Туризмдегі стандарттау. Туристік қызметтерді сертификаттау.
Туризм қызмет көрсетуге сертификатты сертификаттау органдары береді. Сертификаттау органының өзі Қазақстан Республикасы аккредитациясынан және ҚР МС 3.5 талаптарынан өтуі міндетті. Сертификат заңды актілерін және нормативтік документтердің талаптарына сай актіледі, яғни бұлар адам өмірінің қауіпсіздігі, туристердің денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау, туристік және заттарының қауіпсіздігі, функционалды қызмет көрсетудің орындалуы, тура немесе уақытты орындалуы. Егерде көрсетіліп жаатқан қызмет, НҚ сай болмаса, шағымданушы құжаттарды жинап ҚР заңды тұлғаларына жібереді.
Туристік қызмет көрсетудің сертификациясында қызмет көрсетудің мінездемесі, қызмет көрсетудің шарттары және баға беру әдістері болу керек. Рұқсат етіледі:
*Идентификациялық қызмет өткізу. Соның ішінде КПВЭД классификациялық группаға тиісті екенін анықтау. Яғни техникалық құжаттармен функционалдық белгіленуі;
*НҚ бекітілген қауіпсіздік қызметінің сәйкестік талаптарын толығымен растау. Туристік қызметке сертификацияны жүргізу үшін;
*Сертификаттауға тапсырыс беру;
*Тапсырысты толығымен қарау және тапсырыс бойынша шешім қабылдау, соның ішінде схеманы таңдап алу;
*Сертификаттауға тапсырыс берушімен сертификаттау органының арасындағы келісім –шартты бекіту;
*Қарастырылған схема бойынша сертификаттау жұмысын жүргізу;
*Алынған жұмыстарының нәтижелері мен анализі және сәйкестік сертификатын беру келісімі қабылданады (одан кейін сертификат);
*Сертификат ҚР мемлекеттік реестрінде тіркеледі және тапсырушыға беріледі.
Арыз беруші сер–лық жұмысты жүргізу үшін сұранысын сертификациялық органға жібереді. Яғни бұл органның ҚР ГСС аккредитациясынан өткен болуға шарт. Сәйкестік сертификациясы жүргізілу кезінде тапсырысты НҚ жинағы толығымен болуы шарт. Сертификатттау органы ҚР СТ 3.5 белгіленген талаптар бойынша тапсырысты безендіреді. Тапсырыстың шегінің қабылдау уақыты – тапсырыс түскеннен кейін 2 жұмадан аспау, ал кіші кәсіпкерлік өкілдікке – аптада кем емес. Егер тапсырыс бойынша кері екенін қабылданса, сертификаттау органы тапсырыс берушіге сертификаттау жүргізу мүмкін еместігін хабарлануы келісім арқылы тапсырыс беруші шарт бойынша бір данасын сертификаттау органына жібереді. Осыдан кейін сертификаттау органы өз жұмысына кіріседі. Сол сәтте тапсырыстың болмай қалған кезінде стандарттау, метрология және сертификаттау уәкілетті мемлекет органға тапсырыс берілген сертификаттау түрі жіберіледі. Сертификаттау қызметі кезінде сертификаттау органдары қауіпсіздік және сапалы қызмет көрсету міндеттемелерінің сақталуы сарапшы бағалау арқылы жүргізіледі. Баға беру эксперттердің шешімі бойынша орындалады.
Стандарттау – нормалар, ережелер және талаптар бойынша орнатылатын қызмет: оның мақсаты өнім қауіпсіздігін, жұмыс және қызметпен қоршаған ортаны, тұтынушының өмірін, денсаулығын және мүлігін қамтамасыздандыру; техникалық және ақпараттық сыйыстыру, сондай-ақ өнімдердің өзара алмасуын; өнім сапасын; ғылым, техника және технология деңгейінің дамуына сәйкес жұмыс және қызмет; өлшемдердің бірігуі; ресурс түрлерінің барлығын үнемдеу; табиғи және техногенді апаттардың туындау мүмкіндігін ескере отырып шаруашылық нысандарын қауіпсіздендіру; елдің қорғаныс қабілетін және мобильдік дайындығын қамтамасыздандыру.
