Онақ үй қызметкерлерінің міндеттері
Кәсіпорынның басшысы бас директор болып табылады, ол кәсіпорынның қызметтерінің жалпы бағытымен байланысты тапсырмаларды шешеді, оның ішінде - сатып алу саясаты мәселелері және т.б. шаруашылық қажеттіліктері және әкімшілікті қажеттіліктерге шамаланған, қызметкерге кететін шығынның лимитін анықтауды жатқызуға болады. сондай-ақ ол жұмыс процессін ұйымдастырумен айналысады және өзінің қарамағындағылардың жұмыстарына бақылау жасайды, қонақ үйдің қаржы мәселелерін, кадрлар бөлімін сонымен қатар бас бухгалтердің жұмысын қадағалайды.
Директор басқару персоналдары, қонақтар арасындағы барлық мәселелерге жауапты. Директордың міндетіне өте көп мәселелерді шешу жүктеледі: клиент сұранысын қанағаттандыру, алға қойылған мақсаттар мен мәселелердің көлемінде кәсіпорын саясатының жалпы бағыттарын анықтау, соның ішінде, қаржы саясаты: персоналды қанағатандыру үшін шығындар лимитін анықтау, әкімшілік және шаруашылық қажеттіліктерге жұмсалатын шығындардыесептеу арқылы анықтау жатады.
Жетекші әрқашан басты рөлді атқарады, кез-келген шұғыл шешімдерді қабылдау кезінде, басқа жағдайларды оның әрқаша жұмыс орнында болуын қажет етеді. Директор әрқашан клиенттермен тығыз байланыста болады, себебі клиенттен түскен сұранысты орындауға немесе шағымды орнына келтіруге міндеттемені алады. Ол қоғам қызметтерін шұғыл орындауды жүргізеді. Оның әрбір іс - әрекеті Қазақстан республикасының заңдарына және Уставқа сәйкес орындалуы тиіс.
Бас есепші және есепші қызметінің жұмыстары арнайы есепшілер бөлімінде атқарылады.
Бас есепші тікелей директорға бағынышты болады және келесі міндеттерді жүктейді:
- бекітілген жүргізу ережесінің негізінде бухгалтерлік тіркеуді ұйымдастыруды жүзеге асыру, түскен қаржының толық тіркеуін жүргізу, сондай-ақ олардың қозғалысымен байланысты бухгалтерлік тіркеу операцияларын уақытылы көрсету;
- бекітілген ережемен сәйкес қаржы-шаруашылықты әрекеттің нәтижелерін толықтай тіркеуді жүзеге асыру;
- еңбек ақысын төлеу бойынша есептерді тіркеуді жүзеге асыру, жалақы бойынша мәлімет құру, есеп-төлемдік тізімдемелердегі жалақылы төлемді есептеу;
- банкке құжаттарды дайындау, банк бойынша тіркеу жүргізу, кепілдік хат беру және оны тағайындауы бойынша пайдаланылуын тексеру;
Есепшілер және есепші бас есепшінің басшылығымен жұмыс істейді. Есеп бөлімі кәсіпорынның шаруашылықты қызметін ескереді, қызмет және жұмыс таратудан түскен кіріс, шығынды тіркеуді жүргізу, жеткізушімен және сатып алушымен есептеледі, салық бойынша қормен бюджеттен тыс қормен есептеледі. Есеп бөлімінің жұмысшылары бас есепшінің тапсырмасын орындайды, есептер тапсырады және өзінің жұмыс аумағының жауапкершілігін көтереді.
