Й адамның мекен ортасы ретіндегі,адамның мекен ортасының қаупі.
Адамның мекен ортасы- бұл тірі ағзаның айналасында онымен тікелей өзара әрекетке түсетін, сан қилы құбылыстар мен әр түрлі элементтерден тұратын, уақыт және кеңістік бойынша үнемі өзгеріске ұшырап, ықпал ететін жерлерден тұратын табиғаттың бір бөлігі. Яғни, тіршілік қоршаған табиғи ортамен үнемі зат, энергия алмасу жағдайында болатын белокты денелердің өмір сүруі.
Тұрмыстық газды пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі - Тірі қалу әліппесі |
Сұйытылған газдар жарылғыш шегі төмен, газ-ауа қоспасының тұтану қабілеті бар газ болып келеді. Сұйытылған газдардың бөлмелерде немесе ашық алаңдарда бақылаусыз жануы адам өміріне қауіпті және салулардың бұзылуына келтіретін өртке себеп болу мүмкін. тек жөн құралдарды қолдану және оларды тазалықта ұстау; қараусыз және түн уақытына жағылған газ құралдарын тастамау; газ құралдарын қолданған соң құралдағы шүмекті және баллондағы вентильді жабу; бөлменің ауасын жүйелі тазарту; газ құбырларына жіп байламау, баллондарға және газды плиталарына өту жолдарын бөгеп тастамау; газ шығуын айқындау кезде отты қолданбау, ол үшін тек қана сабын ерітіндісін қолдану; баллондарды жолаушы көліктерден, жеке үйлерден және кездейсоқ қоймалардан сатып алмау; егер баллонды орналастыру кезінде газдың шығуы айқындалса немесе басқа жөнсіздіктер анықталса, онда ол баллонды тұтынушыға орналастыруға болмайды; баллонды сатып алған кезде газ шаруашылығының атауы, баллонның нөмірін, газы бар баллонның салмағы, баллонды әкелген көліктің нөмірі көрсетілген чек немесе талон талап ету керек. 20,Төтенше жағдай кезіндегі өотке қарсы шаралар.Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрттің алдын алу болып өртті болдырмау немесе оның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады. Белсенді өрт қорғанысы – бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары. Өрттің алдын алу шаралары: құрылыстық-жобалау;техникалық;,ұйымдастырушылық; Өрт – бұл адамдардың, хайуаннаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процессі. Өрт елді-мекендегі ғимараттар, ағаш көпірлер, электр желілері мен ағаш бағаналардағы байланыс, мұнай өнімдері қоймаларында және басқа материалдар мен адамдар, ауылшаруашылық малдары өртке шалдығуы мүмкін. Орман алқабындағы шөптерден, бұталардан, ағаш түбіртектерінен, шырпылардан өрт шалады. Ауа-райы құрғақ болған жылдары жоғарғы өрт желдің есебінен ағаштардың ұшар басынан қоқан жапырақты ағаштарын өрт шалады. Төменгі өрт тарау жылдамдығы минутына 0,1-ден 3 метрге дейін, ал жоғарғы өрт желдің бағытына қарай 100 метрге дейін жетеді. Торф пен ағаштардың тамыры жанғанда жер асты өрті жан-жаққа тарайды. Торф өзінен-өзі ауасыз суда да жана береді. Өрт • Отпен жұмыс істегенде абай болуға; • Балалардың отпен жұмыс істеген кездегі қырсыздығына; • Қоқысты үйге, аулаға, орманды жерлерде өртеуге; • Автокөліктен шыққан жалынға; • Күн күркірегендегі найзағайларға; • Майланған материалдың үйкелісіне; • Күн сәулесінің әйнектен өткен нүктесі. Республикада әрбір сағат сайын екі өрт болады, милиардтаған теңгенің құндылықтары, тұрғын үйлер әп – сәтте күлге айналады. 1999 жылы 9 шілдеде Алматы әуе жайында болған өрт 381,6 млн. теңгеге материалдық залал алып келді. 