Қазіргі уақытта стандарттау мақсаттары оның екі бірдей маңызын көрсетеді. Бір жағынан басты мақсаты – бұл қауіпсіздік бойынша міндетті талаптарды орнату, техникалық және ақпараттық сыйыстыру, сондай-ақ өнімдердің өзара алмасуы және шаруашылық нысандарының қауіпсіздігі, ал екінші жағынан — өнімнің тұтынушылдық көрсеткіші бойынша оның сапасын жоғарылату негізінен кепілдемелер жасау және ресурстарды үнемдеу.
Стандарттау бойынша нормативті құжаттарға Қазақстанның мемлекеттік стандарттары жатады; стандарттау бойынша нормалар, ережелер және кепілдемелер; ортаққазақстандық техника-экономикалық ақпараттарды топтастырушылар;салалармен кәсіпорындар стандарттары; ғылыми-техникалық, инженерлік және де басқа қоғамдық ұйымдардың стандарттары.
Туристік және қонақүйлік қызмет көрсету стандарттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесінің бір бөлігі болып табылады, ол жүйе туризм және қонақүйлік менеджмент саласында мақсаттармен тапсырмаларды анықтайды, негізгі ұстанымдарды және жұмыс ұйымдастырылуын, нормативті құжаттардың санатын, стандарттардың түрлерін және халықаралық ынтымақтастық бойынша негізгі шарттарды. Туристік қызмет көрсету өрісінің стандарттау мақсаты көрсетілген сапа деңгейімен және турөнімнің немесе жеке туристік қызметтің тұтыну қауіпсіздігін қамтамасыздандыру, туристік өнім тұтынушыларының мүдделерін нарықтағы ізгіліксіз бәсекелестіктен қорғау.
Халықаралық және отандық машықтануда стандарт деген сөз астында стандарттау бойынша нормативті құжат деп ұғамыз, ол келісім негізінде жасалады, маңызды сұрақтар бойынша мүдделі жақтардың басым бөлігінің қарсылық тудырмайтыны жайлы мінезделеді (өндіруші және тұтынушы), мақұлданған органмен бекітілген және қолдануға міндетті.
Стандарттың нысаны болып: қызмет көрсетудің қызмет көрсетуші өндіріс үдерісі, немесе оның қорытындысын стандарттауға жатады
Стандарттау бойынша нормативті құжаттарға ортақ қазақстандыру топтастырулар жатады, оларды жетілдіру және қолдану тәртібі Қазақстанның Мемлекеттік стандартымен бекітіледі. Стандартты жетілдіру кезінде халықаралық стандарттар ұйымымен қабылданған стандарттар ескертіледі және аймақтық стандарттар, Біріккен Ұлттар Ұйымының комиссиясының Еуропалық заңнама ережелері және басқа халықаралық ұйымдардың, сондай – ақ басқа елдердің ұлттық стандартары.
Туризм және қонақ үй өрісіндегі стандарттау базасын қазіргі уақытта келесі заңдармен мемлекеттік стандарттар құрайды:
1) Туристік экскурсиялық қызмет көрсету сервисін стандарттау. Негізгі бағыт.
2) Туристік қызметтер. Жалпы талаптар.
3) Туристік экскурсиялық қызмет көрсетулер. Туристік қызметтерді жобалау.
4) Туристік экскурсиялық қызмет көрсету. Туристер мен экскурсанттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуін талап ету.
5) Тұрғындарға қызмет. Терминдер мен анықтамалар.
6) Қызмет сапасын қамтамасыз ету моделі.
7) Туристік қызмет. Орналастыру құралдары. Жалпы талаптар.
8) Қонақ үй классификация жүйесі және басқада орналастыру құралдары.