Кассир көрсетілген қызмет үшін ақы алады, рұқсат қағаздарын жазып және әр айдың бірі күні бухгалтерияға есеп тапсырады. Жолдары және туристік қызметтері үшін ақшаның дұрыс түсуіне бақылауды жүзеге асырады, кассаның дұрыс жалпы жағдайына қызметтік жауапкершілік көтереді. Күнделікті банкке тапсыру үшін қолма-қол ақшаны есептейді. Жұмысшыларға жалақыларын және сый ақыларын береді. Есепшілер ААҚ бас есепшісіне бағынышты болады. Мамандар бөлімі компанияның жүйелі-көмекші бөлімшесі болып табылады. Мамандар қызметінің жұмысшылары жұмысқа қабылдау және босату туралы мәселелерді шешу кезінде жетекшілердің экспертті кеңесшісі ретінде кіреді, жаңа қызметке тағайындау, кәсіби оқуға жолдау, жалақыларын көтеру және т.б. мәселелерді шешуде де маңызды орын алады.
Мамандар бөлімі жұмысшылардың құжаттарының сақталуына жауапкершілік көтереді, жұмысқа қабылдау туралы келісім-шарт жасайды және құрады, құжаттарға қажетті өзгерістер енгізеді.
Кәсіпорынның бас қаржыгері тікелей «Пірімқұл және Ко» қонақ үйі директорына бағынады.
Оның міндеттеріне мыналар кіреді:
- қаржы-шаруашылықты әрекеттің қорытындысы туралы жылдық есеп құру;
- көрсетілген қызмет және алынған кіріс көлемін орындауды талдау;
- кіріс және шығын сметаларын құру;
- компанияның ұзақ мерзімді және жедел жоспарларын құру;
- қаржы қозғалысы туралы есептер құру;
- кәсіпорынның маркетингтік талдауын жүргізу;
- кәсіпорынның қызметінің жағдайы туралы ай сайынғы есепті тікелей директорға беру.
Басқарманың ұйымдастыру құрылымын қарай отырып, «Пірімқұл және Ко» қонақ үйі шаруашылық әрекетінің талдауына көшуге болады.
Нөмерлік қор бөлімі-әкімшілік қызмет, тапсырыс беру қызметі, тазалаушы қызметінен, қауіпсіздік қызметтерінен тұрады. Бөлім жетекшісі негізгі қонақ үй ызметін қарасыруға,нөмерлік қордың кәсіпорын қабылдаған стандарт талапарына сәйкес болуын жаупты. Әкімшілік қызметі клиенттердің келуі, кетуі кезінде толтырылатын құжаттармен айналысады, олардың есеп айырысуымен және ақпараттық орталық функцияларын орындайды. Тапсырыс қабылдау бөлімі клиентерге нөмерлерді резевтеумен айналысады.
Тазалаушы қызметіфункционалды маңызды бөлім болып табылады. Олар нөмерлерді, холлды, дәретханаларды, кіріс бөлмені, ішкі бөлмелерді тазалау мен айналыады жәе олардың таза болуына жауап береді. Олар қонақтан кейін қалған бөлмені жаңа қонақ үшін бастапқы таза күйіне кетірумен айналысады. Тазалаушылар кір жуушылардың қызметтерін қолданады. Барлық төсек орындардың қажеттіліктері, бет орамалдарды т.б. қолданылатын бұйымарды толығымен тазалайды. Әрқашан нөмердің сапалы түрде жиналуына жауап береді.
Әкімшілік қызметіқонақтарды қарсы алу мен күту кезінде бірінші байланысқа түседі. Олар қонақтарды күтіп алады, олардың сонда тұруына есептеседі, түскен мәселелер мен сұрақтар болса шешімін табады. Яғни, қонақ үйдің маңызды қызметінің бірі болып табылады.
Мүліктері.Шаруашылықтың мүлік көзі ретінде өздерінің жеке немесе уақытша қолданыстағы барлық заттары мен құралдары жатады. Барлық құралдарды, мүліктерді, техникалар мен жихаздарды көбінесе өздерінің пайдаға түскен қаржылары арқылы алға қойған. Сонымен қатар, несиеге алу немесе уақытша қолдануға, пайдалануға да бағытталған шаралары бар.