2000 жылы республикада 15 мың өндірістік және тұрмыстық өрт болды. Бұдан 1087 адам зардап шекті, оның 568 – і қаза болды. Материалдық залал 2521,6 млн. теңгені құрады. 2011жылы 11 шілдеде Павлодар қаласындағы химиялық зауыттан өрт шықты. КСМ: Өндіріс ошағының ауласында тұрған екі бірдей цистерна жанып кетті. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ, қызметкерлердің барлығы дін аман. Қазір мамандар отын тасымалына арналған сауыттардың ішінде қандай сұйықтық болғанын анықтап жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жұмысшылар сыйымдылығы 50 тонна цистернаналарды бөлшектемек болған. Соның салдары өрт оқиғасына әкеп соқты. Өрттің шығуына отты бейғам пайдалану, өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу себеп болып табылады. От сөндірілмей тасталған сіріңкеден немесе темекі қалдығынан, сөндірілмеген алаудан, атылғаннан кейін құрғақ шөпке түскен ыстық патроннан, орманды ақаулы техниканы пайдаланудан және басқа себептерден тұтанады. Өрттің 90% — адамның күнәсінан, 7 — 8% — найзағайдың соққысы әсерінен құрғақ ағаштың жануынан, 2 -3 % — басқа себептерден (күн түсетін жерге лақтырылған шыны сынығы күн сәулесін өзіне тартып, қатты қызады) болады. Бүкіл аумақты қамтитын зілзала ретіндегі өрттің негізгі түрлері табиғаттағы өрт – ормандағы және даладағы (егістіктегі) өрт болып табылады. Ормандағы өтр жану жиілігі боынша әлсіз, орта және күшті, ал жану сипаты бойынша төменгі және жоғарғы өрт, созымдылығы бойынша қаулама және тұрақты болып бөлінеді. Орманда жүргенде есіңізде болсын: • Қоқыс пен оттықты тастамаңыз; • Отты таратпаңыз және қоқысты өртке қауіпті жерлерде жақпаңыз; • Абай болыңыз! Отты таза алаңда жағыңыз; • Дем алған жерден кетерде отқа су құйып немесе топырақпен жауып, толық өшіріп кетіңіз; • Орманда майланған немесе бензин сіңіп қалған маталарды қалдырмаңыз; • Бөтелкенің жәшігі мен сынған бөтелкелерді қалдырмаңыз. Күн сәулесі түсіп өртке айналуы мүмкін; • Жаңа басталған өртті сумен, ағаштың жапырақты бұтақтарымен және топырақ тастау арқылы өшіріңіз. Ескерту шаралары: Өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында алдын-ала жол салу шаралары жүргізіледі. Орманның ішінен ағашы кесіліп салынған жол жасау және тас төсеп орманда ені 5-10 м, ал қылқан жапырақты орманда 50 м-ге дейін. Елді-мекендерде су көздері мен тоғандар 30 куб метр 1 га алаңға есеппен жүргізіледі. Орманға жақын елді-мекендерде тоғандарды уақытылы тазалау, су толтырып қою 1м-ден жоғары орман ағаштарына 10 л су есебімен, құдықтар мен тоғандарды қайта — қайта жөндеу, тыныс алу органдарын респираторлар мен басқа да жабдықтармен қамтамасыз ету және құрғақшылық уақытта орманға баруды тоқтату (әсіресе көлікпен). Егер сіз орман алқабында немесе торфқа жақын жерде, өртке жақын жерде болсаңыз өз күшіңізбен өртті сөндіруге, әліңіз жетпесе, өрт болып жатқан қауіпті аймақтан шығу керектігін ескертіңіз. Жолға, алаңға, өзеннің жағасы мен судың айналасына, егістікке шығуын ұйымдастырыңыз. Қауіпті аймақтан тез өрт қимылының бағытына перпендикуляр шығыңыз. Егер мүмкін болмаған жағдайда суға кіріңіз немесе су киімді жамылыңыз. Өрт болған жерден шыққаннан кейін тұрған жері өрттің көлемі