экзамен по теории государства и права: 100 ответов на 100 возможных вопросов. М., 1996.
18 Марченко М. Н. Теория государства и права. М., 1996.
19 Общая теория государства и права. Академический курс в 2-х томах /Отв. ред. М. Н. Марченко. М., 1998.
20.Жоламан Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық / Қ.Д. Жоламан.- Алматы: Нұр-Пресс, 2005.- 296бет
21. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. 1-ші том: Оқулық / .- Алматы: Заң әдебиеті, 2006.- 264б.
22 Электронная библиотека правоведа Студилова www.studylaw.narod.ru/
23 Herbert Lionel Adolphus Har The Concept of Law Clarendon Press, 1961
24 Ellman, IM (Ellman, Ira Mark)1; Braver, SL (Braver, Sanford L.)2; MacCoun, RJ (MacCoun, Robert J.) Abstract Principles and Concrete Cases in Intuitive Lawmaking, LAW AND HUMAN BEHAVIOR Volume: 36 Issue: 2 P. 96-108, 2012, http://apps.webofknowledge.com
25 Balganesh, Shyamkrishna. The Pragmatic Incrementalism of Common Law Intellectual Property, VANDERBILT LAW REVIEW Volume: 63 Issue: 6 P.1543, 2012, http://apps.webofknowledge.com
26 Vermeule, Adrian. Interpretive choice, new york university law review. Volume: 75 Issue: 1 P, 74-149, 2000, http://apps.webofknowledge.com
Vermeule, Adrian. Common law constitutionalism and the limits of reason. Columbia Law Review. Volume: 107 Issue: 6 P. 1482-1532, 2007. http://apps.webofknowledge.com
| І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті | СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2012 2 басылым | |||
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ | |||||
Силлабус | Ф.4.09-42 | ||||
01.09.2012 ж. |
Заң факультеті
Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
С И Л Л А Б У С
Пәні: Мемлекет және құқық теориясы
мамандық: 5В 030100 «Құқықтану»
оқу формасы: күндізгі
курс: 1
семестр: 1
кредит саны: 2
барлық сағат саны: 90
барлық аудиториялық сағат: 90
оның ішінде:
дәріс: 15
семинарлық сабақтар: 15
ОСӨЖ: 30
СӨЖ: 30
Емтихан:1
Талдықорған 2014 ж.
Оқытушы жөнінде мәлімет: Досымбек Айгүл Болатқызы-мемлекеттік және азаматтық- құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы
Телефон: 8 7773846241
Emal: [email protected]
Консультация сағаттары: ӨЖ
Консультация кестесі бойынша кафедрада
Пән: Мемлекет және құқық теориясы
Уақыт: Бекітілген бойынша
Кредит: 3
Пән пререквизитері:(Мемлекет және құқық теориясын меңгеруге міндетті пәндер) : Қазақстан тарихы, жалпы тарих, философия.
Пән постреквизитері:( мемлекет және құқық теорясы пәнінен алған білімнің басқа пәндерді меңгеруге қажеттігі) : Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығы, ҚР-ның Конституциялық құқығы, Шетелдер Констиуциялық құқығы, Саяси және құқық ілімдер тарихы, Мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы, Халықаралық құқық.
Пәннің қысқаша сипаттамасы:
Мемлекет және құқық теориясы – жоғары заң оқу органдарындағы негізгі пәндердің бірі.
Заң ғылымдары жүйесінде мемлекет және құқық теориясы мәселелеріне баса көңіл бөлу дәстүрге айналдырылған. Бұған ХІХ-ХХ ғасырда жарияланған ғылыми –зерттеу жұмыстарының орасан болуы дәлел.
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы жағдайында заңи ойлау, пайымдау, жалпы мәдениет пен құқықтық мәдениетті, заңи кәсіпкерліктің деңгейін жоғары көтеру, заңдылық пен әділетке деген сенімдерді нығайту, сезімдерді жаңаша қалыптастыру және оларды тұрақты түрде дамытып отыру істерінің мәні мен маңызы арта түседі.
