Дәріс5. Туристік қызметтерді зерттеудегі әдіснамалық көзқарастар

Дәрістің мақсаты: туризмдегі зерттеу әдістері туралы, туристік қызметті зерттеудегі әдіснаманың рөлі және туризмдегі ғылыми зерттеулер әдістемелерін, зерттеудің кезеңдері, түрлері, мақсаттары мен міндеттерін қарастыру болып табылады.

Дәріс сұрақтары:

1.Әдіснама - туризмдегі зерттеу әдістері туралы ғылым ретінде

2.Туристік қызметті зерттеудегі әдіснаманың рөлі

3.Туризмдегі ғылыми зерттеулер әдістемесі

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: әдіснама, әдістеме, детерминизм, эмпирикалық,стратегия.

Әдіснама ғылымы (кең ұғымында) – бұл құрылымдар, ой-толғауды ұйымдастыру, қызметтің әдістері мен құралдары туралы ғылым.

Ғылыми әдіснама — бұл құрылыс қағидалары, ғылыми танымның формалары мен әдістері туралы ғылым.

Әдіснама теориялық таным және шынайылықты қайта өзгерту құралы ретінде көрінеді.

Әдіснама туризмдегі зерттеу әдістері туралы ғылым ретінде көзқарастар, таным нәтижесі мен өмір тәжірибесін түсіну жиынтығынан тұрады, ол осы қызмет саласында зерттелген құбылыстар мен процесстер туралы нақтылы теориялық талдаулар жасауға мүмкіндік береді. Туризмді адам қызметінің бір түрі, әлемдік шаруашылықтың өркен жайған түрі ретінде зерттеу үшін түрлі әдістердің көмегімен зерттеулер жүргізіледі.

Туризм туралы ғылымда ғалымдар мен мамандар өз зерттеулерінде жалпы, арнайы және жеке әдіснамаға сүйенеді.

Жалпы әдіснама туризмнің дамуының жалпы заңдылықтары, оның ерекшеліктері мен құрамдас компоненттері, сондый-ақ, ғалымдар мен мамандар зерттеген құбылыстардың орны мен рөлі туралы дұрыс және нақты түсініктер ұсынады. Оның негізінде туризмнің мән-мағынасын түсінуге диалектикалық қарым-қатынастар бар. Бұл методология бізді қоршаған ортаның материалдануынан бастау алады, онда материя үздіксіз қозғалыс пен даму үстінде болады.

Қоршаған ортаны (материя) дамытудың қозғаушы күштері диалектика заңдарына – қарама-қарсылықтар бірлігі мен күрес, сандық өзгерістердің сапалық өзгеріске өтуі, терістеуді терістеу заңдарына бағынады.

Арнайы әдіснама зерттелу үстіндегі феномендерді қалыптастыру ерекшелігіне жататын заңдар мен заңдылықтарды, оны дамыту мен қызметін тұжырымдауға мүмкіндік береді. Бұл әдіснама туризмдегі нақтылы құбылыстар мен процесстерді зерттеу кезінде, тиісті әдістер мен ұстанымдарды, тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді, өйткені ол зерттеудің қорытынды нәтижесін анықтау үшін қажет.

Арнайы методология негізінде мынандай принциптер бар: ғылымилық – ол жалпы ғылыми білімге негізделген және аралас ғылымдар есебінен құрылады, мысалы, экономика, юрис­пруденция, басқару, информатика, әлеуметтану;

көрнекілік – көру бейнесін құру қажеттілігіне сүйеніп, білім беру әдістемесі негізінде іске асады, ол оны жақсы меңгеру мен есте қалдыруға ықпал етеді;

қол жетімділік – қызметкердің ерекше қасиеттеріне қарай, яғни, туризм қызметін меңгеру және игеру қабілеті бойынша негізделеді;

оқыту теориясы мен практикасының бірлігі – ол диалектикаға негізделіп, қызмет барысында жүзеге асады, атап айтќанда, алған білімін іс-тәжірибеде қолдану деңгейіне жету және толығымен нақты игеру;

білім берудің тәрбиелік мәні – білім беру мен тәрбие бағыттарының сәйкестігімен шартталады, өйткені, білім беру мамандардың жеке сапалық қабілетін қалыптастыруға бағытталған, ал, ол тәрбие берудің негізгі мақсаттарын іске асырады.