Админстратордың міндетіне мыналар кіреді:
- қонақ үйдегі бос немесе бос емес орынға тіркеу жүргізу, сондай-ақ тұратындарға тіркеу жүргізу;
- тұрғындармен ақшалай есеп жүргізу, номерге уақытылы төлем ақы жасауын қадағалау;
- тұрғындардың алдағы кетуіне қадағалау жасау, бос орындардың бос қалуына орын бермеу;
- тұрғындардың қонақ үйден кетері кезінде, олардан номердің кілтін қабылдауы керек;
- тұрғындардың кетер кезінде рұқсат қағазына белгі қою;
- келген тұрғындарды тіркеу, оларға номердің кілттерін беру;
- тұрғындармен телефонмен сөйлескені үшін қаржылай есеп жүргізу және баға прейскурантына сәйкес қосымша қызмет көрсету және ауысып соңында есеп бөліміне есеп беріп, ақшаны есепшіге тапсыру керек;
- номердің бос тұрғандығы үшін толықтай мүліктік жауапкершілікті көтереді және өзінің кінәсі бойынша бос тұрған орын үшін, телефон әңгімелері үшін және басқа да қызметтер үшін уақытылы төлем жинақтау.
Күтушінің міндетіне мыналар кіреді:
- ақ жамылғылардың тазалығын жүргізеді: ақ жамылғыны, көрпені, көрпе қаптарын және жастықтарды қағады, күндізгі жағдай үшін төсектерді реттейді;
- барлық тұрғындар номерден кеткеннен соң перденің кірлеуі, орындықтың қаптары кірлеуіне байланысты, күрделі тазалық жүргізеді - оларды жуып, төсектік төсеніштерді жуу;
- қабырғаның, еденнің, терезе алдының, терезенің және есік блоктарының және әйнектерінің тазалығын қарайды, жұмсақ жиһаздар, кілем, гардиндер, перделерді тазалап, шаңды сүртіп және шкафтарды сүртіп, орындық, сөре және үстелдердің шаңын сүртіп, қоқысты арнайы оқшауланған орынға шығару;
- күнделікті тұрғындар кеткеннен соң ылғалды тазалық жүргізу немесе олар бар болса, өздерінің келісімімен тазалау;
- егер тазалық кезінде мүліктің бұзылғанын немесе қонақ үй мекемесінің құрығанын көрген жағдайда, тез арада қабат бойынша кезекшіге хабарлайды;
Швейцардың міндетіне мыналар кіреді:
- администратор жазатын, уақытқа рұқсат қағаз немесе шақыру түбіртегіне сәйкес, қабатта туристердің тұруына рұқсат қағаз жүйесіне қатаң бақылау жасау;
- вестибюлде тұратындардың тәртібін қадағалау, қонақ үйдің подъездінің алдында жиһаздардың сақталуына, құралдардың сақталуына, вестибюлдің мүліктерін сақтауға бақылау жасау;
- қонақ үйге келушілерді мас күйінде жібермеу және кәмелеттік жасқа толмаған, ата-анасыз балаларды жібермеу, бардан және буфеттен шыққан ішкілік ішкен келушілерді вестибюлден шығару;
- Жұмыс күндері сағат 18.00 кейін әкімшілікті қабаттың бөлмелерін тексеру және екінші қабаттың қызметшілер өтетін есігін кілтпен жабу, ал таңертең аталған есікті 8.00 ашу;
- Демалыс күндері әкімшілікті қабатқа өтетін есікті ашпау керек және жібермеу керек, тек алдын-ала қоғам басшысының көрсетуімен қоғамдық қызметкер сияқты келушілерде кіре алады;
- Түнгі мезгілде әкімшіліктің келісімі бойынша келушілерді тек бос орынға немесе брондалған орынға жіберу керек;
- Қандай да бір жағдай орын алғанда 01, 02, 03 қызметтерін жедел түрде шақырту немесе санитарлы-техникалық қызметті телефон арқылы шақырту;
Инженерлі-техникалық қызмет желдету, жылумен жабдықтау, санитары-техникалық құралдарды, электротехникалық қондырғылар, жөндеу қызметі, құрылыс және байланыс жүйесінің құрылымы үшін жағдай жасайды /6/.