Сонымен, құқықтық ұғым түсініктер мен санаттардың қалыптасып үлгерген дәстүрлі пайымдауларын жаңаша ұғыну, оларға заман талабынан туындаған мән және мағына беру, түсіндіру қажает болады.
Сондықтан да, қазіргі мемлекет және құқықты зерттеуде оның негізгі қағидаттарына (принциптеріне), заңдардың бір әрпінің де бұлжытпай орындалуына назарды кеңінен аудару қажет, сонымен бірге заң пәрменінің рухани сипат-қасиетттері мен ерекшеліктеріне болашақ заңгерлерді үйрету, тәніне сіңіру, сөйтіп заңдарды дұрыс түсіну, түсіндіру және қолдану шеберліктерін қалыптастыруға аса көп көңіл аудару күн тәртібіне қойылады.
Пән курсын оқыту және оны студенттерге үйрету ісінде құқықтың өзіне, құқық идеяларына, құқықтың мемлекетпен байланыстылығына көңілді баса аудару қажет болады.
Мемлекет және құқық теориясын оқып үйренудің, оны зерделеудің ең басты мақсаты –құқықтық мемлекет идеясын және құқықтықты жаратылыстық құқық деп ұғу. Осы жаратылыстық құқыққа бағынатын билік институттарының ең бастысы құқықтық мемлекет болып табылады. Жоғарыда келтірілген құқықтық идеялар Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларында баянды етілген.
Бағдарлама мемлекет және құқық мәнін түсінудің жанама жолдары мен амалдарын қолданады және ол пән курсын оқып үйренудің барысында қамтылған көлемді мәселерді есепке ала отырып жасалынды.
Осы бағдарлама мемлекеттік тілде жасалған алғашқы еңбек болып саналады және жоғары заң білімін беру оқу орындарына, қалың бұқара көпшілікке ұсынылады. Сондықтан мұны заң білімдерін оқыту ісін қолға алғанда пайдалануға болады.
Мемлекет және кұқық теориясы - құқық салаларының және заң ғылымдарының жалпы теориялық және әдістеме ғылымының қызметін атқаратын юриспруденция саласындағы іргеі ғылым. Ол жалпы заң мағыналарын ие және саяси-құқықтық кеңістікте тұспалдарды тану кызметін атқаратын ұғымдар категориялардың мазмұнымен ашады.
Мемлекет және кұқық теориясы 1 курс студентіне саяси-кұқықтық мінездеме туралы тусініктердің қалыптасуына, мемлекеттік-құкықтык құбылыстарды қоғамдық өмірде адекватты түрде бағалау дағдыларын қалыптастыруда, олардың маңызын көрсете білуде, әлеуметтік қызметін казіргі Қазақстан қоғамындағы әртүрлі салалардағы өмір қызметінің орны мен рөлін сонымен қатар алған білімдерін әртүрлі тәжірибелік жағдайларда ойдағыдай қолданудағы негізгі міндеттіатқарады.
Қоғамның саяси- құқықтық өмірінің барлық қырларын студенттің меңгеруі мемлекет және құкық теориясы бойынша оқулықтар, оқу құралдары, кітаптар, мақалалар және басқа да қайнар көздерді түпкілікті пайдалану арқылы өтеді. Бұл мәселеде студенттердің кәсіби Құкықтық танымдық қалыптастырушы және заңгерлік қалыпта ойлау мүмкіндігін беретін ғылыми шығармашылықка үлкен мән беріледі.
Курстың мақсаты: Студенттерді мемлекет және құқық туралы фундаментальді біліммен қамтамасыз ету, мемлекет пен құқықтың әлеуметтік мақсаты және тарихи дамудағы ролін ұғыну, осы білімді басқа бағдарламаны игеруде қолдану.
Студенттер көптеген пәндерді оқудан бұрын, ең алдымен «Заң ғылымы дегеніміз не?», «Мемлекет және құқық теориясы деген не?» ойлануы қажет. Толық жауапты студенттерге мемлекет және құқық теориясы пәні береді.
Курстың міндеттері: Студент мемлекет және құқық теориясы бойынша заң терминдерін білуге міндетті, қоғамдағы мемлекет пен құқықтың роліне баға беруге, құқық нормаларын талқылауға, түсіндіре білуге, қоғам қатынастарын мемлекеттік реттеуге баға беруге міндетті.