Жеке әдіснама – туризм қызметіндегі нақтылы құбылыстарды зерттеудің әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын ұсынады, ол оны талдаудың нысаны мен мәнін құрайды. Оның негізіне мынандай ұстанымдар жатады:

детерминизм – туризмнің формалары мен түрлерін игеру барысында туындайтын психикалық жағдайлар себептері, тұтынушыларға сапалы қызмет көрсетудегі құбылыстар мен процестер, кіріс алу;

сана мен қызмет бірлігі – сана мен қызметті дамыту бірлігінің көрсеткіші, сана пайда болған кезде, ол қызмет барысында дамиды жјне көрініс табады;

даму – туризмнің басқа ғылым салалары және жалпы жан-жақты дамуымен – интеллектуалды, эмоционалдық, әлеуметтік - үздіксіз байланысының көрсеткіші;

оқытудағы жекелей қарым-қатынас- мамандардың жеке, әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін зерттеуге бағдарлау;

әдіснама бойынша қаралған принциптер мынаны көрсетті: туризм туралы ғылымның қозғаушы күштері, дамудың әлеуметтік шартталуы және мамандар қызметін жетілдіру жөнінде түсініктер берді.

Туристік қызметті зерттеудегі әдіснаманың рөлі

Туристік қызмет туризм теориясындаєы зерттеу жүргізудің мәні болып табылады, оның міндеттері: туристік іс-шараларды зерттеу(саяхаттар, экскурсиялар); туризм формалары мен түрлерін болдау; жаңа туристік орталыќтардың сипатын үлгілеу; туристік іс-шаралар, экскурсиялар мен саяхаттар кезінде организм қызметін қалпына келтіру.

Туристік қызметті зерттеу әдіснамасы, туризмнің теориялық және практикалық мәселелерін зерттеу және шешуге ғылыми негіздеуге мүмкіндік береді.

Туристік қызметтің әдіснамалық бағасы қызмет нарығындағы бәсекелестікті, туризм кәсіпорныны экономикалық және техникалық жағдайын, бәсекелестік кїресті дамыту және жүргізудің болжалды әдістерін, мамандардың қызметінің стратегиясы мен тактикасын анықтауға көмек береді.

Әдіснаманың негізінде туризмді қоғамдық құбылыс ретінде зерттеу жатыр, өйткені оның белсенді және шығармашылық сипаты бар, ол адамдардың мақсатты практикалық қызметі процесінде жүргізіледі. Саяхаттар мен экскурсияларда адамдар тобы бір-бірімен танысу арқылы жаңа көрікті жерлермен танысады, жаңа іс-тәжірибе жинайды.

Туризмді зерттеу пркатикалық деңгейде оның тарихи даму мәнісін ашпайды, дегенмен, күнделікті өмірде үнемі пайдаланылады. Туризмді теориялыќ деңгейде зерттеу өзінің алдына зерттелетін құбылыстардың, мәселен, категориялар, заңдар, ғылыми теория, сонымен бірге, абстаркция түрінде көрінетін материалдық және рухани әлемнің өзара байланысының мән-мағынасын түсіну міндетін қояды.

Туристік қызметтің мақсаты жоғары білімді мамандар дайындау, олар туризм өнімдерін құруға және осы қызметтен кіріс алуға қабілетті болуы тиіс.

Туристік қызметтің субьектілері мамандар, белгілі бір ќоғамдық және өндірістік қарым-қатынастағы тұтынушылар, сонымен бірге қызметтің осы саласындағы іс-тәжірибе мен біліктілік.

Туризмдегі ғылыми зерттеулер әдістемесі

Туризм саласындағы зерттеулер мазмұны. Туризм саласындаєы зерттеу жүргізудің мазмұнына кіреді: проблеманың жағдайын зерттеу, мақсат қою және міндетті айқындау, зерттеу гипотезасын дайындау, сараптау әдістері мен тәсілдерін іріктеп, таңдау, оны сынақтан өткізу. Бұл ретте сараптамаға әсерін тигізетін факторларды ескеру керек, зерттеудің логикалық және хронологиялық схема-үлгісі, контингент таңдау және сынаққа алынғандар саны, бақылауға алынатындар санын анықтау, алынған нәтижелерді өңдеу. Сонымен бірге зерттеу жүргізілетін орынды қамтамасыз ету, сыртқы орта әсерінен оқшаулау, зерттеу жүргізуге қажет техникалық жабдықтарды әзірлеу.