туралы мекен-жайдың әкімшілігі мен орман шаруашылығы, өрт сөндіру қызметіне хабарлау қажет. Өртті сөндіруді ұйымдастыру керек. Төменгі өртті су құйып, ылғалды топрақтармен, аяқпен тастап өшіру керек. Торфтағы өртті ыстық торфты аударып, су құю арқылы өшіру керек. Орманның төменгі жағындағы өрт орман төсемінің, топырақ бетіндегі шөп – шаламның, ағаштың діңіне тарай алмайтын аласа ағаштардың жануымен сипатталады. Төмендегі өрт аумағының қозғалыс жылдамдығы 0,3 -1 м/мин (әлсіз өрт) 16 мин. Дейін (1 км/с) (қатты өрт кезінде), жалынның биіктігі 1 -2 метр, өрт аймағындағы оттың температурасы 400 -900 º С. Орманның жоғарғы жағындағы өрт – қылқан жапырақты ормандарда кездеседі. Олар әдетте төменнен басталып, ағаш дінінің жануымен сипатталады. Жоғарыдағы қаулама өрт кезінде жалын 8 – 25 км/с жететін үлкен жылдамдықпен ағаштан ағашқа таралады. Кейде өрт шарпымаған тұтас учаскелер қалады. Бір қалыпты жоғарыдағы өрт кезінде от бүкіл ағаштың бойын қамтиды. Жалын топырақ жамылғысынан бастап, ағаштың ұшын 5 -8 км/с жылдамдықпен толық қамтиды. Оттың температурасы 1100 ºС көтеріледі. 1997 жылғы жазда бейқамдық салдарынан бұрынғы Семей облысында өрт болып, ол 12000 га аумақты қамтиды. Өрттің тағы бір түрі – жер астындағы өрт, алайда ол Қазақстан жағдайына тін емес. Даладағы (егістіктегі) өрттер құрғақ шөбі бар және астық өсетін ашық алқапта пайда болады. Ол маусымдық сипатымен ерекшеленеді. Шөптің (астықтың) өсуіне орай жазда жиі, көктемде сирек болады, ал қыста мүлдем болмайды. Олардың таралу жылдамдығы 20 -30км/с жетуі мүмкін. Өрттің жайылтпаудың негізгі әдістері: Ормандағы және даладағы өртпен күресті жеке авиабазасы, өртхимия станциясы, бақылау – күзет нүктесі бар Мемлекеттік қызмет жүргізеді. Өрттің түрі мен орнына қарамастан оны сөндіру 2 кезеңнен тұрады: өртті тоқтату (жайылтпау) – өрттің таралуын шектеу жөніндегі іс – әрекет және өрт ошағын тікелей жою. Өртті жайылтпай және тоқтату әдістері көптеген факторларға байланысты: өрт түрі, ошақ көлемі, метеорологиялық жағдай, жердің сипаты, өрт сөндіру күшімен құралдарының деңгейі. Өрт ошағын жайылтпау үшін өрт сөндіретін заттар қолданылуы, кедергілердің жасалуы, газ алмасуы өзгертілуі мүмкін. Даладағы жойқын өрттің ені 20 м дейінгі кедергі қондырғысымен бөгейді. Өрт аумағының шеті айнала жыртылып орта жағы күйдіріледі. Үлкен өрт сөндірудің басты әдістері: жалынның жолына кедергі қою немесе ор қазу (техникамен немесе жарылыспен), алдыңғы жағын өртеу (күйдіру), ыстық шоқты сумен немесе химиялық затпен сөндіру (оның ішінде ұшақпен) және басқалар. Ормандағы төменде болған өртті топырақпен көмеді, оттың шоғын бұтамен өрт ошағына қарай сыпырады, маңайын күйдіреді. Күйдіру ірі өрт кезінде және өрт сөндіру үшін күш пен құрал жетпеген жағдайда қолданылады. Ол тірек алқабынан басталады (өзен, бұлақ, жол), оның өртке қараған жанына жанатын материалдардан үйінді жасайды (құрғақ шөп, құрай, қорда). Ауаның өртке қарай тартылуы сезілген бойда, әуелде 20 -30 м учаскесіндегі өрт аумағының ортасына қарай үйіндіні өртейді, ал кейіннен жалын 2 – 3 метрге жылжығаннан кейін көрші учаскелер жағылады. Өрттелген алқаптың ені кемінде 10 – 20 м, ал жердегі алапат өрт кезінде 100 м кем болмауға тиіс. Орманның жоғарғы