Қызмет құрамы: бас инженер, жөндеу жұмыстарын жүргізу қызметі, байланыс қызметі.
Бас инженер қонақ үй бойынша директорға бағынышты болады және тікелей директорға бағынышты болады.
Оның міндеттеріне мыналар кіреді:
- қонақ үйдің барлық техникалық қондырғыларына бақылауды жүзеге асыру және бұзылған жағдайда уақытылы жөндеу;
- атқарылған жұмыстарды қабылдау және мекеменің жөндеу жұмыстары бойынша тапсырма беру;
- автономды жылудың дұрыстығын қадағалау және жылу мерзімінің/ басталу күнін бекіту;
- байланыс жүйесінің құрылымына бақылауды жүзеге асыру және бұзылған жағдайда оның уақытша өшуі жөнінде шешім қабылдау;
- «Пірімқұл және Ко» қонақ үйі барлық қызметтерінің өртке қарсы қауіпсіздігі ережесін сақтауды қадағалау;
- Инженерлі-техникалық қызметтің барлық жұмысшыларының әрекеттерін толықтай бақылау.
Жөндеу жұмыстарының қызметі қонақ үйдің барлық бөлімшелеріндегі бұзылу жағдайларын болдырмаумен айналысады. Сантехникалық құралдардың, лифтің істеп тұруын, тоңазытқыш қондырғылардың, теледидар және радионүктелердің жұмыс істеп тұрғандығына қадағалау жасайды. Электр жөндеу жұмыстарын жүргізеді және жуғыш, жуынғыш, кондитерлік өндіріс және кафелердің бұзылуын жояды.
Байланыс жүйесі қызметтік пайдаланыс үшін ішкі байланысты қосады, клиенттермен байланыс және сыртқы байланыс (қалалық, халықаралық және қалааралық). Клиенттің мейманханамен бірінші қатынасы телефон арқылы жасалады және бұл барлық қоңырауға жедел және ерекше көңілмен қатынас жасауды ұсынады, себебі бірінші көзқарас тұрақты болары сөзсіз.
Байланыс орталығы - қонақ үйдің өмірлік маңызды элементі, себебі оның қаншалықты тыныш болатындығы соған байланысты. Одан былай, бұл қосымша кіріс көзі, себебі қонақ үй қалааралық қоңыраулардың құнына қонақтың бөлмесінің құнының 50 пайызын қосады.
Байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді, шамамен администраторлар - үш ауысымда істейтіні сияқты кесте бойынша істейді. Бұл қызметтің жұмысшылары жүйке тоздырғыш жағдайға қарамастан, тыныштық сақтай алатын болса, әсіресе кездейсоқ жағдайлар кезінде /6/.
Тамақтану қызметі кәсіпорын қонақтарына кафе және қонақ үйдің барында қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді және келесі міндеттері де бар:
- күнделікті буфетшінің, аспаздың, сатушының, күтушінің буфеттің жұмысшысының және кондитерлік өндірістің жұмысшысының, асхана жұмысшысының жұмыстарына бақылауды жүзеге асырады, олардың жұмыстарын ұйымдастырып, медициналық тексерістен өтуін қадағалайды, барлық сату нүктелерінің санитарлы жағдайына қадағалау жасайды, жұмыс уақытының тіркеуін жүргізеді;
- сауда және қоғамдық тамақтану бойынша барлық жұмысты ұйымдастырады және сол жағдайға жауапкершілікті көтереді;
- тапсырманы жинақтап және сұранысты қажетті азық-түліктерді және тауарларды алып келу туралы экспедиторға сұраныс береді, шарап-сусынды өнімдерді сатып алу кезінде акцизді таңбаларын тексеріп, рұқсат қағазына сәйкес жағдайда сақтап және қадағалау;
- жоғары сапалы дайын өнім шығарылуын қадағалау, күнделікті шығарылған тағамға тексеріс жүргізіп және тіркеу журналында дайындалған өнімнің сапасы туралы сәйкес жазу жасау;
- саудадағы барлық кассалық аппараттың жұмысына тұрақты бақылау жүргізу, таразылық шаруашылықты уақытылы тексеру және мүліктерге таңбаны уақытылы қоюды тексеру;
- жұмысшылардың жұмыс тәртібін қадағалау, ішкі жұмыс тәртібін сақтау, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін қорғау ережесін сақтау;
- сату нүктелеріндегі азық-түліктердің сапасына толықтай мүліктік жауапкершілікті көтереді және келушілерге қызмет көрсету саласына жауап береді.