Зерттеу жүргізу үшін қажет: қорытындының сенімділігін қамтамасыз ететін нақты мәліметтерді жинау; сараптама сериясын жүргізу; алынған нәтижелердің теориялық және сандық өңдеулерін жүргізу – мәліметтердің орташа мөлшері мен өлшемін анықтау, коэффициентті реттеу, кестелер, диаграммалар, құру; зерттеу жүргізу барысында алынған сапалы талдау мен синтез; мәліметтерді түсіндіру және қорытындыны тұжырымдау.

Зерттеу жүргізу кезінде мынандай принципті/ұстаным/ басшылыққа алу керек: «шынайылық – жалғандық». Шынайылықты сипаттау, процесстер мен құбылыстар болжамын түсіндіру /олар мәтін, құрылымдық схема, графика, формула түрінде болады/ ғылыми зерттеудің нәтижесі болуы ықтимал. Ақиқат – бұл шындыќтың ойлау нәтижесінде дұрыс көрінуі, оның өлшемі практика болып табылады.

Зерттеу кезеңдері. Зерттеудің шынайылығы деңгейін көтеруге байланысты зерттеу кезеңдерін анықтау қажет; біріншіден, шынайылықты ғылыми тануды пайдаланып, туризм проблемаларын анықтау; екіншіден, ғылыми пән терминдерін пайдаланып, белгілідегі белгісіздік өлшемін анықтау.

Проблеманы тұжырымдау, яғни, қажетті ақпаратты анықтап, шынайылықты түсіндіру маңызды кезең болып табылады. Зерттеу проблемасын тұжырымдау алдында, ол туристік қызметтің ќандай түріне жататынын анықтап алу керек. Туризмге зерттеу жүргізуге алынуы мүмкін мәселелер: турбизнес фактілерінің қонақ үй кешені және транспорт қызметімен өзара байланыстары; әлемдегі және елдегі экономикалық даму заңдылықтары, мамандардың әлеуметтік мәдени тәжірибесінің үрдістері. Туризмде оқу мекемелеріндегі білім алу заңдылыќтары, туризм кәсіпорындарындағы кәсіби дағдылар, қызметті тұтынушылардың белсенді ойлауын қалыптастыру заңдылыќтары, туристік ќызмет процесінде психиканың өзгеруі мәселелері зерттеледі.

Зерттеудің маңызды кезеңінің бірі белгілідегі белгісіздік өлшемін, оның туризм теориясы їшін актуалдығы деңгейін анықтау. Зерттеу проблемасының зерделену деңгейі мен сипатына сараптама жүргізу қажет, яғни, теориялық дереккөздер, туризмге шектес ғылымдар туралы маңызды ақпараттар іздеу. Зерттеу теориялық тұрғыда ғана емес, практика жүзінде де негізделуі қажет.

Зерттеу түрлері. Эмпирикалық зерттеулер негізіне шынайы фактілер болады, онда мәлімет жинақтау мен талдау белгілі бір туристік қызметті бақылау және зерттеуге негізделген әдістерді пайдалану арқылы жүзеге асады. Эмпирикалық зерттеулер қажетті фактілерді анықтап, жинауда жасанды, сынақ оќиғаларын құруды көздемейді. Туристік қызмет барысында болған нақтылы оқиғалар ғана нақтылы факті болып табылады. Оларды талдаудан кейін, болған оқиғалар туралы қорытынды жасалады.

Эмпирикалық зерттеулер сипаттама және түсіндірме түрінде болады. Сипаттама зерттеу туризмдегі аз зерттелген нысандар мен оқиға-құбылыстар фактілерін көрсетеді.

Тїсінікіктеме эмпирикалық зерттеуге фактілерді жинақтау және талдау фактілер арасындағы себептерді анықтау кіреді, оның көмегімен белгісіз оқиға немесе нәтижесі белгілі болған оқиға фактілерімен түсіндіріледі.

Шолу-талдау зерттеуі сын сипатында болады, сондықтан шолу-сынау деп аталады. Мұндай жағдайда, міндетті шолу-талдау бөлімінен басқа, проблема бойынша толық және дәлелді сын ұсынылуы тиіс, және тиісті ќортыныды жасалады.