жағындағы өртті сөндіру қиын, оған кедергі жасау, күйдіру және суды пайдалану арқылы сөндіреді. Бұл жағдайда кедепгінің ені ағаш биіктігінен кем болмауға тиіс, ал жоғарыдағы өрт аумағының алдындағы күйдірілетін кедергінің (жердің) ені кемінде 150 – 200 м өрт қанаттарының алдында кемінде 50 м болуға тиіс. Өрттен сақтандыру – оны ескертуге, өрттен болатын залалды болдырмау және оны табысты сөндіру үшін жағдай жасауға бағытталған шаралар кешені. Өрт ошағының шекарасын, бағытын және оның таралуының мөлшерлі жылдамдығын анықтау керек. Егер карта болса, одан өзіңіз тұрған жерді дәл анықтап, өрттен қауіпсіз төңіректегі жерді іздеуге болады. Өрттен сақтандыру өндірістің, қала құрылысының, ауылдық елді мекендерді жоспарлау мен салудың технологиялық процессінің құрымдас бөлігі болып табылады. Оның шаралары ғимаратты, жобалау, салу, жаңғырту, көлік құралдарын пайдалануда және тұрмыста ескеріледі. Өрттен сақтандыруды Мемлекеттік өртті қадағалау органдары шұғылданады. Өрттен сақтандыруға былайша қол жеткізіледі: Өрт нормалары мен ережелерін әзірлеу, енгізу және бақылау; Жасалған объектілердің өрт қауіпсіздігін ескере отырып құрастыру мен жобалауды енгізу; Өртке қарсы құралдарды жетілдіру және әзірлікте ұстау; Өнеркәсіп және ауыл шаруашылық кәсіпорындарын ұйымдарды, тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, техникалық өрт тексерістерінен тұрақты өткізу; Халық арасында техникалық – өрт білімін насихаттау; Өрттен сақтандыру оьъект түрлері бойынша жүргізілген тұрғын ғимараттарын, қоймаларды, базалар мен дүкендерді өнеркәсіп объектілері мен көлікті, ауыл шаруашылығы саласының ұйымдарында. Әрбір тосын жағдайда шақыратын – 101 өрт қызметі телефон номерін алу қажет. Өрт және жарылыс қаупі бар обьектілердегі апаттар Өрт — бұл жану салдарынан материалдық байлықтың жойылуы және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін жағдай. Жану дегеніміз жанушы зат пен ауадағы оттегінің арасындағы тез жүретін сонымен бірге газ, жылу және жарық бөлетін процесс. Жану толық және толық емес болып бөлінеді. Толық жану оттегі жеткілікті жағдайда, ал толық емес жану оттегі жеткіліксіз жағдайда жүреді. Өзі тұтану (самовоспламенения) химиялық процесстің әсерінен болатын жағдай. Өзі тұтанудың температурасы әр түрлі факторлардан тұрады. Атап айтқанда жанушы қоспаның құрамы мен көлемі ортаның қысымы т. б. байланысты. Көптеген газдар мен сұйықтар 400-700 °С аралығында, ал қатты денелер (ағаш, көмір) -250-450 °С аралығында тұтанады. Өрт және жарылыс қауіпі бар обьектілерге жарылу және тұтану қауіпі бар заттарды өндіру, сақтау және тасмалдаушы өндірістер жатады. Жарылу, өрт пен жарылыс, және өрт қауіпі бойынша өрт және жарылыс қауіпі бар обьектілер 5 категорияға бөлінеді (А,Б,В,Г,Д). Бұлардың ішіндегі өте қауіптілері А,Б,В кетегориялары. А категориясына — мұнай өңдеу зауыттары, химиялық өндірістер, мұнай өнімдері қоймалары мен құбырлар кіреді. Б категориясына — көмір шаңын, ағаш ұнтағын, қант пурдасын дайындайтын және тасымалдайтын, сонымен қатар диірменнің ұнтақтан бөлімдері кіреді. В категориясына-ағаш кесу, ағаш өңдеу және столярлық өндірістері кіреді. Г- категориясына ыстық күйіндегі жанбайтын заттарды өңдеу және тасымалдау өндірістері