Шу. Діріл. Төмендету тәсілдері (амалдары).
.Шу деп қажетті дабылдарды қабылдауға кедергі келтіретін адамға жағымсыз дыбыстардың барлығын айтуға болады, яғни әр түрлі қарқындылықта және әр түрлі жиілікте болатын ретсіз дыбыстардың үйлесімі. Адамның құлағы f 16 дан 20000Гц (акустикалықдыбыстар) жиілік аралығындағы дыбыстарды қабылдайды. Адамның құлағы естімейтін дыбыс жиіліктері f < 16 Гц инфрадыбыс деп аталады, ал жиілігі 20 кГц жоғары – ультрадыбыс деп аталады. f < 16 Гц тербелістер есту арқылы емес тербеліп ұрған денеге жанасу кезінде сезу арқылы білінеді. Адам құлағы 1000 мен 3000 Гц дейінгі жиілік диапазонындағы дыбыстарға аса сезімтал. Шуды талдау барысында спектрді (дыбыс жиілігінің диапазоны) 8 октавалық жолақтарға бөледі (16 мен 20000 Гц аралығындағы жиіліктерді жақсы жіктеу үшін), оларды жоғарғы жиілік төменгі жиілікке қарағанда екі есе көп, яғни 63;125;250;500;1000;2000;4000;8000.Өндірістік шудың сипаты оның шығу көзіне байланысты: механикалық, аэрогидро динамикалық, термиялық, кавитациялық. Мезгілдік сипатна байланысты тұрақты және тұрақсыз болып бөлінеді, олар өз кезегінде тербелісті, үзілісті және импульсті болып бөлінеді. Адам үшін ең қауіпті шу ол тонды жоғарғы жиілікті тұрақсыз шу болып табылады. Дыбыстық тербелістер келесідей өлшемдермен сипатталады:
- таралу жылдамдығы (м/с), (ауада- 334м/с);
- жиілігі (f,Гц);
- дыбыс қысымымен (Р, Па)
- белгілі бір нүктедегі дыбыс өрісі мен атмосфералық қысым арасындағы айырмашылық.
Шу деңгейі елді мекендер үшін де және өндірістегі жұмыс орындары үшін де нормаланады.
Шудан, инфрадыбыстан және ультрадыбыстан, діріл мен электромагниттік өрістерден қорғану.Шудың деңгейін азайту үшін келесідей әдістерді қолдануға болады: кешенді және жеке қорғаныс құралдары.Кешенді қорғаныс құралдарына сәулет-жоспарлау арқылы, акустикалық құралдар арқылы және ұйымдастырушылық техникалық әдістер арқылы қол жеткізуге болады (шудан қорғану әдістері мен құралдарын қараңыздар).
Дірілді төмендету шаралары.Дірілдің жұмысшыларға келтіретін әсерін төмендету немсе толықтай жою бойынша негізгі шаралар – автоматтандырылған және жоғары механикаландырылған өндірістерді енгізу, цехтар мен алаңдарды қашықтан басқару. Дірілмен күресудің негізгі шаралары:
- технологиялық үрдістер мен машиналардың құрылымдарын жетілдіру (жұдырықшалы және қисық қылқандызамена механизмдерді біркелкі айналмалы сужетектеріне ауыстыру);
- резонанс режимдерінен шеттеу (жүйе массасын немесе сұйықтығын өзгерту арқылы);
- дірілдік демпфирлеу (діріл жұту) – ішкі үйкелісі жоғары құрылымдық материалдарды пайдалану; дірілдік беткейлерге серпімді тұтқыр материалдар қабатын салу, олар ішкі үйкеліске үлкен шығын келтіреді (пластмасса, ағаш, резеңке). Серпімді тұтқыр материалдар қабатын салу әдісі өте тиімді болып табылады – пластмасса, рубероид, битум, резеңке;
- амортизатор құрылғыларының көмегімен дірілді оқшаулау яғни, тербеліс жүйесіне қосалқы серпімді байланыс жүйесін енгізу.