Болашақ заңгер қоғамды реттеп, басқаруды жақсартып, дағдарыстан шығу жолдарын іздестіріп, қылмысқа қарсы күресті батыл, табанды жүргізуге, құқықтық білімі мен құқықтық мәдениетін үнемі жоғарлатуға міндетті.
Студент нормативтік құқықтық актілердің иерархиясын құрастыруға, өз біліміне сәйкес келетін рефераттар, курстық, дипломдық жұмыстар жазуға және студенттік ғылыми ізденіспен шұғылдануға тиісті.
Осы пәнді игергенннен кейін студенттер заң ғылымының салалық пәндерін оқып, жақсы түсініп, өз бетінше тұжырымдамалар жасайды дейміз.
Осы пәнді оқыту үрдісінде келесі компетенцияларды қалыптастыруға бағытталған:
а) түйіндік құзіреттілік (ТҚ)
- кәсіби қызметінде заман талабына сай білімді болу;
- алған білімі негізінде құқықтың әр саласынан хабары болып, білімін көрсете білуі;
- үнемі ізденісте болу.
б) пәндік құзіреттілік (ПҚ)
- сөйлеу шеберлігі, дауыс мәнері, өзіне қарата білу қабілеті мен мәдениетті болуы, қызметінде ортамен тіл табысуға бейім болуы;
- инновациялық технологияларды қолдану шеберлігінің болуы;
- өзінің жан-жақтылығын арттыруға ұмтылысының болуы;
в) арнайы құзіреттілік (АҚ)
- теориялық алған білімін, дағдыларын іс жүзінде дұрыс пайдалана білуі;
- біліктілігі жоғары, тәжірибесі мол адамдардың тәжірибесінен үлгі алып, кеңейтіп, қолдана білуі;
- нормативтік-құқықтық актілер туралы білімінің болуы мен оның өзгерістеріне ілесе алуы, нормативтік құқықтық құжаттармен жұмыс жасай білуі тиіс;
- кез келген тығырықтан шығу үшін шешім қабылдай білу қабілеті мен сын айта білу, ойын жүзеге асыру қабілетінің болуы.
Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
Бағаланатын бағдар (позиция) | 1-8 аптадағы бағалау мөлшері | 9-15 аптадағы бағалау мөлшері | Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері | Электронды журналға балл қоюдың кезеңі |
Ағымдық бақылау | Әрбір бағалауға 100 баллдан | Апта сайын (бірінші аптадан басқа) | ||
СӨЖ | Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан | 4,7,11, 14 апталарда | ||
Аралық бақылау | Әр аралық бақылауға 100 баллдан | 8 және 15 аптада | ||
Кіру рұқсатының рейтінгісі | R1 | 8 апта | ||
Кіру рұқсатының рейтенгісінің | R2 | 15 апта | ||
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі | R= (R1 + R2)/2 | 15 апта | ||
Емтихан | Е | 16-19 апта | ||
Қорытынды баға | І = R*0.6+E*0.4 |
Силлабуста әрбір бақылау түріне қойылатын баллдың критерии көрсетілуі тиіс. Осы мақсатта оқытушы пәннің (спецификасын) өзіне тән ерекшелігін, студенттің мүмкіндігіне сәйкес қойылатын талаптарды ескереді, сонымен бірге оқытушы жалпы белгіленген талаптарды да ескеруі тиіс.