мен қоймалары кіреді. Д- категориясы салқын күйдегі жанбайтын заттар мен материалдарды сақтау өндіріс орындары мен қоймалары жатады. Барлық құрылыс материалдары мен конструкциялары жану жағынан 3 топқа бөлінеді: жанбайтын, қиын жанатын және жанғыш. Жанбайтын деп жоғары температура мен оттың әсерімен тұтанбайтын және жанбайтын материалдарды айтады. Қиын жанатын деп жоғары температура мен оттың әсерімен қиын тұтанатын және от ошағы болған жағдайда ғана жанатын материалдарды айтады. Жанғыш деп жоғары температурада немесе оттың әсерімен тұтанып кететін және от ошағынан алып тастағанда да жана беретін материалдарды айтады. Үлкен өндіріс орнындағы және елді мекендердегі өрттер жеке және жалпы болып келеді. Жеке бұл бір ғимарат пен құрылымда болатын өрт. Жалпы бұл елді мекендегі өндіріс орындарындағы ғимараттардың 25 % алып жатқан өрт. Өрт кезіндегі зардап шеккендерді іздеу және көшіру. Өрт адамдарға психологиялық тұрғыдан үлкен әсер етеді. Тіпті кіші –кірім өрттің өзінде адамдардың үрейленуі айтарлықтай құрбандықтарға алып келеді. Өзін – өзі ұстап үйренген адам қиын сәтте өз өмірін құтқарып қана қоймай басқа адамдарды, материалдық құндылықтарды да құтқара алады. Егер сіз орман өртін сөндіру жөніндегі топқа кірсеңіз панахана орны мен оған апаратын жолдарды жақсы білуіңіз керек. Қорғайтын киім пайдаланылуға тиіс (адамдарға мүмкіндігінше арнайы киім, газқағар, каска, түтіннен қорғайтын маска), әр топта елді мекенді жақсы білетін жол серік болуға тиіс. Егер түтіндену аймағындағы көру шегі 10 метрден аспаса, оған кіруге болмайды. Өрт қаулаған ғимаратта өзіңізді және басқа адамдарды құтқару кезінде ауаның жоғары температурасы, түтіндену, жанатын әр түрлі өнімдердеің қауіпті онцентрациясының болуы, құрылыс құрылғыларының ықтимал құлауы өте қауіпті болғандықтан жылдам қимылдау қажет. Жанған ғимарат арқылы басқа ылғал мата (киім) жауып, түтіннен жорғалай немесе тізерлей қозғалу керек. Есіңізде болсын!!! Балалар қорқыныштан керуеттің астына, шкафқа, жуынатын бөлмеге, бұрышқа және басқа да көрінбейтін орындарға тығылады. Баланы немесе күйген адамды көтеріп шығарған кезде олардың бетіне көрпе, киім жапқан жөн (мүмкіндігінше ылғалды). Баспалдақпен төмен түскен кезде қолмен сүйенішті емес қабырғаны ұстау керек, өйткені сүйеніш сізді түтін басқан жертөлеге алыпбару мүмкін. Егер өрт төменгі қабаттарда болып, сізді баспалдақпен көшеге шығу мүмкіндігінен айырса онда қолыңызға балта, балға, білеу темір алып шатырға шығыңыз. Шатырда жабық ішкі ғимарат бөлмелерінен гөрі көмекті оңай күтуге болады. Жанған ғимараттан шыққан кезде лифтіні пайдалануға болмайды. Тіпті жай өрттің өзі электржелісін тұйықтайды, ал бұдан кейін лифт қабаттардың арасына тұрып қалады. Сорылмалы құбыр режимінде жұмыс істейтін лифт шахтасы түтінге тез толып, санаулы секундта уланып қалуға болатындығын есіңізде ұстаңыз. Көп қабатты ғимараттарда, егер подъезден шығуға мүмкіндік болмаса балконды, авариялық люк пен балкондағы баспалдақты, көрші подъезд арқылы құтқаруға арналған төбенің люгін пайдаланыңыз. Егер былай етуге мүмкіндік болмаса, балконға шығып келген құтқарушыларға белгі беріңіз. Құтқару жұмысына қатысатын адам, алғашқы медициналық көмекті білуге тиіс. Наши рекомендации
|