Шолу зерттеуде автордың сипатталған жағдайлар, идеялар туралы, сондай-ақ қойылған проблеманы шешуге қатысты өз ой-пікірі болуы мүмкін. Мұндай пайымдаулармен реферат мәтіндері кезектесуі немесе олар шолу-талдау, шолу-сынау және конструктивті- теориялық бөлімдер болып жеке бөлімге бөлінеді.

Ғалым теориялық зерттеулер жүргізе алады, онда әдебиетке шолу мен сыни талдаудан басқа, автордың қойылған проблеманы шешуге байланысты өз пікірі болады, сондай-ақ ол шешілетін проблема теориясына қосылған авторлық үлес, жаңаша көзқарас, ерекше пікір ретінде қабылданауы мүмкін.

Теориялық зерттеулерге мынандай талаптар қойылады: пайдаланылатын түсініктердің нақтылығы мен логикалығы, пікір қарама-қайшылығының болмауы. Теориялық білімнің ерешелігі оның жалпылама сипаты мен абстракілі, жүйелі болуында.Осы білім бөлімдеріндегі өзгертулер тұтас жүйенің өзгеруіне әкеледі. Теориялық зерттеулер әдістеріне мыналар жатады: абстрактіліден нақтылыға өту, талдау және синтез, құрылымдық-жүйелі қатынас, индуктивті-дедуктивті қатынас, модельдеу, тарихи-логикалық әдіс.

Зерттеу тақырыбын тұжырымдау – ғалымның қызметіндегі ең жауапты кезең: мұнда нақтылы ғылыми немесе практикалық талапқа сәйкес тақырып анықталады. Тақырып атауы мүмкіндігіне қарай, шешілетін проблеманың мүнін қысқаша ашуы тиіс. Тақырып таңдауда екіұшты немесе нақты емес тұжырымдар жасалмауы тиіс. Оның салдары бүкіл зерттеу кезеңдеріне, соның ішінде жұмыс гипотезаларын тұжырымдауда жағымсыз әсерін тигізеді.

Зерттеу мақсаты мен міндеттері. Проблеманың жағдайын зерттеу нәтижесі негізінде мақсаты мен міндеттері анықталады. Аралық және қорытынды мақсаттар зерттеудің негізі, өйткені ол зерттеу соңында қол жеткізілетін мақсат болып табылады. Аралық мақсаттар – туристік кәсіпорынды ресурстық қамтамасыз ету деңгейін, оның сынақ жұмыстарын жүргізу кезіндегі ќызмет нарығындағы жұмысын бағалау.

Міндеттері ұйымның бірізді жұмыс кезеңдерін және зерттеудің басынан соңына дейін жүргізілуін ұсынады.

Алдына осындай мақсаттарды қойған зерттеулердің міндеттері келесідей: проблеманы нақтылау, соған байланысты әдебиеттер мен практиканы зерттеу; зерттеу гипотезасын нақтылау; процестердің диагностикалық әдістерін таңдау; сынақ жүргізу әдістерін әзірлеу; сынақ жоспары мен бағдарламасын, оның өткізілуін, нәтижелерін өңдеу мен талдауды әзірлеу; теориялақы қорытындылар мен практикалық ұсыныстарды тұжырымдау.

Мақсаты мен міндеттері нақты тұжырымдалуы тиіс, өйткені оны жүзеге асыру деңгейін анықтау мүмкін болмайды. Зерттеу міндеттері зерттеудің негізгі мақсатымен адекватты болуы тиіс, өйткені оған шектес мақсаттар бағынады.

Тақырып атауы міндеттеріне сәйкес болуы керек. Бұл сәйкестік бірнеше кезеѕңерден кейін қойылады. Ең алдымен, танымдық және практикалық маңыздылығына қарай тақырыптың жалпы атауы және міндеттері белгіленеді. Соңынан тақырып атауы алға қойылған міндеттерге, ал міндеттер – тақырып атауына әсерін тигізеді. Біртіндеп, бірізді зерттеу жүргізу арқылы тақырып пен міндеттерді айқындауға қол жеткізіледі.

Туризмде зерттеу міндеттерінің саны әдетте 3 тен 5 ке дейін болады. Егер одан аз болса, олар елеулі деңгейде тақырыппен араласады, аз деңгейде – міндеті нақтылы болады. Егер міндеттері тіпті көбірек болса, ондай жағдайда мән-мағынасы жоғалады, түсініксіз болып, зерттеудің мақсаттылығы жойылады.

Наши рекомендации