Тақырыбы: Интернет желісі. Түсіндірме сөздіктер

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Орталықазия техника-экономикалық колледжі» білім мекемесі

Сабақтың технологиялық картасы

Пән : Кәсіби қазақ тілі

Мерзімі Топ

Сабақтың № 1

Тақырыбы: Кіріспе.

Тіл білімі және оның салалары.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік:Мамандыққа байланысты, пән туралы түсінік беру. Деңгейлік тапсырмалар арқылы өз білімдерін бағалауға жаттықтыру.

Дамытушылық: ауызекі сөйлеуді дамыту, кәсіби сөздік қорды молайту, кәсіби қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: келешек мамандығын сүюге тәрбиелеу, әр тапсырманы ұқыпты және таза орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

а) оқу-көрнекілік құралдар: оқулық, презентация.

б) үлестірмелі материалдар: үлестірмелі қағаздар.

в) ТОҚ : компьютер, кинопроектор.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, информатика

Қолданатын әдебиет:

Негізгі: Кәсіби қазақ тілі. Ұ.С.Байсақалова, қазақ тілі Ш.Бектұров, Ш.Бектұрова, Шәудірова

Қосымша : Қазақ тілі Ф.Оразбаева, Қазақ тілі С.Жиенбаев, Қазақ тілі Ж.Адамбаева, К.Сариева, Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу. Г.Байжанова

Өз бетінше жұмыс: Болашақ мамандығы туралы баяндама немесе шығарма жазу.

Сабақтың өту барысы :

Ұйымдасытру кезеңі : Амандасу.

Гимды орындау.

Оқушыларды түгендеу.

Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру: Өткен тақырып бойынша оқушылардың білік-дағдысын сұрақ-жауап арқылы тексеру.

Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі:

Менің болашақ мама Кіріспе.

Тіл білімі және оның салалары.

Мамандығым-техник-электроншы.Тіл білімі және оның салалары.

І. Мәтінмен жұмыс

Кіріспе.

Басты назар еңбек нарқында талап етілетін мамандықтар бойынша жұмысшылар мен орта буын мамандарын даярлауға ғана емес, жастардың өзін-өзі жұмыспен қамтуға жақсы даярлауға мүмкіндік беретін кәсіптік білімді, білік пен дағды болуы үшін дұрыс жағдайды қамтамасыз етуге аударылуы тиіс. Мүдделі әріптестік шеңберінде теориялық білім мен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың базасында кәсіптік практика шеңберінде алынатын практикалық дағдының бірлігі қамтамасыз етіледі.

Осы мүдеден көріну үшін стандартта жалпы ізгілендіру пәндері қатарында оқу жоспарында «Кәсіби қазақ тілі» атты жаңа пән еніп отыр. Қазіргі кезде техникалық мамандық беретін орта кәсіптік оқу орындарында бұл пәнді игерту үшін оқу-әдістемелік құрал қажет болды.

Мемелекеттік білім стандартындағы компонентіне сай кәсіби қазақ тілінен таныс емес термин сөздердің мағынасын, сөз құрамын, контекст сөздік арқылы анықтау. Таныс емес терминдерді жазып алу.

Тапсырма.

а) Мәтінді қазақша оқып шығыңыздар

ә) түсініксіз сөздеріне назар аударыңыздар

б) сөздік көмегімен орыс тіліне тәржімалаңыздар

Тапсырма.

1.Мамандық деген не?

2.Мамандық түрлерін атаңыздар?

3.Қалаған мамандығыңыз туралы не білесіздер?

Тапсырма.

«Кәсіп» сөзінен туындайтын мына сөздер мен сөз тіркестерін түсініп, сөйлем құраңыздар.

Кәсіп-промысел; занятия связанные с производством; профессия.

Кәсібің не –чем занимаешься?

Кәсіпкерлік- предпринимательство

Кәсіпқой- профессионализм

Кәсіпорын-предприятие

Кәсіподақ-профсоюз

Кәсіби оқу орны-профессиональное учебное заведение

Кәсіби мектеп- профессиональная школа

Кәсіпшіл қоғам- профессиональное общество

Кәсіби қазақ тілі-профессиональный казахский язык.

«Кім жылдам» ойыны арқылы жаңа сабақты бекітемін.

.

Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру:Өткен тақырып бойынша оқушылардың білік-дағдысын сұрақ-жауап арқылы тексеру.

Сабақтың қорытындысы: 1Кіріспе сабағынан нені түсіндіңдер?

2. Кәсіби қазақ тілі не туралы пән?

3. Тапсырмалар түсінікті ме?

Рефлексия: 1. Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?

2. Нені білгілерің келеді?

Бағалау: Сабақта белсенді жауап берген оқушыларды бағалап, мадақтаймын.

Үй тапсырмасы: «Кіріспе» мәтінін мазмұндау, сөздік жаттау.

Оқытушының АЖӘ және қолы: С.Сәрсенбаева

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Орталықазия техника-экономикалық колледжі» білім мекемесі

Сабақтың технологиялық картасы

Пән : Кәсіби қазақ тілі

Мерзімі Топ

Сабақтың № 20

Тақырыбы: Интернет желісі. Түсіндірме сөздіктер.

Сабақтың мақсаты:

білімдік : Интернет желісінің пайдалы жағын, оның шығуын, оған қосылудың жолдарын айтып түсіндіру. Түсіндірме сөздіктер туралы жалпы түсінік беру.

Дамытушылық:ауызекі сөйлеуді дамыту, кәсіби сөздік қорды молайту, кәсіби қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік:компьютерлік желілердің жүйелерін, ғаламторды дұрыс пайдалануға, бағдарламалау тілдерін дұрыс ажырата білуге, әр тапсырманы ұқыпты және таза орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

а) оқу-көрнекілік құралдар: оқулық, презентация.

б) үлестірмелі материалдар: үлестірмелі қағаздар.

в) ТОҚ : компьютер, кинопроектор.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, информатика

Қолданатын әдебиет:

Негізгі: Кәсіби қазақ тілі. Ұ.С.Байсақалова, қазақ тілі Ш.Бектұров, Ш.Бектұрова, Шәудірова

Қосымша : Қазақ тілі Ф.Оразбаева, Қазақ тілі С.Жиенбаев, Қазақ тілі Ж.Адамбаева, К.Сариева, Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу. Г.Байжанова

Өз бетінше жұмыс: Болашақ мамандығы туралы баяндама немесе шығарма жазу.

Сабақтың өту барысы :

Ұйымдасытру кезеңі : Амандасу.

Гимды орындау.

Оқушыларды түгендеу.

Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру: Өткен тақырып бойынша оқушылардың білік-дағдысын сұрақ-жауап арқылы тексеру.

Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі:

Интернет желісі

Ауқымды желі немесе Интернет-адамзаттың ақпараттық технология саласындағы жеткен жетістіктерінің бірі.

Интернет-(ағылшынша-желіаралық байланыс ) бүкіл жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желілер жиынтығы.

Интернет дегеніміз-дүниенің әр түкпіріндегі тұтынушыларды бір-бірімен мәліметтер қоймасы, бейнелер және дыбыстар жазбалары арқылы жеңіл байланыстыратын ең ауқымды желі түрі. Өз көлемін жылдам ұлғайта отырып, ол біздің өмірімізде күннен-күнге өте елеулі рөл атқарып келеді.

Наши рекомендации