Өндіріс меңгерушісінің қол астында басында мына тұлғалар жұмыс істейді: экспедитор, қоймашы, жүк көтергіш, сатушылар, буфетшілер, аспазшылар, кондитерлер, официанттар, асхана жұмысшылары және жуу бөлмесіндегілер. Қонақ үйде кездесетін бірінші жұмысшы - қойма қызметінің кезекшісі. Ол келген қонақтарды қарсы алады, олардың автокөліктерінің есігін ашып, қол жүктерін алуға көмектесіп, көліктерінің қауіпсіздігіне жауап береді.
Қойма меңгерушісі оларға қажетті аспаптарын және тазартқыш заттарын береді. Сондай-ақ ол жуғыш заттардың шығын бақылайды және оның пайдаланылуы туралы бухгалтерияға есеп береді. Қойма меңгерушісі өз қарамағындағылардың арасында жұмыс аумағын бөлім береді. Олар, өз кезегінде, басшыларының алдында атқарылған жұмыстары туралы есеп береді. Сондай-ақ ол тапсырманың орындалу сапасын тексереді, және соған жұмсалған уақытты белгілейді.
Тазалықшылардың міндетіне мыналар кіреді:
- қонақ үйдің әкімшілікті-шаруашылық бөліміндегі жалпы пайдаланудағы орнын тазалау;
- қабаттағы қоймалардан ақ жамылғыларды шығару;
- күтушілерге көмектесіп, күрделі тазалық жүргізу.
Аула сыпырушының міндетіне мыналар кіреді:
- қонақ үйге бекітілген аумақты тазалау;
- күтушіге күрделі тазалық жасауына көмектесу (жиһазды жылжыту, матрастарды ауыстырып қою және т.б.);
Жуу бөлімі ақ жамылғыларды жуу, кептіру, үтіктеу және іріктеу жұмыстарымен айналысады. Қонақтың қалауы бойынша жуу бөлімі олардың киімдерін жуып, үтіктей алады.
Филиал өз қызметтерін дербес атқара алады. Оның жұмыстарын «Пірімқұл және Ко» қонақ үйі директоры бақылайды.
Филиал директорының міндетіне мыналар кіреді:
- туристік фирмалармен келісім жобаларын жасау және оны пайдалы жағдайға келтіріп шарт жасасу, сондай-ақ оның орындалуын бақылау;
- барлық қажетті ақпараттарды туристік жолаушылар үшін дайындау (қызмет көрсету бағдарламасын, қоштасу, кездесулер, жол ақысы, жарнама);
- туристердің келуі туралы қабылдайтын жақты хабардар ету, қызмет көрсету саны және мерзімі туралы хабардар ету, туристермен нұсқама жүргізу;
- Туристік жолдарға немесе экскурсияға жолдаманы таратуға сұраныс тіркеуін жүргізу, «Пірімқұл және Ко» қонақ үйі менеджерлерімен тығыз қатынаста жұмыс істеу және оларға азаматтардың туристік сапарлары туралы ақпарат беру;
- Қажет болған жағдайда бекітілген жолды сақтай отырып, экскурсия жасап, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шаралар қолдану;