Сызба. Қазақстанның мемлекет қаржысының құрамы
Мемлекет қаржысының құрамында республикалық және жергілікті деңгейлерде қалыптасатын бюджеттік қатынастар маңызды рөл атқарады. Бюджеттік өзара байланыстар көмегімен мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржылық әдіспен қайта бөлінетін ұлттық табыстың едәуір бөлігі жұмыл-дырылады. Түрлі деңгейдің бюджеттері – республикалық, жер-гілікті бюджеттер тиісінше өкімет пен басқарудың республи-калық және жергілікті органдары үшін тірліктің қаржы базасы болып табылады.
Қазақстан Республикасы аумағында жалпы функцияларды орындау үшін республикалық (орталық) бюджет қалыптасты-рылады. Оның ресурстары мемлекеттік мақсатты кешенді бағ-дарламаларды қаржыландыруға, республикалық функцияларды орындауға, сондай-ақ қарулы күштер мен басқару органдарын ұстауға байланысты мемлекеттің шығыстарын қамтамасыз етуге арналған.
Бюджеттік қатынастар жүйесінде жергілікті бюджеттерге маңызды орын беріледі. Жергілікті бюджеттер көбінесе эко-номикалық үдерістерді реттеу үшін пайдаланылады, өндіргіш күштерді орналастыруға ықпал етеді, жергілікті кәсіпорындар шығаратын өнімінің бәсекелестік қабілетін арттыруға, аумақтық инфрақұрылымды жасауға, еңбек ресурстарының ұдайы өсуі жө-ніндегі шығындарды қаржыландыруға жәрдемдеседі. Жергілікті бюджеттер әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруда зор рөл атқарады.
Бюджеттен тыс қорлардың[†††]арналымы – арнаулы мақсатты аударымдар мен басқа көздер есебінен жеке нысаналы шаралар-ды қаржыландыру. Бюджеттерде қаражаттар иесізденеді, ал бюд-жеттен тыс қорлардың құқықтық мәртебесі қаражаттарды қатаң мақсатты арналым бойынша пайдалануға мүмкіндік береді. Қор-лардың дербестігі (автономдығы) өкілетті және атқарушы ор-гандардың қатысуысыз дербес басқаруды қажет етеді, мұның өзі бюджеттен тыс қорлардың қаражаттарын неғұрлым жедел пайда-лануға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік кредиттің мазмұнын құрайтын ақшалай қаты-настар мемлекет қаржысының өзгеше бөлігі болып табылады. Мемлекеттік кредиттік қатынастар кәсіпорындардың, ұйымдар мен халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруға және оларды мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін билік органдарына уақытша беруге байланысты пайда болады.
Заңи және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшаларын мемле-кеттің жұмылдыруы қаржы рыногында облигацияларды, қазына-шылық міндеттемелерді және мемлекеттік бағалы қағаздардың басқа түрлерін сату арқылы жүзеге асады. Халықаралық кредитте қарым-қатынастарға шетелдік мемлекеттер, олардың компаниялары, фирмалар, сонымен қатар халықаралық және мемлекетаралық қаржы мекемелері кіріседі.
Мемлекеттік сектордың жұмыс істеуі мемлекеттік меншіктің болуына негізделген. Меншікті жіктеу тұрғысынан мемлекеттік заңи ұйымдардың мүлкі және мемлекеттік қазына болып ажыратылады.
Мемлекеттік заңи тұлғалардың мүлкі заңмен бөлектелген және мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысының жұ-мыс істеуінің негізін құрайды. Олардың қызметінің ерекшелікте-рі «Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы» бөлімінде баяндалған, өйткені мемлекеттік сектор кәсіпорындарының өзін-дік қаржы жүйесінің бұл буынының барлық субъектілері үшін ұқсас және басқарудың біртұтас қағидаттарына бағынады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде «мемлекеттік қазына» ұғы-мы бөліп көрсетіледі.
Мемлекеттік қазына республикалық және жергілікті қазына болып бөліне-ді. Республикалық қазына мыналарды кіріктіреді:
1) республикалық бюджеттің қаражаттары;
2) мемлекеттің алтын-валюталық қаражаттары;
3) мемлекеттік меншіктің айрықша құқығының мүлкі (жер, оның қойнауы, өсімдік және жануар әлемі, басқа табиғи ресурстар);
4) республикалық меншікке жататын оқшауландырылмаған мүлік. Мүлік иесі талап етпеген иесіз мүлік, тәркіленген, мұралану құқығы бойынша мемле-кетке берілген өлген адамнан қалған мүлік (иесіз мүлік), мемлекетке – қазынаға өткізуге немесе беруге жататын көмбелер, олжалар қазыналық бола бастайды.
Жергілікті қазына мыналарды кіріктіреді:
1) жергілікті бюджеттің қаражаттары;
2) коммуналдық меншікке жататын оқшауландырылмаған мүлік.
Меншікті пайдаланудың ұқсас сан алуан нысандары мемлекетке икемді және атаулы экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуге, экономикалық және әлеуметтік үдерістерге, оларды керекті арнаға бағыттай отырып, ықпал етудің қаржылық механизмін белсенді қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге үкіметтің экономикалық функцияларын орындаудың, қоғамның өмір сүруінің әр кезеңінде оның мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырудың негіздері ретінде «мемлекеттің қаржысы» категориясының рөлі мен маңызы білінеді.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Мемлекеттің қоғамдағы экономикалық қызметі оның қандай функцияларында көрінеді?
2. Экономикалық ресурстарды қайта бөлудің қажеттігі неден туады?
3. «Жанама нәтижелердің» іс-әрекеті неде және оларды реттеу үшін қандай шаралар қабылданады?
4. «Қоғамдық тауар» ұғымы дегеніміз не?
5. Қоғамдық тауарларды өндіруде және олармен қамтамасыз етуде қаржының рөлі қандай?
6. Мемлекет қаржысының экономикалық мәні неде?
7. Мемлекет қаржысының негізгі буындарын атап шығыңдар және оларға қысқаша сипаттама беріңдер.