- жүйе қатаңдығын өзгерту арқылы машиналардың құрылымдық элементтерін және құрылыс конструкцияларын өзгерту (қатаңдық қырларын енгізу);
- белсенді дірілдік қорғаныс – оқшауланған объекттен дірілдік оқшаулау жүйесіне кері байланысты жүзеге асыратын энергияның қосымша көзін енгізу;
Инфрадыбыс. Ультрадыбыс.
Инфрадыбыс.Инфрадыбыстың негізгі көздеріне іштен жану қозғалтқыштары, желдеткіштер, поршенді компрессорлар және басқа да дыбысы шықпайтын машиналар жатады. Деңгейі 100 –120 дБ инфрадыбыс әсер еткен кезде бастың ауыруын туындатады, жұмыс қабілеттілігі төмендейді, қорқыныш сезімі туындайды, вестибулярлық апараттың (есту, көру, сезіну) қызметі бұзылады, ал жиілігі 5 – 10Гц болғанда – ішкі ағзалардың дірілдегенін сезеді. 2,4,8 және 16 Гц орташа геометриялық жиіліктік октавалық жолақтарда дыбыс қысымының деңгейі 105 дБ аспауы керек, ал 32 Гц жиіліктік жолағында –102 дБ аспауы керек.Инфрадыбыспен күресу бойынша негізгі шараларға үлкен өлшемді заттардың қатаңдығын арттыратын, есту жиілігі аясындағы сәулеленулерді максималды түрде ауыстыратын машиналардың жылдам жүруін арттыру; жиілігі төмен дірілдерді болдырмау; реактивті түрдегі глушительдерді орнату (шыққын энергияны шығу көзіне қарай шағылдыратын).
Ультрадыбыс.Ультрадыбыс кең қолданысқа ие (пісіру, дәнекерлеу, өте әлсіз және өте қатты заттарды өңдеуде, дефектоскопияда, медицинада, латанған ауаны тазартуда және т.б.). Ульрадыбыстық технологиялық қондырғылар мен аспаптар ультрадыбыс генераторлары болып табылады. Олардың 20 – 70 кГц жиілігінде жұмыс істеу барысында құлаққа естілмейтін 100 – 120 дБ шу шығарылады. Ульрадыбыстық тербелістері қозып тұрған заттармен және қатты денелермен жанасуы кезінде қауіпті байланысқан сәулелену орын алады. Осындай ультрадыбыстық қондырғыларда жұмыс істеу барысында арнайы қорғаныс құралдарын (резеңке қолбақ және мақтамата салмасын) пайдалану керек.Ультрадыбыс адам ағзасына кері әсерін тигізеді, әсіресе: жүйке жүйесінің әр-түрлі ауытқулары; қан қысымы өзгереді; қан құрамы мен қасиетін өзгертеді; есту сезімталдығы жоғалады. Ультрадыбыс адамға ауа ортасы арқылы және сұйық пен қатты орта арқылы да әсер етеді (қолға жанасу арқылы әсер етеді). МЕСТқа сай 11 – 20 кГц жиілік диапазонындағы дыбыс қысымының деңгейі сәйкесінше 75 - 110 дБ, ал 20 - 100 кГц жиілік диапазонындағы жалпы дыбыс қысымының деңгейі 110 дБ астам болуы керек. Ауа арқылы әсер ететін ультрадыбыстан қорғану келесі іс-шаралар арқылы қамтамасыз етіледі:
- қондырғылар үшін жоғарғы дыбыс қысым деңгейі рұқсат етілетін жұмыс жиілігін қолдану;
- болатты, дюралюминді (қалыңдығы мм) және гетинакс (5 мм) жалпақ беттерінен жасалған қаптамаларды немесе резеңке мен рубиройдтан жасалған жапсырмаларды қолдану;
- жұмысшылар мен қондырғының арасына экрандар орнату;
- арнайы бөлмелерге немесе кабинеттерге ультрадыбыстық қондырғыларды орнату.