«Ағымдық бақылау» параметрінде сабаққа қатысу, практикалық, лабораториялық және үй тапсырмаларының орындалуын бақылау ескеріледі. Студенттің дәріс сабағындағы белсенділігін де ескеру керек. Балл қойылады: қатысқаны үшін, сабақ барсыныда лектордың тарапынан қойылған проблемалық сұрақтарды талқылауға ат салысқаны үшін, лекторға сұрақ қойғаны үшін, сыни тұрғыдан ойлауына; практикалық (семинар) және ОСӨЖ сабақтарындағы студенттің барлық қатысу мүмкіндіктері бағаланады. Балл қойылады: мәселенің шешімін тапқаны үшін, үй және тест тапсырмаларын орындағаны үшін, оқытушы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бергені үшін, тақтада практикалық жұмыс жүргізгені үшін, бүкіл сабақтың барысында студенттің белсеңді ат салысқаны үшін, ОСӨЖ тапсырмаларын дайындауда және қорғауға өзіндік шығармашылқ ізденістерін танытқаны үшін және т.б. Әр оқытушы өз пәнінен жүргізілетін жұмыс түрлерін, тапсырмаларын пәннің өзіне тән ерекшелігін және бағдармадағы мазмұнын ескере отырып дербес анықтайды, әр аралық бақылаудағы білімді бағалаудың рейтингтік жинақталған жүйесін жасайды.
СӨЖ-ге қойылатын жоғары 100 балл тапсырманың түріне және мазмұнына (ауыр, жеңілдігіне) байланысты бөлінеді, оның негізіне белгіленген талаптар, тапсыру мерзімінің сақталуы тапсырмалар мөлшері, орындалу сапасы жатады.
Әр пәннің мақсаты мен міндеті ескеріле отырып, білім алушының дайындық дәрежесі және өздік жұмысқа бөлінген сағат санын есепке алып СӨЖ формасы (нышаны) мен түрі таңдап алынады. Әрбір СӨЖ талапқа сәйкес бірнеше тапсырмалардан тұрады. Силлабуста әрбір тапсырманың мазмұны мен маңыздылығы және соған сәйкес сол тапсырманы орындағандағы балы көрсетілуі тиіс.
Бағдарламада көрсетілген студенттің қосымша іс-әрекетіне «ғылыми баяндамалары, мақалалары, олимпиядаға конкурс, жарыстарға қатысуы халықаралық грант, жобаларға қатысуы және т.б) үстеме балл бонустар қарастырылып, семестрдегі жинаған балына қосылады. Жіберіп алған сабақтарын және маңызды бақылау қорсонында жүргізіледі. Негізсіз себептермен жіберілген сабақтар және оларды мерзімінен кеш өтеуге балл қойылмайды. Себепсіз сабақ жіберіп алған жағдайда, еңбек тәртібін бұзған кезде, сабаққа кешігіп келгенде, СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмаларын аралық бақылау және үй жұмыстарын орындамау немесе өз уақытында тапсырмаған жағдайда балл кемітіледі.
Аралық бақылау нышанын (форма) оқытушының өзі анықтайды, оның коллоквиум, жобаны қорғау, тұсаукесер (презентация), эссе жазба бақылау жұмысы т.б. болуы мүмкін. Силлабуста әрбір аралық бақылаудың нышаны және бағалау критерилері көрсетілуі тиіс. Осы негізінде, оқытушы семестр бойына студенттің үлгерімін және сабаққа қатысуын қадағалайды.
Сабақ үлгерімінің және қатысудың жиынтық рейтингтік бағасын оқытушы әр аптаның соныңда университеттің жергілікті жүйесі арқылы қояды.
Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
Әріппен белгіленген баға | Бағаның цифрлік эквиваленті | Пайыздық мөлшері | Дәстүрлі түрде бағалау |
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | Қанағаттанарлық |
C | 2.0 | 65-69 | |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 50-54 | ||
F | 0-49 | Қанағаттанарлықсыз |
Кредиттік технологя жүйесінің өзіне тән ерекшелігі жинақтаушы жүйе қоланылады, яғни білім алушының оқудағы жетістік деңгейі, әр пәннің қорытынды бағасымен анықталады, ол рейтингтен (қорытынды бағаның 60%) және емтихан бағасынан (40%) құралады. Рейтинг студенттің әр пәннен академиялық кезеңде жинаған балынан құралады. Соған сәйкес білім алушының оқу жетістігі үшін (күнделікті сабақтағы жауап беруі, үй тапсырмасын тапсыруды, СӨЖ; аралық бақылау және т.б) 100 баллдық шкала бойынша бағаланады және соңғы рейтинг барлық бақылау кезеңінде алған бағанын орташа арифметикалық сумасымен шығарылады.
Баға қоюдын критерийлері